КІРУ



Аккаунтыңыз жоқ па? Тіркелу

Құпия сөзді ұмытып калдыңыз ба?

THE STATE LANGUAGE DEVELOPMENT INSTITUTE

МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛДІ ДАМЫТУ ИНСТИТУТЫ

  ИНСТИТУТ РАЗВИТИЯ ГОСУДАРСТВЕННОГО ЯЗЫКА



БАТЫРЛАР ЖЫРЫ КЕЙІПКЕРЛЕРІН БІРІЗДЕНДІРУ

ТОЛЫҒЫРАҚ

 

Бүгінде БАҚ бетінде бешбармақ сөзінің төңірегінде дау-дамай толастамай келеді. Жергіліктітелеарналардың бі­рінде істейтін қарындасымыз да осы сөзді қаузап алдымызғакелді.

Оның себебі орталық арналардың бірінде арнайы «Бешбармақ» деген хабар беріле бастады. Ненәрсе болсын додаға айналдырып жіберетініміз бар ғой. Сол әдетпен «бәйге»басталған. Әжелердің арасында, абысындардың арасында, ажындардың арасында,келіндердің арасында... Ара-арасында бағдарламаны үзіп, «Бешбармақ» деп жарнамаберіп қояды. Бәрі дұрыс-ау, әлгі «бешбармақ» сөзінің құлаққа түрпідей тиіпжатқаны болмаса.

Қазақтың етінбешбармақ деп кешегі заманда орыс ағайындар айтып жататын. Жалпақ жұрт оны шамкөре қоймайтын. Бұзып айтып отырған санайтын.

Ал қазіргі қазақбаласы мұнымен келісе қояр ма екен?!

Өйткені,қазақтың басты кәделі тағамы – ет, қалғаны соның байлауында. Ет бере алмағанүйді қорақопсыға балаған.

Сондықтан, әрбірсапаршы түсетін үйін сайлаған. Өйтетіні «түскенше қонақ ұялады, түскен соң үйиесі ұялады».

Бешбармақсөзіндегі беш түсінікті. Бес деген сөз. Ал саусағы ше?

Түркіхалықтарының бәрінде бірдей саусақ біздегідей саусақ атымен аталмайды. Оныөзіміздің баба тілімізден де көруімізге болады. Мәселен, бізде саусақтың өзібес түрлі аталады – бармақ, үйрек, терек, шүмек, бөбек. Бес саусақ санамағындаол анықтауышымен аталады: бас бармақ, балаң/балалы/ үйрек, ортан терек, шылдыршүмек, кішкене бөбек. Бұл көне түркі тілінің бізде сақталып қалғандығынкөрсететін мысалдардың бірі болса керек. Өзбек, татар және басқа ағайындарсаусақты бармақ дейді. Еттің бешбармақ /бесбармақ / аталуы содан.

Бешбармақсөзінен қашудың жөні жоқ. Ол түркі сөзі. Алайда, орынымен қолданылғаны жөн.Бешбармақ ет сөзінің синонимі де бола алмайды. Және ет бешбармақ емес.

Сонда не?!

Ет жеудіңқұралы.

Біреу қасықпен,біреу шанышқымен, біреу шыбықпен жеп жатады.

Жалпы түркілер,оның ішінде қазақтар да етті саусақпен жейді. Олай болса бешбармақ етті жеудіңқұралы.

ОрталықҚазақстан газеті


ПІКІР АЛМАСУ

Пікір қалдырыңыз








08/04/2024 11:55

Хабарландыру!
0 630 0



26/03/2024 16:15

Хабарландыру!
0 891 0







02/05/2017 16:15

Бешбармақ емес - ет
0 6543 1


ТЕКСТ

Яндекс.Метрика