КІРУ



Аккаунтыңыз жоқ па? Тіркелу

Құпия сөзді ұмытып калдыңыз ба?

THE STATE LANGUAGE DEVELOPMENT INSTITUTE

МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛДІ ДАМЫТУ ИНСТИТУТЫ

  ИНСТИТУТ РАЗВИТИЯ ГОСУДАРСТВЕННОГО ЯЗЫКА



БАТЫРЛАР ЖЫРЫ КЕЙІПКЕРЛЕРІН БІРІЗДЕНДІРУ

ТОЛЫҒЫРАҚ

Дүниеде Алланың құдіретіне тең келер ештеңе жоқ. Ол – жеті қат жер мен жеті қат көктің жаратушысы, егесі. Күллі ғаламның әміршісі. Адамзат жүрегіне түскен рахман нұры, құлдардың жарылқаушысы. Алла Тағала ешқашан тумаған және туылмаған. Ол ешнәрсеге мұқтаж емес.
Алладан түскен төрт кітаптың ең ұлысы – Құран, діннің ең асылы – Ислам делінеді. Құран дүниедегі ең ұлы әуен, оған тең келер ештеңе болмайды. Құран – ақырет күніне дейін жететін мәңгі мұғжиза. Құдайдың құдіретімен оның бір әрпі, не тыныс белгісі қияметке дейін еш өзгеріссіз барады. Әсілі, Құранның үніне елтіп, әуезіне бойы балқымаған мұсылман баласы жоқ шығар. Бірақ кейде бітпейтін тіршіліктің ешнәрсеге де мойын бұрғызбай кететіні бар. Адам Ата ғалейссаламнан бастап Мұхаммед (с.ғ.с) пайғамбарымызға дейінгі аралықтағы Алланың елшілері Жаратқанның хақтығына, оның ұлы әмірші екеніне шәк келтірмей өткен. Он сегіз мың ғаламның жаратушысы әрі егесі екенін жанымен мойындаған. Дүниеге Аллаһтың қалауымен жүз жиырма төрт мың пайғамбар келген, жиырма жеті пайғамбардың есімі қасиетті Құран Кәрімде бар.
Жаратушы Ие біраз ұлт өкілдеріне Ислам дінін ұстануды нәсіп етті. Негізінен ислам діні Орта Азия елдеріне кең тараған, түркі тілдес мұсылман халықтардың төл діні ретінде қабылданған. Алланы Адамзат баласына танытуда, оны мадақтауда асыл дініміздің рөлі өте үлкен. Ислам дініне шынайы махаббатпен қараған, діннің тереңін таныммен түйсінген әйгілі тұлғалар болған. Ұлы Абай ақын «Алланың өзі де рас, сөзі де рас» деген еді. Қазақ ойшылдарының Алланы ауызға алмағаны да кемде-кем. Шәкәрім Құдайбердіұлы, Мәшһүр-Жүсіп Көпейұлы, Әбубәкір Кердері секілді данышпандар да Алланың адам баласына берген нығметіне адал болуды аманаттап өткен көрнекті тұлғалар.
Айға тұңғыш рет қонып, адам табанының ізін қалдырған дейтін АҚШ астроновы Нейл Армстронгтың ислам дінін қабылдағаны жөнінде әңгіме көп. Кейбір ақпарат көздері оның ислам дінін қабылдамағаны туралы да деректер таратады. 1969 жылдың маусымында адамзат баласының алды болып «Аполлон-ІІ» ғарыш кемесімен Айды бағындырып, тылсым әлемнің топырағын басқан Нейл Армстронг, Эдвид Олдринг және Мишел Коллинс секілді АҚШ астроновтары ғаламдық жаңалық ашты. Ал, Армстронгқа қайта келсек, ол жерге аман оралып, арада 14 жыл өткен соң Мысырға келген екен. Кенет Мысырда жүріп азаншының дауысын естіген Армстронг сол үнге елтіп, соңынан ислам дінін қабылдауға тәуекел еткен дейді. Ол сондағы адамдарға алғаш рет мұндай дауысты Айда естіп, таң-тамаша қалғанын айтады.
Әйгілі Наполеонды Құран жаттаған деген дерек бар. Ислам дінінің нұрына енді елітіп, мұсылман қатарына кіргелі жүргенінде Мысыр жорығына аттанған дейді. Орыстың ұлы ақыны Александр Пушкин «Құранға еліктеу» деген өлеңдер топтамасында Алланың шексіз құдіретті екеніне шәк келтірмейтінін, Мұхаммед пайғамбарымыздың Алланың елшісі екеніне сенетінін жырлайды. Сол секілді орыстың әйгілі ғұлама жазушысы Лев Толстой да өз жазбаларында ислам дінінің тазалығын, ақиқат екенін дәріптеген. Бір жазба-хатында «Мені Мұхаммедтің, пайғамбардың жақтаушысы деп қабылдауыңызды өтінемін...» деп жазған. Өзі жасы жеткенде ислам дінін қабылдаған.
Жалпы, Ислам дінін қабылдамаса да оған тамсанып өткен таланттардың өзі бір шоғыр. Ағылшын Шекспир, француз Байрон, испан Сервантес, неміс Гете, барлығы да асыл дініміздің асылдығына тамсанумен өткен. Тіпті Гетенің мұсылман болып тумағанына өкінген кезде қалдырған жазбаларын да білеміз. Мысалы, әлемге әйгілі әнші, әннің поп-королі атанған Майкл Джексон да осыдан он жыл бұрын ислам дінін қабылдаған екен. Сол секілді ағылшын ақсүйектерінен шыққан ханша Диана да исламды қабылдамақ болған көрінеді. Бірақ, оқыста болған қайғылы қазадан ол бұл арманына жете алмаған.
Бұл үрдіс әлі де бар. Танымал болмаса да, Құдай деп қоңыр тірлік кешкен кейбір ұлт өкілдері ислам дінін қабылдап жатыр. Мұндайды көріп те, естіп те жүрміз. Алайда, қай дінді таңдау адамның өз еркінде. Жер бетіндегі барлық дін де Алланың әмірімен келген, әр уақытта Жаратқанның құлдарына бұйырған бұйрығы. Дегенмен де, Ислам дінінің шоқтығы биік. Себебі, ардақты Мұхаммед (с.ғ.с) ақырзаман пайғамбары, ислам – соңғы дін. Әрі таза, әрі әділ. Ислам шариғатында құлдарға деген ешбір қысастық жоқ, Алланың мейірімі көрініп тұрады. Жалған дүниеде тек қана Алланың құлы, пайғамбардың үмбеті болып өтуден артық бақыттың жоқ екендігін түсіндіреді.

Арай газеті

ПІКІР АЛМАСУ

Пікір қалдырыңыз








08/04/2024 11:55

Хабарландыру!
0 627 0



26/03/2024 16:15

Хабарландыру!
0 883 0







ТЕКСТ

Яндекс.Метрика