КІРУ



Аккаунтыңыз жоқ па? Тіркелу

Құпия сөзді ұмытып калдыңыз ба?

THE STATE LANGUAGE DEVELOPMENT INSTITUTE

МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛДІ ДАМЫТУ ИНСТИТУТЫ

  ИНСТИТУТ РАЗВИТИЯ ГОСУДАРСТВЕННОГО ЯЗЫКА



БАТЫРЛАР ЖЫРЫ КЕЙІПКЕРЛЕРІН БІРІЗДЕНДІРУ

ТОЛЫҒЫРАҚ

Латын қарпіне көшудің маңызы қазақ үшін зор екенін ұқса керек, жоғарыдан саяси шешімдер қарша борай бастады:

 

Бірінші нұсқа 11.09.2017 жылы парламентке таныстырылды.

 

Екінші «Апостроф» деген жоба 26.10.2017 жылы Президенттің №569 жарлығымен бекітілді.

 

Үшінші «Акут» жобасын 19.11.2018 жылы  бекітті. Акут жобасын Тіл комитетіне қарасты «Тіл-Қазына» орталығы және Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институты  ұзақ әспеттеді.Үкімет отырысында бекітіп, «Егемен Қазақстан» газетіне («Емле ережелерінің жобасын») жариялады. Осы «тілбұзар» әліпбимен кітап шығарып, газет басты. Елден жаппай диктант алып, жарнама шараларын ұйымдастырып, ауқымды насихат жүргізіп, ел қаржысын далаға шашты. Сол жылдары латын жобаларын насихаттау үшін ғана қазынадан жыл сайын 180 млн қаржы бөлініп отырды. Бірақ аяқ астынан осы «Акут жобасын» күресінге тастап, әлемдегі бар ноқатты тағынған (макрон, седиль, умлаут, бревис), «жетілдірілген» деген атауы бар төртінші жобаны шығарып, соны жетектей бастады. Бұл әліпбидің алдында бекітіп, күресінге тастаған  әліпбилерден бір мысқал да артықтығы жоқ. Бір жақсысы,  жоғарғы жақ оны бұрынғыдай бас салып бекітпеді. Бұған бір қуандық, өзеуреген орпотоптың жұмысына тоқтау салғанына қуандық. Әліпби мәселесін енді Президент жанынан құрылған академия қолына алатын болды. Бұған тағы қуандық. Академия - ғылыми орта, яғни бұл мәселемен ғылыми орта айналысатын болғандығына тіпті қуандық. Бірақ ол ұйым да бірді-екілі жиын жасады да тоқтады. Дұрысын жасайтын болды деген үмітіміз бекер болды. Бүгін латын жыры мүлдем тынып тұр. Қырық екі таңбадан тұратын тілбұзар орыс әліпбиін кетірмеу тілдің болашағын  ойлау емес, жаулық. Жоғарғы жақтың созып отырғаны  жөнделсін деген жанашырлық  емес, мүлдем тоқтатып тастаудың ретін таппай  жүргені екен.

Өткен ғасырда біз өзге түркі жұртының алдында едік. Орыс тұрмақ, тіпті дамыған елдерден де озық ұлттық әліпбиіміз бар еді. Бүгін бұл мәселеде, тіпті жалпы тіл саясатын жүргізуде, өзгені қойып бар түркінің соңында қалдық.

Тіл саясаты мен әліпби мәселесі бұлай кенжелеп тұра беруі мүмкін емес. Түбі жөнделеді. Өйткені біз егемен, тәуелсіз елміз. Тіліміздің мемлекеттік деген мәртебесі бар. Ал бүгін тілдік ахуалдың дұрысталуына  не кедергі, дұрысталмауына кім кінәлі? Мұны шынайы әлеуметтік лингвистикалық зерттеулер ғана тап басып айтады. Өзіміздегі көптеген зерттеулер шынайы емес. Өйткені шетелдегі зерттеулердің бірі - қазақ тілін мемлекеттік тіл емес, қазақ этносының елдегі тұрмыстық қатынас тілі ғана десе [ Тіл әлемі сайтында. Кім не десе, о десін: Қазақстанның болашағы — қазақ тілінде (tilalemi.kz) ], енді бірі - қазақ тілі мемлекеттік тіл  ретінде жұмсалу ауқымы  Ресейдің құрамындағы татар тілінің деңгейінде деген қорытынды жасайды [Азаттық радиосы порталында Ресейдегі «татар проблемасы» «татар тілін сақтап қалу проблемасына» айналды (azattyq.org)].  Бұл – ұят,болашақтан ұят. Тіл саясатын  үкімет жүргізіп отыр. Мемлекеттік тіл саясаты бойынша Балтық жағалау елдерін үлгі тұтып, әліпби мәселесі бойынша өзге түркі жұртын үлгі тұтып, мемлекеттік тілдің ахуалын көтеруіміз керек еді. Біз қазір жабылып, тілімізді сорлатып отырмыз.

Латын әрпіне көшсек, өзге түркілерге жақындаймыз, тіпті олармен түсінісіп кетеміз, әлемдегі жаңа технологияларды жылдам игере бастаймыз, ағылшын тілін үйренуіміз жеңілдейді және т/б. сол сияқты артықшылықтарды иеленеміз дегенге көбіміз иланамыз. Бұлардың барлығы жай гәп. Түркілермен бір әліпбидеміз дегеннің өзі жәй көзге ғана идеология үшін ғой. Латын қарпіне көшу арқылы біз тіліміздің дамуын өзінің ұлттық табиғи қалпына түсіреміз. Бұл қаріпке орыстың зорлап енгізген 42 таңбадан тұратын тіл жүйесін бұзатын әліпбиін тастау үшін өтеміз. Латын әліпбиіне көшуді қоғамға насихаттау кезінде, латын қарпімен қазақ әліпбиін түзу кезінде жоғарыдағы аталғандарды ысыра тұрып, осы приоритетті басты критерий етіп ұсыну керек. Сонда адаспаймыз.Түркілермен бір әліпбиде болғанымыз дұрыс. Бірақ  бір әліпбиде болсақ, тіліміз жақындап кетпейді. Әр ел бұтақтанып, тілдері бөлектеніп кетті. Ал бар түркі ортақ тілі – қазақ тілі болсын десе, қарсы емеспіз. Ақаң айтқандай, түркі тілін аздырмай, таза күйінде сақтаған бұл – қазақ тілі. Жазуға байланбай, еркін дамыған, грамматикалық жүйесі де жетік бұл – біздің тіл. Өткен ғасырдың оныншы жылдары өзге түркілер ортақ жазу қолданып жүргенде, Ақаңның бастамасымен араб таңбаларымен-ақ дыбыс жүйелі ұлттық жазу жасап алғанбыз. Бүгін бізді не қара басып отырғанын білмедік?!


ПІКІР АЛМАСУ

Пікір қалдырыңыз



14/10/2024 09:57

Хабарландыру!
0 905 0




15/07/2024 16:45

Хабарландыру!
0 2104 1




05/06/2024 11:25

Хабарландыру!
0 2846 0



14/05/2024 16:43

Хабарландыру!
0 2619 0





ТЕКСТ

Яндекс.Метрика