КІРУ



Аккаунтыңыз жоқ па? Тіркелу

Құпия сөзді ұмытып калдыңыз ба?

THE STATE LANGUAGE DEVELOPMENT INSTITUTE

МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛДІ ДАМЫТУ ИНСТИТУТЫ

  ИНСТИТУТ РАЗВИТИЯ ГОСУДАРСТВЕННОГО ЯЗЫКА


Соңғы мақалалар:

БАТЫРЛАР ЖЫРЫ КЕЙІПКЕРЛЕРІН БІРІЗДЕНДІРУ

ТОЛЫҒЫРАҚ

Ә.Жүнісбек: «а) даустыларды айтқанда дауыс желбезегі толық тербеледі; ә) дауысты дыбыстар буын құрайды; б) дауысты дыбыстар жасалғанда өкпеден шыққан ауа ауыз қуысында кедергіге ұшырамай шығады» . Осы белгілер толық болған жағдай да ғана дауысты дыбыстардың белгілері нақты ашылады.  Мұндағы алғышқысы мен соңғысы фонетикалық тұрғыдан маңызды, өйткені дауысты дыбыстардың жасалу жолдарын анықтайды, ал ортаңғысы дауыстылардың тілдегі қызметін көрсетеді, яғни фонологиялық тұрғыдан маңызды.

Дауысты дыбыстар:

а) дауысты дыбыстарды айтқанда дауыс желбезегі толық тербеледі;

э) дауысты дыбыстар буын құрайды;

б) дауысты дыбыстар жасалғанда өкпеден шыққан ауа ауыз қуысында кедергіге ұшырамай шығады. [1,14]. 


 

Дауысты дыбыстардың жасалу ерекшелігі

 

Құрамы

 

Жақ қатысы

Ерін қатысы

Тіл  қатысы

таза үннен жасалатын дауыстылар

жалаң/ құранды

ашық/

қысаң

еріндік/

езулік

тіл алды/

ортасы/

арты

А

иектің төмен түсіп, ауыз қуысының кең ашылуынан пайда болатын ашық дауысты дыбыс. Тілдің артқы жұмсақ таңдайдың артқы тұсына қарай көтерілуі арқылы пайда болып, тіл ұшы астыңғы қызыл иекке жанасып тұрады да, ауыз қуысында кең дыбыс резонаторы (жаңғырықты қуыс) пайда болуымен  жасалады.

жалаң

ашық

езу

тіл арты

Ә

тілдің таңдайдың алғы шеніне жуықтаудан жасалатын жіңішке (палаталь) дыбыс. Ә-ні айтқанда, тіл ілгері созылып, жақ (иек) барынша төмен түсіп, ауыз қуысында үлкен жаңғырықты қуыс жасалады. Ә а-ның жіңішке сыңары, жұбы. Қалыпты ашық дыбысталады, сөздің барлық буынында кездеседі.

жалаң

ашық

езу

тіл ортасы

Ы

тіл ұшының астыңғы қызыл иекке нық тиіп, ауыз қуысының тар ашылуынан жасалатын жуан (гуттураль) дауысты, қысаң дыбыс.

 

жалаң

қысаң

езу

тіл арты

І

тіл ұшының астыңғы күрек тістердің ұшына нық тиіп, жақтың тар ашылуымен жасалатын жіңішке (палаталь) дауысты қысаң дыбыс. Езудің жиырылуынан барып езулік болады.

жалаң

қысаң

езу

тіл ортасы

Е

иектің төмен түсіп, ауыз қуысының орташа ашылуымен жасалатын дауысты дыбыс. Тіл ұшының астыңғы күрек тістердің төменгі тұсына тиіп, тіл ортасы жұмсақ таңдайдың орта тұсына қарай көтеріліп, езудің жиырылуынан жасалатын езу фонемасы.

құранды

қысаң

езу

тіл ортасы

Ұ

иектің төмен түсіп, ауыз қуысының тар ашылуымен жасалатын қысаң дауысты дыбыс. Тіл ұшының астыңғы қызыл иекке тиіп, қос еріннің дөңгеленіп алға жылжуынан жасалатын жуан еріндік фонема.

жалаң

қысаң

ерін

тіл арты

Ү

иектің төмен түсіп, ауыз қуысының тар ашылуынан жасалатын қысаң дауысты дыбыс. Тіл ұшының астыңғы күрек тістердің ұшына тиіп, қос еріннің дөңгеленіп алға жылжуымен жасалатын жіңішке еріндік фонема.

жалаң

қысаң

ерін

тіл ортасы

О

иектің төмен түсіп, ауыз қуысының орташа ашылуымен жасалатын дауысты дыбыс. Тіл ұшының астыңғы қызыл иекке тиіп, тіл арты жұмсақ таңдайдың артқы тұсына қарай көтеріліп, ал қос еріннің дөңгеленіп алға жылжуынан жасалатын еріндік фонема

құранды

қысаң

ерін

тіл арты

Ө

иектің төмен түсіп, ауыз қуысының орташа ашылуымен жасалатын дауысты дыбыс. Тіл ұшының астыңғы күрек тістердің ұшына тиіп, тіл ортасы жұмсақ таңдайдың алдына қарай көтеріліп, қос еріннің дөңгеленіп алға жылжуымен жасалатын еріндік фонема

құранды

қысаң

ерін

тіл ортасы

 

Дауысты дыбыстардың зерттелуі

Зерттеушілер

Дауыстылар саны

дауыстылар

Н.И.Ильминский

8

а, ä, е, ы, і, о, ө, у, ÿ

В.В.Радлов

9

а, ä, е, о, ө, ы, і, ұ, ÿ)

П.М.Мелиоранский

9

а, ä, е, о, о, ы, і, у, ÿ

А.Н. Самойлович

8

а/ә, о/ө, ы/і, ұ/ү

А. Байтұрсынов

5

а, о, ұ, ы, е

Х.Досмұхамедұлы

9

а, ә, е, о, ө, ы, і, ү, ұ

Қ. Жұбанов

9

а, ә, е, о, ө, ы, і, ү, ұ

І.Кеңесбаев

12

а, ә, е, ы, і, о, ө, ү, ұ  қосынды и, у

М.Балақаев

13

а, ә, о, ө, ұ, ү, і, э, (е), у, и, я, ю

Ғ.Бегалиев Н.Сауранбаев

12

а, ә, е, о, ө, ұ, ү, ы, і, э, и, у

К.Аханов

Ж.Аралбаев

11

а, ә, е, о, ө, ұ, ү, ы, і,  и, у

С.Аманжолов

14

а, ә, е, о, ө, ұ, ү, ы, і, и, у,  э, ю, я

А.Исабаев

15

а, ә, е, о, ө, ұ, ү, ы, і, и, у, ё, э, ю, я

Ш.Бектұров

М.Серғалиев

15

а, ә, е, о, ө, ұ, ү, ы, і 

и, у дифтонг

ё, э, ю, я орыс тілінен енген

С. Мырзабеков

9

а, ә, е, о, ө, ү, ұ,  ы, і

Ә.Жүнісбек

3

ашық А [а, ә]

қысаң Ы [ы, і, ұ, ү]

құранды О [е, о, ө]

 

 

 

 

Әдебиеттер:

1.     Қазақ грамматикасы. – Астана: Елорда, 2002.-783 б.

2.     Қалиев Б.А. Қазақ тілінің фонетикасы. - Алматы : Эпиграф, 2021. - 168 б.

 


ПІКІР АЛМАСУ

Пікір қалдырыңыз












05/09/2025 12:33

Бір күнге үш мереке
0 2619 0







ТЕКСТ

Яндекс.Метрика