КІРУ



Аккаунтыңыз жоқ па? Тіркелу

Құпия сөзді ұмытып калдыңыз ба?

THE STATE LANGUAGE DEVELOPMENT INSTITUTE

МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛДІ ДАМЫТУ ИНСТИТУТЫ

  ИНСТИТУТ РАЗВИТИЯ ГОСУДАРСТВЕННОГО ЯЗЫКА



БАТЫРЛАР ЖЫРЫ КЕЙІПКЕРЛЕРІН БІРІЗДЕНДІРУ

ТОЛЫҒЫРАҚ

    Ағымдағы жылдың 27-ші тамызында «ҚазТрансОйл» АҚ-ның Астанадағы ғимаратында «Мектепке «ӘЛІППЕМЕН» барамыз!» деп аталатын дәстүрлі шара болып өтті. Бір қуанарлығы, компания қызметкерлерінің мектеп табалдырығын алғаш рет аттағалы тұрған балаларын құттықтап, қадамдарына ақ жол тілеп, шығарып салуы 6 жылдан бері ізгі дәстүрге айналыпты. Ең бастысы, мұндай шараның мақсаты – бүлдіршіндерді құттықтаумен қатар, мемлекеттік тіл саясатын компанияда және оның қызметкерлерінің отбасында насихаттауда, ана тілімізді отбасылық құндылыққа айналдыруда жатқанын көріп, қуанышымыз екі еселенді. Қадамдарың құтты болсын, балақайлар! 
    Компания басшылығы мен ұжымы атынан салтанатты рәсімді ашып, сөз сөйлеген «ҚазТрансОйл» АҚ-ның аппарат басшысы Алмас Оңғарсынов бүлдіршіндер мен олардың ата-аналарын дәстүрлі мерекемен құттықтады. Білім ұясына тұңғыш қадам басатын балақайларға сәттілік тілей отырып, ол былай деді: «Білім – инемен құдық қазғандай. Сендерді алда бақытты болашақтарың күтіп тұр! Көп ұзамай-ақ жаңа ұстаздарыңмен, жаңа достарыңмен қауышасыңдар! Кітап оқып, жазу жазып үйренесіңдер. Сондықтан білім алу жолында асқан шыдамдылық танытуларың керек. Сонда ғана жақсы нәтижеге қол жеткізуге болады. Сендерге оқуда тек сәттілік, ұқыптылық тілеймін! Сапарларың сәтті, қадамдарың оң болсын! Білім айдынында еркін жүзіңдер!». Ол сондай-ақ ата-аналарға бұрылып: «Біз әр күн сайын баламызды мектепке жіберетін кезде олардың болашағы баянды болатынына кәміл сенейік!» деген насихат сөзін айтты. Алмас Асқарұлы құттықтау сөзінде екі нәрсеге екпін түсірді. Біріншіден, былтыр 38 баланың 32-сі өз ана тілінде білім алуды таңдаса, биылғы жылы 28 баланың 20-сы қазақ мектебінің табалдырығынан аттамақ. Расында да, бұл аса қуантарлық жағдай. Екіншіден, мұндай іс-шаралардың алып компаниядағы корпоративтік рухты көтеруге, отаншылдық сезімді нығайтуға ықпалы ерекше. - «ҚазТрансОйл» акционерлік қоғамындағы негізгі міндет – өндірісті дамытумен қатар, ұжым қызметкерлерінің кәсіби деңгейін, рухани әлеуетін сақтау және көтеріп отыру маңызды мақсат болып саналады, – деді А.Оңғарсынов. Мерекелік шара одан әрі балақайлардың шағын концертіне ұласты. Мектепке әлі бармаған балалар қазақ тілінде «Әліппе», білім алу, отаншылдық ­туралы тақпақтарды мүдірмей оқып, жұмбақтар шешті. Оларға «Әліппе» мен «Ана тілі» бейнесінде киінген екі бала, жастары сәл үлкендеу қос жүргізуші көмек көрсетті. Жиылған жұртты қатты сүйсіндіргені, балақайлардың өн-бойынан ана тілімізге деген қызығушылық анық байқалып тұрды. Қазақша әріптер болып киінген 28-дің ішінен суырылып шығып, қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде ән шырқаған Зарина Еркінқызының өнеріне қол соқтық. «Менің әкем – мұнайшы. Мен де өскенде әкем сияқты мұнайшы боламын!» – деп таңдайы тақылдаған Әмір мынадай тақпағын оқып берді: Әліппе – білім анасы, Әліппе – кітап данасы. Әліппе бетін ашпаған Адамның бар ма баласы?!. Ал айтпақшы «Әліппе» бейнесін сомдаған 9 жасар Ерсұлтан есейгенде президент болғысы келетінін айтты. «Қазақшаны өте жақсы білемін! Үйде де, мектепте біз қазақша сөйлейміз. Достарым да қазақша сөйлейді», – деді ол «Жас қазаққа» өзінше шағын сұхбат беріп. Соңынан балалардың бәріне мектеп сөмкелері, арнайы сыйлықтар табыс етілді. Біздің басты құндылығымыз – адамдар! Компания қызметкерлері мен олардың балаларының өміріндегі атаулы оқиғаға өзіндік қатыстылығын «ҚазТрансОйл» АҚ-дағы үздік жұмысшылардың және зейнеткерлік демалыстағы ардагерлердің кәсіби өмірінен, озық тәжірибесінен үлгі көрсету арқылы танытуға тырысады. Оған қоса, компания қызметкерлерінің балалары ­Наурыз мейрамы мен басқа да шараларды атап өтуге тартылып, соның нәтижесінде өз ата-аналарының қайда және қалай жұмыс істейтіні жөнінде хабардар болып отыр. Еліміздің өңірлерінде сегіз мыңдай адам еңбек ететін үлкен де жарасымды ұжымда әрбір қызметкер үшін өзінің қызметтік міндеттерін орындау, кәсіби шеберлігін шыңдаумен қатар, қоғамдық елеулі іс-шараларға қатысу ерекше маңызды. Себебі компания қызметкерлері арасында олардың отбасы мүшелерін, балаларын тарта отырып өткізіліп жүрген балаларды 1-сыныпқа аттандыруға арналған «Мектепке «Әліппемен» барамыз», Наурыз мейрамын тойлау, «Қазақ тілі – менің тілім» байқауына қатысу сияқты қызықты да мазмұнды іс-шаралар үлкен ұжымдағы ұйымшылдық, көпшілдік, отаншылдық рухтың нығаюына әсер етеді. Сонымен бірге қызметкерлердің балаларына қамқорлық жасау – «ҚазТрансОйлдың» әлеуметтік жұмысының басым бағыты болып табылады. Бұған мысал ретінде компанияның 30 айлық есептік көрсеткіш көлемінде мектепке дейінгі мекемелердің қызмет ақысын төлеп отырғанын, балалардың жазғы лагерьлерде демалуына мүмкіндік бергенін айтуға болады. Биыл Атырау, Ақтау, Қарағанды, Жезқазған қалаларында тұратын 1600-ден астам бала жазғы демалысын Алматы облысының лагерьлерінде өткізген. «ҚазТрансОйл» АҚ әрдайым қызметкерлер мен олардың балалары әріптестер мен басшылық тарапынан қамкорлықпен қамтамасыз етілсін деп тырысуда. Қоғамда өткізілетін әлеуметтік шаралар Қоғамдағы жалпы рухани және әлеуметтік дамудағы біріктіруші рөлін атқарып отыр.

Jazqazaq.kz

ПІКІР АЛМАСУ

Пікір қалдырыңыз







08/04/2024 11:55

Хабарландыру!
0 486 0



26/03/2024 16:15

Хабарландыру!
0 773 0








ТЕКСТ

Яндекс.Метрика