THE STATE LANGUAGE DEVELOPMENT INSTITUTE
МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛДІ ДАМЫТУ ИНСТИТУТЫ
ИНСТИТУТ РАЗВИТИЯ ГОСУДАРСТВЕННОГО ЯЗЫКА
Соңғы мақалалар:
«Жылқы түлігі» атты ғылыми-танымдық жинақтың таныстырылымы өтті
Авторы: MTDI
26/01/2026 14:59 0 149 0
Алматы қаласында 2026 жылы 21 қаңтарда сағат 11:00-де Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасының Н.Дәулетова атындағы залында профессор Қайрат Жәлелұлы Исхан мен Қазақстан Республикасы ШҚҚО аумақтық инспекциясының басшысы Айбек Мүталапханұлы Каримовтың «Жылқы түлігі» атты ғылыми-танымдық жинағының таныстырылымы өтті.
Аталған жинақ қазақ халқының
дәстүрлі дүниетанымындағы жылқы түлігінің орны мен маңызын ғылыми тұрғыда
зерделеуге арналған. Еңбек 9 бөлімнен тұрады. Жинақта Қазақстан Республикасының
Мемлекеттік Елтаңбасындағы жылқы бейнесі, жылқының асыл түлік ретіндегі
ерекшелігі, жылқы шаруашылығы саласының даму бағыттары, көшпенділер өркениеті
мен көне түркі мәдениеті және әдебиетіндегі тұлпар бейнесі, қазақ мәдениеті мен
әдебиетіндегі тұлпар концептісі, ат спорты, ат үстіндегі өнер, саяхат және
саятшылық, сондай-ақ жылқы шаруашылығы саласының болашағы жан-жақты
қарастырылған.
«Жылқы – асыл түлік» деп аталатын
бөлімде зоотехния және иппология ғылымдарына қатысты түсініктер берілген.
Жылқының түп-тегі, табиғаты, анатомиясы мен физиологиясы, экстерьері мен конституциясы,
сымбаты сипатталған. Сондай-ақ, жылқы өнімдерінің физикалық сипаттары мен
биохимиялық құрамы, жылқының жасы және оны анықтау тәсілдері ғылыми мәліметтер
негізінде көрсетілген.
«Көшпелілер өркениеті және көне
түрік мәдениеті мен әдебиетіндегі жылқылар бейнесі» бөлімінде тасқа қашалған
руналық суреттер мен көне жазбалар арқылы жабайы жылқы туралы деректерге шолу
жасалған. Көшпелілер мәдениеті мен әдебиетінде жылқының рөлі, оның адам
өміріндегі мәні талқыланған.
«Қазақ тарихында жылқының маңызы,
мәдениеті және әдебиеттегі тұлпар бейнесі» деген бөлім жылқы түрінің қазақ
тарихы мен мәдениетіндегі орны көрсетуге арналған. Сонымен қатар қазақ
фольклорында кең таралған шығармалардан үзінділер беріліп, тұлпар бейнесінің
рухани және мәдени мәні талданған.
«Жылқы шаруашылығы саласы» бөлімінде
авторлар жылқышы мен ұйымдастырушы қызметі, жылқы түлігін есепке алу,
қоректендіру, күтіп ұстау мәселелері қарастырылған. Сондай-ақ, жылқы шикізат
өнімдерін өндіру, жеңіл өнеркәсіпте өңдеу, тұқымын асылдандыру және мал
дәрігерлік шараларды ұйымдастыру жөнінде мәліметтер берілген.
«Саятшылық және саяхат» деген
бөлімде экономиканың дамып келе жатқан салаларына ерекше назар аударылған.
Саятшылық тек қана аң аулау немесе ойын-сауық ретінде қарастырылмай, ол ауыл
шаруашылығы мен экономиканың кейбір салаларының ілгерілеуіне ықпал ететін
маңызды іс-қимыл ретінде талданды.
Іс-шараға ғалымдар, зерттеушілер,
жоғары оқу орындарының оқытушылары, жазушылар, сондай-ақ мәдениет пен ғылым
саласының өкілдері қатысты. Кітап авторлары еңбектің негізгі мазмұны мен ғылыми
тұжырымдарын таныстырды. Жылқы тақырыбына қатысты ғылыми-танымдық баяндамалар
жасалып, сала мамандары жылқы шаруашылығын дамытуға бағытталған жаңа
технологиялар, ғылыми жобалар мен практикалық ұсыныстарын ортаға салды. Жиын
барысында қатысушылар өзге де пікірлері мен ұсыныстарын білдірді. Басқосу
ұлттық мәдениет пен рухани құндылықтарды дәріптеуге бағытталған мазмұнды әрі
тағылымды шара болды.
Танымдық жинақтың мазмұны
«Мемлекеттік тілді дамыту институтының» 2023–2025 жылдарға арналған ғылыми
жобалары аясында жүзеге асырылған батырлар жыры кейіпкерлері мен батырлардың
тұлпарларының визуалды портретін қалыптастыруға арналған зерттеумен мазмұндық
тұрғыдан өзара сабақтас. Жоба аясында батырлардың бейнесін сомдау кезінде олардың
тұлпарларын тарихи және көркемдік талаптарға сай дұрыс таңдау маңызды екені
айқындалды.
ПІКІР АЛМАСУ
26/11/2025 15:01
Қызылорданың А.Байтұрсынұлы атындағы №211 мектебінде республикалық деңгейде конференция өтті
|
30/10/2025 10:41
«Ақымет Байтұрсынұлы шығармаларын ғылыми айналымға енгізу» атты ғылыми-практикалық конференция өтеді
|
01/06/2017 16:43
Орыс тілді мектептерде тіл дамыту жұмыстарының әдістемелік ерекшеліктері
|
ТЕКСТ

2)
3)
4)



