КІРУ



Аккаунтыңыз жоқ па? Тіркелу

Құпия сөзді ұмытып калдыңыз ба?

THE STATE LANGUAGE DEVELOPMENT INSTITUTE

МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛДІ ДАМЫТУ ИНСТИТУТЫ

  ИНСТИТУТ РАЗВИТИЯ ГОСУДАРСТВЕННОГО ЯЗЫКА



БАТЫРЛАР ЖЫРЫ КЕЙІПКЕРЛЕРІН БІРІЗДЕНДІРУ

ТОЛЫҒЫРАҚ

    Алыстағы Алтай мен Тарбағатай шыңдарынан Оралдың оңтүстік-шығыс баурайларына, Ертіс, Есілдің екі жағалауы мен Тобылдың бас жағына дейін, Торғай мен Сарысу өзендері бойынан Қазалы мен Қызылордаға және Арыс өзенінің сағасына дейін қазақтың бес негізгі тайпасы: керей, найман, арғын, қоңырат және қыпшақ қоныстанған. Осы күнгі әкімшілік болу бойынша аталған тайпалардың басым көпшілігі Ақмола, Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Көкшетау, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Семей облыстарының жерін, Қостанай, Қызылорда және Талдықорған облыстарының көп жерін мекен еткен.
    Шекаралары ортақ тайпалар XIII-XV ғасырлардан бастап өзара ортақтасып, біріңғай орталыққа бағынған. Бұл біріккен туыс тайпалардың жергілікті диалектісінің қалыптасуына жағдай туғызды.
    Аталған тайпалар оңтүстігінде өз тумалары – Ұлы жүз тайпаларының қазақтарымен, батысында – Кіші жүз тайпаларының қазақтарымен, жартылай татарлармен, башқұрттармен шектеседі. Орта жүз қазақтарының солтүстігіндегі ежелгі көршілері түркі тайпалары: алтайлықтар, Барабин және Тобыл татарлары, ал олардың шығыстағы көршілері моңғолдар, ұйғырлар және қытайлықтар болып табылады.
    XVI ғасырдан бастап солтүстік-шығыс тайпаларорыстармен көрші болды, бұл тайпалар мен олардың диалектісінің мұнан былайғы экономикалық және мәдени дамуында мұның маңызды мәні болды. Орта жүзге қарағанда Кіші жүз қаақтарының Ресейдің оңтүстігімен байланысты біраз ертерек басталғанымен, орыс мәдениеті солтүстік-шығыс облыстарының қазақтарына күштірек әсер етті.
    Орыс отаршылдығы алғашында солтүстік бағытта жүргізілгендіктен, XIX ғ. аяғы мен XX ғ. басында Ресей үшін Батыс Сібір мен Алтай өлкесінің мәні ерекше күшті болды; ескі Омск, Томск, Барнауыл қалалары дамыды; Новосибирск, Кузнецк т.б. жаңа қалалар салынды. Транссібір теміржолының тармақтары Қазақстанның солтүстік қалалары Семей, Павлодар қосылды. XVI ғасырда басталған тау-кен өнеркәсібі онан әрі дамыды. Обь және Ертіс өзендері кеме жүретін магистральға айналды. Осының бәрі, сөзсіз, солтүстік-шығыстағы қазақтарды, олардың бұрынғы көшпелі шаруашылығын капиталистік шаруашылық жүйесіне тартты. Орыс капиталы енуімен бірге Қазақстанға солтүстік-шығыс облыстарындағы жер асты байлықтарын пайдалану үшін ірі шетел капиталы (Уруквард т.б) қарауындағы Екібастұз көмір кені, Қарсақбай мыс қорыту зауыты, Риддер рудниктері сияқты ірі өнеркәсіп орындары ашыла бастады. Осы оқиғаларға байланысты тау-кенші, транспорт қызметкерлері, матростар, жүкшілер т.б. қазақ жұмысшы кадрлары пайда болды, қазақ еңбекшілерінің таптық санасының оянуында мұның ерекше мәні болды.
    Солтүстік-шығыс облыстарындағы Ертіс, Есіл, жартылай Тобыл бойында бүкіл Алтай және басқа жерлерде орналасқан орыс халқы мен қазақтардың араласуы, батыс, оңтүстік облыстрға қарағанда, неғұрлым тығыз және тікелей болғанын ескеру қажет. Біздің бұл пікірімізді «Сібір» деп аталатын мақалада берілген XIX ғасыр аяғындағы экономикалық шолу толық дәлелдейді.
    Жаңа жерлерді иемденген соң, XIX ғасырдан бастап Ресейдегі егін шаруашылығы «орыс үлгісінде бойлап, кеңеюмен бірге, елдің көшпелі байырғы тұрғындары – қырғыздар (қазақтар – С.А.) мен буряттардың т.б. арасында таралып, жаңа табыстарға жете бастады».
Бұл айтылғандар «Сібір Кеңес энциклопедиясының» мәліметтерімен біраз толықтырылып дәлелденген: «Басыбайлықтан босаған шаруалардың Қазақстанды отарлауы Бұқтырма мен жоғарғы Ертіс аудандарынан басталады, бұл кезде аталған жерлер әлі Ресей империясының құрамына кірмеген еді. Самодержавиенің, шіркеу мен помещиктердің езгісінен қашқан өлкедегі келімсектерді мұнда қоныс аударуға мәжбүр еткен ерекше себептер болды».
    В.И.Ленин бұрынғы Ресей империясының шет аудандарындағы экономиканың дамуы мәселесін нақты ескере отырып, осындағы отаршылдықтың толық сипатын ашты.
    Бұдан орыс мемлекетінің қазақ жерін отарлауына біз жергілікті ұлтшылдық тұрғыдан қарауға тиіс еместігіміз түсінікті.
Қазақстанның Ресейге қосылуының прогрессивті маңызы ең алдымен орыс шаруаларының үлгісімен қазақтардың егіншілікпен шұғылданып, малдың тұқымын жақсартып, отырықшылдыққа ауыса бастауына байланысты болды. Ф.Энгельс: «Ресей Шығыспен салыстырғанда шын мәнінде прогрессивті. Орыс үстемдігі өзінің барлық дөрекілігіне, пасықтығына қарамастан, Қара теңіз бен Каспий теңізі үшін өркениеттендіруші болып табылады», - деп тегін  жазбаған. 
    Мұның бәрінен басқа, патшаның Қазақстандағы отарлау саясаты XIX ғасырдың басында-ақ сол кездегі алдыңғы қатардағы және керітартпа күштердің жіктелуіне мүмкіндік туғызды..

Қазақ тілінің негізгі диалектілері 

ПІКІР АЛМАСУ

Пікір қалдырыңыз


ТЕКСТ

Яндекс.Метрика