КІРУ



Аккаунтыңыз жоқ па? Тіркелу

Құпия сөзді ұмытып калдыңыз ба?

THE STATE LANGUAGE DEVELOPMENT INSTITUTE

МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛДІ ДАМЫТУ ИНСТИТУТЫ

  ИНСТИТУТ РАЗВИТИЯ ГОСУДАРСТВЕННОГО ЯЗЫКА



БАТЫРЛАР ЖЫРЫ КЕЙІПКЕРЛЕРІН БІРІЗДЕНДІРУ

ТОЛЫҒЫРАҚ

    Сауранбаев Нығмет Тінәліұлы – (1910-1958) - қазақ тіл білімі негізін салушылардың бірі, ғалым, тілтанушы, түрктанушы, филология ғылымдарының докторы, профессор, Қазақ КСР Ғылым Академиясының академигі, Қазақ КСР-інің еңбек сіңірген ғылым қайраткері.

Өмірбаяны

    Қордай асуының ар жағында сырқырай ағып жылжыған "Ырғайты"өзені жатыр. Ол батыс өлкені бетке алып ұзай береді. Осы өзеннің бойында "Шарбақты" деген селода (бұрынғы атауы бойынша "Бірік" деген ауылда), 1910 жылғы шілде айында Нығмет Тінәліұлы Сауранбаев дүниеге келеді.

    Нығмет жас шағында ауыл молдасына барып, бірлі-жарым сабақ алған болу керек. Дегенмен ол 15 жасына дейін "Қасық" деген селолық орта мектепте оқып, негізгі білімді содан алады. Ауыл мектебінен алған білімді қанағат тұтпай, Н. Сауранбаев құлашын алысқа сермеді. Тумысынан зерек жаралған бала тез талпынады, терең ойлайды. "Талаптың мініп тұлпарын" Алматыға аттанады. 1925 жоғарғы-ағарту институтының дайындық курсына түсіп, онда 3 жыл оқиды, бітіріп шығады. 1928 ж. сол институттың негізгі курсына ауысады, яғни оның шын мәнісінде студенті болып қабылданады. Келесі жылы (1929 ж.) институт Қостанай қаласына көшеді. Н. Сауранбаев институт ұжымымен бipгe Қостанайға барады да, институтты сол жерде 1932 ж. бітіріп шығады.

    Қазақ халық ағарту институтын, Мәскеу мемлекеттік педагогикалық институтын. РКФСР Оқу-ағарту Комиссариатының жанындағы Ғылыми-зерттеу институты Ленинградтағы бөлімшесінің аспирантурасын бітірген. 1932-1934 жылдары Қазақ КСР Халық-ағарту комиссариатында нұсқаушы болып жұмыс істеді. 1938-1946 жылдары - Қазақ КСР Халық-ағарту комиссариатының мектептер жөніндегі ғылыми-зерттеу институты директорының ғылыми жұмыстар жөніндегі орынбасары. 1946-1951 жылдары - КСРО Ғылым Академиясының алғаш ұйымдасқан Қазақ филиалы Тіл-әдебиет және тарих институтының тұңғыш директоры, «Қазақ КСР Ғылым Академиясы Хабарлары» журналының алғашқы редакторы. 1947-1956 жылдары Қазақ КСР Ғылым Академиясы қоғамдық ғылымдар бөлімшесінің хатшысы. 1956-1958 жылдары Қазақ КСР Ғылым Академиясының вице-президенті, Қазақ КСР Ғылым Академиясы Тіл білімі және әдебиеті институты Қазақ тілі тарихы және диалектология бөлімнің меңгерушісі қызметтерін атқарған.

    Ол «Орысша-қазақша» сөздіктің жалпы редакциясын басқарған. Ғалымның «Қазақ тілі: лексика, фонетика, морфология, синтаксис» оқулығы білім беру саласьшда үлкен сұраныска ие болды. 1954 жылы Шығысты зерттеушілердің бүкіл дүниежүзілік XXIII конгресіне Кеңес делегациясының құрамында қатысып баяндама жасаған. Сондай-ақ Иран, Ирак, Англия, Үндістан елдерінде өткен халықаралық конференциялар мен кездесулерге қатысқан. Нығмет Сауранбаевтың ғылыми жұмыстарын, ұйымдастырушы-лық қабілетін және қоғамдық еңбектерін жоғары бағаланып, екі мәрте «Құрмет белгісі» орденімен, медальдармен және Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Құрмет грамотасымен бірнеше рет марапатталған.

    Алматы қаласындағы Жібек жолы көшесіндегі қоғам қайраткері, академик Нығмет Сауранбаев тұрған үйге мемориалдық тақта орнатылған. Жамбыл облысы Қордай ауданындағы Шарбақты ауылындағы 8 жылдық мектепке, Қордай ауылында көшеге ғалымның есімі берілген.

Қызмет жолы

    Халық Ағарту Комиссариатында инспектор болып жұмыс істейді (1932-1934 жж.). Одан әрі Н. Сауранбаев біраз уақыт Виннице қаласында Қызыл Армия қатарында болады. Сонда жүріп бұрынғы білімдерін жетілдіре түседі. Өз бетімен дайындалып, Москваның Герцен атындағы Мемлекеттік педагогикалық институтының филология факультетінде сырттан оқиды. Пулеметшілер взводының командирі ретінде Н. Сауранбаев біраз жылдар өткен соң (1937 ж.) «кіші лейтенант» деген әскери атаққа ие болады.

    1935 ж. Н. Сауранбаев осы аталып отырған институттың I және II курстарының екеуіне бірдей қатар емтихан тапсырады да, оның III курсына студент болып орналасады. Дәл осы жылы ол РСФСР Оқу-ағарту Комиссариатының жанындағы Ғылыми-зерттеу институтының Ленинградтағы бөлімшесіне барып аспирантураға түседі.

    1939 ж. ол Халық Комиссарлар Советінің жанындағы Терминологиялық комитеттің ғылыми хатшысы болып қызмет атқарады. Қазақ әдеби тілінде жаппай шығып, қаулап келе жатқан ғылыми-техникалық жаңалықтар мен әлеуметтік-мәдени табыстар тудырған көп салалы терминдерді бір ізге түсіріп, белгілі форма мен тұрақты мағынада қолдану үшін және оларды қалыптастырып, күнделікті өмірдің игілігіне асыру үшін арнайы құрылған Терминологиялық комитет көптеген жұмыстар тарауын жүзеге асырып отырды.

    1941 жылы Н.Т. Сауранбаев СССР Ғылым академиясы Қазақ филиалының алғаш ұйымдасқан Tiл, әдебиет және тарих ииститутының тұңғыш директоры болып белгіленеді. Дүниеге жаңа келген жас институттың директоры есебінде Н.Т. Сауранбаев ғылыми-ұйымдастыру жұмыстарының бел ортасында жүреді. Жас кадрлар дайындап, ic жоспарын жасайды. Зерттеу жұмыстарының сапасын арттырып, мазмұнын тереңдете түсу үшін ғылыми күрестер жүргізеді. Tiл, әдебиет және тарих ғылымдарынының даму перспективаларын қарастырып, болашақ бағдарын белгілейді. "СССР Ғылым академиясы Қазақ филиалының Хабарлары" деген ғылыми журналдың "Tiл мен әдебиет сериясын" ұйымдастырып, оның тиісті дәрежеде және дер кезінде шығып тұруына зер салады. Редакторы, редколлегия мүшесі болады, басшылық етеді.

СССР Ғылым академиясының Қазақстандық базасы 1932 ж. құрылған болатын. Қазақ тіл мамандары осы базаның қарамағында қызмет істейді. 1936 жылы қазақтың "Ұлт мәдениеті" институты ұйымдасып, оның құрамына тіл мамандары, әдебиетшілер және тарихшылар енді. 1941 ж. ол Тіл, әдебиет және тарих институты болып құрылды. 1946 ж. Тарих институты өз алдына бөлініп шығып, қалған институт - Тіл мен әдебиет институты деп аталды. 1961 ж. ол Tiл білімі институты, Әдебиет және өнер институты болып екіге бөлінді. Тілшілер жұмыс істейтін ғылыми мекеме күні бүгінге дейін осылай аталып келеді.

    Ғылыми ұйымдастыру жұмыстарымен қатар Н.Т. Сауранбаев ғылыми-зерттеу жұмыстарын да бipгe жүргізеді. Tiл білімінің әр алуан мәселелерін талдап, теориялық қорытындылар жасау барысына ат салысып отырады. 1940 ж. ол "Қазақ тіліндегі көсемшелердің семантикасы мен функциялары" деген көлемді еңбек жазып бітіреді (орыс тілінде). Еңбек бүкіл кеңес тюркологиясында осы тақырыпқа жазылған бірінші монография еді. Ленинградтың Н.Я. Марр атындағы Tiл мен ойлау институты Н.Т. Сауранбаевқа осы еңбек үшін филология ғылымдарының кандидаты деген ғылыми дәреже береді. Қолжазба "Қазақ тіліндегі көсемшелер" деген атпен 1940 ж. жарияланады да, кейінерек (1944 ж.) орыс тіліне аударылып қайта басылады. 1943 ж. Н.Т. Сауранбаев "Қазақ тіліндегі құрмалас сөйлемдер жүйесі" деген тақырыпта докторлық диссертация қорғайды. Сөйтіп, ол қазақ лингвистерінің арасынан докторлар тобын бастауға құқық алады. 1948 ж. бұл еңбек өз алдына кітап болып басылып шығады.

    1946 ж. бүкіл республикамыздың ғылыми-мәдени өмірінде үлкен жаңалық болады. Қазақ ССР Ғылым академиясы құрылады. Н.Т. Сауранбаев осы академияның толық мүшесі (академик) болып сайланды да, қоғамдық ғылымдар бөлімінің академик-хатшысы (ол кездегі атау бойынша – төрағасы) қызметіне тағайындалады. Президиум мүшесі қызметін атқарады. Жаңа ұйымдасқан кезде Қазақ ССР Ғылым академиясының алуан түрлі міндеттері де мол еді. Соның ішінде Н.Т. Сауранбаев басқарып отырған қоғамдық ғылымдар саласында да қилы-қилы соны icтep тұрды. Өзі басқарып отырған бөлімнің нақтылы жұмыстары мен келелі міндеттері туралы мақалалар жазады, сөздер сөйлейді, талқылаулар өткізіп, нұсқаулар береді. Осы күнге дейін үзбей шығып келе жатқан "Қазақ ССР Ғылым академиясының Хабарлары" (қоғамдық ғылымдар сериясы) дал сол кезде Н. Сауранбаевтың басшылық етуімен бірінші рет жарық көреді.

    1951 ж. Н.Т.Сауранбаев Қазақ ССР Ғылым академиясының вице-президенті болып жаңа қызметке ауысады. Қоғамдық ғылымдар институттарының ғылыми-зерттеу жұмыстары мен ұйымдастыру шараларының бәрі бірдей Н.Т. Сауранбаевтың басқаруымен өтеді.

Өмірінің соңғы жылдары (1956-1958 жж.) Н.Т. Сауранбаев Tiл білімі институтында Қазақ тілі тарихы мен диалектологиясы бөлімін басқарады. Қазақ тіл бөлімінде кенжелеп дамып, артта қалып келе жатқан осы екі сала бойынша тиісті мамандар тәрбиелеп шығаруға қатты көңіл бөледі. Басты-басты мәселелерге арнап үлкен-үлкен мақалалар жазады. Бөлім қызметкерлерін проблемалық мәселелерді шешуге жұмылдырады.

Н.Т. Сауранбаев ғылыми жұмыстардың ұйымдастырушысы және ғалым болумен бірге, үлкен ұстаз да бола білді. Ол ұстаздық істерін 1932 жылдан бастап, өз өмірінің соңғы уақыттарына дейін бірде-бір толастатқан емес. Ең әуелі мектеп оқушылары мен олардың оқытушыларына арнап оқулықтар жазды. Педагогикалық мекемелер мен кеңестерді басқарды. 1938 жылдан бастап жоғары оқу орындарында лекция оқыды, доцент, профессор қызметін атқарды, кафедра меңгерушісі болып та істеді.

    Ғылыми іспен айналысқан, "сөз ұстартып", ұстаздық құрған Н.Т. Сауранбаев көрнекті қоғам қайраткері еді. 1950 жылы ол Бүкілодақтық бейбітшілікті жақтаушылар комитетінің мүшесі болып сайланды. Бейбітшілікті жактаушылардың дүниежүзілік конференциясында ғалым өз елінің - Қазақ халқының атынан сөйлеу үшін 1947 жылы Үндістанға барды. Осы сапарында ол Үндістан халықтарының өмірі жайлы кітапша жазды. Қазақстан жерінің елшісі ретінде Дели мен Агра, Аллахабад пен Калькутта, Мадрас пен Хайдарабад, Басра мен басқа да жерлерді аралап оралды, қалалар мен қалың көпшілік алдында сөздер сөйледі, бейбітшілік сақтау жолындағы Қазақ елінің қажырлы күресін баяндады. Сондай-ақ Иран, Ирак елдеріне де осы мақсатпен барып қайтты. 1954 жылы шығысты зерттеушілердің бүкіл дүниежүзілік XXIII конгресінде баяндама жасау үшін Н.Т. Сауранбаев кеңес делегациясының құрамында Лондонда да болды.

    Республикамыздың жоғарғы оқу орындары мен Академия құрамындағы бірнеше ғылыми кеңестердің мүшесі ретінде ғалым күнделікті өмірге қолма-қол араласып отырды. Терминологиялық комитеттің жұмысына қатынасты. Бірнеше газет-журналдардың редакциялық алқасының мүшесі болды.

    Н.Т. Сауранбаевтың ғылыми жұмыстарын, ұйымдастырушылық қабілетін және қоғамдық еңбектерін жоғары бағалап, Үкіметіміз оны «Құрмет орденімен» Қазақ ССР Жоғарғы Советінің Құрмет грамотасымен бірнеше рет марапатттады.

    Нығмет Тінәліұлы үлкен мәдениеттің иесі еді. Үлкен дәрежелі эрудициялық біліміне ол жарасып тұратын еді. Орыстың атақты ғалымдары И.И. Мещанинов, Н.К. Дмитриев, С.Е. Малов, Н.В. Юшманов сияқты дүниежүзілік беделге ие болған ғалымдармен қоян-қолтық араласып, бірге жұмыс істеді. Н.Т. Сауранбаев ұстанған этикалық нормалар әрдайым жоғары тұратын. Сондықтан да оның өнебойы үлгі мен өнегедей болып танылатын. Ол барынша әділ еді. Әр алуан рецензиялары және редакциялық жұмыстарында ересек болсын, жас болсын өз әріптестерінің мамандық қасиеттін қатты бағалайтын. Шынайы сөйлеп, турасын айтатын. Оның сөздерінен жанашыр жақсы жолдастың әуезі аңқып тұратын. Консультациялар мен кеңес беруден бас тартуды білмеуші еді. Талқылаулар мен пікір алысу жиналыстарына жиі қатысып, ғылым мен ғылыми еңбектерге қойылатын талаптардың үнемі ұшталып, жетіле беруін әрдайым қадағалап отыратын. Жолдастарына деген қарым-қатынасы нағыз ғылыми негізден шығып, таза адамгершілік тұңғиығынан туып отыратын. Ол үлкенді сыйлады, кішіге қамқор болды. Қатарына қадірлі, жүрген ортасында беделді, өзгелер сөзін құптайтын құрметті кісі еді. Үлкен де болса, кішімен шүйіркелесе кететін кішіпейіл де қарапайым адам еді. Көп кісілердің ішінде қатардағы жолдастың бірі еді.

    Қазақ ССР Ғылым академиясының академигі, филология ғылымдарының докторы, профессор, ғылымға еңбек сіңірген қайраткер марқұм Нығмет Тінәліұлы Сауранбаев өмірден ерте – небәрі 48 жасында қайтыс болды (1958 жылдың қараша айында). Бірақ оның артында өлмес мұрасы, ғылыми еңбектері мен асқақ арманы қалды. Көрсеткен үлгісі мен өнегелі аты қалды.

Қазақ тіл білімінде Нығмет Тінәліұлы 3 монография, 2 брошюра, 60 ғылыми мақала, 7 баяндама, 1 программа, 7 оқулық жазып, 2 сөздік түзіп шықты. Редакциялық жұмыстары мен саяси-әлеуметтік тақырыпқа жазған еңбектері, әрине, өз алдына.

Бұл өмірге ғалымның бергенінен берері көп еді. Жазғанынан жазары мол еді, жас жанды жаңа талап үстінде еді. Алайда, осы қалған мұрасының өзі де – бүкіл бір ғылым саласында өзіндік үлесі бар үлкен тұлға.

Қазақ тіл білімінде Нығмет Тінәліұлы 3 монография, 2 брошюра, 60 ғылыми мақала, 7 баяндама, 1 программа, 7 оқулық жазып, 2 сөздік түзіп шықты. Редакциялық жұмыстары мен саяси-әлеуметтік тақырыпқа жазған еңбектері, әрине, өз алдына.

Ол жайында

Қазақ тіл білімінің тарланбозы (https://mtdi.kz/main/akparat/id/766)

Нығмет Сауранбаев жайындағы отандық ғалымдардың зерттеулері (https://mtdi.kz/main/akparat/id/767)

Еңбектері

1.Қазақ тілінің емлесі туралы.Төте оқу;, 1938, 16 январь, № 2.

2.«V» мен «u» әріптерінің жазылуы. «Төте оқу», 1938, 26 январь, № 3.

3.«і» мен «j» әріптерінің жазылуы. «Төте оқу», 1938, 3 февраль, № 4.

4. «ғ», «х», «v» әріптерінің жазылуы. «Төте оқу». 1938, 15 февраль, № 5.

5. Қысаң «ы», «j» дыбыстарының жазылуы туралы. «Tөте оқу», 1938, 8 март, № 7.

6. Құрмалас сөйлемдер туралы. «Ауыл мұғалімі», 1938, № 6.

8. Емле жөнінде бірқатар ұсыныстар. «Социалистік Қазақстан», 1938, 26 ноябрь.

9. Қазақ тілі. Учебник казахского языка для V класса русской средней школы (первый год обучения). Алма-Ата, 1938; изд. 5. Алма-Ата, 1950.

10. Қазақ тіліндегі сөз таптары және олардың таптастырылуы туралы. «Халық мұғалімі», 1939, № 9.

11. Көсемшелер туралы. «Халық мұғалімі», 1939, № 17—18.

12. Есімдік. «Халык, мұғалімі», 1939, № 23—24. («Етістік», «Шылау сөздер» деген тақырыптар да осы мақаламен бірге берілген).

13. Казақ тілінің грамматикасы. V—VI кластарға арналған, II бөлім. Синтаксис, I басылуы. Алматы, 1939 (С. Аманжоловпен бірге жазған).

14. Рецензиялар: Іскендірова М. «Қазаң тілінің грамматикасы» туралы. «Халық мұғалімі», 1939, № 9.

Бегалиев Ғ. Синтаксис туралы. «Халық мұғалімі», 1940, № 3,11—12. 15. Русско-казахский словарь для начальной школы. Соста¬вители: Н. Сауранбаев, А.К.Акчулаков. Алма-Ата, 1939.

16. Қазақ тіліндегі көсемшелер туралы. Алматы, 1940. Программа казахского языка для взрослых. Алма- Ата, 1940.

17. Жаңа әліппе. «Жас большевик», 1941, № 1.

18. Орыс тілінен енген сөздердің емлесі туралы. «Социалистік Қазақстан», 1941, 11 январь.

19. Қазақ әдебиет тілі және оның терминологиясын жасау туралы. «Социалистік Қазақстан», 1941, 30 май.

20. Орыс тілінен енген сөздердің орфографиясы. «Халың мұгалімі», 1941, № 10.

21. Ана тілін оңыту туралы. «Халық мұғалімі», 1941, № 11. Қазақ тілінің синтаксис меселелері. Жинақ: «Қазақ тілі мен әдебиет мәселелері». Алматы, 1941.

22. Қазақ тілі. Учебник казахского языка. Алма-Ата, 1941.

23. Русско-казахский словарь для начальной школы. Соста¬вители: Н. Сауранбаев, С. Жиенбаев с участием Т. Акулова. Алма-Ата, 1942.

24. Итоги и основные задачи изучения истории, археоло¬гии и этнографии Казахстана. «Труды юбилейной научной сессии Каз. ФАН СССР». Алма-Ата, 1943.

25. Құрмалас сөйлемдер және олардың даму жолдары. «СССР Ғылым академиясы Қазақ филиалының Хабарлары». Тіл мен әдебиет сериясы, 1944, 1-шығуы.

26. Семантика и функции деепричастия в казахском языке. Ответ, редактор С. Жиенбаев. Алма-Ата, 1944.

27. Қазак, тілінің грамматикасы. Педучилище оқушылары мен бастауыш мектептердің мұғалімдеріне арналған оқу құралы. 1-басылуы. Алматы, 1944; 2-басылуы. Алма¬ты, 1948.

28. Тюркология ғылымының ірі қайраткері. «Қазақ ССР Рылым академиясының Хабаршысы», 1945, № 1 (С. Е. Маловтың ғылыми творчествосы туралы).

29. Қазақ тілінің грамматикасы. Педучилище оқушыларына арналған. Алматы, 1945. (Р. Бегалиевпен бірігіл жазған).

30. Рецензиялар: Ысқақов А. Ы. Зиянды кітап. «Лениншіл жас», 1946, 11 сентябрь. Қордабаев Т. Р. «Қазак, тілінің грамматикасы» туралы. «Халық мұғалімі», 1948, № 49. Ж о л а е в Ж. «Қазак, тілі» жайында.«Халык; мұғалімі», 1949, № 9.

31. Основные средства связи простых предложений. «Известия АН КазССР», серия филол., 1946, вып. 4.

32. Отделение общественных наук и его задачи. «Вестник АН КазССР», 1947, № 1—2.

33. К новым победам советской науки. «Вестник АН КазССР», 1947, № 5.

34. Герой Советского Союза и ученый. «Вестник АН КазССР», 1947, № 8.

35. Развитие общественных наук в Казахстане. «Вестник АН КазССР», 1947, № 11.

36. Қазақ тілінің совет дәуірінде дамуы және оның келелі мәселелері. «Халық мұғалімі», 1947, № 11;

37. «Қазақ ССР Ғылым академиясының Хабарлары», лингвистикалың серия, 1948, № 77, 5-шығуы.

38. К истории казахского литературного языка. «Вестник АН КазССР», 1947, № 12; «Труды III сессии АН КазССР». Алма-Ата, 1949.

39. Вступительное слово на собрании Отделения обществен¬ных наук АН КазССР, «Вестник АН КазССР», 1948, № 2.

40. Об итогах работы научно-исследовательских учрежде¬ний Отделения общественных наук АН КазССР за 1948 г. и задачи 1949 г. «Вестник АН КазССР», 1948, № 3; «Труды первой сессии Отделения общественных наук». Алма-Ата, 1950.

41. О тюркологических работах советских ученых. «Вестник АН КазССР», 1948, № 6.

42. Некоторые черты древнекыпчакского языка. «Вестник АН КазССР», 1948, № 12.

43. Еще раз о сложном предложении. «Известия АН КазССР», серия лингвистическая, 1948, вып. 5.

44. Қазақ тіліндегі құрмалас сөйлемдер жүйесі. Алматы, 1948.

45. Ломоносов және орыс тілі. Жауапты редакторы I. Кеңесбаев. Алматы, 1948.

46. Ескі дүние елдерінің өмірінен. Индияда. Алматы, 1949.

47. О путях рационализации и унификации современного казахского алфавита. «Вестник АН КазССР», 1950, № 1. Қазақстан тарихшыларының табысы. «Коммунист», 1950, № 1.

48. Әдеби тілдің әліппесі мен емлесін жетілдіру мәселелері (пікір алысу ретінде). «Социалистік Қазақстан», 1950, 26 март.

49. Тіл ғылымы дамуының жаңа кезеңі. «Қазақ, ССР Ғылым академиясының Хабаршысы», 1950, № 9.

50. Боевая программа советского языкознания. «Вестник АН КазССР», 1950, № 12.

51. Қазақ тілінің сөздік құрамын зерттеу туралы. «Халық мүғалімі», 1951, № 4.

52. Данышпандық; еңбек. «Әдебиет және искусство», 1951, № 6.

53. Состояние и задачи развития общественных наук в Академии наук Казахской ССР. «Вестник АН КазССР», 1951, № 191.

54. Письмо в редакцию. «Вестник АН КазССР», 1951, № 11.

55. Выступление на сессии Отделения общественных наук АН СССР. В книге: «Сессия общественных наук АН СССР». М., 1951.

56. Қазақ тілінің сөздік құрамын зерттеу туралы. Жинақ: «Қазақ тіл білімінің мәселелері». Алматы, 1951.

57. Рецензиялар: Севортян Э. В. Об ошибках казах¬ских языковедов. «Вопросы языкозна¬ния», 1953, № 2.

Заключение Сектора тюркских язы¬ков Института языкознания АН СССР о трудах по казахскому языкознанию. «Вопросы языкознания», 1953, № 2. 58. За дальнейшее развитие языковедческой науки в Казах¬стане. «Вестник АН КазССР», 1952, № 6.

59. К итогам дискуссии по некоторым вопросам казахского языкознания. «Вестник АН КазССР», 1952, № 6 (соавторы: А.И. Искаков, X.X. Махмудов, Г.Г. Мусабаев, М.Б. Балакаев).

60. Изучение словарного состава казахского языка. Сб. «Вопросы изучения языков народов Средней Азии и Казах¬стана». Ташкент, 1952.

61. Қазақ тілі алфавиті мен орфографиясы туралы. «Социалистік Қазақстан», 1953, апрель; «Оңтүстік Қазақстан», 1953, 15 апрель; «Екпінді», 1953, 11 апрель; «Советтік Қарағанды», 1953, 15 апрель.

62. Қазақ тілі. Педагогикалық училищелерге арналған оқу құралы. Алматы, 1953.

63. Рецензиялар: Мұсабекова Ф. Педучилшцелерге арналған «Қазақ тілі» оқулыгы туралы. «Лениншіл жас», 1953, 22 август.

Сарыбаев Ш., Әбілқаев А., Өңдеуді керек ететін оқулық. «Қазақстан мұғалімі», 1953, 22 август.

64. О категории лица повелительного наклонения. «Извес¬тия АН КазССР», серия филологии и искусствоведения, 1954, вып. 1—2.

65. Роль Абая в развитии казахского литературного языка. В кн.: «Жизнь и творчество Абая». Алма-Ата, 1954; «Вестник АН КазССР», 1954, № 6.

66. Қазіргі қазақ тілі (лексика, фонетика, грамматика). Алматы, 1954 («Құрмалас сөйлемнің синтаксисі»).

67. Рецензиялар: Люй Базэн. М. Балақаев, А. Ысқақов, Кеңесбаев, Ғ. Мусабаев, Н. Сауран¬баев. Қазіргі Қазақ тілі. Алматы. Париж лингвистикалық, қоғамының бюллетені, Париж, III том (1957—1958), 2-бөлім (француз тілінде). Қара: Сулейменова Б. Французский ученый о книге «Қазіргі қазақ тілі». «Вестник АН КазССР», 1959, № 6.

68. К вопросу об образовании казахского языка. Доклады советской делегации на XXIII международном конгрессе востоковедов. Секция Ирана, Армении и Средней Азии. М., 1954 (на русском и английском языках).

69. Диалекты в современном казахском языке. «Вопросы языкознания», 1955, № 5.

70. Основные способы связи составных частей в сложно¬подчиненном предложении (доклад, прочитанный на коор¬динационном совещании по проблемам глагольного вида и сложноподчиненного предложения в тюркских языках). Тезисы докладов координационного совещания по вопросам грамматики тюркских языков. М., 1956; В кн.: «Вопросы грамматики тюркских языков». Алма-Ата, 1958.

71. Выступление на координационном совещании по проб¬лемам глагольного вида и сложноподчиненного предложения в тюркских языках. Там же.

72. Қазақ тілінің жергілікті ерекшеліктерін зерттеу: «Социалистік Қазақстан», 1957, 14 март (Ж. Болатовпен бірге жазған).

73. Жанама толықтауыш пен пысықтауыш мүшелер туралы. «Халық мұғалімі», 1951, № 7 (Ж. Болатовпен бірге).

74. «Кодекс куманикус». «Жұлдыз», 1957, № 9 (Ә. Құрышжановпен бірге жазған). 75. Үгітшінің тіл мәдениеті туралы. «Социалистік Қазақстан», 1958, 13 февраль (Ж. Болатовпен бірге жазған).

76. Карл Маркс және тіл білімінің кейбір мәселелері. «Социалистік Қазақстан», 1958, 5 май (Ж. Болатовпен бірігіп жазған).

77. Ескі түркі тілдерінің кейбір жазу нұсқалары туралы деректер. «Қазақ тілі мен әдебиеті», 1958, № 7 (Ә. Құрышжановпен бірігіп жазған).

78. Казахская диалектология. Вопросы диалектологии тюркских языков («Труды Института литературы и языка» им. Низами АН Азербайджанской ССР, т. XII). Баку, 1958 (соавтор: Ш. Ш. Сарыбаев).

79. К изучению казахских диалектов. В кн.: «Вопросы истории и диалектологии казахского языка», вып. I. Алма- Ата, 1958 (соавтор: Ш. Ш. Сарыбаев).

80. Қазақ әдеби тілінің тарихын зерттеу туралы. Жинақ: «Қазақ тілі тарихы мен диалектологиясының мәселелері», 3-шығуы. Алматы, 1960.

Н. Т. Сауранбаев редактор болған немесе редакциялық алқаның мүшесі болған еңбектер тізімі

1. «Большевик Казахстана» (член редколлегии).

2. Жабаев Ж. Үш томдық шығармалар жинағы. Алматы (редактор).

3. «Қазақ ССР Ғылым академиясының Хабарлары», Қоғамдың ғылымдар сериясы (редколлегия мүшесі).

4. «Қазақ ССР Ғылым академиясының Хабаршысы» (редколлегия мүшесі).

5. Қазақ тілінің орфографиялың сөздігі. Алматы, 1941 (редколлегия мүшесі).

6. Құнанбаев А. Шығармаларының толық жинағы. Алматы, 1948 (жауапты редактор).

7. Литературный альманах (член редколлегии).

8. Русско-казахский словарь, т. т. I—II. Алма-Ата, 1946 (жауапты редактор).

9. Русско-казахский словарь. М., 1954 (жалпы редакциясын басқарған).

10. Хасенова А. Қ. Қазақ тіліндегі туынды түбір етістіктер. Алматы, 1959 (жауапты редактор).

11. Терминология сөздігі, II кітап. Алматы, 1950 (жауапты редактор).

Н. Т. САУРАНБАЕВ ТУРАЛЫ ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

1 Зиновьев Н. Тіл маманы. «Социалистік Қазақстан», 1946, 8 март.

2 Сауранбаев Н. Т. (Краткая заметка о творческой деятельности академика АН КазССР Н. Т. Сауранбаева). «Вестник АН КазССР», 1946, № 6.

3 Сб. «Наука в Казахстане за 40 лет советской власти». Алма-Ата, 1957, стр. 411—412, 415, 418, 481.

4 Кенесбаев С. К., Сарыбаев Ш. Ш. Казахское языкознание за 40 лет. «Вестник АН КазССР», 1957, № 11.

5 Сарыбаев Ш. Ш. Языкознание в Казахстане. «Вопросы языкознания», 1958, № 5.

6 Сауранбаев Н. Т. Некрологтар. «Коммунизм таңы», 1958, 19 ноябрь; «Қазақстан мұғалімі», 1958, 20 ноябрь; «Қазақ әдебиеті», 1958, 21 ноябрь; «Қазақ тілі мен әдебиеті», 1958, № 9.

7 Сауранбаев Н. Т. Некролог. «Вестник АН КазССР», 1958, № 12; «Учитель Казахстана», 1958, 20 ноября.

8 Кеңесбаев I., Сарыбаев Ш. Қазақ тіл білімі қырық жылда. Сб.: «Наука Советского Казахстана» (1920— 1960 гг.). Алма-Ата, 1960, стр. 604, 607, 610 и др.

9 Ермеков Ә. Қазақ тілі 40 жылда. «Ленин жолы». 1960, 18 ноябрь.

10 Балақаев М., Құрышжанов Ә. Қазақ тілі тарихын зерттеудің жайы мен міндеттері. «Қазақ ССР Ғылым академиясының Хабаршысы». 1960, № 10.

11 Сб.: «Советское языкознание за 50 лет». М., 1967, стр. 261, 262, 264.

12 Кенесбаев С. К. Основные вехи изучения языка казахского народа. Сб.: «Октябрь и наука Казахстана», 1967.

13 Серғалиев М. Тіл білімінің даму жолдары (Қазақ тіл білімінің советтік 50 жыл ішіндегі даму жолы). «Жетісу», 1967, 20 сентябрь.

14 Қазақ ССР-ы Жамбыл облысы, Қордай ауданындағы еңбекшілер депутаттарының Георгиевка ауыл советі сессиясының Георгиевка селосындағы Базарная көшесінің атын академик Н. Т. Сауранбаевтың атына қою туралы қарары. «Қордай шамшырағы», 1970, 6 июнь; «Курдайский маяк», 1970, 11 июня.

15 Қуандықов А. Ғалым, азамат, ұстаз. «Қордай шамшырағы». 1970, 6 июнь.

16 Қуанов А. Академик жерлесімізді еске тусіру. «Қордай шамшырағы», 1970, июнь.

17 Жұбанов Е. Нықаң аулына. Өлең (1970 ж. 31 май күні Н. Т. Сауранбаевтың туған аулы Шарбақтыда оның 60 жылдың юбилейін өткізуге арналған салтанатты мәжілісте оқылған). «Қордай шамшырағы», 1970, 6 июнь.

18 Қуандыков А. Ученый, гражданин, коммунист. «Курдайский маяк», 1970, 11 июня.

19 Мырзабеков С. Ғалым туған ауылда. «Қазақстан мұғалімі», 1970, 11 июнь.

20 Омарбеков С. Майталман ғалым, мейірбан аға. «Еңбек туы», 1970, 6 июнь.

21 Кеңесбаев I. К., Құрышжанов Ә. Азамат ғалым (Н. Т. Сауранбаевтың туғанына 60 жыл толуына). «Қазақ, ССР Ғылым академиясының Хабаршысы», 1970, № 12.

22 Төлеуов Ә. Мұны қалай тусінеміз? (редакцияға хат). «Қазақ әдебиеті», 1971, 15 январь.

23 Ысқақов А., Мұсабаев Ғ., Хасенов Ә., Әбілқаев А. Шындыққа жүгінсек... (редакцияға хат). «Қазақ өдебиеті», 1971, 19 март.

 


ПІКІР АЛМАСУ

Пікір қалдырыңыз




29/04/2024 14:05

ХАБАРЛАНДЫРУ!
0 485 0







08/04/2024 11:55

Хабарландыру!
0 907 0



26/03/2024 16:15

Хабарландыру!
0 1093 0












31/05/2017 16:34

Тіл мен тарих тамырлас
0 49385 10

02/05/2017 12:29

Қостілділік мәселесі
0 47144 0





05/06/2017 11:24

Абылайханның күйлері
0 44852 3


ТЕКСТ

Яндекс.Метрика