КІРУ



Аккаунтыңыз жоқ па? Тіркелу

Құпия сөзді ұмытып калдыңыз ба?

THE STATE LANGUAGE DEVELOPMENT INSTITUTE

МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛДІ ДАМЫТУ ИНСТИТУТЫ

  ИНСТИТУТ РАЗВИТИЯ ГОСУДАРСТВЕННОГО ЯЗЫКА



БАТЫРЛАР ЖЫРЫ КЕЙІПКЕРЛЕРІН БІРІЗДЕНДІРУ

ТОЛЫҒЫРАҚ

Мен бұл іске атсалсуымның себебі автор болып атаққа ие болу емес, қазақ тілінің дамуына үлесім болса деймін. Тіпті осы нұсқа өтіп кетіп жатса да, немесе осы ұсыныс басқаға негіз болып жатса да авторлыққа таласым жоқ. Оның үстіне бұл жаңа емес, А. Байтұрсыновтың төте жазуының латындағы нұсқасы болып тұр.

 

Қандай әліппе?

Орхон, араб, кирил, латын алфавиттерінің қайсысын аламыз деген сұрақ шешілген. Таңдау тек латында. Қазір сол латынды қалай пайдаланамыз деген сұраққа жауап іздеудеміз.

 

Қанша таңба?

Латынды енгізуде негізгі 4 бағыт бар екені белгілі. Ол:

1) Қазақта төл дыбыстары 28. Алфавит те сол 28  дыбысты таңбалауға негіздеу.

2) 34 таңбадан тұратын ортақ түркі әліпбиін негізге алу.

3) Қазіргі кирилдегі 42 әріпті таңбалауға негіздеу.

4) Клавиатурада 26 таңба аясынан шықпау.

Ең дұрысы, әрине, өзіміздің 28 дыбысымызды ғана таңбалау. Егер оны клавиатурадағы 26 әріппен таңбалай алсақ алфавитіміз әрі озық, әрі латынға ауысудың мақсатын толық орындаған болар едік.

 

28=26?

Ендеше клавиатурадағы 26 таңбаны 28 дыбысымызға қалай пайдаланамыз деген сұраққа жауап іздеп көрейік.

Айта кету керек, сол 26 таңбаны ғана тұтынып отырған ағылшын тілінде шындығында дыбыстар саны біздікінен әлдеқайда көп. Дегенмен, есебін тауып, 26-дан аспай отыр. Ешқандай диактритикасыз, бірақ диграфтары бар, және апостроф белгісін де пайдаланады.

 

Жалпы қабылданған нормалар

Латын әріптерін пайдаланғанда, ең алдымен, олардың жалпы қабылданған нормаларынан алыс кетпеуіміз керек. Мысалы, кейбір алфавит нұсқаларында латынның F таңбасын біздің Ғ дыбысымызға пайдалануды ұсынады. Кейбір алфавит нұсқаларында осыған мысалдар көптеп кездеседі. Көптеген шатасуларды туғызатындықтан, мұндайларды болдырмаған жөн.

 

Жетпей тұрған таңбалар

Қазақтың төл дыбысы 28. Ал клавиатурада латынның 26 таңбасы бар. Бір қарағанда бізге 2 ғана таңба жетпейтін сияқты. Шындығында,жалпы қалыптасқан нормаларды ескерсек, бізге одан да көп таңба жетпейді. Қараңыз, сәйкестендіріп көрейік:

Латыдағы V, F, H – В, Ф, Х/һ дыбыстарына сәйкес келеді. Бірақ біздің 28 дыбысымыздың ішінде бұл дыбыстар жоқ.

C, X таңбаларының әдетегі қолданысы бізге жарамайды.

Егер шартты түрде Q таңбасын – Қ дыбысына, I таңбасын - Ы дыбысына, Y таңбасын - Й дыбысына, U таңбасын – Ұ дыбысына, ал V таңбасын У дыбысына пайдалансақ, тағы W таңбасы қолданылмай қалады.

Сонда, бізге латынның 26 таңбасынан 21-сы ғана іске жарап тұр деген сөз. Яғни 28 дыбысты таңбалау үшін тағы 2 емес, 7 таңба қажет болады.

Латыннан таңба таппай тұрған дыбыстарымыз Ә, Ғ, Ң, Ө, Ү, І, Ш. Латынды пайдалануда қиындық туғызатын мәселелердің бірі осы.

 

Шешу жолдары

Бұл мәселені шешуде әдетте 2 бағыт қалыптасқан: 1) диакритикалық таңбаларды қолдану және 2) диграфтарды қолдану. Екеуінде де артықшылақтарынан гөрі кемшіліктері басым сияқты.

 

Диакритика қиындықтары

Диакритикалық таңбаларды қолданудағы ең бірінші кемшілік – клавиатурадағы 26 таңбаның аясынан шығып кетуіміз. Осыдан келіп туындайтын қиындық – ол таңбалардың ақпараттық ресурстарда оқылмауы/танылмауы, және оған арнайы бағдарламалар, драйверлер жазу қажеттігінің туындауы.

Осындай проблемалар біраз жыл бұрын қазіргі қолданыстағы кирилымызда да болған. Ол мәселе әлі күнге дейін толық шешімін тапқан жоқ. Әлі де кейбір ақпарат ресурстарында 33-тен тыс әріптеріміз оқылмай жатқан жағдайлар көп. Мысалы, Теле2 байланыс операторынан жеке келісім-шартымды шығарып алмақ болғанымда, менің аты-жөнімдегі біздің әріптеріміздің орнында тек ? таңбаларының тұрғанын көрдім. Қатені жөндеуді талап етсем, программамыз ол әріптерді оқымайды, қолмен де түзете алмаймыз, себебі сіздің аты-жөніңіз сіздің ЖСН тергенде автоматты түрде шығып тұр деп түсіндірді. Бұдан басқа да мысалдар толып жатыр.

Яғни, диакритикалық әріптерді қолдансақ, осындай қиындықтардың туындамауына, олардың тез арада шешімін табатындығына кім кепіл?

Яғни диакритиканы қолданған күнде, алынған нәтиже латынға ауысуымыздағы негізгі мақсатқа (ақпараттық кеңістікте тілімізді еш қиындықсыз қолдану) сай болмай шығады.

Сондай-ақ әріптердің үстіндегі қос ноқаттар мен құсбелгілер қолдап жазғанда да аздап қолбайлау болатынын ұмытпайық.

Осы жерде айта кету керек, кейбір авторлар төл дыбыстарымыз үшін қазіргі кирилдегі таңбаларымызды қалдыруды ұсынады. Бұл латынға ауысуымызға қажеттілік туғызған мәселелерді шеше алмайды, қолданыста көп шатасулар мен басқа дадиакритикалық таңбалар секілді жоғарыда айтылған қиындықтарды туғызады.

 

Диграфтардың қиындықтары

Жоғарыдағы мәселені шешудің тағы бір жолы – диграфтарды пайдалану. Өзбек ағайындарымыз осылайша клавиатурадағы 26 таңбасынан аспай-ақ жазып отыр. Бірақ оның да кемшіліктері жоқ емес.

Егер диграфтар пайдалансақ бізде қалай болар еді?

Мысалы, Ә – ae, О – oe, І – ie, Ү – ue, Ш – sh, Ғ - gh, Ң - ng

Ендеше жазып көрейік.

ashshi(ащы)- тым ұзақ,

koezieldieriektie kiesie(көзілдірікті кісі) – тым ұзақ, көзге де ұсқынсыз көрінеді

agha (аға) – h жеке өзі қолданыста жоқ, сондықтан оны gh түрінде емес, жеке өзін Ғ дыбысын таңбалауға қолдансақ қайтеді?

Saekenge – Сәкенге ме, Сәкеңе ме?Kelinge – келіңе ме, келінге ме?

Осы сияқты мысалдар көп. Яғни, сөздер ұзарып кетеді, ұсқынсыз көрінеді, кейде тіпті қалай оқылуы керектігі түсінікіз болып қалады.

 

Тағы қандай жолы бар?

Сонымен таңбасыз қалған Ә, Ғ, Ң, Ө, Ү, І, Ш дыбыстарымызды қайтеміз?

 

Ш дыбысы. Бұрынғы латынымыз – жаңаәліпке үңілсек, онда Ш дыбысын таңбалауға С әрпі алынған екен. Түрік ағайындардың жазуында да бұл таңбаның беретін дыбысы (дж) көбіне біздің Ш дыбысымызға келеді, әрине барлық жағдайда емес. Мысалы, Dönerci – Дөнерші.

 

Ғ дыбысы. Жоғарыда айтылғандай латынның Н таңбасын осы дыбысты таңбалауға болады. Оның үстіне ағылшынның кебір сөздерінде ол таңба біздің Ғ дыбысына ұқсас оқылатыны да бар (hormone - гормон). Ал өлі тіл саналатын түпкі латын тілінің өзінде де бұл таңба Ғ сияқты оқылатыны белгілі. Яғни жалпы қабылданған нормалардан да алыстамаймыз.

 

Ә, Ө, Ү, І дыбыстары. Олар сәйкес А, О, Ұ, Ы дыбыстарының жіңішке буындардағы нұсқасы. Табиғи тілімізде сөз буындары не бірыңғай жіңішке, не бірыңғай жуан болады.Яғни,  сөздің/буынның жіңішкелігін білдіретін бір белгі болса, онда осы 4 дыбыстың жуан және жіңішке сыңарларын таңбалауға бір таңбадан арнасақ болар еді.

Мұндай тәжірибе, әрине, тарихымызда болған. Ол – дәйекше, А. Байтұрсыновтың төте жазуының жүйесінде қолданылған еді. Кейбір мәліметтерге сүйенсек, ол алфавитті халық өте қысқа мерзімде мегере алған екен.

Ендеше сол төте жазудағы дәйекшені алмастыратын таңба керек және ол әдетте жиі, ақпараттық ресурстарда еш қиындықсыз таңбаланып, оқылатын болуы керек.

Қазіргі таңда латынның еш диакритикасыз нұсқасы ағылшын тілінде қолданылады. Ағылшан тілінің таңбалары барлық ақпараттық ресурстарда еш қиындықсыз қолданылады.

Ағылшын тілінде 26 әріптен басқа ’ - апостроф таңбасы бар. Ол сол тілде әдетте қолданылады, сондай-ақ ақпараттық ресурстар да оны жат санамайды. Яғни осы таңба біздің дәйекшемізді алмастыруға кандидат болар еді.

Бұл таңбаны, төте жазудағы секілді, жіңішке буынды сөздің басына бір рет қана қоямыз, сөз ішінде қайталамаймыз. Яғни, ол тек сөз басында ғана қолданылады.

К, Г, Е әріптерімен жазылатын сөздер негізінен жіңішке болып келетіндіктен, ондай сөздердің басында ол таңданы қоймаса да болады. Бұл жағдай таңбаның қолданылу жиілігін әжептеуір азайтады.

 

Ң дыбысы. Ең қатты қиындық туғызатыны да осы дыбыс. Біз оны түріктер сияқты N әрпімен таңбалап, ақырында төл дыбысымыздан айырылғымыз келмейді.

26 әріптен пайдаланусыз қалып отырған F, W, X таңбаларының қайсысын алсақ та, жалпы қабылданған нормалардан шығып кетеміз, өзіміз де, біздің тілімізді үйренгісі келген шетелдіктер де шатысатын боламыз.

Диграф –ngпайдалануға болмайтынын жоғарыда айтқанбыз.

Кеңейтілген латинды алып қарасақ ñ, ň, ʼn, ƞ, ǹ, ɳ сияқты таңбалар бар екен. Егер диакритикаға тоқталсақ, онда біріншісі, яғни ñ дұрыс секілді. Бұл нұсқа испан тілінде қолданылады.

Диакритиканың аты диакритика. Сондықтан, тағы бір нұсқа – n’, яғни n (н) + дәйекше. Сонда дәйекше екі жағдайда қолданылады: 1) сөз басында – жіңішкелік белгісі ретінде, 2) n таңбасынан кейін – онымен бірігіп ң дабасын береді. Бірақ бұл диграф болып кеткен секілді.

Осы ойдың жалғасы ретінде тағы бір нұсқа туындап отыр. Егер дәйекше сөз ортасында және соғында тек n әрпімен бірге қолданылса және басқа жағдайда немесе жеке өзі қолданылмайтын болса, онда сөз ортасында/соңында n’ орнына ’ өзін ғана алсақ болар ма еді.

 

Соынмен, 28 дыбысымыздың бәріне таңба таптық. Ал латынның/ағылшынның F, W, X таңбалары тіпті қолданылусыз қалды.

Бізге тән емес деген дыбыстардың ішінде Ф, В, Х дыбыстарын мүлдем алып тастау көп қарсылықтар туғызып жатқаны белгілі. Егер, ақырында оларды қалдыратын болып шешілсе, оларға қолданылмай қалған 3 таңбаны ала салуға болады, және олар жалпы қабылданған нормалардың аясында болады. Ал В дыбысын мүлдем алмай, оны өзіміздің қысқа У-мен қалдырсақ болады.

Ал біздің санаулы сөздерімізде кездесетін һ дыбысын Х дыбысымен бір әріппен таңбалауға әбден мүмкін болады. 

Нәтижеде алған алфавитіміз мынау

 

Латын әрпі

қазақ дыбысы

 

Латын әрпі

қазақ дыбысы

1

A

А / Ә

16

P

П

2

B

Б

17

Q

Қ

3

C

Ш

18

R

Р

4

D

Д

19

S

С

5

E

Е

20

T

Т

6

G

Г

21

U

Ұ/Ү

7

H

Ғ

22

V

У (қысқа)

8

I

Ы/І

23

Y

Й

9

J

Ж

24

Z

З

10

K

К

 

Дәйекше / жіңішкелік белгісі

11

L

Л

Қосымша

12

M

М

 

F

Ф

13

N

Н

 

W

В

14

ñ / n’ / ’

 

 

X

Х/һ

15

O

О

 

 

 

 Талас туғызатын әріптер

Осы жерде қолданылуы біраз талас туғызатын таңбалар бар. Олар Ii, Yy, Uu, Vv.

 

Ii, Yy  әріптері.Әдетте, халықаралық қатынастарда Ii - и (яғни ый, ій) және й дыбыстарын жазуға, ал Yy –ы, і және й дыбыстарына қолданылатыны рас. Сондықтан кейбір авторлар Ы/І дыбыстарына осы әріпті қолдануды ұсынады.

Бірақ ы немесе і дыбысына қолданғанымен, ол жағдайда бұл таңба ағылшын тілінде біздің ы не і дыбысы сияқты оқылмайды.

Сондай-ақ, олай қолданған жағдайда жазуымыз ұсқынсызданып, және ұзарып кетеді, өйткені, тіліміздің Ы/І дыбыстары өте жиі қолданылады. Й болса одан әлдеқайда сирек, бір сөзде бір рет қана кездеседі. 

Мысалы:

1. Көзілдірікті кісі -

Kozyldyrykty kysy

Kozildirikti kisi

 

2. Қызыңыздың қылығы -

Qyzyn’yzdin’ qylylhy

Qizin’izdin’ qilihi

(немесе

Qyzyñyzdiñ qylylhy

Qiziñizdiñ qilihi

Qizi’izdi’ qilihi)

Сондықтан Ii әрпін Ы/І дыбыстарына, ал Yy әрпін Й дыбысына қолдануды ұсынамын. Ал орыс немесе басқа да шет тілдерден енген сөздердегі И дыбыстарын біздің Ы/І дыбыстарымен алмастыруға болады. Солай жазуға да әлдеқайда ыңғайлырақ болады.

Uu, Vv әріптері

Басқа тілден енген сөздердегі U әрпімен берілетін дыбыстарды біздің ҰУ/ҮУ емес, Ұ/Ү дыбыстарымен алмастырған жөн, өйткені тілі бұзылмаған қазақ ол дыбысты расында солай айтар еді. Осы қалыпта жазсақ та оның түпнұсқа тілдегі жазылуынан көп өзгермейді. Ал біздің Ұ/Ү дыбыстарымызды басқалар айта алмай ҰУ/ҮУ-мен, қысқа У-ымызды көбіне В (V)-мен алмастырып айтатынын және жазатынын ескерсек, Uu әрпін Ұ/Ү, Vv әрпін У (қысқа у) дыбыстарына пайдаланғанымыз орынды болатын сияқты. 


ҚОРЫТЫНДЫ

Қорыта келгенде, жаңадан еш нәрсе ойлап тапқан жоқпыз. Қазақ жазуы тарихындағы ең үздік әліпби саналған - Ахмет Байтұрсыновтың "Төте жазуын" негізге алдық, оны қазіргі заман талабына сай жетілдірдік. Нәтижесінде алатынымыз:

1. Әліпбиде тілімізге жат дыбыстардың таңбалайтын әріптер жоқ.

         2. Әлпбиімізде тек латын әліпбиіндегі / стандартты ағылшын клавиатурасындағы әріптер мен барлық ресурстарда еш проблемасыз оқылатын ‘ таңбасы (апостроф) ғана пайдаланылады(ң дыбысына ñ таңбасы алынған жағдайдан басқа).

        3. Сөзде бір дыбыс бір әріппен таңбаланады.

  4. Әріптерінің дыбысталуы негізінен ағылшын тіліндегі дыбысталуынан / жалпы қабылданған нормалардан қатты алыс кеткен жоқ. 


***

Абайдың бірінші сөзінен үзінді

1. ң – n’ түрінде

`Birinci `soz

Bul jasqa kelgence jaqsi otkizdik pe, jaman otkizdik pe, aytevir birtalay `omirimizdi otkizdik: alistiq, julistiq, aytistiq, tartistiq - avrecilikti kore-kore keldik. Endi jer ortasi jasqa keldik: qajidiq, jaliqtiq; qilip jurgen `isismizdin` bayansizin, baylavsizin kordik, `bari qorciliq ekenin bildik. Al, endi qalhan `omirimizdi qaytip, ne qilip otkizemiz? Soni taba almay `ozim de qayranmin. El bahv? Joq, elge bahim joq. Bahv siz dertke uciraiyin degen kisi baqpasa, ne albirtqan, kon`ili basilmahan jastar bahamin demese, `bizdi quday saqtasin! Mal bahv? Joq, baha almaymin.


2. ң – ñ түрінде

`Birinci `soz

 Bul jasqa kelgence jaqsi otkizdik pe, jaman otkizdik pe, aytevir birtalay `omirimizdi otkizdik: alistiq, julistiq, aytistiq, tartistiq - avrecilikti kore-kore keldik. Endi jer ortasi jasqa keldik: qajidiq, jaliqtiq; qilip jurgen `isismizdiñ bayansizin, baylavsizin kordik, `bari qorciliq ekenin bildik. Al, endi qalhan `omirimizdi qaytip, ne qilip otkizemiz?  Soni taba almay `ozim de qayranmin. El bahv? Joq, elge bahim joq. Bahv siz dertke uciraiyin degen kisi baqpasa, ne albirtqan, koñili basilmahan jastar bahamin demese, `bizdi quday saqtasin! Mal bahv? Joq, baha almaymin.


3. ң – ’ түрінде

`Birinci `soz

Bul jasqa kelgence jaqsi otkizdik pe, jaman otkizdik pe, aytevir birtalay `omirimizdi otkizdik: alistiq, julistiq, aytistiq, tartistiq - avrecilikti kore-kore keldik. Endi jer ortasi jasqa keldik: qajidiq, jaliqtiq; qilip jurgen `isismizdi` bayansizin, baylavsizin kordik, `bari qorciliq ekenin bildik. Al, endiqalhan `omirimizdiqaytip, ne qilipotkizemiz? Sonitabaalmay `ozim de qayranmin. El bahv? Joq, elgebahimjoq. Bahv siz dertke uciraiyin degen kisi baqpasa, ne albirtqan, ko`ili basilmahan jastar bahamin demese, `bizdi quday saqtasin! Mal bahv? Joq, baha almaymin.


ПІКІР АЛМАСУ

Пікір қалдырыңыз








08/04/2024 11:55

Хабарландыру!
0 632 0



26/03/2024 16:15

Хабарландыру!
0 892 0








ТЕКСТ

Яндекс.Метрика