КІРУ



Аккаунтыңыз жоқ па? Тіркелу

Құпия сөзді ұмытып калдыңыз ба?

THE STATE LANGUAGE DEVELOPMENT INSTITUTE

МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛДІ ДАМЫТУ ИНСТИТУТЫ

  ИНСТИТУТ РАЗВИТИЯ ГОСУДАРСТВЕННОГО ЯЗЫКА



БАТЫРЛАР ЖЫРЫ КЕЙІПКЕРЛЕРІН БІРІЗДЕНДІРУ

ТОЛЫҒЫРАҚ

 

«Өкінішке қарай, қазіргі кезде өз бетімен ізденіп, диплом жұмысын жазатын студенттер азайды. Ғалымдар арасында да көшіріп алуға құмар азаматтар көбейді. Біздің ғалымдарымыздың жазған мақаласының басым бөлігі плагиат. Сондықтан өтпей қалады. Біз балаларды ұрлыққа өзіміз үйретіп жатырмыз. Плагиат ­ біздің қоғамның болашағына балта шабатын жазылмайтын кеселге айналып барады. Осы қауіпті түсінетін кез келді», ­ дейді «Жас қазаққа» арнайы сұхбат берген экономист-сарапшы, Қазақ мұнай және газ институты Бас директорының кеңесшісі Жақсыбек Құлекеев.

 

Жас қазақ: Жақсыбек аға, Елбасы 100 инновацияны қолға алу туралы жиі айтып жүр. Қазақтың қолы­нан қандай инновация келеді? 

 

Жақсыбек Құлекеев: Инновация – жаңалық енгізу деген сөз. Жаңалық тек еркін, ашық қоғамда бола­ды. Халықтың ішінде бастамашыл, еті тірі, талапты адамдар көбейген сайын, сондай қоғамда инновация дамиды. Сондықтан біріншіден, экономиканы инновациялық жолға қою үшін ең алдымен, халықтың еркін ойлап, жүріп-тұруына жағдай жасалуы тиіс. Еркіндік болған жерде ғана жаңаша ойлау болады. Кеңес дәуіріндегідей: «Тек осымен ғана айналыс» деп төбесінен тоқпақтап отырсақ, ешқандай инновация болмайды. Біз әлі де болса халықты еркін ойлауға үйретіп, көзін ашуымыз керек. Екіншіден, оқу-тәрбие жұмысын жаңаша ұйымдастыруымыз керек. Мұны біз балабақшадағы тәрбие жұмысынан бастап, университетті бітіретін жастарға дейін қамтуымыз қажет. Біз жастарды қалай тәрбиелеп жатырмыз? Университетте оқып жүрген жастар курстық немесе диплом жұмысын өзі жазбай, ғаламтордан көшіріп алуға бейім. Өкінішке қарай, өз бетімен ізденіп, өз сөзімен жазатын студенттер азайды. Ғалымдар арасында да көшіріп алуға құмар азаматтар көбейді. Біздің ғалымдарымыздың жазған мақаласының басым бөлігі плагиат. Сондықтан өтпейді. Біз балаларды ұрлыққа өзіміз үйретіп жатырмыз. Плагиат – біздің қоғамның болашағына балта шабатын, жазылмайтын кеселге айналып барады. Осы қауіпті түсінетін кез келді. Инновация дамуы үшін біріншіден, халықтың ішіндегі неше түрлі талантты, талапты азаматтарды тауып, соларға жағдай туғызғанымыз дұрыс. Жаңа бастамасы, идеясы, жаңалығы бар адамдарды қолдайтын арнайы мемлекеттік немесе жеке институттар ашуымыз керек. Олар әлі бізде жоқ. Екіншіден, инновацияны қолға алу үшін, халықтың менталитеті өзгеруі керек. Біздегі түсінік мынадай: біреу кішкене бизнес жасайтын болса, қолында күші барлар оның бизнесін тартып алуға немесе барынша кесір жасауға тырысады. Соңынан әлгі кәсіпті бұрынғы адамдай жүргізе алмайды. Нәтижесінде бастамашыл адамды екінші рет оған жоламайтындай етеді. Сөйтіп, бизнестің дамуына да тосқауыл қоямыз. Осы секілді келеңсіз оқиғалар кәсіпкердің мемлекетке деген сенімін азайтып, инновацияның дамуына тұсау болады. Мемлекеттік институттар керісінше, сондай бастамашыл адамдарды титтей ғана идеясы үшін қолдап, көмектескен жағдайда ғана біздің экономикамыз тұрақты даму жолына түседі. Қазақтың санасына сіңген тағы бір жаман әдет бар. Біреу кәсіпкерлікпен шұғылданса, оны керемет бай деп ойлаймыз. Кәсіпкер өндірісін дамыту үшін үлкен қаржысын салып, шығынданады. Ешқандай өндірістің бірден нәтиже бермейтіні белгілі. Онсыз да шығынданып отырған адамға барып, ағайын екенімізді алға тартып: «Сен кәсіп жасап жатырсың ғой. Осы тауарыңның бес-алтауын маған тегін бере салсайшы» дейміз. Бермесе ренжиміз. Ағайындық бір жағынан жақсы шығар. Ал бизнеске келгенде оның кесірі болады. Дамыған мемлекеттердегі түсінік мынадай: біреу кішкентай зат шығарса, соның артында бизнесті ұйымдастырған адам тұрғанын біледі. Сондықтан оның шығарған өнімі өзіне керек болса да, болмаса да сатып алуға тырысады. Себебі бүгін ол оған көмектессе, ертең сол адамның да бұның ұйымдастырған бизнесіне көмегі болуы мүмкін. Бізге керегі де осы. Біреудің кішкене кәсібін қолдасақ, ол ертең үлкен жетістікке жетіп, елімізге жақсылық әкеледі. Яғни бастамашыл жастарды мемлекет те, халық та бірдей қолдаған кезде, біз инновациялық жолға түсеміз. 

 

Жас қазақ: Инновация мен ғылым егіз ұғым. Инновация дамуы үшін, ғылым да өркендеуі тиіс. Біздің еліміздегі ғылымның жағдайы қалай? Біздің қоғамда ғылым мен оның жаңалықтарына сұраныс бар ма?

 

Жақсыбек Құлекеев: Ғылымның жағдайы бізде әлі қиын. Ғылыммен айналысатын ғалымдардың саны күрт азайып кетті. Ғылымға жастар аз келуде. Мысалы, 90-жылдары елімізде 90 мыңға жуық ғалым болса, қазір соның 16 мыңдайы ғана қалды. Ғылым саласында жұмыс істейтін мамандардың жалақысы әлі де төмен. Ғылым дамуы үшін оған деген сұраныс болуы шарт. Соңғы 1-2 жылда ғана бюджеттен ғылымға бөлінген қаражатты көбейтіп жатырмыз. Өкінішке қарай, сол ақшаны дұрыс бөліп, нақты нәтижеге жетерліктей механизмді әлі ойластырған жоқпыз. Ғылыми ізденістерге мемлекет қаржы бөліп жатыр. Алайда ғалымдар плагиатқа ұрынып, ғаламтордан тапқанын көшірумен шектелуде. Отандық ғылымды бұлай дамыта алмаймыз. Ол үшін әлі көп жұмыс жасалуы керек. Ең алдымен, ғалымдардың менталитетін өзгерту қажет. Инновация болуы үшін ғылымның нәтижесі сертификат, патент түрінде дайындалуы тиіс. Ғылымның барлық жетістігі коммерциялық өнімге айналмайды. Қазақстанда патенттің үлкен массиві болмаса, отандық ғылымға сүйеніп, бірдеңе жасаймын дегендер ештеңе таппайды. Сондай-ақ озық идеяның нәтижесі болып саналатын патенттер азайды. Мысалы, 1 мың патенттен бір-екеуі ғана коммерциялық жетістікке жетуі мүмкін. Бізде әзірше ресімделген патенттің үлкен массиві жоқ. Бізге тек сөреден орын алатын ғылыми-зерттеуден гөрі, болашақта өндірістен орын табатын практикалық маңызы бар нәтиже мен патенттің пайда болуын қамтамасыз ететін ғылым саясатын қалыптастыру керек. Бұл күрделі мәселе. 

 

Жас қазақ: Жасыл экономика дегенді қалай түсінеміз? Мәселен, көшедегі көлікті энергияның балама көзіне ауыстыруға бола ма?

 

Жақсыбек Құлекеев: Жасыл экономика дегеніміз – жаңа технология. Еуропаның дамыған елдері 2050 жылы мұнай өнімдерімен жүретін бірде-бір техника болмауы керек деген стратегиялық бағыттарын дайындауда. Мысалы, автокөлік шығарудан көшбасшылардың бірі – Германия, Скандинавия елдері сондай стратегиялық мақсат қойып отыр. Одан қысқа мерзімде автокөліктің бәрін баламалы қуат көзіне ауыстыру өте қиын. Өйткені, жаңа көлік 15-20 жылға дейін жүре беруі мүмкін. Соны ескеріп, еуропалық мемлекеттер қазір қамданып жатыр. Себебі автокөлік секторы мұнай өнімдерін ең көп пайдаланатын салалардың бірі. Жасыл энергетика дегеніміз – энергияның барлық балама көзін тиімді пайдалануға көшу. Мейлінше үнемдеуге үйренуіміз керек. Әлемдегі ең бай, халқының тұрмысы жақсы елдердің бірі – Скандинавия елдері. Мен Норвегия, Швеция, Финляндияда болдым. Олардың қысы біздікінен жылы емес. Тіпті 1-2 метрге дейін қар жауады. Сонда да олардың үйлеріндегі қысқы күнгі температура +18 С-тан аспайды. Далада 20-30 С аяз болса да, халқы жеңіл киініп жүреді. Халқы үнемділікке үйренген. Артық жылудың қажеті жоқ. 

Астана

"Жас қазақ" газеті

abai.kz


ПІКІР АЛМАСУ

Пікір қалдырыңыз







08/04/2024 11:55

Хабарландыру!
0 483 0



26/03/2024 16:15

Хабарландыру!
0 772 0








ТЕКСТ

Яндекс.Метрика