КІРУ



Аккаунтыңыз жоқ па? Тіркелу

Құпия сөзді ұмытып калдыңыз ба?

THE STATE LANGUAGE DEVELOPMENT INSTITUTE

МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛДІ ДАМЫТУ ИНСТИТУТЫ

  ИНСТИТУТ РАЗВИТИЯ ГОСУДАРСТВЕННОГО ЯЗЫКА



БАТЫРЛАР ЖЫРЫ КЕЙІПКЕРЛЕРІН БІРІЗДЕНДІРУ

ТОЛЫҒЫРАҚ

Құдайберген Қуанұлы Жұбанов — Құдайберген Қуанұлы Жұбaнoв 1899 жылы Орал облысы (Қазіргі Ақтөбе болысы) Темір уезі Темір Орқаш болысы Құсуақтам елді мекенінде (Teмиp-Уpкaчeвcкая волость) орташа шаруа отбасында дүниеге келеді.

Өмірбаяны

Қ.Қ.Жұбaнoв 1914 жылы «Xycaйния» медресесінде оқу үшін Орынбор қаласына барады. Мұнда ол дүнияуи ғылымдарға көңіл қойып, орыс тілін үйренеді. Осы жерде ана тілін оқыту әдістемесінің теориялық курсының негізін салушылардың бірі – Шaмғaли Xapecұлы Capыбaeв сияқты достар табады. 1916 жылы Құдайберген Жұрын екі сыныптық орыс мектебінің төртінші сыныбын бітіреді, бір жылдан кейін, яғни 1918 жылы 5 және 6-сынып бағдарламаларын бір оқу жылында қатар өтіп, Ілек училищесін үздік бітіреді. Осымен Қ.Қ. Жұбановтың білім алуының бірінші кезеңі аяқталады. Ол оқуын «Ocпaн-ишaн» мешітінде Құраннан бастап, орта білімді Ілек орыс училищесінің қабырғасында аяқтайды. Қ.Қ.Жұбановтың бастапқы кезде алған білімі оның тілші-ғалым болып қалыптасуына негіз болғанын айта кетуіміз керек. Өйткені ол осы жылдары араб және парсы, сондай-ақ орыс тілі сияқты құрылымы өзге тілдерді меңгереді. Он сегіз жасында-ақ Қ.Қ. Жұбанов түркі, араб және парсы тілдерінің сөйлеу, сондай-ақ жазба тілдерін меңгеріп шығады. Қ.Қ. Жұбанов бала кезінен әдебиетке қызығып, кейбір шығыс тілдерін білгендіктен, көптеген араб-парсы әдебиетін, атап айтқанда, Фирдоусидің «Шaxнaмасының», Сағдидің «Гүлістанының», Низамидің «Ләйлі мен Мәжнүнінің» және т.б. классикалық туындылардың түпнұсқасын оқиды. Классикалық Шығыстың тілі мен әдебиетінен алған білімі оған кейіннен Абай атындағы Қазақ педагогикалық институты қазақ тілі кафедрасының профессоры болып, Орта Азия мен Қазақстан халқының мәдениеті мен өнеріне арналған әртүрлі мәселелерге қатысты көптеген іс-шараларға белсенді қатысқан кезінде көп пайдасын тигізді. 1925 жылы Құдайберген Ақтөбе губОНО-сында инспектор-әдіскер болып жұмыс істейді. Ол сол кездің өзінде бірден үш шет тілін – неміс, ағылшын және француз тілдерін үйренуге бар ынтасын салады. Алғашқыда оған қала мектептерінің оқытушылары мен жеке адамдар сабақ берсе, кейін өз бетінше оқып, айтарлықтай табысқа жетеді. Осы кездері академик И.П. Павловтың, В.M. Бехтеревтің және басқа да көрнекті орыс ғалымдарының еңбектері бойынша психология, педагогика, логика және рефлексология пәндерін үлкен қызығушылықпен оқиды, Мәскеу, Қазан, Баку, Ташкент, Ленинград сияқты қалалардан E.Д. Поливанов, В.А. Бoгopoдицкий, И.И. Мещанинов, Aгaмaлы-oглы және т.б. көптеген ғалымдарымен хат алысады. 1928 жылдың көктемінде Қ.Қ. Жұбановты Қазақстан Республикасының сол кездегі астанасы Қызылорда қаласына шақырады, онда ол Халық Ағарту комиссариатының (Hapкoмпpoc) инспекторы болып жұмыс істейді. 1929 жылы қаңтар айында ғалымды Ленинград Шығыстың тірі тілдері институтына түркологиялық семинар бойынша аспирантураға іссапарға жібереді, бір жылдан кейін сол жақтан КСРО Ғылым академиясының Яфетология институтына аспирантураға ауысады. Қ.Қ. Жұбанов өз бетінше жалпы тіл білімі және түркітану саласында ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізеді. Ол жаңа латын әліпбиіне өтуге арналған іс-шараларға белсене араласады, 1929 жылы маусым айында қазақ орфографиясының негізгі қағидаттарын әзірлеу мәселесіне қатысты Қызылорда қаласында шақырылған ғылыми-орфографиялық конференцияда сөз сөйлейді. 1930 жылы Қ.Қ. Жұбанов Алматы қаласында өткен Қазақстанның Бірінші өңіртану құрылтайында «Смыслы бессмысленных слов» деген тақырыпта баяндама жасайды. Бұл баяндама оның бірнеше түркі тілін салыстыра зерттеген тиянақты ғылыми ізденістерінің нәтижесі ретінде көрінді. Ал «Шаруашылық одағайлары» («Скотоводческие междометия казахов») атты баяндамасы үй жануарларына қаратылып айтылатын қазақ одағайларын талдауға арналған. Кейбір деректерге сүйенсек, 1937 жылы Қ.Қ. Жұбановтың «Материалы к научной грамматике» (том I, Фoнетика), «Еще раз о глаголе дe» және т.б. бірнеше жұмысы жарық көруі тиіс болатын. Қазіргі кезде олардың тағдыры белгісіз. Қ.Қ. Жұбанов түркі және басқа тілдердің білгірі ғана емес, қабілеті ерекше публицист болған. Оның «Күй» [5] атты тамаша туындысы тақырыптың сонылығымен және деректік материалдардың молдығымен ерекшеленеді. Құдайберген Қуанұлы Жұбанов 1938 жылы 25 ақпанда атылады

 Өзекті мақалалары

 1. Буынның күші. Сөз екпіні

2. Грамматика нені қарайды, қандай пәндерден құралады?

3. Синтаксис тарихы

4. Сөз өзгешелігі мен сөз қызметі

5. Төңкеріс және қазақтың ұлт тілі

Ол туралы

1. Елден ерек тұлға. Қ.Жұбанов мұраларының тағылымы мол (https://mtdi.kz/main/oku_adisteme/id/774/q/1)

2. Ғұмырын тілді зерттеуге арнаған Профессор Қ.Жұбановтың еңбектері неге мектеп оқулықтарына енгізілмей келеді? (https://mtdi.kz/main/akparat/id/772)

3.  Жалындаған жастық шақ (https://mtdi.kz/main/oku_adisteme/q/3/id/773)

4. Қ. Жұбановтың қазақ жазуы мен әліпбиіне қатысты көзқарастары (https://mtdi.kz/main/oku_adisteme/q/1/id/769)

5. Қиянат пен әділеттілікті тарихтың жолы деп қабылдайды (https://mtdi.kz/main/oku_adisteme/id/781/q/3)

Еңбектері

1. Өнегелі мұғалім (мақала) // Қазақ, 11 ақпан, № 103. (Ж. Тілепбергеновпен бірігіп жазған). 1915 ж.

2. Наурыз құтты болсын (өлең) // Алаш, № 14. 1917 ж.

3. Аянышты хал (фельетон) // Алаш, № 20. 1917 ж.

4. Әйел теңдігі туралы (мақала) // Еңбекші қазақ, № 232. 1924 ж.

5. Түс екен (оқшауша) // Еңбекші қазақ, 11 қыркүйек, № 243. 1924 ж.

6. Yлгі алыңдар (мақала) // Еңбекші қазақ, № 254. 1924 ж.

7. Темір уезінің оқушылар тобы (мақала) // Еңбекші қазақ, 14 қаңтар, № 276. 1925 ж.

8. Екі қой, бір тоқты киіт өтірік дейді (жауап сөз) // Кедей, 11 сәуір, № 41. 1925 ж.

9. Ойыл коммуна мектебі кімге тиіс // Кедей, 14 қазан, № 62. 1925 ж.

10. Сауатсыздықты жоятын нұсқаушы мектеп // Кедей, 14 қазан, № 62. 1925 ж.

11. Халық ағарту ағысында төңкеріс толқыны //Кедей, 2 қараша, № 65. 1925 ж.

12. Қазақ емлесі жөнінен // Тілші, 6 ақпан, № 156. 1925 ж.

13. Коммуна мектептері жеті жылдық болсын //Еңбекші қазақ, № 10. 1926 ж.

14. Біз де ұлт театрына қарай маңайладық // Еңбекші қазақ, № 11. 1926 ж.

15. Аулақтан оқыту // Еңбекші қазақ, 19 қаңтар, № 14. 1926 ж.

16. Газет көпке ортақ // Еңбекші қазақ, № 74. 1926 ж.

17. Хат жолықпаған шығар (жауап) // Еңбекші қазақ, № 157. 1926 ж.

18. Малды қауіпсіздендіру шаруаның ырысы // Кедей, шілде, № 94. 1926 ж.

19. Мұғалімдер курстері тарады // Кедей, 31 тамыз, № 101. 1926 ж.

20. Таңжарықтың қуанышы (әңгіме) // Кедей, 7 қараша, № 36. 1927 ж.

21. Түпсіз астау, құдай және Ақтөбенің ілім-мәдениет орындары (фельтон) // Еңбекші қазақ, 21 тамыз, № 191.1928 ж.

22. Жаңа әліппені алу мәселесі туралы (баяндама сөздер) // Еңбекші қазақ, № 291. 1928 ж.

23. Төрт қызық, мың бейнет, жарық өмір (әңгімесі) // Кедей, 4 қазан. 1928 ж.

24. Жаңа әліппені үйрен! Жаңа әліппе сабақтары: жаңа әліппенің әріптері, бірінші сабақ, екінші сабақ. Жаңа кітаптар: 1. Жаңа әліппе туралы, 2. Жаңа әліппе сабағы. Губерния ішінде. Округтың жаңа әліппе комитетінде. Қ. Ж. «Кедей» газеті, № 35, 36, 1928 жыл, ноябрь.

25. Еңбек мектебінің он жылы // Кедей, 1928, 14 қазан, № 32.

26. Бас әріп керек пе? (жарыссөз) // Еңбекші қазақ, 2 желтоқсан, № 251. 1928 ж.

27. Емле жайындағы пікірлер // Еңбекші қазақ, № 69. 1928 ж.

28. Қазақстан жаңа әліппешілерінің тұңғыш конференциясы / (1928ж., декабрь 9-12). Жұбан ұлының сөзі (Ақтөбеден), 27–29 және 56–57 беттерде. Қазақстан баспасы – 1930ж., Қызыл-Орда, (ВЦКНТА заказы бойынша).

29. [Выступление на Научно-орфографической конференции] // Стенографический отчет Науч.-орфограф. конференции, созванной 2–4 июля 1929 года науч.-метод. советом НКП и ЦК НКА. Кзыл-Орда, 1930, C. 51−58, 115.

31. [Выступление на IV пленуме ВЦКНА] // Стенографический отчет IV пленума Всесоюз. центр. комитета нового алфавита, проходившего в г.Алма-Ате. (Л.,1931). C. 177, 201–204.

32. Қазақ тілінің ғылыми курсы жөнінен лекциялар. 1-кесек. Қазақ тілінің фонетикесі (Дыбыс жүйесі) // Политехникалық мектеп, № 7–8, 33−34-бб. 1933 ж.

33. Буын жігін қалай табуға болады // Ауыл мұғалімі, № 2. 1934 ж.

34. Әдіс бірлестіктері мен әдіс үйірмелерінде оқу жылының екінші жартысында талқыланатын әдіс, программа мәселелері // Ауыл мұғалімі, № 3, 25−28-бб. 1934 ж.

35. Абай – қазақ әдебиетінің классигі // Әдебиет майданы, № 11–12, 29−44-бб. 1934 ж.

36. Абай // Социалды Қазақстан, 26 желтоқсан, № 297, 28 желтоқсан, № 299. 1934 ж.

37. Қосар ма, дара ма? ("uv", "yu", "ьj", "ij"-лердің емлесі жөнінен) // Қазақстанның оқыту істерін басқаратын Халық комиссариатының жанындағы Мемлекеттік терминология комиссиясының бюллетені. № 1, 5 мамыр, 26−28-бб. 1935 ж.

38. К пересмотру казахской орфографии // Бюллетень государственной терминологической комиссии при Каз. Наркомпрос. № 1, 5 мамыр, C. 21−24. 1935 ж.

39. Қазақ тілінің емлесі мен әліппесіне кіргізілетін өзгерістердің жобасы // Мем. термин. ком. бюллетені, № 1, 5 мая, 29 б. 1935 ж.

40. Қазақ әдебиет тілінің терминдері туралы // Мем. термин. ком. бюллетені, № 1, 5 мамыр, 1−2-бб. 1935 ж.

41. О терминологии казахской орфографии и алфавита казахского языка // Там же, № 2, 15 мамыр, C. 2−3. 1935 ж.

42. О специфике слов-терминов // Там же. C. 1–2. 1935 ж.

43. Термин-сөздердің спецификасы жөнінде //... Мем. термин. ком. бюллетені, № 3, 20 мамыр, 1−2-бб. 1935 ж.

44. Қазақ тілінің емлесін өзгерту жайлы // Мем. термин. ком. бюллетені. № 4, 25 мамыр, 1−3-бб. 1935 ж.

45. Төңкеріс және қазақтың ұлт тілі // Қазақ әдебиеті, 20 қараша. 1935 ж.

46. К постановке исследования истории фонетики казахского языка // Тр. Казахстанского НИИ национальной культуры. Алма-Ата; Москва, вып. І, C. 3−13. 1935 ж.

47. Примечание к статье С.Аманжолова «Элементы флективности в казахском языке» // Там же, С. 155−158. 1935 ж.

48. Примечание к статье Аманжолова «О языке перевода классиков марксизма-ленинизма» // Там же, С. 152−155. 1935 ж.

49. Он үш жас күш // Лениншіл жас, 14 қаңтар. 1935 ж.

50. Қазақ тілі туралы (баяндама) // Қазақ әдебиеті, 23−27 мамыр; Казахстанская правда, 21–30 мамыр. 1935 ж.

51. Первый серьезный успех казахского драматического театра // Казахстанская правда, 16 января, № 14. 1936 ж.

52. Қазақ тілінің грамматикасы. I бөлім. Сөздің жалпы құрылысы (Жалпы морфология). Орта мектептің V класына арналған. Алматы, 74 бет. 1936 ж.

53. Қазақ тілінің програмы. Програмы. V-VII класқа арналған. Алматы, 29 бет. 1936 ж.

54. Из истории порядка слов в казахском предложении: (Исследования по казахскому языку. Вып. I). Алма-Ата, 57 стр. 1936 ж.

55. Заметки о вспомогательных и сложных глаголах: (Исследования по казахскому языку. Вып. II). Алма-Ата, 36 стр. 1936 ж.

56. Қазақ музыкасында күй жанрының пайда болуы (тіл мен тарих деректері). Қызылорда, 26 бет. 1936 ж.

57. Қазақ әдебиет тілінің терминологиясы жөнінде. Мемлекеттік Термин комиссиясы қолданған (Мәдениет қызметкерлерінің съезі мақұлдаған) принциптер мыналар... // Қазақ тілінің терминдері, 1-кітап. Қызылорда. 1936 ж.

58. Принципы терминологии казахского литературного языка, применяемые Гос. термин. комиссией (одобрено съездом культурных работников) // Қазақ тілінің терминдері, 1-кітап Қызылорда. 1936 ж.

59. О Горьком: [Доклад] // Литературный Казахстан, № 3. 1936 ж.

60. Соңғы екі-үш жылда // Қазақ әдебиеті, 31 шілде, № 29. 1936 ж.

61. Жаңа грамматиканың жаңалықтары жайынан // Ауыл мұғалімі, № 1–2, 27−39-бб. 1937 ж.

62. Шылаулар, қос сөздер, біріккен сөздер //Ауыл мұғалімі, № 3, 31−42-бб. 1937 ж.

63. Пушкин туралы (сөйлеген сөз) // Социалистік Қазақстан, 10–11 ақпан; Казахстанская правда, 10-11 февраля; Қазақ әдебиеті, 10-16 ақпан. 1937 ж.

64. Жанғазы! (хат) // Қазақ тілі мен әдебиеті, № 2. 1958 ж.

65. О специфике слов-терминов // Учитель Казахстана, 10 апреля. 1958 ж.

66. Термин сөздердің спецификасы жөнінде // Қазақстан мұғалімі, 1958, 10 сәуір. 1958 ж.

67. Буын жігін қалай табуға болады // Қазақ тілі мен әдебиеті, № 8, 49−55-бб. 1958 ж.

68. Қазақ музыкасында күй жанрының пайда болуы (тіл мен тарих деректері) // Жұлдыз, № 2. 1958 ж.

69. Қазақ тілі жөніндегі зерттеулер. Алматы: «Ғылым», 1966. 362 б. Исследования по казахскому языку. Алма-Ата: «Наука», 362 с. 1969 ж.

70. Еленбеген ерекшелік («Абай – қазақ әдебиетінің классигі» деген мақаланың бірінші бөлімі) // Қазақ әдебиеті, 20 желтоқсан. 1969 ж.

71. Абай және шағатай әдебиеті // Жұлдыз, № 6. 1969 ж.

72. Абай – қазақ әдебиетінің классигі. «Абай тағлымы», (әдеби-сын, мақалалар, зерттеулер), «Жазушы» баспасы, Алматы. 14−33-бб., (24 б/т). 1986.

73. Этюды к переводу трех стилей (название условное) // В сб.: «Лексико-стилистические вопросы перевода». Алматы, «Наука», 152 стр. (8 п/л), стр. 77−82. 1987 ж.

74. Төңкеріс және қазақтың ұлт тілі // Жалын, № 6. 80−82-бб. 1989 ж.

75. Төрт қызық, мың бейнет жарық өмір (әңгіме) // Жалын, № 6, 82−84-бб. 1989 ж.

76. «Құдайберген Жұбанов», шығармалар мен естеліктер. Алматы, 12 б/т. 1993 ж.

77. Қазақ музыкасында күй жанрының пайда болуы жайлы. 8−28-бб. 1993 ж.

78. Абай – қазақ әдебиетінің классигі. 28−59-бб. 1993 ж.

79. Төңкеріс және қазақтың ұлт тілі. 59−67-бб. 1993 ж.

80. Қазақ драма театрының алғашқы күрделі жеңісі. 67−70-бб. 1993 ж

81. Он үш жас күш. 70−73-бб. 1993 ж.

82. Біз де ұлт театрына қарай маңдайладық. 73−74-бб. 1993 ж.

83. Әліппеміз бұқарашыл болсын. Ақтөбе газеті, 13-қазан. 1994 ж.

84. Қазақ музыкасында күй жанрының пайда болуы. Ақтөбе газеті, 3-қараша. 1994 ж.

85. К постановке исследований истории фонетики казахского языка // Вестник КазГУ, серия филологическая, № 12, стр. 5–12, объем 13,6 п/л., 162 с. Алматы.


ПІКІР АЛМАСУ

Пікір қалдырыңыз




29/04/2024 14:05

ХАБАРЛАНДЫРУ!
0 489 0







08/04/2024 11:55

Хабарландыру!
0 912 0



26/03/2024 16:15

Хабарландыру!
0 1095 0












31/05/2017 16:34

Тіл мен тарих тамырлас
0 49392 10

02/05/2017 12:29

Қостілділік мәселесі
0 47149 0





05/06/2017 11:24

Абылайханның күйлері
0 44856 3


ТЕКСТ

Яндекс.Метрика