КІРУ



Аккаунтыңыз жоқ па? Тіркелу

Құпия сөзді ұмытып калдыңыз ба?

THE STATE LANGUAGE DEVELOPMENT INSTITUTE

МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛДІ ДАМЫТУ ИНСТИТУТЫ

  ИНСТИТУТ РАЗВИТИЯ ГОСУДАРСТВЕННОГО ЯЗЫКА



БАТЫРЛАР ЖЫРЫ КЕЙІПКЕРЛЕРІН БІРІЗДЕНДІРУ

ТОЛЫҒЫРАҚ

«Сау тістер аурусыз өміріңіз және қорқынышсыз» дейді. Біз бұдан түк те түсінген жоқпыз. Бұл Шымкенттегі Ш.Уәлиханов көшесінің бойындағы кітапхана маңына ілінген. Сірә «Здоровые зубы без боли и страха» деген сөзді қазақшаға аударған түрлері болса керек.
Жалпы, қазір қате жазылған жазуларға жұрт таңқалмайтын болған ба деп қаламыз кейде. Мұндай билбордтағы, маңдайшалардағы сөздердің дұрыстығын тексеретін құзырлы мекемелер де тып-тыныш отыра береді. Бұл билбордтың астыңғы жағында «ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің тапсырысы бойынша» деген жазу бар. Соған қарағанда, мұны Оңтүстік Қазақстан облыстық денсаулық сақтау басқармасындағылар тапсырыспен жасатса керек. Ендеше, ондағы аударманың қателігін басқарманың жоғары білімді басшылары қалай байқамаған? Қашанғы осылай тіліміздің тілім-тілімін шығарып, өзге ұлтқа күлкі болмақпыз? Мұны тілге менсінбеушілік танытудың белгісі, тіпті «Тіл туралы» Заңды өрескел бұзу деп түсіну қажет. Осыдан жеті-сегіз жыл бұрын Оңтүстік Қазақстан облыстық тілдерді дамыту басқармасының ұйымдастыруымен бірқатар жауапты мамандар БАҚ өкілдерін ертіп алып қала көшелерін жаяу аралайтын. Атауы қате жазылған коммерциялық нысандардың иелерімен кездесіп, хаттама толтырып, түзетуге біраз уақыт беріп, әйтеуір жұмыс жасаушы еді. Қазір сол үрдістің ауылы алыстап кеткендей. Басқармадағылар жаздыгүні салқын, қыстыгүні ыстық болатын кабинеттерінен шыққысы келмейтін сыңайлы. Әйтпесе мына билбордтағы жазуды біз жазбай-ақ алдырып тастар еді-ау.

ПІКІР АЛМАСУ

Пікір қалдырыңыз








08/04/2024 11:55

Хабарландыру!
0 604 0



26/03/2024 16:15

Хабарландыру!
0 843 0







ТЕКСТ

Яндекс.Метрика