THE STATE LANGUAGE DEVELOPMENT INSTITUTE
МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛДІ ДАМЫТУ ИНСТИТУТЫ
ИНСТИТУТ РАЗВИТИЯ ГОСУДАРСТВЕННОГО ЯЗЫКА
Соңғы мақалалар:
Қазақ тіліндегі ұлттық сипатты, Ым-ишараттардың аудармасы туралы
Авторы: MTDI
24/05/2017 11:40 0 40720 1
Мақаланың мақсаты – қазақ тіліндегі бейвербалды амалдардың ұлттық-мәдени сипатына, мағыналық топтары мен семантикасы туралы айта отырып, олардың аудармасына, сөзбе-сөз аудару тәсілінің қолайлылығына тоқталу.
Адамдар өмірде, күнделікті тіршілікте тек сөйлесу арқылы ғана емес, олар кейде шартты белгілермен де бір-бірімен оңай түсініседі. Шартты белгілерді пайдалану адамдар арасындағы қарым-қатынас жасаудың бір амалы, түрі. Шартты белгілердің көбі семиотикалық белгілерге жататыны белгілі. Семиотикалық таңбалардан басқа адамдардың ыммен түсінісуі, көз, қабақ, ауыз қимылымен, дене қозғалысымен ұғынысуы бар. Сөйлесуші тараптар сан түрлі ым-ишарамен, дене мүшелерінің, оның ішінде иек, бас, кол, қас, қабак, көз, ерінмен, кейде бірнеше дене мүшесінің қатарынан қимылға түсуімен ойларын жеткізе алады.
Бейвербалды амалдар арқылы алуан түрлі ақпарат алуға болады. Ым мен ишараттар, адамның бет-жүзіндегі өзгерістер оның көңіл-күйін білдіреді, адамның мінезін байқатады, тілдесуші адамға деген көзқарасын, белгілі бір іс-әрекетке деген, өмірдің басқа түрлі құбылыстарына байланысгы көзқарас-бағасын жеткізеді. Ғалымдар бейвербалды амалдар жеткізетін ақпараттардың шынайылыгы басым екенін дәлелдеп жүр. Сондықтан тілдегі паратілдік амалдарды қолдану барысында алынатын мәліметтерді бірнеше топқа бөлуге болады: 1. индивидтің жеке белгілері; 2. әлуеметтік-топтық сипаттамасы; 3. сөйлеушінің ұлттық немесе территориялық атрибуттары [1: 5].
Тіл білімінде бейвербалды амалдар жасалу жолына қарай: 1. фонациялық (қарқын, дауыс тембрі, дауыс қатысы, кідіріс, әуен-әуезділік, т.б.); 2. кинесикалық (қимыл, бет қимылы, ым, поза); 3. графикалық (жазу, колтаңба, символдар, т.б) деген топтарға бөлінеді. Бейвербалды амалдардың бәрінің де ұлттық сипаты өзге сипаттарына қарғанда басым түсетіндіктен, ментальды сипат, ұлттық-мәдени негіз әсіресе кинесикалық амалдарда көп сақталады. Өйткені әр халықтың тілі әр түрлі болатыны секілді ым-ишарат тілі де әр халықта түрліше болып қалыптасқан, ұлт мәдениетімен өзектесіп жатады. «Культура человека - это не только определенный склад мышления и чувствование народа, это также знание языка и свободное владение невербальными кодами, принятыми в данном обществе, это следование выработанным нормам и правилам коммуникативного поведения, заставляющим людей чувствовать и осознавать свою принадлежность к данной культуре, в непременном сочетании вниманием и уважением к чужой культуре и ее носителям [2: 151]. Шынында да әдетте өзге тілді білмейтін адамдар ым-ишараттармен түсінісуге тырысады, алайда ұлттық ерекшеліктерден бейхабар болса, мұның кей жағдайда түсініспеушілік тудыруы ықтимал. Сондықтан ым-ишараттар универсалды және ұлттық семантикалы болады.
Егер адамзат тарихы мен түрлі әдет-ғұрып, салт-дәстүр туралы мәлімет мол болса, бейвербалды амалдарга қарап адамның қай ұлттың өкілі екенін анықтауға болады. «Өйткені, бейвербалды компоненттер - тілдік амал-тәсілдер секілді ұлттық феномен. Олар этностың салт- дәстүрі мен әдет-ғұрпының негізгі элементтерін бойына сіңіреді» [3: 143]. Ал өзге ұлт өкілдері секілді қазақ жазушыларының шығармаларында бейвербалды амалдар ұлттың дүниетанымының, қазақ халқының салт-дәстүр, әдет-ғұрпының көрінісі ретінде мәтін ішінде үнемі кірігіп отырады. Сюжеттің өрілуіне карай бір шығармаларда аз, енді бірінде көп болып, сарқыт беру, сарқытын іштірту, сарқыт қалдыру, аңнан қайтып келе жатқан аңшының бір тоғызын қарсы жолыққан я қалаған адамының үйіне байлауы, таңғы астан ауыз тиюі, жаңадан келіп көрші қонған үйге ерулік беру, құдалармен құйрық-бауыр жесу, шашу шашу,т.с.с. ұлттық-мәдени негізді бейвербалды амалдар жазушылардың көркем шығармаларына өзіндік сипат пен өң беріп отыратыны рас.
Танымал этнограф С.Кенжеахметұлы ұлттық сипаттагы ым-ишараттардың «сезімді, көңіл-күйді, іс-қимыл, әрекетті сөз тауыспай-ақ ыммен, ишарамен еппен сездіретінін, ...оны дәл бейнелейтін ойлы, қызыкты әрі сесті ұғымдар болатынын... мұны әдет-ғұрып ишарасы дейтінін ... Дегенмен тұрмыс пен салттың, өмір мен тіршіліктің, қоғам мен дәуірдің өзгеруіне байланысты мұндай әдет пен дағдының кейбіреулері ұмыт қалғанын», – айтады [4: 25].
Халқымыздың ертеден келе жатқан салт-дәстүрінің бейвербалды көрінісіне бата беру, оның оң және теріс түрін, омыруының сүтін көкке саууды, мойнына бұршақ салуды, артынан топырақ шашуды, қол жаю, бет сипау, қол ұстатар, шаш сипар, көңіл айту кезіндегі ым-ишараттарды, қамшы тастау, қылыштың жүзін сүю, қолын кеудесіне қою,т.б. жатады. Бұлардың құндылығының өзі этникалық сипатында, оларды вербальды тілмен сөйлетіп, қағаз бетіне түсірген кезде әлемнің тілдік суретін байыта түсуінде жатқаны сөзсіз. Қазақ тіліндегі ым мен ишараттарды жас ерекшелігіне, жыныстық қолданысына қарай ажыратуға болады. Олардың тек ерлерге тән, атап айтканда, қамшымен көзге шұқу, төс қағыстыру, арқаға қағу, иығынан нұқып жіберу, бірін-бірі итеріп қалу, қамшы тастау сияқты түрлерін айтуға болады. Ал әйелдерге тән бет жырту, ернін шығару, бетін шымшу, шашын жайып жіберу, омыруының сүтін көкке сауу, орамал бұлғау, аузын шылп еткізу, т.б. көрсетіліп жүр. Бұл жөнінде алғаш сөз қозғаған Қ.Жұбанов бірнеше бейвербалды амалды тізбелей келе: «Бұлар әйелдердің специфик тілі болып табылады», – деп бағалайды [5:41].
Балалар қолданысындағы ым-ишаралар ересектерден өзгеше келеді. Балалар коммуникация барысында бірнеше ишараны бірінен кейін бірін, я болмаса кешенді ишарапарды қолданады. Тілін шығару, аузын қисаңдату, иығын қиқаңдату, санын шапалақтау, тұрған орнында секіру, бірімен бірі секіріп жүріп қүшақтасу – кинесикалык, такесикалық амалдардың аралас келуімен немесе кешенді бейвербалды амалдармен жасалады. Бейвербалды амапдардың іс жүзіндегі жиілігін анықтау үшін, қай түрінің актив екенін білу максатында диплом жұмыстарын жаздырту кезінде сауалнама жүргіздірттік. Нәтижесінде, мектеп жасындағы балалар қол ишараттарын орташа жиілікпен колданатыны анықталды. Солай бола тұрса да, ер балалар арасында жаппай қалыптасып кеткен ишараға қол алысу жататыны белгілі болды, себебі өздеріндей ұл балалармен, ересек ер адамдармен қол алысып амандасу дағдысы ертеден-ақ қалыптасқан. Жасы ересек, жогары сынып оқушылары қыздармен сүйісіп амандасуды соңғы кездерде әдетке айналдырғаны сауалнаманың нәтижесінен байқалды. Жасы кіші, төменгі сынып оқушылары бірін бірі тілін шығарып мазақтаса, назарын аударту үшін бірін бірі қолымен түртіп қарататыны, қуанса қыздардың қол шапалақтап, секіретіні де анықталды.
Көркем шығармалардағы бейвербалды амалдардың қолданыс жиілігі де, мағыналық түрлері де өзге стильдік тармақтарға қарағанда әлдеқайда көп әрі бай болып келеді. Сондықтан оларды мағыналық топтарга жіктегенде, архаизм-бейвербалды амалдар, кәсіби бейвербалды амалдар, вариантты бейвербалды амалдар, тұрпайы ишаралар, табу ишаралар, диалект түріндегі бейвербалды амалдар деп бөлуге болады.
Архаизм бейвербалды амалдарға бетіне күйе жағу, ат құйрығын кесісу, артынан топырақ шашу сияқты амалдар, ал вариантты түріне қол бұлғау – орамал, тымақ бүлғауды, кәсіби бейвербалды амалдарға әр сала мамандарының кәсібіне сай орындалатын кинесикалық, такесикалық, интонациялық т.б. амалдар жатады. Табу ишаралар ұлттык; сана, ұлт мәдениетімен, оның рухани жэне мәдени тіршілігімен байланысты сөйлеу тілінде орныққан. Сондықтан табу-ишараларды біліп-түсіну әр халықтың өзіндік ерекшелігін анықтауға мүмкіндік береді. «Тілінді шығарма, ұят болады», «Адамға қарап керілме, ұят болады», «Адамға қарап қолыңды шошайтпа» т.с.с. этикеттік тыйым-ишаралары қазақтың салт-дәстүріндегі табуға айналған бейвербалды амалдар екені белгілі.
Диалект бейвербалды амалдарға бір ғана мысал ретінде, адамның шайға қанғанын білдірудің әр аймақта әр түрлі ишарамен жеткізідетінін келтіруге болады: бір аймақта кесенің үстіне шай қасықты төңкеріп қойса, енді бір жерде кесенің өзін төңкеріп қою, дастарханның шетін қайыру ишаралары. Осылайша қалыптасу жолдары мен семантикалық сипатына карай бейвербалды амалдардың антонимдік, омонимдік, паронимдік, вариантты, окказионалды, архаизм, тұрпайы магыналы түрлері үлттың тілдік көрінісінде әбден орныққан. Сондықтан ұлт мәдениетінің бір маңызды бөлшегі – бейвербалды амалдар деген тұжырым дәлелдеуді қажет етпейді.
Ұлттық нышаны айқын көрініп тұратын бейвербалды амалдар әр ұлттың, халықтьң ұлттық-мәдени ерекшеліктерінің көрсеткіші болса, олардын тілдік яғни вербалды амалдармен жеткізілуі ұлт мәдениетінің тілдегі көрінісіне айналған, өйткені параамалдардың мағыналық астарында халық өмірінің бар қыры мен сыры жан-жақты сақталган.
Ұлттың мәдени байлығы саналатын бейвербатды амалдармен өзге ұлт көп жағдайда көркем шығармалар арқылы танысады. Көркем шығармалардың аудармасы әр түрлі ұлттар арасында мәдени диалогты орнатудың бастау көздерінің бірі, бірақ мәтін құрамындағы бейвербалды амалдарды аудару калай жолға қойылғанын, аударудың қай тәсілінің ыңғайлы болып отырғапын, аударманың дәлдігін біліп отыру өзін-өзі сыйлайтын ұлт үшін қажетті атрибут болса, ұлттық феноменге, ұлттың байлығына, қазынасына айналған бейвербалды амалдарды адамзат тарихымен бірге ғасырлар төріне аман-есен жеткізудің бір амалы да. Сонымен бірге мазмұн-мағынасы бір-біріне сәйкес келетін параамалдарды анықтау, сәйкестігі жоқ, өзге ұлттың түсінігіне лайық емес я болмаса мүлде болмайтын амалдарды аударуды қалай жүзеге асыруға болады, қиындықтан шығудың амалы неде, аудару барысында қандай грамматикапық құрылымдарды қолданған дұрыс болады деген сиякты көптеген мәселелерге көңіл бөліп, талдау жүргізудің көркем дүниені аудару кезіндегі мән-маңызы зор, көркем туындының көркем де бейнелі сипатын жоғалтпауы үшін рөлі айрықша. Параамалдардың атқаратын стильдік кызметі мен стильдік жүгін дұрыс пайымдаудың аудармашы үшін де, аударма жасатып отырған ұлт үшін де, сапалы аударманың дүниеге келуі үшін де мәні ерекше.
Енді көркем шығармалардың классикалық үлгісі «Абай жолы» романындағы (1-2 кітап) кейбір бейвербалды амалдардың аудармасына көз жүгіртіп көрелік.
«...Үйдің іші әрі қайран боп, әрі сүйсініп, қарқылдай куле жөнелді. Майбасар қысьлғаннан, үнсіз ғана лекітіп күле беріп, Абай бітірген уақытта, басын шайқап, дымы құрып, боқтап жіберді де:
– Қап! Қап! Мына жаманның қылығын-ай!.. Енді қайттым, бәтір-ау?! –деді.
Абай күліп мысқылдап:
– Бол, ататын болсаң, өлеңмен ат, Майеке, әйтпесе, тыңдамаймын! –деп, басын шайқады («Абай жолы», II кітап, 117-118- б.). Бұл үзіндідегі бас шайқаудың екі түрлі мағынасы бар. Бірінде амалсыздықты, амалы құрып, әрі-сәрі күйде қалуды, екіншісінде қажетсінбейтін қылықты, жоққа шығаруды, тіпті шорт кесуді білдіреді. Енді осы екі мағынада жұмсалып тұрған параамалдардың аудармасын көрелік:
«Жигиты рахохотались, пораженные неожиданной выходкой, – песня понравилась всем. Майбасар, растерявшись, не нашелся, что ответить. При последних словах песни он только покачал головой и крепко выругался.
– Ну и ну! Вы смотрите, что выделывает этот озорник! – усмехаясь, сказал он. – Как же мне быть?!
Абай насмешливо подзадорил его:
– Отвечайте, Майеке, если хотите! Но только в стихах, иначе и слушать не стану. – И он замотал головой (Кн.2.,117 стр.). Аударма туынды десек, осы туындының түпнұсқаға өте жақын немесе бірдей аудармасы түпнұсқаның көркемдік ерекшелігін, автордың сөз қолданысы мен ұлттың тіл байлығын еркін меңгеріп, бойына сіңіргенін аталмыш бейвербалды элементтердің аудармасы, оның өзінде де тең баламалы, сөзбе-сөз аудармасы көрсетіп тұр. Аудармашы үшін де, көркем шығарма үшін де маңызды сәттер осылай қалыптасады. Сәтті аударманың шығуына сәйкес түсіп жатқан параамалдармен сөзбе-сөз аудару мүмкіндігі себін тигізетіні мына мысалдан да көрінеді:
«Көршілес, туысқан елдің ауыр жайларын Қадырбай күрсіне түсіп, қиналып тыңдады. Жүдеп, мұңайып отыр. Басын шайқап, таңдайын қағады» (1-кітап, 311-6.). «Старик слушал, не скрывая глубокой печали: горе соседнего племени удручало его. Изредко он покачивал головою и причмокивал языком» (Кн., 285-стр.). Басын шайқаудың бұл үзіндідегі мағынасы жоққа шығарудан, әрі-сәрі күйден бөлек, осы арада күйініш, амалсыздық, қиналу мағынасында жүмсалған әрі екі бірдей бейвербалды амал катар орындалған. Жалқы емес, кешенді параамалдың тең дәрежедегі аудармасы бүл арада да өз дәрежесінде шыққаны байқалады. Бас июдің көп жағдайда мағынасы мойындау мен жеңіліске, құрмет пен қадірлеуге келіп тіреледі, бірақ тек бұл ғана емес, мақұлдау мен келісімді білдіретіні де аударманың тең сипатынан, екі ұлтқа ортақ ишараның сәйкес келуінен байқалып тұр, аударманың тура шығуына ым-ишараның ұқсастығы әсер еткен. Мысалы: Айтқан сөзін құп алды да, үндеместен бас иді (1 кіт., 305- б.); Он молча склонил голову в знак согласия с нею (Кн.1 .,280-стр.).
Өз тарапымыздан сөз еткен мәселе сөйленістің көмекші элементтері аудармасының бір сәттік көрінісі ғана, ал айтарымыз, бейвербалды амалдардың аудармасы жеке зерттеуге лайықты әрі өзекті проблема.
Пайдаланылған әдебиет
Бейсембаева С. Невербальные компоненты коммуникации в казахском языке. Дисс.канд.филол. наук. - Алматы, 2002.119.
Крейдлин Г.Е. Невербальная семиотика: Язык тела и естественный язык. - Москва: Новое литературное обозрение, 2002,- 592 стр.
Сейсенова А.Д. Лингвистикалық мәдениеттану: этикет нормаларына салыстырмалы талдау. - Филол. ғыл.канд. дисс,- Алматы.1998, 183 б.
Кенжеахметұлы С. Ұлттық әдет-ғұрыптың беймәлім 220 түрі. Алматы. Санат, 1998.
Жұбанов Қ. Қазақ тілі жөніндегі зерттеулер. - А.лматы: Ғылым. 1999. -581 б.
ПІКІР АЛМАСУ
01/06/2017 16:43
Орыс тілді мектептерде тіл дамыту жұмыстарының әдістемелік ерекшеліктері
|
ТЕКСТ