КІРУ



Аккаунтыңыз жоқ па? Тіркелу

Құпия сөзді ұмытып калдыңыз ба?

THE STATE LANGUAGE DEVELOPMENT INSTITUTE

МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛДІ ДАМЫТУ ИНСТИТУТЫ

  ИНСТИТУТ РАЗВИТИЯ ГОСУДАРСТВЕННОГО ЯЗЫКА



БАТЫРЛАР ЖЫРЫ КЕЙІПКЕРЛЕРІН БІРІЗДЕНДІРУ

ТОЛЫҒЫРАҚ

Ғылымның заман ағымымен жылжуы, өзгеруі тілге де әсерін тигізеді. Жаңа ізденістер мен зерттеулерге жол ашады. Қазіргі таңда «тіл мен адам» мәселесі түрлі ғылым саласында кешенді түрде зерттелу үстінде. Бұл бағыт тілдегі адам факторын тіл табиғатымен тікелей байланыста зерттейтін антропологиялық лингвистика саласының негізін салды. Ендеше, антропоцентристік бағыт төңірегіндегі зерттеу жұмыстарында тіл тек құрылымдық жүйе ретінде қарастырылмай, тіл мен таным, тіл мен адам, тіл мен қоғам, тіл мен мәдениеттің байланысы жан-жақты зерттеліп жатыр. Аталған бағыт тіл білімінің көптеген салаларының, соның ішінде грамматика саласының өзгерісіне ықпал етті. Тіл білімінің ішінде грамматика – ең негізгі әрі көне ғылым саласы. Ежелгі үнді философтарынан бастап, грек ойшылдарының еңбектерінде жалғастық тапқан грамматика зерттеу әдіс-тәсіліне, нысанына байланысты тұлғалық (дәстүрлі) және жұмсалымдық (функционалды) болып екіге бөлінеді. Грамматиканың аталған түрлері категориялануы жағынан ерекшеленеді. Алдымен дәстүрлі грамматика мен функционалды грамматиканың аражігін ажыратып алу орынды. Тілді функционалдық қасиеті жағынан зерттеу Прага лингвистикалық мектебінің тарихымен тығыз байланысты. Вильям Матезиус, Павел Трост, Ян Мукаржевский, Николай Сергеевич Трубецкой, Роман Осипович Якобсон, Л.Блумфилд, А.Мартине секілді ғалымдардың қатысуымен құрылған Прага үйірмесі тілді, тілде орын алатын күллі құбылыстарды функционалдық тұрғыдан қарастырған. Функционалды грамматика – грамматиканың түрлі тілдік құралдарын семантикалық категориясы мен семантикалық функциясы негізінде қарастыратын кешенді жүйе [1,13]. Функционалды грамматикаға қатысты қазіргі кезде қолданылып жүрген атауларды қолданбағанымен, ғалымдар функционалды грамматиканың негізгі ұстанымдарын, функционалды - семантикалық категория, өріс, семантикалық инвариант, ұғымдық категориялардың өзіндік ерекшеліктерін терең түсінген. А. Байтұрсынұлы, Қ. Кемеңгерұлы, Қ. Жұбанов тұжырымдарының бүгінгі таңдағы ғылым жетістіктерімен сәйкес келуі, бір жағынан, ХХ ғасырдың басында ұлттық тіл білімінің қаншалықты құлаштап алға басқанын көрсетсе, екінші жағынан, репрессия зардабының кесірінен ғылым дамуының қаншалықты тежелгенін де танытса керек [2, 75].

Функционалды грамматиканың дәстүрлі грамматикадан айырмашылығы, біріншіден, грамматиканың бірліктілік (единства грамматики) принципінде. Бірліктілік түрлі грамматикалық элементтердің басқа тілдік құралдармен тығыз байланыстығынан көрінеді, олар бір-бірімен байланыса отырып, тығыз қарым-қатынаста бір парадигмалық жүйе құрайды да грамматикалық бірліктер өздері қызмет ететін ортамен қарым-қатынасқа түседі, солардың ықпалымен қызметін де түрлендіреді. Функционалды грамматиканың екінші бір айырмашылығы оның жүйелік – интегративтік принципінде, атап айтқанда, түрлі тілдік деңгейлердің бірліктерін белгілі бір ортақ қызмет аясында біріктіреді, тілдік жүйелікті көрсетеді, ал дәстүрлі грамматикада грамматикалық бірліктер морфология, синтаксис салаларына тарап кетеді. Осы соңғы айырмашылық мына бір жағдайды айқындай түседі: функционалды грамматика дәстүрлі грамматиканы толықтырады, ол тілдік тұтастықты, жүйелікті толыққанды көрсете алады және оның сөйлеу тіліндегі қызметін ашады [3, 179].

Мысалы, функционалды грамматика саласындағы шақтық локалдылық категориясы қазақ тіл білімінде терминологиялық жүйеге ене қойған жоқ, әрі арнайы ешкім зерттеген жоқ, дегенмен шақтық локалдылық категориясы жайлы алғашқы нышандарды А.Байтұрсынұлынан, Қ.Кемеңгерұлынан, Қ.Жұбанов т.б. ғалымдардың еңбектерінен көруге болады. Олардың шақтарды тануда ұқсастықтар мен біраз алшақтықтар кездеседі... «Қ.Кемеңгерұлы, Қ.Жұбановтар байқағанындай, бұл көрсеткіштердің біраз ерекшеліктері бар. Мәселен, келіп еді, келген еді деген тіркестерде келу қимылы бір-ақ рет болғанын білдірсе, ал келетін еді, келуші еді десек, келу қимылы бір рет емес, бірнеше рет, дағдылы түрде болғанын, әдетке айналған амал-әрекетті білдіріп тұр» [4, 124 б.].

Функционалды грамматиканың негізгі қарастыратын нысаны – сөз сөйлеу кезіндегі ситуацияның негізінде қолданылатын әр түрлі деңгейдегі тілдік бірліктердің қызметі көпжүйелік талдау арқылы анықталады. Сондықтан осы саланың негізгі ұғымдары бір-бірімен өзара әрекеттесіп, байланыста болады. Функционалды грамматикада тіл сөйлеу деңгейінде, динамикалық аспектіде қарастырылады. Мұнда тілдік бірліктер мен тіл жүйесінің сөйлеудегі қызметі, тілдік бірліктердің қолданылуы сөйлеу жағдаятымен, контекстпен бірлікте алып зерттелінеді.

Қорыта айтқанда, тілдік категорияларды мағыналық жағынан қарастыру  соңғы кезде тіл теориясында да, практикасында да жаңа қарқын алып келеді. Бұл орайда әсіресе функционалды-семантикалық категорияларды егжей-тегжейлі сипаттауға бағытталған функционалды грамматикаға ерекше мән беріліп отыр. Жалпы тіл білімінде функционалды грамматика мәселелерінің қолға алынғанына көп уақыт өткенмен, қазақ тіл білімінде бұл сала енді-енді сөз бола бастады.

 

1. Иманқұлова С.М. Функционалды грамматиканың концептуалды негізі. – ҚазҰУ Хабаршысы. Филология сериясы. №1(147), 2014. – 321 б.

2. Жұбаева О. Ұлттық тіл білімі қалыптаса бастаған кезеңдегі функционалды-грамматика көріністері. //Тілтаным журналы. −Алматы, 2009. − №2. – 75 б.

3. Жүнісова А. Функционалды грамматикалық категория ұғымдары туралы кейбір мәселелер. - Алматы: ҚазҰУ хабаршысы. Филология сериясы. №1-2(141-142), 2013. - 231б.

4.       Жолшаева М. Қазақ тіліндегі аспектуалды семантиканың берілу жайында  // ҚР ҰҒА Хабарлары. Тілтаным. −Алматы, 2005. − №1. – 88-92 бб.

 

 

 


ПІКІР АЛМАСУ

Пікір қалдырыңыз


15/07/2024 16:45

Хабарландыру!
0 472 0



20/06/2024 11:04

БАЙҚАУ!
0 1122 0


05/06/2024 11:25

Хабарландыру!
0 994 0



14/05/2024 16:43

Хабарландыру!
0 1370 0




29/04/2024 14:05

ХАБАРЛАНДЫРУ!
0 1709 0




ТЕКСТ

Яндекс.Метрика