КІРУ



Аккаунтыңыз жоқ па? Тіркелу

Құпия сөзді ұмытып калдыңыз ба?

THE STATE LANGUAGE DEVELOPMENT INSTITUTE

МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛДІ ДАМЫТУ ИНСТИТУТЫ

  ИНСТИТУТ РАЗВИТИЯ ГОСУДАРСТВЕННОГО ЯЗЫКА



БАТЫРЛАР ЖЫРЫ КЕЙІПКЕРЛЕРІН БІРІЗДЕНДІРУ

ТОЛЫҒЫРАҚ

Кеңес дәуірі кезеңіндегі тарихи-әлеуметтік жағдайға байланысты әдебиет дамуында екі түрлі бағыт болды. Оның бірі – езілген қазақ шаруаларының мүддесін қорғаған реалистік әдебиет те, екіншісі – қазақтың ескі феодалдық өмір шындығына, көшпелі тұрмысына сүйенген, соны жырлаған әдебиет. Соңғы әдебиет, негізінен, қазақ қоғамының сол кездегі даму жағдайларын, ел ішіндегі әлеуметтік тартыстарды, таптық жіктелушіліктен туған ұнамсыз құбылыстарды жырға арқау етті. Үстем тап өкілдерін, ел билеушілерді, патша үкіметінің отаршылдық саясатын іске асырушыларды сынға алды. Алайда бұл сынның ар жағында ел өміріндегі өзгерістердің, Қазақстанның Ресейге қосылуының прогрестік жақтарын түсіну жетісе бермейтін еді.
Кеңес дәуірі өкілдерінің өлеңінде сол кездегі қазақ қоғамы дамуының мешеу күйіне, елдің артта қалуына наразылық және дидактика үлгісі басым. Елді оқу-білімге үндеу көбірек айтылады. Патша әкімдеріне қосылып, елді екінші жақтан «жұлмалап» жатқан қазақ билеушілері де ақын-жазушы сынынан тыс қалмайды. Осы кезең шығармашылығын дәуір шындығының айнасы деуге болады.
Көрнекті кеңес жазушылары болған С.Сейфуллин, Б.Майлин, І.Жансүгірұлының төңкеріс алдында жазған шығармалары осы дәуір әдебиетінің басты бағытын толықтыра түсті. Халықтың басындағы қараңғылықты суреттей отырып, елді оқу-білімге, мәдениетке шақыруға ұмтылады. Қазақтың жайбарақат өміріне күнделікті күйбең тіршілікті қарсы қояды. Бұл – ақынның «Қазақ сабағы», «Інішегіме», «Надан бай», «Оқымаған қазақ» сияқты өлеңдерінде анық көрінеді. Халық бұқарасының қараңғылықтағы халін сынға алып, қазақ халқының күйін балалық дәуір есебінде бейнелеп, оның ер жетуін армандады. Б.Майлиннің «Мұсылмандық белгісі», «Жазғы қалып», І.Жансүгірұлының «Шым-шытырық», «Қалпымыз» атты өлеңдерінде ескі қазақ ауылын жайлаған әдет-ғұрып, салты өткір сыналды. Азаттықты аңсау сарыны Ілиястың «Көңіл жүгірісі», «Арман» атты өлеңдерінде байқалады. Елдің мұңын шертер, халықты мәдениетке бастар саналы жастардың әдеби образдарын жасау талабын көтерді. Бұл бағыттың әсіресе бір ерекшелігі – қазақ аулында жігі айқын ашылған екі тап бар екендігін саналы ұғу, оны басқаларға ұғындыру және бұл екі таптың келісімге келмейтінін көрсете білу еді.
Кеңес дәуірі әдебиетінің көшбасшысы Сәкен Сейфуллин еді. Сәкен қазақ елінің сол кездегі қоғамдық жағдайларын, халықтың надандығына, езгі астында езіліп отырған қорғансыз панасыздығына налып, оларды ұйқыдан оятып, оқу-білім саяси күрес жолына үгіттеді. Оның «Оқымаған қазақ» атты өлеңінің мазмұны осыған құрылған. Ол өлеңінде “байға – мал, оқығанға – шен мақсат болған» елдің тығырыққа тірелген күйін суреттей отырып, ел-жұртына адамдықтың, адалдықтың өнегесін таратуды өмірлік мұраты көрген. Сол кезеңнің бейнесі екінші бір көрнекті қайраткер Бейімбет Майлиннің шығармашылығында көрініс тапты. Бейімбет те Сәкен жолын ұстанған. Оның «Даң болу» атты өлеңінде ақын лирик ретінде танылады. Шығарма заман ауыртпалығын сезінген, бойына жинаған адамның мұңлы көңіл-күйіне, күрес жолының қиындық сырына толы. Ақын елді белгілі бір кәсіппен шұғылдануға, еңбек етуге шақырады.
Жалпы, кеңес дәуірі кезеңіндегі шығармалар өздерінің тақырыптық маңыздылығымен, идеялық батылдығымен, жанрлық жаңалықтарымен ерекшеленді. Әдебиетте реализм тереңдей түсті, оның сыншылдық тенденциясы артты. Ауыз әдебиетінен ауысқан дидактикалық сарын азайып, көркем образдар мен реалистік өмір суреттері кеңірек көріне бастады.

massaget.kz

ПІКІР АЛМАСУ

Пікір қалдырыңыз