КІРУ



Аккаунтыңыз жоқ па? Тіркелу

Құпия сөзді ұмытып калдыңыз ба?

THE STATE LANGUAGE DEVELOPMENT INSTITUTE

МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛДІ ДАМЫТУ ИНСТИТУТЫ

  ИНСТИТУТ РАЗВИТИЯ ГОСУДАРСТВЕННОГО ЯЗЫКА



БАТЫРЛАР ЖЫРЫ КЕЙІПКЕРЛЕРІН БІРІЗДЕНДІРУ

ТОЛЫҒЫРАҚ

Ерден Қажыбек: Латын қарпіне көшуде кірме сөздердің кедергісі көп

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда тұңғыш рет тіл мерекесі жаңа датамен тойланды. Ғылым Ордасының «Қысқы бағында» Ахмет Байтұрсыновтың туған күнімен қатар Қазақстан халқының тілдері күніне орай республикалық ғылыми-практикалық конференция өтті.

Салтанатты басқосуда ғалымдар латын қарпіне көшуде тіл емлесін жасаудағы мәселелерге тоқталды. Ахмет Байтұрсынов атындағы Тіл білімі институтының директоры Ерден Задаұлының айтуынша, емле жасаудағы қиындықтар кірме сөздерге келіп тіреледі. «Бізде қазіргі туындап жатқан мәселелердің қазақтың тіліне қатысы жоқ. Негізгі кедергі - кірме сөздер. Емле жасалғанда бір тілдің сөздері ғана тайға таңба басқандай даярлануы керек. Адамдар қазақ тіліне орыстың сөздерін қыстырмай сөйлей алмайды, мәселе сонда. Жағдай өте қиын. Ғалымдардың шамасы жетпей жатыр», - деді Ерден Қажыбек. Профессор 2025-жылға дейін шұбар тілден арылу керегін атап өтті. «Кезінде Ахаң «қазақ тілі түркі халықтарының ішінде ең таза тіл» екенін айтқан. Қазір олай емес. Бірақ бізде 2025 жылға дейін мүмкіндік бар. Біздің тіліміздің ішінде шынының сынықтары сияқты шығарылуы тиісті элементтер бар. Батпандап кірген дүние мысқалдап шығады. Тағы бір мәселе - түріктердің тәжірибесіне қарап жазу тілімізді түзету. Мүмкіндігінше жанастыру жағына қарай икемделуіміз керек. Ал қазіргі қабылдаған әліпбиіміз жанастырудың ыңғайына келіңкіремейді. Ахаң айтқандай, қазақ пен қырғыздың ортақ әліпбиі керек. Ғалымдар өзара бәтуға келіп, ақылдасып, сынға қуануды үйренбейінше емле жұмысы жалғаса береді», - деді Ерден Қажыбек.