КІРУ



Аккаунтыңыз жоқ па? Тіркелу

Құпия сөзді ұмытып калдыңыз ба?

THE STATE LANGUAGE DEVELOPMENT INSTITUTE

МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛДІ ДАМЫТУ ИНСТИТУТЫ

  ИНСТИТУТ РАЗВИТИЯ ГОСУДАРСТВЕННОГО ЯЗЫКА



БАТЫРЛАР ЖЫРЫ КЕЙІПКЕРЛЕРІН БІРІЗДЕНДІРУ

ТОЛЫҒЫРАҚ

    2. Ғылыми жазықтық (Ақ Орда & Алтын Орда Қазақ хандығының бабасы ретінде).
Ортағасырлық Қазақстан ортағасырлық тарихының кеңестік тұжырымдамасын түйінделген түрінде: «Қазақ хандығы – географиялық жағына да, әулеттік тұрғысынан да (қазақ хандары Орда Еженнің ұрпақтары) Орда Ежен ұлысының ізбасары. Ал қазақтардың өздері көшпелі өзбектерден тараған», - көрсетуге болады.
    Осыған орай, географиялық(Ордалардың орналасуы) және әулеттік жағынан да (қазақ хандарының билеуші әулетінің шығуы) ескі парадигма Ескендердің Анонимі атты түпдерекке және оның XIX ғасырдағы интерпретацияларына (мәселен, Стэнли Лэн-Пульдің «Мұсылман династиялары» еңбегі [64, 159-171]) сүйенеді.Біз Натанзидің (Ескендірдің Анонимі) барлық қателіктерін жеке жарияланымдарда сыни тұрғыдан қарастырған болатынбыз [57] [58].
    Қазіргі таңда тарихшылар Қазақ хандығының Алтын Ордадан бастау алғаны(кеңестік кезеңде қарастырылғандай, оның жеке бөлігі болған Орда Ежен ұлысынан (Алтын Орданың шығысы) емес) жөніндегі тезисті негіздеді. Ол келесі жайттармен расталады:
    1. Географиялық тұрғыда; Алтын Орда (Жошы ұлысы)территориясының40 % астам бөлігі бүгінгі таңда Қазақстанның құрамына енеді. Көк Орда, сондай-ақ Ақ-Орданың жартысы да қазіргі Қазақстанның аумағына кіреді.
    2. Этникалық тұрғыдан; Алтын Орда құрамында болған 92 ру ішінен (илатийа тайпа тізімі), 20-дан астамы қазақтардың құрамында бар. Қалғандары бұрынғы Дешті Қыпшақтың басқа да түркі халықтарының құрамында.
    Шығыс Дешті Қыпшақтағы өзбектер (және сондай-ақ, Батыс Дешті Қыпшақтағы «татарлар») туралы ескі докса ХІХ ғасырдың өзінде-ақ пайда болғанын атап өтуге болады. Оның дамуы XX ғасырда жүріп, XXI ғасырда ол іс жүзінде жоққа шығарылды [60, 172-173]. 1979 жылғы Қазақ КСР тарихында: «Шамамен, XIV ғасырдың 50-60-жылдарынан бастап, Ақ Орданы мекен еткен тайпалар өздерінің дәстүрлі қыпшақ атауының орнына деректерде өзбектер деп жиірек атала бастады» [29, 253], - деп атап өтіледі. «XIV-XV ғасырлардың екінші жартысындағы жылнамашылар Еділдің шығысына және Арал теңізінің солтүстігіне қарайғы далалық аймақтарды Өзбек ұлысы деп атады» [29, 254]. Қазақтар осы өзбектерден шыққан деп есептелді. Бұған дейін де атап өткеніміздей, тарихшылар Жошы ұлысының шығысында (Еділдің шығысы) өзбектер («көшпелі өзбектер»), ал Жошы ұлысының батысында татарлар мекен етеді деп санаған. 
    Сондай-ақ, тағы бір тарихи «аномалияны» атап өткен абзал: этникалық тұрғыдан алғанда қазақтарды Орда Ежен ұлысының, Шибан ұлысының («көшпелі өзбектер»), Моғолстанның(негізінен Ұлы жүз), сондай-ақ Ноғай Ордасының (негізінен Кіші жүз) көшпелі тұрғындарының ұрпақтары деп санады. Әлбетте, біз қарастырып отырған кезеңнің тарихи шындығында «көшпелі өзбектер» сынды жекелеген этнос болмаған. Ғылыми айналымға өзбек шығыстанушысы Б.А.Ахметов енгізген бұл тарихнамалық атау (кеңінен алғанда, XIV-XVI ғасырлардағы парсы тіліндегі деректерде келтірілген Шығыс Дешті Қыпшақтың бүкіл көшпелі халқының жалпылама аталуы) тек тарихи миф қана. Оған қоса, қазақтардың этногенезінде моғол тайпаларының (XIV-XVIғғ. Моғолстан халқы)этногенетикалық үлесі күмәнсіз болса да, оның рөлі асыра көрсетілген.Аталған кітаптың бір тарауы өзбек және татар этнонимдерінің өзара арақатынасына арналған. Бұған дейін оны Қазақстан үшін жаңа қырынан В.П. Юдин мен Т.И. Сұлтанов қарастырған болатын[65].
    3. Әулеттік тұрғыдан; Қазақ Шыңғыс ұрпақтарының әулеті тек Ертіс аумағында ғана билік еткен Батудың үлкен ағасы Орда Еженнен емес, Алтын Орданың түрлі бөліктерінде (Маңғышлақ, Қырым, Қазан, Астрахан және т.б.) билік құрған Тоқай-Темір ұрпақтарынан (Жошы ұрпақтарының тарамы) тарайды. Осы кітаптың бір тарауы Орыс ханның шыққан тегіне арналған. 
    4. Антропологиялық тұрғыдан; ХХ ғасырдағы Қазақстанның қазіргі халқы (қазақтар), ғалым-антрополог Оразақ Исмағұловтың мәліметтері бойынша, ХІІІ ғасырдағы Алтын Орданың көшпелі халқынан антропологиялық тұрғыдан қарағанда еш айырмашылығы жоқ [26, 218]. Бұл тұжырымдарды Л.Т. Яблонскийдің мәліметтері нақтылайды, ол антропологиялық мәліметтерді кластерлік анализден өткізген, нәтижесінде қазіргі қазақтар Алтын Орда көшпелілеріне (Еділдің төменгі бойы) ең жақыны болып шықса, ал қазіргі заманғы татарлар, өзбектер және шуваштар Алтын Орданың қалалық халқына жақын екені анықталған[75, 281].
    5. Этногенетикалық тұрғыдан; Қазақ руларының атауы Алтын Орданың 92 руларының тізімімен сәйкес келеді («илатийа өзбек руларының тізімі»). Уақ және Жағалбайлы руларын қоспағанда, бұл тізімдегі рулардың шамамен бестен бір бөлігі қазақ құрамында бар.
    Қазақстан тарихының көне дәуірден бүінгі заманға дейінгі бес томдығында Қыпшақ тайпалары одағы мен Үйсін тайпалар одағы Орта және Ұлы жүздерге негіз болды, ал Кіші Жүз Қазақ хандығына кіріккен ноғайлардың бір бөлігінен тараған деп атап өтіледі [30, 294].
    Қазақтың кейбір рулары Дулаттар, Қаңлылар, Керейлер және Арғындар Моғолстанның тиісінше моғолдық Дұғлаттар, Бекшіктер, Кереиттер және Арқынұттардан тараған деген пікір бар[54, 238]. Батыс Түрік қағанаты шеңберінде өмір сүргенДулу тайпасымен қазақтың Дулат руының байланысы туралы нұсқа да алға тартылады[54, 238]. Осы жерде бірден атап өтетін жағдай, Арғындар, Керейлер және Қаңлылар Алтын Орда құрамында да белгіліболды және де бұл рулардың моғолдардан шықты деуге ешқандай да ғылыми дәлел жоқ. Егер қазақтың қаңлылары моғолдыңБекшіктерініңтараған болса, біз оларды қазақтар арасынан осы атауымен де білетін едік. Ақжол мен Қарақожа (Арғын руының генеологиялық ата-бабасы) АрғындарАлтынордалық Орыс хан мен Тоқтамыс хандардың замандастары болған, яғни, олардың моғолдық Арқынұттарға еш қатысы жоқ (атаулардағы үндестік мықты ғылыми дәлел бола алмайды). Дулаттар өздерінің шежірелері және XVIII ғасырдың мәліметтер бойынша Үйсін деген үлкен руға жатады, онда Дулат бір рулық тармақ қана. Бұл жерде де атаулардың сәйкестігі болуы мүмкін(Арқынұтармен сәйкес жағдайдағыдай) және де Дулаттар моғолдық Дұғлаттармен біртекті емес. Этногенетикалық туыстығы жоқ, қазақтарда қайталанатын атаулар жөніндегі мысалдарды көптеп келтіруге болады. Әлім ішіндегі Тілеу руы Телеуге туыс емес, Әлім ішіндегі Қаракесек Арғын ішіндегі Қаракесекке туыс емес, Адай ішіндегі Қарамылтық Арғындағы Қарамылтық руына туыс емес, Адайдың Сүйіндік руы Арғындағы Сүйіндік руына туыс емес т.т. 
    Қазіргі тарих ғылымы екі дәлелді дерек көзімен толықты, олар қазақтардың шығу тегіне жаңа көзқараспен қарауға көмектеседі:
Шежіре.Кеңестік кезеңде қазақстандық тарихшылар Шежіре сынды деректерді шектеулі түрде қолданып келді, ал башқұрттар деректердің аталған түрін 1960 жылы ғылыми айналымға енгізген болатын [9]. Қазақ шежірелері тек 1990-ыншы жылдары ғана жарық көре бастады [10]. Ұрпақтан ұрпаққа таралған кезде кез келген жазба ескерткіштерде орын алатын, белгілі бір көлемде жіберілетін қателер шежіреде де бар. Мәселен, қырғыз санжырасы (шежіренің қырғызша атауы) алғаш рет XVI ғасырда белгілі болды[49, 207-209]. Осы санжыраларға сәйкес, қырғыздардың ортақ бабасы қарақытайлық гурхандардың кезеңінде өмір сүрген, ал оның аты Аналхакк болған екен. Оның Лур-хан және Лур-бузург деген екі ұлы болған екен. Долон Аналхакктың Лур-хан ұрпақтарынан тараған 16 буындағы ұрпағы болған. Долон Ақ Огулдың бабасы, яғни Ақ Огул Аналхакктың 19 буындағы ұрпағы болған. КууогулЛур-бузург деген ұлынан тараған, ол Аналхактың22 буындағы ұрпағы болған. Қазіргі заманғы санжыраларға сәйкес Акогулмен КууогулДолон-бия балалары. Яғни, бұл жерде төрт ғасырдың ішінде шежіренің қалайша бұрмалағанын көреміз аламыз. Бұл жайт қазақ шежірелеріне де қатысты: Қадырғали Жалайыри өз шығармасында жеке шежіресін көрсетеді [42, 171]. Жалайырлардың қазіргі заманғы шежіресінде аталған есімдер жоқ [3, 114] және де шежіренің өз басы ұрпақтардың (Арғындарға, Үйсіндерге, Алшындарға қарағанда) аз қамтылғанына байланысты берер ақпараты аз. Төре шежіресі осындай тағы бір мысал бола алады. Төренің Шоқан Уәлихановқа (ол төрелер генеалогиясын шығыс шығармалары бойынша қалпына келтірген) дейінгі бірде бір шежіресінде Жәнібек ханның аты аталмайды, есесіне оның екі ұлының аттары берілген [23, 76-96]. Осылайша, шежіре 100 % дәл дерек болып есептелмесе де, бір жағынан, оны мүлдем елемеуге де болмайды.
5.1. Y- хромосомасы полиморфизмінің генетикалық мәліметтері. Осы мәліметтерге сәйкес, қазақтардың генетикалық гомогендігі 70-90 % құрайды [61, 39], ал шежіренің айғақтылық деңгейі 90%-дан асады. Жоғарыда атап өткеніміздей: «Шежіре мәліметтерінің басым бөлігі TMRCA-ның популяциялық генетикасымен есептері бойынша расталады: кеңестік тарихнамада шығу тегі әр түрлі деп есептеген рулар (мәселен, Байұлына кіретін рулар) ДНК сараптамаларының мәліметтері бойынша бір атаның еркек кіндігінен тарайды. Қазақ руларының басым бөлігі 70-90 % Алтын Орда дәуірінде өмір сүрген, Алтын Орданың саяси жүйесі шеңберінде жоғары әлеуметтік орында болған (әмір, қараша – бек және т.б.),ортақ атаның еркек кіндігінен тараған генетикалық ұрпақтарды құрайды» [19, 39]. Дулаттар генетикалық мәліметтері бойынша Үйсін руының құрамына кіреді (С2-starclusterгаплотипына кіретін дәл сондай мажор гаплотиптері бар), олардың шежіресі генетикалық тұрғыдан да расталады. Олардың шежіресіне сүйенетін болсақ, олар XIII ғасырда Жошы ұлысында өмір сүрген Майқы бидің ұрпақтары болып табылады[19, 33]. Шежіреге және генетикалық мәліметтерге сәйкес қазақтың Үйсіндерінің(және оларға кіретін Дулаттар да) Моғолдарға (моғолдық дұғлаттарға) және батыс-түркілік Дулу тайпасына да еш қатысы жоқ.
    Қазақтар этнос ретінде тікелей тек Орда Ежен ұлысының және Моғолстанның көшпелі халқынан тарамайтындығын (генетикалық байланыстар болғанымен, оны «генетикалық дрейф» деп қабылдаған жөн) атап өту керек.
    Қазақ руларының ата желісі бойынша шығу тектері әр түрлі. Бұл рулардың хронологиялық жағынан қалыптасуы мен кең таралуы Алтын Орда кезеңіне сәйкес келуі олар үшін жалпы бастама болып табылады. Қазақ руларының көптеген рубасылары (негізін қалаушы әкелері десек те болады) Алтын Орда хандарының әмірлері мен қараша – бектері болған. Қазақ шежірелерінің генеологиялық схемаларының айғақтығы айтарлықтай жоғары, және ол генетикалық мәліметтермен расталды, ол өз кезегінде: «Қазақтар – Алтын Орда рулары бөлігінің генетикалық ұрпақтары», - деген тезистің шынайылығына дәлел бола алады.
    5.2. Аутосомдымаркерлерді зерттеу. Баязит Юнусбаев бастаған генетиктер ұжымы өздерінің жақында жасаған жұмысының нәтижесінде келесі қорытындыларға келді: қазіргі қазақтардың генетикалық компоненттерінің ауытқу уақытын(«этникалық ұжымның пайда болу уақыты») XIII-XIV ғасырлармен белгілеуге болады (1230-1340) [77].
    6. Ауыз әдебиеті тұрғысынан (халық жадысы көмегімен). Қазақтардың барлық дерлік эпостары мен ауыз әдебиеті Алтын Орда кезеңінен немесе Алтын Орда ыдырағаннан кейін қалыптасқан постордалық хандықтардың өмір сүру уақыттарынан бастау алады. Қазақ ауыз әдебиетін (мысалы, Бабалар сөзінің 100 томдығын, [8] немесе Әуезхан Қодар аударған өлеңдерді [4]) алатын болсақ, ондағы басты кейіпкерлер Алтын Орданың (Қазақ хандығы құрылғанға дейін) саяси қайраткерлері мен ақындары болып табылады. Олардың қатарында Едіге және оның ұрпақтары, Әз-Жәнібек (Алтын Орда ханы Жәнібек), Жошы, Майқы би, Тоқтамыс және де Алтын Орда тарихының басқа да бейнелері бар. Бұл ретте, қазақ ауыз әдебиетінде «Ақ Орда» деп аталаған мемлекет (Орда Ежен ұлысы) хандарының және де Моғолстан хандарының бірінің есімі кездеспейді. Бір жерде ғана Ежен-ханның (Орда Еженге ұқсас) аты аталады, бірақ ол қазақтардың батыры емес, қалмақтардың құрамындағы (қалмақтар мен жоңғарлар) жау ретінде баяндалады. 
    Көптеген қазақ зиялылары түйсікті түрде қазақтардың Алтын Ордадан шыққанын біліп келді.Мұны басқарушы әулеттің ұрпақтары – Шыңғыс ұрпақтары да білді. Мәселен, Абылай ханның ұлы Әділ сұлтан XIX ғасырдың өзінде (!), Қоқан билеушісінен өзінің алтын ордалық бабасы Тоқтамыс хан үшін дипломатиялық деңгейде «кешірім сұраған» екен [31, 285]. Шоқан Уәлиханов пен Қаныш Сәтбаев кеңестік ғылыми дәстүр бойынша қазақтарға мүлдем қатысы жоқ деп келген Едіге эпосын зерттеді. Оның үстіне, Шоқан Уәлиханов қазақтарды Алтын Орданың ұрпағы деп ашық жазды. Ал қазақ әдебиетінің классигі І. Есенберлин қазақтың шығу тегі туралы баяндайтын «Алтыбасты Айдаһар», «Айдаһардың алты басы» және «Айдаһардың өлімі» атты романдардан тұратын «Алтын Орда» трилогиясын жазды. Асылы, ол кездегі қазақ тіліндегі әдебиет ерекше идеологиялық қыспақта болмаған еді.
    Қазақ хандығының негізін қалаушы ретіндегі Ақ Орда туралы айтар болсақ, Қазақстан Көк Орда территориясының басым бөлігін (Ұлыстың Шығыс қанаты) және Ақ Орда иеліктерінің айтарлықтай аумақтық массивін (Жошы ұлысының орталығы) географиялық тұрғыдан мұра етіп алғанын атап өтуіміз керек. 
    Осылайша, тарихи және географиялық өлшемде де Қазақстан, сондай-ақ Алтын Орданың (Жошының біртұтас ұлысының) да мұрагері болып табылады. 
    Сонымен қатар, ғылыми дәстүр деген түсінікті де атап өту керек. Ғылымның әлеуметтанушылары ғылымның дамуына кедергі жасайтын «Мертон эффектісін» бөліп көрсетеді. Бұл ретте маймылдарға жасалған тәжірибеден қалыптасқан келесі метафораны келтіруге болады [76].
Маймылдар өмір сүретін бір тәлім бақтың тор төбесіне банандар ілінеді. Бананға қарай қойылған баспалдақпен бір маймыл бананды алмақ болған жағдайда, басқа барлық маймылдардың үстіне суық су құйып отырады.Маймылдар бананды алу әрекеттері мен су процедуралары арасындағы байланысты бірден байқайды. Маймылдар, су процедураларынан сақтанып (үстеріне құйылған суық судан) бананды алуға ұмтылған маймылдардың барлығын баспалдаққа жолатпай, кері сүйрейтін болады. Маймылдардың бір бөлігін ауыстырып, ендігі уақытта бананды алуға ұмтылған маймылдарға су шашпауды ұйғарады. Топтың жаңа мүшелері, бананды алу әрекетінің салдарын жадына жақсы сақтаған ардагерлер тарапынан жұмылған қарсылыққа тап болады. Бірнеше сәтсіз әрекеттен кейін, ардагер маймылдарды жаңа бір маймылдар бөлігімен алмастырады. Маймылдардың алғашқы қосылған бөлігі кейіннен қосылған маймылдардың бананға жету әрекетін тойтарып отырады.Кейіннен қосылған маймылдардың алғашқы бөлігі банандарды не себепті алуға болмайтынын білмеді, алайда ардагерлер олардың бойына банандарды алуға тыйым салатын табу – дәстүрін сіңіріп кетті. Іс жүзінде, адамдардың бойында да осындай әрекеттер кездеседі: жағдай өзгерді (Кеңес Одағы ыдырады, Қазақстан тәуелсіздігін алды), ал табу сақталып қалды (ғылыми тұрғыдан қарағанда аталған тезистің толықтай сәйкессіздігіне қарамастан, Алтын Орда ресми тұрғыда әлі де шетелдік мемлекет деп есептеледі), себебі бұл дәстүр кеңестік кезеңде қалыптасты. Сондықтан қазіргі заманғы Қазақстандық медиевисттер моральдық жағынан тозған дәстүрді ұстануды доғарып («Орда Ежен ұлысы – Қазақ ұлының түп бейнесі»), Алтын Орданы ортағасырлық Қазақстан тарихына тікелей қатысы бар мемлекет ретінде қарастыруды бастауы керек.
    Тағы бір атап өтер жайт, бұл ұсынылып отырған ортағасырлық Қазақстан тарихының «жаңартылған» Алтын Ордалық парадигмасы түпкілікті жаңа болып табылмайды. Бұл парадигманың барлық негіздері В.П. Юдиннің, сондай-ақ бүтін бір ғалымдар тобының тарапынан жасаған болатын, олар Ақ Орда мен Көк Орданың «көпшілік қабылдаған» орналасу аумағын, сондай-ақ қазақ хандарының Орда-Еженнен тарайды деген тұжырымды қабылдамады. Түрлі әсер етуші факторлардың салдарынан В.П. Юдиннің қазақ хандары әулетінің шығу тегі және Ақ Орда мен Көк Орданың орналасу аумағы туралы идеялары қазақстандық тарих ғылымында үстемдікке ие бола алмады. Сондай-ақ, ғылыми ортадағы үлкен зерттеушілік беделіне қарамастан В.П. Юдиннің ресми түрдегі ғылыми атағы (ол тіпті ғылым кандидаты да болмаған) болмады. Ортағасырлық Қазақ КСР ресми тарихын жазу барысында айтылған В.П. Юдиннің пікірлері еленбей қалуына, оның осындай сипаттағы біліктілік дәрежесінің болмауы әсер етті. В.П. Юдин өмірден өткеннен кейін бірнеше он жыл өткен соң, қазіргі кезде ғана ғылыми қауымдастық ғылыми айналымға енгізілген жаңа деректердің негізінде Ақ Орда, Көк Орда мен Боз Ордалардың орналасу аумағы мәселесі бойынша да, сондай-ақ Монғол дәуірінің этносаяси тарихын қарастыру тұрғысынан да В.П. Юдиннің көзқарастарын дәйекті түрде бағамдай алды.
    Бұл тақырыпты қорытындылай келе, авторлар Алтын Орданың «жалғыз» мұрагерлері тек қазақтар ғана болды деген тұжырымдама қалыптастырудан аулақ екеніне баса назар аударып өту керек. Кеңінен алынған тарихи ретроспективада қарастырғанда, Киев Русьінің украин, белорус, орыстар және русиндар сынды халықтардың ортақ «бабасы» болғаны сынды, Жошы ұлысы да қазақтардың, дәл сондай дәрежеде қырым, поляк – литва, Астрахан, Сібір, қазан татарларының, башқұрттардың, ноғайлардың, қарақалпақтардың, өзбектің бір бөлігінің және де т.б. да ортақ «бабасы» болды.

Қолданылған әдебиеттер тізімі:

1. Абдуллаев Н. К вопросу новой мировоззренческой модели истории Казахстана. // О модернизации национальной истории. На новом рубеже исторической науки XXI века. Материалы расширенных заседаний Межведомственной рабочей группы по вопросам изучения национальной истории, состоявшихся 5 июня и 25 сентября 2013 года и мнения видных общественных деятелей. Алматы, 2013.С. 218-227.
2. Алексеев А.К. Политическая история Тукай-Тимуридов: По материалам персидского исторического сочинения Бахр ал-асрар. Спб.: Издательство Санкт-Петербургского университета, 2006. 229 с.
3. Анастасьев Н. Мухтар Ауэзов. Москва. 2006. 449 с.
4. Антология казахской поэзии в переводах Ауэзхана Кодара. Алматы. 2007. 328 с.
5. Антоненко С. От Ак-орды к Ак-падишаху//Родина. 2005. № 8. С. 34-38.
6. Атамбаев А.Ш. Казахстан - прямой наследник Золотой Орды
http://www.zakon.kz/4665988-prezident-kyrgyzskojj-respubliki.html
7. Атыгаев Н. О книге Б.Г. Аягана «Рассветы и сумерки казахской степи» http://www.iie.kz/?p=3971
8. Бабалар сөзі: Жүз томдық. Астана. Фолиант. 2004-2013.
9. Башкирские шежере. Уфа, 1960. 305 с.
10. Бейсенбайұлы Ж. Қазақ шежіресі. Алматы, 1994. 160 б.
11. Буляков И. И. Золотоордынские государственные традиции в управлении башкирским краем во второй половине XVI- первой трети XVIII в. Уфа. ИИЯЛ УНЦ РАН. 2012. 180 с.
12. Валиханов Ч.Ч. Собрание сочинений в пяти томах. Том 1. Алма-Ата: Главная редакция Казахской советской энциклопедии, 1984. 432 с.
13. Варваровский Ю.Е. Улус Джучи в 69-70-е годы XIV века. Казань: Институт истории АН Республики Татарстан им. Ш. Маджани, 2008. 128 с.
14. Вашари И. Хан Мубарак-Ходжа и начало чеканки в Восточном Дашт и-Кыпчаке// Нумизматика Золотой Орды. Сборник научных статей. Выпуск 2. – Казань: Институт истории им. Ш.Марджани АН РТ, 2012. C. 106-116.
15. Гаев А.Г. Генеалогия и Хронология Джучидов//Древности Поволжья и других регионов. Выпуск 4. том.3. Нижний Новгород. 2002. С. 9-55
16. Гарустович Г. Н. След великой замятни: местонахождение XIV века у деревни Брик-Алга. Уфа. Гилем. 2012. 222 с.
17. Греков Б., Якубовский А. Золотая Орда. (Очерк истории Улуса Джучи в период сложения и расцвета в XIII - XIV вв.). Ленинград. Соцэкгиз. 1937. 203 с.
18. Григорьев А.П. Сборник ханских ярлыков русским митрополитам: Источниковедческий анализ золотоордынских документов. Санкт-Петербург. 2004. 276 с.
19. Дахшлейгер Г.Ф. Историография советского Казахстана. Алма-Ата, 1969. 192 с.
20. Егоров В.Л. Историческая география Золотой Орды в XIII–XIV вв. Москва. Книжный дом «ЛИБРОКОМ». 2010. 248 с.
21. Елагин В.С. Золотая Орда. XIII век. Новосибирск. Изд-во НГПУ. 2012. 241с.
22. Ер Едiге. Алматы. Гылым. 1995. 152 с.
23. Ерофеева И.В. Родословные казахских ханов и кожа XVIII-XIX вв. (история, историография, источники). Алматы, 2003. 178 с.
24. Иванов В.А., Злыгостев В.А., Антонов И.В. Южный Урал в эпоху средневековья (V-XVI века н.э.). Уфа. БГПУ. 2013. 280 с.
25. Исин А. Ак-Орда в исследованиях современных медиевистов // Ш.Ш. Уәлиханов мұрасы әлемдік тарих контекстінде. Халықаралық ғылыми форумы материалдары. Семей. 2010. С. 41–46.
26. Исмагулов О. Сихымбаева К.Б. Исмагулова А.О. Этническая дерматоглифика казахов. Алматы, 2007. 240 с.
27. История башкирских родов. Гирей. Том 2. Уфа. 2014. 528 с.
28. История Казахской ССР с древнейших времен до наших дней (переиздание 1943 года). Алматы. 2011. 670 с.
29. История Казахской СССР с древнейших времен до наших дней в пяти томах (главный редактор – А.Н. Нусупбеков). Том II. Алма-Ата, 1979. 424 с.
30. История Казахстана с древнейших времен до наших дней в пяти томах. Т. 2. Алматы, 2010. 624 с.
31. История Казахстана с древнейших времен до наших дней в пяти томах. Т. 3. Алматы, 2000. 768 с.
32. Исхаков Д.М., Измайлов И.Л. Этнополитическая история татар (III - середина XVI вв.). Казань. Институт истории АН РТ. 2007. 356 с.
33. Исхаков Д.М. Проблемы становления и трансформации татарской нации. Казань. Мастер Лайн. 1997. 248 с.
34. Кадырбаев А.Ш. Кок-Орда – левое крыло Золотой Орды и предтеча Казахского ханства// Иран-наме. № 1 (21). Алматы. 2012. С. 32-40.
35. Кляшторный С.Г., Султанов Т.И. Казахстан: летопись трех тысячелетий. Алма-Ата: Рауан, 1992. 376 с.
36. Козырев Т. "Евразийский" бренд и поиски "золотого века" в контексте конструирования "национальной истории " Казахстана // Казахский альманах, 2010. т. 3. С. 14-27.
37. Козырев Т. «Золотая Орда была великой евразийской сверхдержавой, как и Советский Союз».http://m.zakon.kz/4657361-timur-kozyrev-zolotaja-orda-byla.html
38. Козырев Т. Независимый Казахстан. Борьба за прошлое. (Актуальные проблемы современной Казахстанской историографии). Астана. 2013. 60 с.
39. Костюков В.П. Улус Джучи и синдром федерализма//Вопросы истории и археологии Западного Казахстана. № 1. Уральск. 2007. C.169-207.
40. Костюков В.П. Железные псы Батуидов//Вопросы истории и археологии Западного Казахстана. Уральск. 2008. № 1. C. 42-96.
41. Кушкумбаев А.К. «Алтун босағалы ақ өргәні Сайын-ханғә салды…» (крыльевая модель в военно-политической организации империи Джучидов) // Военное дело Улуса Джучи и его наследников: сборник научных статей / Отв. ред. А.К. Кушкумбаев. Астана, 2012. С. 109-164.
42. Қазақстан тарихы туралы түркi деректемелерi. XV-XIX ғасырлар шығармаларынан үзінділер. Том 5. Алматы: Дайк-Пресс, 2006. 440 с.
43. Қинаятұлы З. Қазақ мемлекеті және Жошы хан. Астана. 2004. 344 с.
44. Лукашенко Г.А. Большую часть России надо вернуть Казахстану
https://www.youtube.com/watch?v=2nIeV7YnapA
45. Люди и судьбы. Биобиблиографический словарь востоковедов - жертв политического террора в советский период (1917-1991). Изд. подготовили Я. В. Васильков, М.Ю. Сорокина. СПб.: Петербургское Востоковедение, 2003. 496 с. (Социальная история отечественной науки о Востоке).
http://memory.pvost.org/pages/asfendiarov.html
46. Мажитов Н.А., Султанова А.Н. История Башкортостана. Древность. Средневековье. Уфа. Китап. 2010. 496 с.
47. Масанов Н. Э., Абылхожин Ж. Б., Ерофеева И. В. Научное знание и мифотворчество в современной историографии Казахстана. Алматы: Дайк-Пресс, 2007. 296 с
48. Маслюженко Д.Н. Этнополитическая история лесостепного Притоболья в средние века. Курган: Изд-во Курганского гос. университета, 2008. 168 с.
49. Материалы по истории кыргызов и Кыргызии. Вып. I. (Ромодин В.А. - редактор). М., 1973. 283 с.
50. Мингулов Н.Н. К некоторым вопросам изучения истории Ак-Орды// Казахстан в эпоху феодализма (Проблемы этнополитической истории). Алма-Ата. 1981. С. 79-95.
51. Мыськов Е.П. Политическая история Золотой Орды (1236-1313 гг.). Волгоград. 2003. 177 с.
52. Назарбаев Н.А. в Улытау. 24 августа 2014 года. http://www.youtube.com/watch?v=dEkJmuditz8 (6 минута)
53. Назарбаев Н.А. с журналистами в Акорде. 22 декабря 2014 года
https://www.youtube.com/watch?v=brEUs0e7FHs (17 минута). Стенограмма беседы Нурсултана Назарбаева с журналистами в Акорде http://radiotochka.kz/6541-polnaya-stenogramma-besedy-nursultana-nazarbaeva-s-zhurnalistami-v-akorde.html
54. Пищулина К.А. Юго-Восточный Казахстан в середине XIV-начале XVI веков. Алма-Ата, 1977. 290 с.
55. Порсин А.А. Политическая деятельность Ногая в Золотой Орде: 1262-1301 годы: диссертация на соискание научной степени кандидата исторических наук. Казань, 2010. 230 с.
56. Почекаев Р.Ю. Цари ордынские. Биографии ханов и правителей Золотой Орды. СПб. Евразия. 2012. 464 с.
57. Сабитов Ж.М. Аноним Искендера как генеалогический источник// Золотоордынская цивилизация. Вып. 1. Казань. 2008. С. 117-122
58. Сабитов Ж.М. Натанзи как источник по истории Золотой Орды// Золотоордынская цивилизация. Вып. 3. Казань. 2010. С.150-154.
59. Сабитов Ж.М. Кушкумбаев А.К. Улусная система Золотой Орды в XIII-XIV веках: к вопросу о локализации Ак-Орды и Кок-Орды// Золотоордынское обозрение. Вып. 2. Казань, 2013. С. 60-72.
60. Сабитов Ж.М. О происхождении этнонима узбек и «кочевых узбеков»// Золотоордынская цивилизация. Сборник статей. Вып. 4. Казань: ООО «Фолиант», Институт истории им. Ш.Марджани АН РТ, 2011. C. 166-173.
61. Сабитов Ж.М. Этногенез казахов с точки зрения популяционной генетики// The Russian Journal of Genetic Genealogy. Volume 4, No 2 (2012)/Volume 5, No 1 (2013). C. 29-47.
62. Своик П. «Рюриковичи ездили к ордынским ханам как вассалы», - письмо Своика к Жириновскому.http://www.kursiv.kz/news/details/obshestvo/ryurikovichi_ezdili_k_ordynskim_khanam_kak_vassaly_pismo_svoika_k_zhirinovskomu/
63. Селезнев Ю.В. Русские князья в составе в составе правящей элиты Джучиева улуса в 13-15 веках. Воронеж. Центрально Черноземное книжное издательство. 2013. 472 с
64. Стэнли Лэн-Пуль Мусульманские династии. Москва. 2004. 311 с.
65. Султанов Т.И. Род Шибана, сына Джучи: место династии в политической истории Евразии//Тюркологический сборник. 2001: Золотая Орда и ее наследие. М., 2002. С. 11-27.
66. Тажин М.М. 8 июня 2013 года. http://www.altyn-orda.kz/55124/
67. Трепавлов В.В. Белый царь. Образ монарха и представления о подданстве у народов России XV-XVIII вв. Москва. 2007. 256 с.
68. Трепавлов В.В. Государственный строй Монгольской империи XIII в.: Проблемы исторической преемственности. Москва: Наука Изд-кая фирма Восточная литература, 1993.168 с.
69. Трепавлов В.В. Тюркские народы средневековой Евразии. Избранные труды. Казань, Фолиант, 2011. 252 с.
70. Ускенбай К.З. «Восточный Дашт-и Кыпчак в XIII - начале XV века. Проблемы этнополитической истории улуса Джучи». Казань: Фэн. АН РТ. 2013. 288 с.
71. Утемиш-хаджи. Чингиз-наме. [Текст] : факсимиле, перевод, транскрипция, текстолог. примеч., исслед. В. П. Юдина / подготовка к изд. Ю. Г. Баранова; комментарии и указ. М. Х. Абусеитовой. Алма-ата. Гылым. 1992. 296 с.
72. Фазлаллах ибн Рузбихан Исфахани. «Михман-наме-йи Бухара» (Записки бухарского гостя). Москва. Восточная литература. 1976.
73. Файзрахманов Г.Л. История татар Западной Сибири: С древнейших времен до начала XX века. Казань. Татарское книжное издательство. 2007. 431 с.
74. Юсупов Ю.М. История Башкортостана XV - XVI веков. Уфа, Гилем. 2009. 190 с.
75. Яблонский Л.Т. К палеоантропологии средневекового населения Поволжья//Степи Европы в эпоху средневековья. Том № 6. Донецк. 2008. С. 269-286.
76. Яцутко Д. Воспроизводство защиты. http://yatsutko.net/503/
77. Bayazit Yunusbayev, Mait Metspalu, Ene Metspalu, Albert Valeev, Sergei Litvinov, Ruslan Valiev, Vita Akhmetova, Elena Balanovska, Oleg Balanovsky, Shahlo Turdikulova, Dilbar Dalimova, Pagbajabyn Nymadawa, Ardeshir Bahmanimehr, Hovhannes Sahakyan, KristiinaTambets, Sardana Fedorova, Nikolay Barashkov, Irina Khidiatova, Evelin Mihailov, Rita Khusainova, Larisa Damba, Miroslava Derenko, Boris Malyarchuk, Ludmila Osipova, Mikhail Voevoda, Levon Yepiskoposyan, Toomas Kivisild, Elza Khusnutdinova, Richard Villems. The Genetic Legacy of the Expansion of Turkic-Speaking Nomads Across Eurasia.http://biorxiv.org/content/early/2014/08/13/005850.full.pdf
78. Bustanov A.K. Settling the past: Soviet oriental projects in Leningrad and Alma-Ata. Amsterdam. 2013. 397 p.http://dare.uva.nl/record/1/384642
79. http://e-history.kz/ru/publications/view/909.

Abai.kz

ПІКІР АЛМАСУ

Пікір қалдырыңыз







08/04/2024 11:55

Хабарландыру!
0 467 0



26/03/2024 16:15

Хабарландыру!
0 771 0








ТЕКСТ

Яндекс.Метрика