THE STATE LANGUAGE DEVELOPMENT INSTITUTE
МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛДІ ДАМЫТУ ИНСТИТУТЫ
ИНСТИТУТ РАЗВИТИЯ ГОСУДАРСТВЕННОГО ЯЗЫКА
Соңғы мақалалар:
Қазақ тілінде ресми қағаздар стилі, анығын айтсақ синтаксистік құрылымдары әлі
толық қалыптасып болмағандықтан ісқағаздарын стандарттау тоқтаусыз жүріп
отыратын үдеріс. Оның үстіне ісқағаздардың тілдік аппараты негізінен аударма
мәтіндер арқылы қалыптасып отыр. Әр аударманың деңгейі де әртүрлі болады.
Ісқағаздарға қатысты құқықтық нормалар мен тілдік нормаларға қатысты пікір
білдіру үшін осы саламен тұрақты айналысып жүрген Ш.Әбдіғалиқызын сөзге тартқан
едік...
Қазақстан
Республикасының аумағында мемлекеттік, жеке ұйымдарда, шетел компанияларында ісқағаз
жүргізу стандарттары мен нормаларын ішкі нормативтік құжаттарда өз қалаулары
бойынша белгілеуге бола ма?
Жоқ, болмайды. Қазақстан Республикасының аумағында қызмет атқаратын отандық
және шетел компанияларының барлығы өзінің құжаттау ісінде Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2014
жылғы 22 желтоқсандағы № 144 бұйрығымен бекітілген «Мемлекеттік және
мемлекеттік емес ұйымдарда құжаттама жасаудың және құжаттаманы басқарудың
үлгілік қағидаларын», Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің
2015 жылғы 26 қаңтардағы № 22 бұйрығымен бекітілген «Сақтау
мерзімдерін көрсете отырып, мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдар
қызметінде жасалатын үлгілік құжаттар тізбесін», Қазақстан Республикасы
Мәдениет және спорт министрінің 2014 жылғы 22 желтоқсандағы № 146 бұйрығымен
бекітілген «Ұлттық мұрағат қорының құжаттарын және басқа да мұрағат
құжаттарын ведомстволық және жеке мұрағаттардың қабылдауы, сақтауы, есепке алуы
мен пайдалануы қағидаларын» басшылыққа алуға тиіс.
Құжаттардың
мемлекеттік және орыс тіліндегі нұсқаларын бір бетте ресімдеуге бола ма?
Жоқ, болмайды. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт
министрінің 2014 жылғы 22 желтоқсандағы № 144 бұйрығымен бекітілген «Мемлекеттік
және мемлекеттік емес ұйымдарда құжаттама жасаудың және құжаттаманы басқарудың
үлгілік қағидаларының» 8-тармағына сәйкес қазақ тіліндегі құжат және орыс
тілінде немесе өзге тілде жасалатын тең түпнұсқалы құжаттың әрқайсысы жеке
бланкiлерге (жеке парақтарға) басылып шығарылады және бірыңғай деректемелермен
ресімделеді.
Орыс тілінде ресімделген құжаттағы «с 5 по 9
октября 2017 года на 5 календарных дней» деген мерзімді «2017 жылғы 5 қазаннан
бастап 9 қазанға дейін күнтізбелік 5 күнге» деп аударуға бола ма?
Жоқ, болмайды. «2017 жылғы 5 қазаннан 9 қазанға дейін» деген сөйлемде «9
қазанға дейін» деп айтылған, бұл мерзімге 5, 6, 7, 8 қазан кіреді, ал «9 қазан»
мерзімнің ішіне кірмейді, сондықтан ол тек күнтізбелік 4 күнді қамтиды. Бұл
сөйлемді «2017 жылғы 05-09 қазан аралығындағы күнтізбелік 5 күнге» деп аудару
қажет.
«Қолтаңба» - «Подпись» деректемесінде
басшының аты-жөні ресімделгенде әкесі атының бас әрпі жазыла ма?
Жоқ, жазылмайды.
«Қолтаңба» - «Подпись» деректемесін қазақ тілінде де және орыс тілінде де ресімдеген
кезде алдынан басшы атының бас әрпі содан кейін тегі орналастырылады. Бұл
деректеме азат жолдан қою қаріппен жазылады. Басшының тегі қазақ тіліндегі
құжатта да және орыс тіліндегі құжатта да жеке куәлігі бойынша ресімделеді.
Мысалы:
Бас директор қолтаңба
С. Омарұлы
М.О.
Генеральный директор подпись С. Омарулы
М.П.
Бұйрықтарға мөр басу қажет пе?
Иә, қажет. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт
министрінің 2014 жылғы 22 желтоқсандағы № 144 бұйрығымен бекітілген «Мемлекеттік
және мемлекеттік емес ұйымдарда құжаттама жасаудың және құжаттаманы басқарудың
үлгілік қағидаларының» 44-тармағының 11) тармақшасына сәйкес мөр бедері
бұйрықтың міндетті қойылатын деректемесі болып табылады.
Әңгімеңізге
рақмет! Мазмұны пайдалы.
Мемлекеттік тілді дамыту институты.
Ақпарат
ПІКІР АЛМАСУ
01/06/2017 16:43
Орыс тілді мектептерде тіл дамыту жұмыстарының әдістемелік ерекшеліктері
|
ТЕКСТ