THE STATE LANGUAGE DEVELOPMENT INSTITUTE
МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛДІ ДАМЫТУ ИНСТИТУТЫ
ИНСТИТУТ РАЗВИТИЯ ГОСУДАРСТВЕННОГО ЯЗЫКА
Соңғы мақалалар:
Қазіргі қазақ тіл білімі
антропоөзектік бағытқа ауысқаны белгілі. Тілдік бірліктердің сыртқы формасы
ғана емес ендігі кезекте ішкі мазмұнына, мағынасына мән беруге ойыстық.
Тіл білімінде бұрыннан қалыптасқан жүйеліліктен яғни
дәстүрлі грамматикадан гөрі сөздің беретін мағыналары, атқаратын функциясы,
әлеуеті, әлемдік және тілдік кеңістікке әсері, ұлттық болмысты қаншалықты
айқындайтындығына мән бере бастадық. Тілдік бірлікте жекелей бөліктерге бөліп
талдауды қойып, енді тұтас күйіндегі немесе өзі тектес бірліктермен атқаратын
қызметіне, жұмсалымына қарай топтастыра бастадық. Бір өріске ене отырып қандай
функция атқаратыны маңызға ие болды.
Осыдан бүгінгі тіл білімі екі бағытта зерттеліп жүр. Бірі бұрынғы дәстүрлі грамматика, екінші бір
зерттеулер жұмсалымдық грамматика деп аталады. Дәстүрлі грамматика тілдің ұсақ бөлшектерінен күрделі
құрылымдарына дейінгі ерекшеліктерді қамтитыны белгілі. Әр лексикалық
бірліктерді деңгейлеп бөлу, жүйелеп жіктеу осыған тән.
Жұмсалымдық немесе функционалдық
грамматика бойынша қазір көптеген еңбектер жарық көруде. Алайда бұл үрдіс
дәстүрлі грамматиканы жоққа шығара алмайды. Қазіргі тіл білімі тіл мен сөйлеуді
қатар алып қарастыруды құптайды. Тіл - жалпы болса, сөйлеуге жекелік тән.
Сонау Ф. Соссюр айтқан: “Тіл -
сөйлеудің негізінде пайда болған абстракты жүйе” - деген тұжырымға сүйене
отырып ғалымдар сөйлеу арқылы тіл қалыптасады деген пікірді алға тартады. Және
тіл белгілі бір нормаға сәйкес болу қажет. Ол үшін сөйлеу барысында нормадан
ауытқымау қажет.
Тіліміздегі жарық көріп жатқан
түрлі түсіндірме, орфографиялық не орфоэпиялық сөздік болсын осы жалпығай
бірдей тілдік нормаға сай болуы керек.
Жұмсалымдық грамматика негізінде қазір тілімізде көптеген
жаңа терминдер мен ұғымдар, жаңа салалар дамып жатыр. Дегенмен жаңашылдықтың
бастауы, қайнар көздері ретінде А. Байтұрсынұлын ала отырып, оның еңбектерінде
де біршама баяндалғандығы көрініс береді.
Тілдің бұлай қанат жайып, өрісінің кеңейгені жақсы, бірақ
кемшілік тұстары да баршылық. Осы бағыттағы жаңа терминдерде біркелкілік жоқ,
бірнеше варианттар қабаттасып қолданылып жүргенін көзіміз көріп жүр. Жаңа
атаулардың да анықтамасы анық емес кейде түсінбей қалып жатамыз. Анықтаманы әр
ғалым шетелдік зерттеулерден
өзінше аударма жасап, көпшілікке ұсынып жүр.
Алаш қайраткерлері жасаған тілдік
зерттеулерде, еңбектерде әрдайым ұлттық дүниетанымға сай болуы, қазақ үніне,
әуезіне негізделуіне басымдық берілді. Осы бағытты ұстанғанымыз абзалырақ.
Бір еңбектерде жұмсалымдық
грамматика десе, енді бірінде функционалды грамматика немесе қызметтік
грамматика деп аталып жүр.
Ғылым қалыптасу үшін 2 шарты бар:
1) терминдер жүйесі дұрыс болуы; 2) метатілі айқын болуы; Осы шарттар
сақталғанда қазақ тілі ғылыми тұрғыдан дамып, өркендейді.
Функционалды грамматикаға ойысқандықтан қазір білім беру
ұйымдарының, мектептердің оқулығы тек сөйлеу мен мәтінге бет бұрып кетті.
Оқулықтарда дәстүрлі грамматика бойынша теориялық білімдер, ақпараттар өте
сирек беріледі. Қазақ мектептерінде сабақ беру барысында оқушылардың сөйлемді
дұрыс құра алмайтынынан, ойын жеткізуге қиналатындығы, жұрнақты не жалғауды
дұрыс жалғай алмайтындығы құрылымдық грамматикадан сауаты төмендігін көрсетіп
жүр. Ағылшын тілінің үйрету әдісіне сай жасалып мәтінді оқытып, сөйлету үшін
оны талдай білу керек.
Жаңартылған білім беру
бағдарламалары бойынша оқулықтардағы мәтінді оқушы оқиды, түсінеді, бірақ оны
талдап, құрылымына бойлай алмайды, өзі мәтін құруға қиналады.
Дәстүрлі грамматика бойынша зат
есім не шылау, қосымшаны дұрыс түсінуі үшін, сөйлемді дұрыс құру үшін жүйелі
грамматиканы меңгеру қажет деп ойлаймын.
Демек, дәстүрлі грамматика мен жұмсалымды грамматика қатар
даму керек. Білім алушыға мұғалім дұрыс меңгерте білуі қажет. Сондықтан да
оқулыққа грамматикалық мәліметтер жүйелі әрі дұрс енгізілуі қажет.
ПІКІР АЛМАСУ
ТЕКСТ