КІРУ



Аккаунтыңыз жоқ па? Тіркелу

Құпия сөзді ұмытып калдыңыз ба?

THE STATE LANGUAGE DEVELOPMENT INSTITUTE

МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛДІ ДАМЫТУ ИНСТИТУТЫ

  ИНСТИТУТ РАЗВИТИЯ ГОСУДАРСТВЕННОГО ЯЗЫКА



БАТЫРЛАР ЖЫРЫ КЕЙІПКЕРЛЕРІН БІРІЗДЕНДІРУ

ТОЛЫҒЫРАҚ

Биыл қажылық маусымы григориан күнтізбесі бойынша қазан айының екінші аптасында басталады. Мекке қаласындағы қасиетті мешіттің күрделі жөндеуден өтуіне байланысты әр елге бөлінетін квота жылдағыдан азайып, соған орай қажылығын өтейтіндердің қатары сирейді. Бұл жайында Arab News ақпарат көзі хабар таратты. Бұған қоса, ұйымшылдығы төмен қажыларларға қолданылатын шара да қатаңдатылатын болды. Осыған орай Мекке провинциясының губернаторы, ханзада Халед әл-Фейсал мәлімдеме жасады. Оның мәлімдемесі бойынша қажылық ережесін бұзғандарға қатысты қолданылатын шаралардың реті мынадай:
– Арнайы рұқсат құжаты жоқ шетелдік азаматтар дереу еліне қайтарылады әрі он жыл бойы корольдікке келуіне тыйым салынады;
– Заңсыз жолмен енген қажыларды тасымалдаған көлік иесіне ұсталған жағдайда айыппұл салынады әрі олардың көлігі тәркіленеді;
– Қажылықты ұйымдастырған алаяқ компаниялар тексеріледі әрі олардың кінәлі екені белгілі болған жағдайда компания жетекшісі бір жылға дейін бас бостандығынан айырлады. Сондай-ақ, оларға ешқандай рақымшылық болмайды;
Сауд Арабиясының Қажылық істері жөніндегі министрі Бандар Хажар өз кезегінде қажылардың қалтасынан шығатын қаржының қазынаға түспейтінін, қажыларға қызмет көрсететін ұлттық компанияларға кететінін жеткізді. Қызмет көрсету ақысының көтерілмеуін бақылауда ұстайтынын да тілге тиек етті.

ПІКІР АЛМАСУ

Пікір қалдырыңыз








08/04/2024 11:55

Хабарландыру!
0 627 0



26/03/2024 16:15

Хабарландыру!
0 884 0







ТЕКСТ

Яндекс.Метрика