THE STATE LANGUAGE DEVELOPMENT INSTITUTE
МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛДІ ДАМЫТУ ИНСТИТУТЫ
ИНСТИТУТ РАЗВИТИЯ ГОСУДАРСТВЕННОГО ЯЗЫКА
Соңғы мақалалар:
Басты ұстаным:
1) Әліппе тек таза латын таңбалыранан құралу керек (Ӓ, Ӧ, Ğ сияқты түрік-әзірбайжан әліппесінде кездесетін диакритика қосылмау керек);
2) Қазақша Ә, Ө, Ғ сияқты төл дыбыстарды жоймастан, оларды да әліппеге енгізіп, оларға дербес орын беру керек;
3) Әліппе тек әріп таңбаларынан тұру керек, дәйекше (‘ - апостроф) сияқты арнайы таңбаларды қолданбау керек;
4) Әрқилы оқылу мүмкіндігіне (разночтение) жол берілмеу керек;
5) Қос таңбалы диграф әріпті мейлінше азайту керек;
6) Оқылуы мейлінше жеңіл әрі әдемі көріну керек.
Кириллица – A-26
A – A
Ә – Ai
Б – B
В – V
Г – G
Ғ – H
Д – D
Е,Э – E
Ж – J
З – Z
И, Й – Y
І, Ы – I
К – K
Қ – Q
Л – L
М – M
Н – N
Ң – Ng
О – O
Ө – Oi
П – P
Р – R
С – S
Т – T
У – W
Ұ – U
Ү – Ui
Ф – F
Х – X
Ш – C
Егер "і" әрпі "а", "о", "ұ" жуан дауысты дыбыс әріптерінен кейін келсе, онда ол "жіңішкерту таңбасы" ретінде қолданылып, оларды жіңішке қылып оқытады. Яғни ai – ә, oi – ө, ui – ү.
Әліппеге кірмейтін, бірақ қолданыста бар әріптер:
Ц (т+с) - TS
Ч (т+ш) - TC
Ё (й+о) - YO
Ю (й+у) - YW
Я (й+а) - YA
Түсініктеме 1: Қазақ тілінде "a" әрпі мен "i" әрпі бірге келетін, яғни "аi" болып тіркесіп келетін сөз болмайды. Сол себепті "і" әрпін бұл жерде "жіңішкерту таңба" ретінде қолданып, бұл "ai" диграфымен "ә" дыбысын білгелесек болады, бұл әрқилы оқуға (разночтение) мүмкіндік туындатпайды. Сол сияқты "oi", "ui" болып тіркесіп келетін де сөз болмайды. Сол себепті ол диграфтармен "ө" және "ү" дыбыстарын белгілесек әрқилы оқуға жолықтырмайды.
Түсініктеме 2: Қазақ тілінде "ы" әрпі мен "і" әрпі көп жағдайда практика жүзінде дыбысталып оқылмайды немесе оқылуында еш айырмашылық байқалмайды. (С.Ерғали: "Қазақ тіліне флектив әліпби емес, үндестік әліпби керек" интервьюін оқыңыз.) Өйткені ол екеуі де сөз соңында келген жағдайда да екпінсіз оқылатын әріптер (безударные) ("болАды", "келЕді"). Тек сөз түбіріндегі бірінші буында ("тыс", "тіс") немесе кей жағдайда екінші буында ("тиын", "тиін") ғана айырмашылықты қажет ететін жағдай туындайды. Басқа жағдайдың бәрінде-делік еш айырмашылықты қажет етпейді. Сондықтан екеуін де бір "і" таңбасымен таңбалауға болады. Мысалы "qasiq" ("қасық" – оқылуы "қАсқ"), "jemis" ("жеміс" – оқылуы "жЕмс"). Ал жіңішке "і" екенін анық көрсету керек болған жерлерде 1-түсініктемедегі ережеге сай "жіңішкерту таңбасын" жалғап "ii" диграфымен таңбалауға болады. Мысалы "is" (ыс), "iis" (іс), "tis" (тыс), "tiis" (тіс), "tyin" (тиын), "tyiin" (тиін). Қазақ тілінде "ы" әрпі қосарланып "ыы" болып келетін сөз болмайтындықтан бұл ереже ешқандай әрқилы оқуға (разночтение) жолықтырмайды.
Түсініктеме 3: Қазақ тілінде "ң" дыбысы "ng" диграфы арқылы таңбаланғанда кейбір сөздер жаңа әліпбиде бірдей жазылып, дұрыс оқылмайды. Мысалы, «күнгі, күңі» дегендер екеуі де "kungі" болып бірдей жазылады. Бұдан әрқилы оқу туындайды. Сондықтан осындай қайшылықтарды болдырмас үшін келесі ережені қабылдау керек: Егер сөзде "н" дыбысынан кейін "г" дыбысы тіркесіп келсе, онда осы "н" дыбысы тілдің айтылу және естілу заңына сәйкес үнді "ң" дыбысына айналып жазылады. Мысалы, "күнгі" деген сөзді дыбысталуына сәйкес "күңгі" деп жазу керек, сонда "күнгі" және "күңі" сөздері латын әріптерімен әртүрліше жазылатын болады, яғни "күнгі" = "kunggi" және "күңі" = "kungi". Осылай әрқилы оқу жолы жабылады.
Ереже: "У" әріпі қазақ тілінде негізі дауыссыз дыбыс. Бірақ ол дауыссыз дыбыстан кейін келсе, дауыстыға айналып, "ҰУ"-"ҮУ" (ЫУ, ІУ) болып оқылады. Мысалы: "sw" – су (сұу), "elw" – елу (еліу), "qwanw" – қуану (құуаныу), т.с.с.. Й (И) де осы ережеге сәйкес. Негізі дауыссыз дыбыс. Бірақ ол дауыссыз дыбыстан кейін келсе, дауыстыға айналып, "ЫЙ" ("ІЙ") деп оқылады: "by"- би (біи), "syir" – сиыр (сыйыр), "qyanat" - қиянат (қыйанат), т.с.с.
Ескерілген жайттар:
1) Дәйекшені (` - апостроф) пайдаланудан бас тартылды. Әліппе тек әріптен тұру керек, мейлі қостаңбалы әріптен болса да. Дәйекшелі әріптен гөрі қостаңбалы әріп дұрыс. Өйткені кейде дәйекшені де қабылдамайтын жерлер болады. Мысалы сайттың аты (веб-адрес): a`lippe.kz домен болмайды. Домен аты дәйекшені қабылдамайды. Осы сияқты проблемаларға ұрынбас үшін әліппеміз тек әріптен ғана тұру керек. Және бір мысал: "сән.қз" деп сайт ашатын болсаңыз san.qz (сан.қз) деп ашу керек болады. Содан "сән" сөзі мен "сан" сөзі омонимдей болып кетуі мүмкін. Солай "ә", "ө", "і" сияқты төл дыбыстарына нұсқан келу қаупі бар.
2) «Жіңішкерту таңбасы» ретінде кей нұсқаларда "е" ұсынылуда (ә – ае, ө – ое, ү - ue). Бірақ ол әрқилы оқудың жолын толық жаба алмайды және "ә", "ө", "ү" әріптері мәтіндерде қосымша "е" арқылы жазылса оның суреті де шималы болып көрінеді. 4 және 6-шы ұстанымды ескере отырып, "жіңішкерту таңбасы" ретінде "і" алынды, өйткені бұның суреті де ықшамды, әрқилы оқудың да жолын толық жаба алады.
Клавиатурамен жазуға да ыңғайлы, өйткені "і" клавишасы "o" мен "u" клавишаларының ортасында, екеуіне де көршілес орналасқан, яғни "ү" немесе "ө" әріптерін жазғанда қолдың бір сермеуімен-ақ "ui" немесе "oi" қос таңбасын қос саусақпен бір-ақ басуға болады.
Қазақ тілінде "Ә", "Ү" және "Ө" әріптері сөздің тек 1-ші буынында ғана келеді, яғни мәтінде өте сирек кездеседі. Сондықтан бұлар үшін таза латын таңбасынан тысқары арнайы символ енгізбей-ақ, оларды диграфпен белгілей салсақ әлдеқайда ұтымды болады.
3) Кей нұсқаларда "ж" дыбысын "zh" диграфымен таңбалау ұсынылуда. Бірақ ол диграф санын көбейтеді және әрқилы оқу пайда болады. Бұл нұсқада, 5-ші және 6-шы ұстанымға сәйкес, "Ж" – "J" болып таңбаланды. Бұдан "Й" – "Y" болды, ал "Ы" және "І" – екінші түсініктемеге сүйене отырып бір "І" болып біріктірілді. Және "ы" әрпі қазақ тілінде өте көп кездесетіндіктен, оған "y" таңбасын гөрі "і" таңбасы берілсе, ықшамырақ әрі әдемірек көрінеді (мыс: "тынымды" – "tynymdy", "tinimdi").
4) Кей нұсқаларда "ш" дыбысын "sh" диграфымен таңбалау ұсынылуда. Бірақ ол диграф санын көбейтеді және әрқилы оқу пайда болады. Кейбір түркі елдерде "Ç" таңбасымен "Ч" дыбысы таңбаланады, соған ұқсастырылып бұл нұсқада "С" таңбасымен "Ш" дыбысы таңбаланды. Көптеген түркі елдердің латын әліппесінде "X" дыбысы "X" таңбасымен қала берді (өзбек, әзірбайжан). Соған сүйеніп бұл нұсқада да солай қалды.
5) Кей нұсқаларда "ғ" дыбысын "gh" диграфымен таңбалау ұсынылуда. Бірақ ол диграф санын көбейтеді және әрқилы оқу пайда болады. H(h) таңбасын Ғ-ға ұқсас дыбысқа пайдалану әлемдік практикада кездестіруге болады. Мысалы: Hamburger – Гамбургер, Hamlet – Гамлет, Hunni – Ғұндар. Осыған сүйеніп бұл нұсқада "Ғ" дыбысы "H" таңбасымен белгіленді.
Altin kuin aspani,
Altin dain dalasi,
Erlikting dastani,
Elime qaraci!
Ejelden er degen,
Dangqimiz ciqti hoy.
Namisin bermegen,
Qazahim miqti hoy!
Qayirmasi:
Mening elim, mening elim,
Guiling bolip egilemin,
Jiring bolip toigilemin, elim!
Tuwhan jerim mening – Qazaqstanim!
Urpaqqa jol acqan,
Keng baytaq jerim bar,
Birligi jarasqan,
Taiwelsiz elim bar,
Qarsi alhan waqitti,
Mainggilik dosinday,
Bizding el baqitti,
Bizding el osinday!
Qaling elim, qazahim, qayran jurtim,
Ustarasiz awzinga tuisti murting.
Jaqsi menen jamandi ayirmading,
Biiri qan, biiri may bop endi eki urting.
Bet bergende ciraying sonday jaqsi,
Qaydan hana buzildi sartca sirting?
Uqpaysing oiz soisingnen basqa soizdi,
Awzimen oraq orhan oingkey qirting.
Oizimdiki dey almay oiz malingdi,
Kuindiz kuilking buzildi, tuinde - uyqing.
Koirseqizar keledi baylawi joq,
Biir kuin tirting etedi, biir kuin – burting.
Bas-basina by bolhan oingkey qyqim,
Mineky buzhan joq pa elding syqin?
Oizderingdi tuizeler dey almaymin,
Oiz qolingnan ketken song endi oiz irqing.
Ahayin joq nairseden eter burting,
Oning da alhan joq pa Quday qulqin?
Birlik joq, bereke joq, cin peyil joq,
Sapirildi baylihing, baqqan jilqing.
Basta my, qolda malha talas qilhan,
Kuic sinasqan kuindestik buzdi-aw cirqin.
Ongalmay boyda juirse osi qirting,
Air jerde-aq jazilmay ma, janim, tirqing?
Qay jeringnen koingilge quwat qildiq,
Qir artilmas bolhan song, minse qirqing?
Tyanaqsiz, baylawsiz bayhus qilping,
Ne tuiser qur kuilkiden jirting-jirting.
Uhindirar kisige kez kelgende,
Pic-pic demey qala ma ol da astirtin?
ПІКІР АЛМАСУ
ТЕКСТ