КІРУ



Аккаунтыңыз жоқ па? Тіркелу

Құпия сөзді ұмытып калдыңыз ба?

THE STATE LANGUAGE DEVELOPMENT INSTITUTE

МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛДІ ДАМЫТУ ИНСТИТУТЫ

  ИНСТИТУТ РАЗВИТИЯ ГОСУДАРСТВЕННОГО ЯЗЫКА



БАТЫРЛАР ЖЫРЫ КЕЙІПКЕРЛЕРІН БІРІЗДЕНДІРУ

ТОЛЫҒЫРАҚ

Мұхтар Әуезов Абай тақырыбын, Абай өмірі мен өнерінің мән-мағынасын бар ынта-ықыласымен, асқан сүйіспеншілікпен терең зерттеді. Жазушы ұлы ақынның өшпес мұрасын, тарихи тұлғасын өз халқының тыныс-тіршілігімен, бүкіл өмір жолымен бірлікте алып суреттеп көрсетті. «Абай жолы» эпопеясы барлығы төрт кітаптан тұрады. Шығармадағы әрбір ірілі-ұсақты оқиға, тартыс, олардың дамып, шешімін табуы, тіршілік ағымындағы әртүрлі іс-әрекеттер, т.б. Абай арқылы көрінеді, оның тікелей қатысып, араласуымен суреттеледі.

Ұлттық мәдени ерекшеліктерді саралауда тілдік амалдармен қоса бейвербалды амалдар да қолданылады. Адам тілмен айтып жеткізе алмаған ойын ым, ишара, емеурінмен де жеткізеді.

Тілші А.Исламның айтуынша: «ұлттық дүниетаным ерекшеліктерінің айқын көрсетер белгілерінің бірі – этно-мәдени белгілер. Олар жалпы ритуалдан туындайды, яғни қандай да болмасын этно-мәдени белгінің негізі ретінде ишарат, ритуалдың фрагменті алынған», дей келе [1, 125 б.], бейвербалды амалдарды ұлттық мәдени ерекшеліктерді саралаудағы басты нысан екендігін айтып өтеді.

«Абай жолы» романының «Қайтқанда», «Өрде», «Тайғақта» деген тарауларынан ым-ишараты бар мысалдар жинақталып, талдау нысанына алынды және орыс тіліндегі аудармасы да терілді. Орыс тілінде ым-ишараттардың аударылу ерекшелігіне байланысты топтама (классификация) жасалынды. Ол келесі түрлерге бөлінеді:

1. орыс тілінде баламасы (эквиваленті) жоқ ым-ишараттар;

2. стилистикалық және толыққанды қызметіндегі ым-ишараттар;

3. мүлдем аударылмаған ым-ишараттар;

4. калька әдісімен жасалған ым-ишараттар;

5. теңестіру (компенсация) жолымен жасалған ым-ишараттар.

I. Орыс тілінде баламасы жоқ ым-ишараттар.

Бұл ым-ишараттарға тоқталатын болсақ, олар тек қазақ халқына тән, қазақ болмысын (менталитет), салт-дәстүрін, мәдениетін, тарихын, т.б. танытатын ым-ишараттар тобы болып табылады және олар өте көп екені баршамызға белгілі. Соған мысалдар арқылы көз жеткізсек:

1. - Бәрәкалла, бәрәкалла... бирахматика я архамәр-рахимин, - деп 

отырып, Абайға қол жайып бата бергенді [2, 25.].

- Аллах милосердный и всемилостивый да пошлет блага свои и щедрой милостью своею да наградит его, - торжественно произнес мулла и, подняв ладони, благословил Абая [3, стр.42].

Қол жаю

Алақаны жоғары қаратыла ашылған қолды кеуде тұста ұстау [4, 85.].

Бұл Құран оқып болған кезде жасайтын ишарат. Құран – Ислам дінінің негізі. Исламда дұға-тілек ету Құранда көрсетілген.

Орыс халқында мұндай ырым-дәстүрлер кездеспейтіні белгілі. Орыс халқы дұға-тілекті қолдың саусақтарын маңдайына және екі иығына тигізу ишараты арқылы жүзеге асыратыны белгілі. Міне, келесі мысалдар да соның дәлелі бола алады.

2. Айналдым, қарашығым, қоңыр қозым! – деп алып, Аямайды, аямайды ол! – деп келіп, көзін жұмыңқырап, басын жоғары көтере берді.

Я, құдай, зар тілегім болсын. Бейуақтағы тілегім. Осы қарашығыма әкесінің осы ит мінезін бере көрме!.. тас бауырлығын бере көрме!..

Я, жасаған! – деп, құрысқан әлсіз қолдарымен әжімді, мейірімді жүзін сипап бата берді [2, 46.].

Любимый, светик мой, ягненок ты мой... Не сжалился, говоришь? Не знает он жалости!

Она подняла к небу лицо с полузакрытыми глазами и прошептала:

О боже, прими мое скорбное моление! Огради радость души моей отгубящей злобы отца! Отведи от дитяти жестокость и бессердечность его, создатель наш!.. – Она провела по лицу беспомощными, старчески скрюченными пальцами, благословляя внука [3, стр.60].

Бата беру

Екі қолды бір-біріне түйістіре ұстап, жайылған алақанмен маңдайдан төмен қарай иекке дейін сипалай жүргізіп өту [4, 34.].

Бата беру – адал ниет, жақсы тілек білдірудің ұлттық дәстүрі. Бата беретіндер, көбінесе, көпті көрген ақсақалдар мен кемеңгер даналар, дуалы ауыз билер болып келеді. Бата қысылғанда – қуат, қиналғанда –

медет беріп, әрбір іске даңғыл жол ашып, бәле-жаладан қорғайды деп есептеген.

3. Бетіне су бүркіп, үшкіріп:

Кет, бәлекет, кет! Көш баламнан көш! – деп, батып бара жатқан қып-қызыл күнге қаратып қойып, бірдеме ем істеген болды. Ұшықтаған еді [2, 48.].

Сгинь, нечистая сила, сгинь! Оставь сына моего! – говорила она и, повернув Абая лицом к заходящему солнцу, продолжала свое удивительное лечение, опрыскивая мальчика водой изо рта [3, стр.62].

Ұшықтау

Тамақтан, желден, иістен ұшынған адамдарды ұшықтау бейвербалды амалы бұрынғы ата-бабамыздан келе жатқан емдеу мен ырымның бір түрі. Бұл ишарат та жерге не ауаға түкіру арқылы орындалады [5, 84.].

Ал аудармада ұшықтауды тек “удивительное лечение” деп берген. Тарихтан белгі Азия халықтары, соның ішінде қазақ елі наным-сенімге барынша сенген.

4. Байдалының тапсыруымен Сүйіндік қалың елді бастап ақ үйге кірді де, қаралы теңдерді бұзды. Бұл да жаңағыдай белгі. Осы уақытта Бөжейдің әйелі мен қызы оң жаққа теріс қарап отырып ап, дауыс айтты [6, 264.].

По приглашению Байдалы Суюндик с толпою родичей вошел в юрту и начал снимать траурное урбанство. Это был второй знак. В ту же минуту байбише и две дочери Божея, повернувшись спиною к собравшимся, начали поминальный плач [3, стр.225].

Дауыс айту (жоқтау)

Жоқтау – қазақтың ертеден келе жатқан салт-дәстүрі. Біреудің баласы, жанашыр жақыны, сүйген жары, ел қамқоры болған батыры, биі, ханы, т.б. қайтыс болғанда жоқтау өлең айтатын болған. Жоқтау өлең бүкіл елдің, халықтың атынан да, жеке адамның өз атынан да айтылады. Жоқтауда өлген адамның елге, халқына, ағайын-туысқа тірі күнінде жасаған жақсылығы, мінез-құлқы, мырзалық іс-әрекеті жырланады.

II. Стилистикалық және толыққанды қызметіндегі ым-ишараттар.

Яғни, түпнұсқа авторының оқырманына айтар негізгі ойы, сөйлем құрылысы, эмоционалды-экспрессивті бояуы, көркемдегіш құралдары, қазақ болмысын таныта білуі, т.б. аудармада да толығымен берілген жағдайда, аударма жұмысы нәтижелі болып табылады. Ым-ишараттарымыз да аударма мен түпнұсқада бар және олар сөйлемдерге ерекше реңк беріп тұрады. Яғни, бұлар стилистикалық жағынан сәйкес келетін, толық мақсатында жұмсалып тұрған ишараттар тобы. Мысалы:

5. Көзін жұмып, ернін жыбырлатып, әжесінің құлағын ашып, «су-ф» деп қойды [2, 13.].

Он зажмурил глаза, безвучно пошевелил губами и дунул в ухо бабушке:- су-уф! [3, стр.32].

Бұл кешенді ым-ишараттардан тұратын сөйлем. Яғни, мұндакөзінжұмып, ернін жыбырлатып, құлағын ашып, «су-ф» деп қою деген үш ишарат орындалып тұр. «Су-ф» лексемалық ишарат болып табылады, мағынасы үрлеу немесе емнің бір түрі. Ол құлағын ашып деген тіркеспен қатарласа орындалып тұр.

Көзжұму - зажмурить глаза [7, 268.], ерін жыбырлату - пошевелить губами [7, 169.] деп ым-ишараттардың толық аудармасын жасаған.

6. Құнанбай түрегеліп, оқшауырақ шығып, қолын төмен сілікті, «таста» дегені [2, 37.].

Кунанбай отошел в сторону и, рывком опустив руку, дал знак стоявшим на вершине: «бросай!» [3, стр.53].

Қолмен ишара жасау

Алақаны төмен қаратылған қолын басқа бағытқа (жанына) қарай сілтеп қимыл жасау [5, 73.].

Жоғарыдағы сөйлемде қолын төмен сіліктінің өзі белгілі бір мәнге ие ишарат болса, ««таста» дегені» тіркесі оны тіпті айқындай түсуде. Міне аудармада да соны дәл бере білген.

7. Екі көзі қанталап, өзі сұп-сұр боп апты. Жұдырығы түюлі[2, 247.].

Глазаего налились кровью. Бледное лицо потемнело. Пальцы сжались в кулак [3, стр.215].

Түпнұсқадағы сөйлемдер толығымен ым-ишараттардан тұрады. Аудармада да сол қалып сақталып аударылған.

III. Аударылмаған ым-ишараттар.

Шынында, түпнұсқада берілген ым-ишараттар аударуға келеді. Себебі, көбісі жоғарыдағы топтамаларда талданған ишарат түрлері. Аударылмай қалуының әртүрлі себептері бар. Мысалы: төменде берілген сөйлемдердің бірі аударылмай, ондағы айтар ой алдыңғы сөйлеммен бірге беріліп кеткен. Мұндайда ишараттар басқа формаға ие болып кеткен; диалог түріндегі тұстарда да ишараттар түсіп қалған; төменде берілген үш сөйлем бірінен кейін бірі жалғасқан көлемді үш абзацты құрап тұрса, автор оны неге екені белгісіз ол тұсты (фрагментті) аудармай кеткен. Бұл сәтсіз аудармаға әкелетін олқылықтар, автор тарапынан жіберілген кемшілік, қателер болып табылады.

8. Зереге дау айтуға батылы бармаса да, Майбасар ішінен қыжылданып, мойнын сырт қайырып отыр [6, 254.]. (аударылмаған)

9. Зере сөзін бітіргенде, Майбасар қасындағы Ұлжан жеңгесін түртіп қойып, ақырын күңкілдеп:

Қап, мына тентек кемпір ме! [6, 254.]. (аударылмаған)

10. Майбасар Ұлжанның тасасына бұғыңқырап отырып, қуланып, көзін

қысып:

Әнебіреу айтқаны кім екен десеңші, тағы бұның? Ана «мылжың» дегенін айтам. Ондай бар ма еді? – деп, тоқтай қап Жұманды көзінің астымен бағып отыр [6, 254.]. (аударылмаған)

Жоғарыда берілген үш мысалда Зере Ырғызбайдың көпшілігі бас қосқан кеңесінде сөз сөйлейді. Сол кезде ол: «бірі қырт, бірі дарақы, мақтаншақ, бірі ұр да жық, даңғой атанғанда – осындай көп жиын үстінде масайып, оспадарлық қылам деп, сондай атақ алатын!» - деген сөйлем және соның жалғасы ретіндегі мына мысалдар орыс тіліндегі аудармасында аударылмай, әңгіме бірден ас жайына көшіп кеткен.

IV. Калька әдісімен жасалған ым-ишараттар.

Сөзбе-сөз тәсілі – тілдік бірліктің (сөздің, сөз тіркесінің) сыртқы нысанын, ішкі мазмұнын нақпа-нақ, сол қалпында аудару дегенді білдіреді. Калька амалы – сөзжасамның бір жолы, тілдің сөздік құрамын байытудың оңтайлы көзі деп есептелінеді және бұл тәсіл көптеп қолданылады.

11. Жиренше қабағын бір шытып, қозғалақтап қалды [2, 19.].

Вот Жиренше нахмурил брови и зашевелился [3, стр.37].

Қабақ шыту

Нахмурить брови-қабақ шыту [6, 541.].

Қозғалақтап қалу

шевелиться-қозғалу, қимылдау [7, 579.].

12. Бұлар сонда кіре бергенде, жаңа тапқан қызығы шұғыл біткенге наразы

боп қалған Оспан арттарынан бұғып кеп, дәл үйге кіре берерде

Жиреншені қылтадан қаттышымшып алды [2, 40.].

Оспан, обиженный, что его лишили забавного зрелища, тихонько подкрался сзади ущипнул Жиренше за икру [3, стр.56].

Шымшып алу

Ущипнуть-шымшу, шымшып алу, тістеп алу [7, 500.].

13. Абай өзінің қатаң ойларын сыртқа шығарған жоқ, қабақ түйіп, ішке

жиді [2, 246.].

Абай мрачно насупил брови и глубоко задумался [3, стр.214].

Қабақ түю

Насупиться-1) қабағын түю, түксию, кіжірею; 2) жабырқау [7, 538.].

Біреуге күш көрсету, қыр көрсету, ренжу, қатты ашулану, көңілі толмау. [7, 46.].

V. Теңестіру (компенсация) жолымен жасалған ым-ишараттар.

Аудармашылық теңестіру – аударма кезінде грамматикалық трансформация аудармадағы қосып жеткізуді (синтаксистік және лексикалық себептер бойынша) енгізетін әрі қалдырып кету (аудармашы назарынан және аударма тілінен тыс қалған аударма ақпаратын шығарып тастау), қосып жеткізу үйлесімділігі.

14. Ұлжан: «Көзім бұлдырап тұр ма?» деп кірпігін жиі қағып, қайта қарады [2, 43.].

«Померещилось мне, что ли?» - подумала она и всляделась пристальней

[3, стр.58].

Түпнұсқадағы кірпік қағу ишараты аударылмаған.

15. Келсем, алдымнан өзі шығып, атымды байлап жатыр, - деп Жұмабай жаққа қарап, иек қағып қойды [2, 6.].

Подъехал я к дому, она вышла навстречу и стала привязывать коня, а песня моя пошла гулять по свету. Вот и все, - сказал он и подмигнул Жумабаю [3, стр.26].

Иек қағу - иекті төменнен жоғары шұғыл көтеру [5, 61.].

Подмигнуть - көз қысу, қас қағу [7, 111.].

16. - Абай, осы сен ақынсың-ау! – деді де, күліп жіберді [2, 21.].

- Да ведь ты акын, Абай! – улыбаясь, сказала она [3, стр.318].

Түпнұсқада күліп жіберді ишараты өткен шақта болса, аудармада улыбаясь-күлімсіреп (үстеу)болып тұр.

17. Осының бәрін көп күрсініп отырып айтқан Ұлжан Абайға үлкен ой

салды [2, 246.].

Улжан говорила об этом вздыхая. Абай мрачно насупил брови и глубоко задумался [3, стр.214].

Күрсіну - вдохнуть [7, 89.] болса, түпнұсқада Абайға үлкен ой салды дегенді «глубоко задумался» деп қана аудармай, жанына түпнұсқада жоқ «насупив брови» дегенді қосып жіберген. Бұл автор тарапынан қосылған тіркес болып тұр.

Қорытындылайтын болсақ, бейвербалды амалдар тілдік көрсеткіштер сияқты ұлттық феномен. Адамдар қарым-қатынасының тілдік формаларымен қатар қолданылатын коммуникацияның бейвербалды компоненттері қоғамдық-мәдени нормалар мен шарттылықтарды белгілі жүйеге келтіруге көмектесетін аса қажет құбылыстар қатарын құрайды. Олар әр халықтың рухани салт-дәстүрлерін сақтауға өзіндік үлес қоса отырып, мәдениетаралық қарым-қатынасты дамытуға ықпалын тигізері даусыз. Сол себепті, аударма жасау барысында маман осындай тұстардың барлығын ескерсе екен деген тілек бар.

Пайдаланылған әдебиеттер:

1. Ислам А. Ұлттық мәдениет контексіндегі дүниенің тілдік суреті // филол. ғыл. док. автореф. – Алматы, 2007. – 24 б.

2. Әуезов М. Абай жолы: Роман-эпопея. Бірінші кітап. – Алматы: Жазушы, 2007. – 368 б.

3. Ауэзов М. Путь Абая. Роман, т.I. Алма-Ата, «Жазушы», 1977. – 608 с.

4. Момынова.Б.Қ., Бейсембекова.С. Қазақ тіліндегі ым мен ишараттың қазақша-орысша түсіндірме сөздігі. – Алматы: Қазақ университеті, 2003. – 133 б.

5. Ешимов М.П. Қазақ ым-ишараттары. Лингвомәдениеттану сөздігі: Оқу құралы. – Алматы: Қазақ университеті, 2007. – 104 б.

6. Әуезов М. Абай жолы: Роман-эпопея. Екінші кітап. – Алматы: Жазушы, 2007. -432 б.

7. Русско-казахский словарь. 1-том. А-О., 2-том. О-Я. – Алматы: Издательство «Арыс», 2007. – 640 с.

 Cурет elarna.com сайтынан алынды.

Дайындаған: ҚазҰУ-дың Филология, әдебиеттану

және әлем тілдері факультетінің

оқытушысы, гуманитарлық ғылымдар магистрі


ПІКІР АЛМАСУ

Пікір қалдырыңыз