THE STATE LANGUAGE DEVELOPMENT INSTITUTE
МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛДІ ДАМЫТУ ИНСТИТУТЫ
ИНСТИТУТ РАЗВИТИЯ ГОСУДАРСТВЕННОГО ЯЗЫКА
Соңғы мақалалар:
Сайт
бөлімдері:
Ақпарат бөлімі – мұнда институтымыздың
миссиясы мен негізгі бағыттары туралы толық мәлімет аласыз. Сондай-ақ, тіл
саясаты, мемлекеттік бағдарламалар және институт атқарып жатқан жобалар жөнінде
нақты деректер беріледі. Бұ бөлім – біздің кім екенімізді, не істеп жүргенімізді
айқындайтын айна іспетті.
Тіл саясаты бөлімі – қазақ
тілінің дамуы мен қолданысын кеңейтуге арналған түрлі зерттеулер, сараптамалар,
ғылыми мақалалар мен пікірлер осы жерден орын тапқан. Біз бұл бөлімде танымал
ғалымдар мен сала мамандарынан алған сұхбаттарды, өзекті тақырыптағы мақалаларды
жариялаймыз. Бөлімде екі ірі бағыт қамтылған: «Тіл тынысы» – тілдің
қазіргі жай-күйі, даму үрдістері мен өзекті мәселелер туралы проблемалық мақалалар;
«Әлеуметтік лингвистика» – тілдің қоғамдағы орны, көптілділік, тіл
мәдениеті жөніндегі ғылыми сараптамалар.
Тіл полициясы – қазақ
тілінің барлық ортада сауатты, дұрыс және әуезді қолданылуын қадағалайтын
бөлім. Мұнда ән мәтіндерінде, көшедегі жарнамалар мен баннерлерде, баспа және
электронды оқулықтарда, сөздіктерде, бұқаралық ақпарат құралдарында және өзге
де көпшілікке арналған мәтіндерде кездесетін тілдік олқылықтар жайлы айтылады.
Мақсат – кемшілікті сынау үшін емес, оны түзетуге, сауатты жазу мен дұрыс
сөйлеу мәдениетін қалыптастыруға үлес қосу.
Оқу әдістеме бөлімі – қазақ,
орыс аудиторияларындағы мұғалімдерге, оқытушыларға, тіл үйренушілер мен
зерттеушілерге арналған пайдалы мақалалар қоры.
Терминология – осы сала
мамандарының құнды пікірлері, мақалалары, зерттеулері қамтылған бөлім. Бұл –
аудармашылар мен салалық мамандар үшін таптырмас ресурс.
Тілші портфелі. Тірі
энциклопедия іспеттес бұл бөлімде қазақ тіл білімінің дамуына үлес қосқан
ғалымдар жайлы деректер, өмірбаяндары мен еңбектерін таба аласыз. Ол
мәліметтерді әркез жаңартып, дұрыс, нақты ақпарат алуыңызды қамтамасыз етеміз.
Сондай-ақ, дыбыс жүйесі, сөз жүйесі, сөйлем жүйесі секілді тілдің негізгі деңгейлеріне
қатысты мақалалар берілген.
Ономастика – кісі
есімдерінің шығу тегі, мағынасы, қолданылу тарихы және жер-су атаулары туралы
қызықты әрі өзекті мақалалар жинақталған бөлім.
Кітапхана – тіл
байлығын арттыратын түрлі материалдар топтастырылған: мақал-мәтелдер, өлеңдер,
оқу құралдар, сөздіктер, жұмбақтар, кісі есімдері, бата-тілектер, сондай-ақ
фото және бейнежазбалар.
Мұнда
жиналған материалдар мен деректер – тіл жанашырларының еңбегі мен ізденісінің
жемісі. Әр бөлім өз саласы бойынша толыққанды мәлімет беріп, зерттеушілерге,
ұстаздарға, студенттерге және жалпы тілді құрметтейтін барша қауымға пайдалы
болуды мақсат етеді.
Егер сізге
қажет деректі табуға, тіл үйрену жолында бағыт алуға немесе зерттеуіңізге
қосымша мәлімет іздеуге көмегіміз тисе – біздің еңбегіміздің басты мақсаты
орындалғаны.