КІРУ



Аккаунтыңыз жоқ па? Тіркелу

Құпия сөзді ұмытып калдыңыз ба?

THE STATE LANGUAGE DEVELOPMENT INSTITUTE

МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛДІ ДАМЫТУ ИНСТИТУТЫ

  ИНСТИТУТ РАЗВИТИЯ ГОСУДАРСТВЕННОГО ЯЗЫКА



БАТЫРЛАР ЖЫРЫ КЕЙІПКЕРЛЕРІН БІРІЗДЕНДІРУ

ТОЛЫҒЫРАҚ

Елімізде бүгін де сауатсыз жазылған жарнамалар мен жүйесіз жазылған сөйлемдердің қарасы көбейген. Көше бойында жағалай ілінген сауатсыз жарнамалардан көз сүрінеді. Тіл жанашырлары қанша айтып жатса да стилистикалық, грамматикалық және пунктуациялық қателерге толы жарнамалар көбеймесе азайған емес. Сөздерді жүйесіз қолданып, жарнама мәтіндерін орыс тілінен қазақ тіліне дұрыс аудармау бүгінгі таңда басты мәселелердің бірі.  Тіл мамандары көрнекі ақпараттардың сауатсыздығын айтып, дабыл қаққанымен, баяғы жартас бір жартас.

Еліміздегі көше жарнамаларында жиі кездесетін құбылыстардың бірі – кез-келген жарнаманың орыс тіліндегі нұсқасы еш қатесіз жазылады да, мемлекеттік тілде жазылғаны қателерге толы. Мағынасы түсініксіз жарнамаларға соңғы кездері көпшіліктің де көзі үйренісіп қалғандай. Десе де, өз елімізде ана тілімізден жаңылысқанымыз өте ұят. Осыдан кейін мемлекеттік тілдің мәртебесі қайдан көтерілсін?!

Парикмахерді қазақша «шаш қырқушы» деп аударғаны еріксіз күлкіні келтіреді. Шашты қиып, жүнді қырықпаушы ма еді? Ал, парикмахердің қазақша аудармасы – шаштараз.

Қате аударма әртүрі себептерге байланысты болуы мүмкін, соның ішінде аударма тілін жетік білмеу, онлайн аудармашыларды дұрыс пайдаланбау және жарнама берушілердің бақылауының болмауы. Мысалы, төмендегі афишада екі тілдегі сөздер мүлдем бөлек мағынаны беріп тұрғандай: «Эти полоски тебе не к лицу»  дегенді «Түрме – ешкімге жараспайды» деп аударған. Сонда түрме жарасатын адам болама деген ойға келесің. Есірткіге бой алдырып, түрлі қылмысқа баратындардың алдын алу үшін «темір тор сенің орның емес» деп аударған түсінікті болар еді.