КІРУ



Аккаунтыңыз жоқ па? Тіркелу

Құпия сөзді ұмытып калдыңыз ба?

THE STATE LANGUAGE DEVELOPMENT INSTITUTE

МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛДІ ДАМЫТУ ИНСТИТУТЫ

  ИНСТИТУТ РАЗВИТИЯ ГОСУДАРСТВЕННОГО ЯЗЫКА



БАТЫРЛАР ЖЫРЫ КЕЙІПКЕРЛЕРІН БІРІЗДЕНДІРУ

ТОЛЫҒЫРАҚ

    Еліміздің азаматтарын рухтандырып, тіл мәселесін алға қойып, оны дамыту үшін сүбелі үлес қосқан ғұламаларымыз аз болмады. Тіл мәселесін өзінің материалдық-моральдық қажеттілігінен жоғары қойған тарланбоздарымызды әрдайым жоғары бағалауымыз қажет. Осы орайда, ұлт жанашы-ры ретінде Қазақстандағы тіл білімінің негізін қалаушылардың бірі Нығмет Тінәліұлы Сауранбаевты өмірі мен ғылыми мұрасын тарихи тұрғыдан зерттеуде өзекті деп білеміз.                                  
    Қазіргі таңда, елімізде Нығмет Сауранбаевтың өмірі, қызметі және ғылыми шығармашылығына байланысты жазылған бірқатар еңбектер кездеседі. Оларды кеңестік кезеңде және тәуелсіздік алған-нан кейінгі кезеңде даярланған жазбалар деп бөліп қарастыруға болады. Бұл ретте, оқырманға акаде-мик Н.Сауранбаевтың шығармашылық өрлеу кезінде жазған еңбектерінің ғылым саласында өз алдына қымбат қазына болып табылатынын ескерте кеткен жөн. Ұстаз ғалымның туындыларының көп бөлігі, көзі тірі кезінде, яғни 1930-50 жылдары жарық көрген. Алайда, кейбір еңбектері жария-ланбай, қолжазба күйінде сақталып қалған мұралары жинақталып, кейінгі кезеңдерде оқулық немесе жинақ ретінде қолданысқа енген [1,186].                                             
    Академик Сауранбаевтың тұлға ретіндегі зерттелу деңгейіне келер болсақ, бұл мәселе жоғарыда атап өтілгендей екі кезеңге бөліп қарастырылады. Бұлай бөлудің негізгі себебі, екі кезеңдегі зерттелу деңгейлерінің әртүрлілігі. Яғни, заман талабына сай ғалым еңбегіне деген көзқарастардың өзгеруі мен қажеттіліктің артуы үлкен рөл атқарады, сондықтан зерттеу жұмыстарын кезеңдеу тарихнамалық шолуға жүйелілік береді. Мәселен, кеңестік кезеңде жазылған еңбектерде гуманитарлық ғылымдар-дың дамуы аясында Нығмет Сауранбаевтың еңбектері қарастырылады. Демек, басымдылық ғылым-ның жалпы дамуына беріледі. Мысал келтірер болсақ, қазақ тіл білімінің 1950 жылдығына орай жазылған еңбектерде Н.Сауранбаевтың есімі алғаш қазақ елінде тіл білімі ғылымының негізін салу-шы ғалым ретінде атап өтіледі [3]. Осы еңбектерде Нығмет Тінәліұлының Тіл білімі институтының дамуына қосқан үлесі мен өмірі жайлы анықтамалық типтегі ақпараттар беріледі.                     
    Онда ғалымның еңбектеріне қатысты кеңестік кезеңде жазылған әдебиеттер қоғамның-ғылымның дамуы арқылы тұлғаға сипаттама береді. Ал, тәуелсіздік алғаннан бергі уақытта жазылған еңбектерде қарама-қайшылықтарда да кездеседі. Яғни, тұлға арқылы қоғамды зерттейді, мұндағы қолданылатын әдістерде екі түрлі болады. Әрине, зерттеулерді жүргізу әдістерінің түрлі болуына үкіметтің ұстанатын саясаты да өз әсерін бермей қоймады.
    Нығмет Сауранбаев жайында алғаш қалам тартушылар ретінде Е.Жұбанов [2], С.Омарбеков [3], А.Қайдаров [5], І.Кеңесбаев [4] және Ә.Құрышжанов [5] сынды ғалымдарды атап өтуге болады.  Мұнда, академиктің 60 және 70 жылдық мерейтойларына арналған мақалалар мен қатар көлемді кітап жарық көрген.           Одан кейінгі зерттеулерді талдауға алар болсақ, алғашқы көлемді еңбектердің бірі Құрышжановтың 1974 жылы жарияланған «Академик Н.Т.Сауранбаев» атты кітабының орны ерек-ше. Мәселен, мұнда ғалым ұстаздың өмірі мен ғылыми, педагогикалық және қоғамдық қызметі тура-лы жазылған. Жеке тұлға жайлы жазылған шығарма болғандықтан, еңбекте тың мәліметтер көптеп кездеседі.Автор өз еңбегінде ғалымның өмірі мен қызметіне қысқаша тоқталып өтіп, ғылыми мұраларын талдауға алады. Сонымен қатар, қосымша библиографиялық көрсеткіштер мен әдебиеттер тізімі жинақталған. Мұнда ғалымның еңбектері зерттеліп, берілген әдебиетте көрінісін тапқан. Сол себепті, филология саласында мол ақпараттармен қамтамасыз ететін, құнды дерек болып табылады [1, 1-202].
    Құрышжановтың шығармасынан Нығмет Сауранбаевтың қоғамдық қызметте болсын, ғылымда болсын орны ерекше тұлға болғандығын байқаймыз. Ғалымның ұстанған этикалық нормалары әрдайым биік тұратын, үлкен мәдениеттің иесі еді. Жоғары дәрежелі эрудициялық біліміне ол жарасып тұратын деседі. Орыстың атақты ғалымдары И.И.Мещанинов, Н.К.Дмитриев, С.Е.Малов, Н.В.Юшманов сияқты дүниежүзілік беделге ие болған ғалымдармен қоян-қолтық араласып бірге қызмет атқарады. Қатарына қадірлі, жүрген ортасында беделді, өзгелер сөзін құптайтын құрметті кісі еді [1,18]. – деп еңбекте сипаттайды.                                                            
    Нығмет Сауранбаевтың қазақ тіл біліміндегі қалам тартпаған саласы кемде-кем. Соның ішінде, ғалымның тереңірек зерттеп, баса назар аударған бөлімі – қазақ тілінің синтаксисі, оның ішінде құрмалас сөйлемдер жүйесі болды. Сонымен қатар, өзге салаларда да қалам тартып, күні бүгінге дейін құнын жоғалтпаған еңбектерді мұра етіп қалдырды. Сондай-ақ, ғалым жас буынға арнап әр алуан оқулықтар мен сөздіктер даярлаған. Ұстаздың мұндағы мақсаты – қалың жұртшылыққа ана тілімізді оқыту, оқу-білімге үйрету арқылы халықты ағарту ісі болды [1,190-191]. Кеңестік кезеңде жазылған бұл кітаптың негізіне 1960-70 жылдары жазылған мақалалар мен хаттар пайдаланылған. Атап айтар болсақ, Қуандықов А., Жұбанов Е., Мырзабеков С., Омарбеков С., Кеңесбаев І. және өзге де ғалымдардың мақалалары негіз болды. Мәселен, Жұбановтың «Нықаң ауылына» атты өлеңі Н.Т.Сауранбаевтың 60 жылдық мерей тойына арнап салтанатты мәжілісте оқылған. Сол секілді, басқа да жазбалар академиктің 60 жыл толуына немесе қазақ тіл білімінің 50 жылдығына арнайы даярланған болатын.                                                                                               
    Әрине, кеңестік кезеңде жазылған еңбектердің басты құндылығы мен өзіне тән ерекшелігі бар. Ол сол кездегі қазақ тіл білімінің негізін қаласқан, Н.Сауранбаевпен бірге қызмет атқарған замандастарының немесе шәкірті атанған ғалымдардың жазбаларымен өзгешеленеді. Мәселен, бұл тарихи шындыққа және академиктің өзіне бір табан жақындылықты білдіреді.                        
    Ал, тәуелсіздік алғаннан кейін, Н. Сауранбаев туралы жарық көрген еңбектер саны көбейе түскені байқалады. Мұнда, көлемді мақалалар, кітаптар және Нығмет Сауранбаевтың еңбектерінің жинақ-тамалары мен редакцияланған оқулықтары жариялана бастайды. Сонымен қатар, 2010 жылы фило-лог-ғалымның 100 жылдық мерейтойына байланысты көптеген іс-шаралар өткізіледі. Олардың қата-рына – Қордай аудан орталығына академиктің есімін беру, әр түрлі деңгейдегі конференциялар мен сынып сағаттарын өткізу секілді жұмыстар жатқызылады [10]. Сондай іс-шаралардың қатарында ретінде халықаралық ғылыми-теориялық конференцияны ерекше атап өткен жөн болар. Себебі, онда академик Сауранбаевтың жан-жақты қыры ашылып, еңбектері талдауға алынады. Осы конференция материалдары негізінде құралған «Түркі тілдерінің грамматикасы: қазіргі ахуалы мен болашағы» атты кітап жарияланды. Ал 2014 жылы жарық көрген Ұлы дала тұлғалары: «Нығмет Тінәлұлы Сауранбаев» атты кітап жарық көрген [7].
    Еліміздің тәуелсіздігін алуы көптеген тың мағлұматтардың ашылуымен қатар заман талабына сай, мәселенің жан-жақты қырынан зерттелуіне ықпал етті. Демек, бұл кезең туындыларын да өзіндік құны бар еңбектер ретінде қарастырамыз. Ендеше, сондай мақалалардың бірін талдауға алсақ. Ол Қ.И.Сәтбаевтың немересі Нұрлан Жармағамбетовтың «Сәтбаев кезіндегі ең жас академик» атты мақаласы. Тағы бір айта кететін жайт: Н.Жармағамбетов тілші-академик Н.Сауранбаев жайында деректі фильмдер даярлауға өз үлесін қосқан. Ғалым өзінің керемет еңбексүйгіштігінің арқасында, небәрі 31 жасында Кеңестер Одағы Ғылым Академиясының Қазақ филиалындағы – Тіл, әдебиет және тарих иснтитутының тұңғыш директоры болып бекітілді. Яғни, республикадағы гуманитарлық ғылымдардың қалыптасып, дамуының негізін салушы. Ал, 1943 жылы Мәскеуде диссертациясын қорғап, қазақ тілі мамандарының арасынан алғашқы болып, филология ғылымдарының докторы атағын алды. 1946 жылдың 1 маусымы Қазақ КСР Ғылым Академиясына мүшелікке сайланып, ең жас академик атанды [8].                            
    Нығмет Сауранбаев тек ғылым саласында ғана емес, сонымен қатар ұстаздық қызметпен де айналысқан. Ұстаз-ғалым үшін жастарға білім үйрету құштарлықтарының бірі болған. Ол 1938 жылдан бастап өмірінің соңына дейін КазГУ (қазіргі ҚазҰУ), КазПИ (қазіргі ҚазҰПУ), ЖенПИ (қазіргі Қазақ Мемлекеттік Қыздар Педагогикалық Университеті) секілді оқу орындарында дәріс оқыған. Ғалымнан білім алған шәкірттерінің бірі – Әбдуали Қайдаров: «Нығмет Тінәліұлы өте байсалды және зиялы ұстаз. Өз мамандығының шебері, сонымен қатар қарапайым, мейрімді, әрі ашық адам болатын. Жастығына қарамастан өмірлік тәжірибесі мол, көреген кісі еді» [8] – деп еске алады.          Сауранбаев ұстаздық қызметіне көп күш-жігер жұмсайды. Еңбегінің жемісі – ғалымның жазған оқулықтары, жүргізілген зерттеу жұмыстары болады. Бүгінде, сол жасалған еңбек зая болмас-тан, томдық жинақтар болып басылуда. Мәселен, осы ретте 2000 жылы жарық көрген Академик Н.Т.Сауранбаевтың III-томдық жинақ кітабын айтуға болады. Жинаққа ғалымның 1938 жылдан бастап жарияланған ғылыми зерттеу еңбектері мен оқулық кітаптарының хронологиялық тұрғыда реттелген нұсқасы енгізілген [9, 3].          Бұл ретте, ғалым еңбегінің кейінгі ұрпаққа жол нұсқаушы, тұғыры биік туынды екенін байқаймыз. Жалпы, Н.Сауранбаев қазақ халқының мәдениетінің дамуы үшін талмай еңбек еткен. Оны туркология мен қазақ тіл біліміне ғылыми-теориялық мәні жағынан бағалы үлес қосқан құнды зерттеулері, қазақтың ұлы ақын, жыршыларына арнаған шығармалары, өскелең ұрпаққа қалдырған оқулық-сөздіктері куәландырады. Осы тұста, Абай Құнанбаевтың 100 жылдық мерейтойына даярлап жазған шығармасы, Кенен мен Жамбыл аталарымызға арналған өлең жолдары дәлел бола алады [9, 384]. «Ғалымның қазақ тілі дамуының өзекті мәселелерін шешуде байқалатын ғылыми-теориялық өресі - күні бүгінде де, жолбасшылық бағытынан төмендемей келе жатқанын көреміз. Өрбітілген ой-пікірінің өміршеңдігі мен құндылығын тіл білімпаздары әлі күнге сезінуде» [6].                    
    Түйіндей келгенде, ғалымның қазақ тіл білім саласындағы өшпес ізі, қалдырған мұралары әлі күнге дейін өз құндылығын жоймаған мол қазына болып табылады. Ана тілімізді өркендетуде Нығмет Сауранбаев сыңды саңлақтарымыздың ғылымға қосқан үлесін ерекше айтқанымыз жөн. Ұлы дала тұлғаларының ұмытылмауы үшін, зор еңбек атқарып жүрген азамат ғалымдарымызда баршы-лық. Оған дәліл ретінде, жоғарыда көрсетілген еңбектер мен авторларды келтіре аламыз. Осы жұмыс-тардың арқасында ұлттық құндылығымызды арттыру үшін сүбелі үлес қосқан бабаларымызды біле аламыз. Әлбетте, бұл жас буын үшін үлкен мақтаныш болып табылады. Сол себепті, бізге мазұны терең мағлұматтарды жинақтап берген ғалымдарымызға алғысымызды білдіреміз.

group-global.org

ПІКІР АЛМАСУ

Пікір қалдырыңыз








08/04/2024 11:55

Хабарландыру!
0 624 0



26/03/2024 16:15

Хабарландыру!
0 880 0







ТЕКСТ

Яндекс.Метрика