КІРУ



Аккаунтыңыз жоқ па? Тіркелу

Құпия сөзді ұмытып калдыңыз ба?

THE STATE LANGUAGE DEVELOPMENT INSTITUTE

МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛДІ ДАМЫТУ ИНСТИТУТЫ

  ИНСТИТУТ РАЗВИТИЯ ГОСУДАРСТВЕННОГО ЯЗЫКА



БАТЫРЛАР ЖЫРЫ КЕЙІПКЕРЛЕРІН БІРІЗДЕНДІРУ

ТОЛЫҒЫРАҚ

    Алматылық диетологтар ауыз бекіткен жамағатқа сүрленген қазы, жал-жаядан бас тартып, талқан тұтынуға кеңес береді. Олардың айтуынша тары, арпа, күріш, жүгеріден жасалған ұлттық тағам өте құнарлы әрі шөлді басатын қасиеті де бар. Сондықтан болар, талқан түйіп, оны сататын әжелеріміздің рамазан айында саудасы қызып-ақ тұр. 
    Тағамтану саласының мамандары қасиетті рамазан айында қуырылған, тұздалған, қақталған және майлы еттен жасалған асты ішіп-жеуді шектеуге шақырады. Ыстықта бұл тағамдар шөлдетеді әрі тер арқылы кісінің ағзасы тұздар мен құнарлы заттарды жоғалтады. Сондықтан аптап ыстықта ауыз бекіткендерге кәдімгі талқанға үйір болуға үгіттейді.

Айгүл НАҒАШЫБЕКҚЫЗЫ, ұлттық салауатты тағамтану орталығының департамент жетекшісі:

    – Өзі түйіліп, бүкіл кебегі, яғни біздің бойымызға түскен соң талшықтары асқазанымызда ұзақ қорытылады және бойымызға керекті аштықты төзуге күш, пайдалы заттар өзінде болады. Талқанды мүмкіндігінше айранмен қарып, сүтпен, маймен қоймалжың етіп жейтін болса, ұзақ аштықты жеңуге күш береді.
    Өткен ғасырдың 80-жылдары Кеңес Одағының диетологтары да қазақтың талқанын зерттеген. Оның құрамынан кальций, мырыш,темір, калий сияқты құнарлы дәрумендер анықталады. Тағы бірнеше дертке шипасы да бар. Мамандар «ораза айында талқан жесеңіз тарықпайсыз» деп сендіреді. Жастайынан диірмен тартып, тары түюді үйренген Сақыпжамал Әшірова талқан жасаудың шебері. Қасиетті айда күн сайын оның 3-4 қап өнімін тұтынушылар таласа алып кетеді екен.

Сақыпжамал ӘШІРОВА, саудагер:

    – Әркім әртүрлі істейді. Біреу сүтке қайнатады. Біз ыстық суға бөктіреміз, жақсылап жібітеміз. Одан кейін шүберекке орап, булаймыз.Оны жайып кептіреміз. Содан кейін тоңазытқыштағы мұздай май, құмшекер араластырамыз. Өте дәмді болады.
    Сатушыға талқанның пайдасы жаңалық емес. Оның айтуынша, ұнтақталған өнімнің шөлдетпейтін, асқазанға сіңімді қасиетінен басқа босанған әйел ағзасының қалпына келуіне септігін тигізеді және ана сүтінің құнарлылығын арттырады. Келіде түйілген немесе диірменге тартылған талқан Шымкент мейрамханаларының ас мәзіріне де енген. Аспазшылар тіл үйіретін жарма дақылдарынан түрлі тағамның атауларын ойлап тапқан.

Baq.kz

ПІКІР АЛМАСУ

Пікір қалдырыңыз