THE STATE LANGUAGE DEVELOPMENT INSTITUTE
МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛДІ ДАМЫТУ ИНСТИТУТЫ
ИНСТИТУТ РАЗВИТИЯ ГОСУДАРСТВЕННОГО ЯЗЫКА
Соңғы мақалалар:
Биылғы жылдың сәуір айында Мемлекет басшысы «Болашаққа бағдар рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласын жариялаған-тұғын. Осы мақалада 2025 жылы латын әліпбиіне біржолата және толықтай көшетініміз айтылды. Ал биылғы жылдың аяғына дейін мемлекет латын әліпбиінің нақты нұсқасын таңдап соған тоқтауы тиіс.
Латын әліпбиін енгізу Қазақстан азаматтарының барлығына қатысты. Сондықтан жаңа қазақ әліпбиінің нұсқаларын таңдауға, талқылауға келгенде тек мемлекеттік органдардың өкілдері мен лингвист мамандар ғана емес, сонымен бірге қоғам да атсалысуы қажет деп есептейміз. Назарға ұсынылған үлгілердің арасында қазіргі ақпараттық заманның талабына сай келетін әмбебап, қолданысқа қолайлы латын әліпибін таңдағанымыз жөн.
Осы хат арқылы мен жауапты орындарға латыншаның негізінде құрылған жан-жақты жетілген қазақ әліпбиінің үлгісін ұсынамын (төменде суретте).
Бұл арадағы маңызды мәселесі: диакритикалық символдар мен диграфтардың қайсысын таңдаймыз?
Мен ұсынған үлгіде таңдау диакритикалық символдарға түсіп отыр. Біріншіден, символдар тұтастай оқыулы керек, олар толыққанды әріп ретінде есептелуі тиіс. Және қалай оқылса, солай жазылуы міндетті.
Екіншіден, бұл әліпбиді латыншамен таныс кез-келген адам оқи алатын мүмкіндігі болуы керек. Ал «zh», «ng», «tsch», «kh» деген тіркестерді қолданар болсақ, істі қиындатып, латыншаның айтылуы мен оқылуын ауырлатып жібереміз. Мұндай жағдайда ол бізге қажет пе еді деген сауалдар да туындай бастайды.
Үшіншіден, диакритикалық символдар («Ä», «Ï», «É» және т.б.) уақыт елегінен өткен және осы уақыт ішінде аталған әліпбидің ажырамас бөлігіне айналған. Оның үстіне бұл символдарды бірқатар Еуропа елдері басқа дыбыстарға балама ретінде қолданатынын ескеру керек.
Тағы бір жайт, бірқатар сарапшылар тілге тиек еткенмен «В», «Ч», «Ф», «Э» сияқты дыбыстар қолданыстан алынған жоқ. Себебі, кейбір шетелдік сөздер мен терминдерді жазуға келгенде бұларға амалсыз жүгінесің. Аталған шара ХХІ ғасырдағы қазақ тілінің фонетикалық үндестігін қамтамасыз етеді. Латыншаны енгізгеннен кейін қазақ тілінің орфографиясын модернизациялау қажеттілігі туындайды.
Бізге алғашында орыс тілінен алынған, кейін қазақ тілінің қолданысына еніп кеткен кейбір сөздердің жазылуын қайта қарауға тура келеді. Бәлкім, бұл арада түпнұсқа тілдегі (неміс, ағылшын, француз және т.б.) терминдермен синхрондау қажеттігі туындауы мүмкін.
Атап өтерлігі, мен ұсынған әліпби түрік және ағылшын тілдерімен барынша интеграцияланған. Түрік тілі – уақыт сынынан өткен жазбаша жүйе, түркі әлемінде кеңінен қолданылатын тілі. Ағылшын тілі – жаһандық тіл. Бизнестің, ғылымның, мәдениеттің тілі.
Осы хатқа қосымша ретінде аталған тақырыпқа қатысты жарияланған мақалаларымды жіберіп отырмын. «Қазақ жазуының тарихы» (10.05.2017 жылы «Exclusive» журналында жарияланды) және «Неліктен латын әліпбиі Қазақстанның концептуалды таңдауы болуы керек?» (19.05.2017 жылы «Forbes» журналында жарияланды).
Латын әліпбиін енгізу сөзсіз қазақ тілінің қолданыс аясын кеңітіп, ұлттың сана-сезімінің ояунына ықпал етеді. Осы ретте аталған мүмкіндікті мүлт жібермей, латын әліпбиін енгізумен қатар Қазақстандағы мемлекеттік тілдің абыройы мен беделін көтеретін тілдік реформа жүргізуді қажет деп санаймын.
ПІКІР АЛМАСУ
ТЕКСТ