КІРУ



Аккаунтыңыз жоқ па? Тіркелу

Құпия сөзді ұмытып калдыңыз ба?

THE STATE LANGUAGE DEVELOPMENT INSTITUTE

МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛДІ ДАМЫТУ ИНСТИТУТЫ

  ИНСТИТУТ РАЗВИТИЯ ГОСУДАРСТВЕННОГО ЯЗЫКА



БАТЫРЛАР ЖЫРЫ КЕЙІПКЕРЛЕРІН БІРІЗДЕНДІРУ

ТОЛЫҒЫРАҚ

    Жеке сөздердің жазылуы әлі күнге дейін толық тиянақталмай келді. Осының салдарынан кейбір сөздердің жазылуы күні бүгінге дейін шатастырылып жүр. Мысалы, дауысты дыбыстар сөздің бірінші және соңғы буынында бірде жуан, бірде жіңішке жазылады деп шатастырушылық болып келді. Орфография жобасында «а, ө, ұ, ү» әріптернің бір буынды және көп буынды сөздердің бірінші буынында жазылатыны айтылған. Мысалы, Әлжан (Әлжән емес), Күлаш (Күләш емес). Бұл ережені негізінен дұрыс деп, сірә, күнә, куә, күмән, бұлбұл, дүлдүл, дәстүр сияқты сөздердің соңғы буынында «ұ, ү, ә» дыбыстарын жазбай, олардың орнына қысаң «ы», «і» және «а» дыбыстарын жазсақ, бұл сөздерді жазу да, айту да жеңіл болар еді. Сонда бұлбыл, дүлділ, кіна, куа болып жазылар еді. Орфография жобасындағы негізгі ережелердің бірі – біріккен сөздердің жазылуы жайындағы ереже. Бір түсті білдіретін қарала, сарала, аққұба және алдыңғысы соңғысын анықтайтын кейбір сөздер үнемі бірігіп жазылып жүр. Кейбір кезде осы сөздердің бөлек жазылуы керек. Себебі әрқайсысы әртүрлі мағынаны білдіреді дедік. Қорыта келгенде кісі аттары мен географиялық атаулардың, жануарлар мен жәндіктердің аттары, есімдік пен үстеулерден біріккен сөздердің ғана бірігп жазылып басқасының бөлек жазлығаны дұрыс. Біріккен сөздерді мағынасына қарап, бірде бөлек, бірде біріктіріп жазудағы екіұштылық жұртты шатастырады. Бұл қарлығаш емес, қараторғай дегендегі қараторғай, біріккен сөз болғандықтан, қосылып жазылады да, ол зоопарктен түрлі-түрлі торғай (қара торғай т.б. торғайлар) көрді дегендегі қара торғай, екі мағыналы сөз болғандықтан, бөлек жазылады деп оқытсақ, екеуінің мағына жағынан да, түр жағынан да бірінен бірінің айырмасы жоқ. Сондықтан, оқушыларды шатастырмау үшін, не бірге, не бөлек жазылады деп тұжырымды ереже ұсынуымыз керек. Жобаның 40-параграфында қосымшалар арасына «ы», «і» әріптерінің бірі дәнекер олып жалғанады делінген. Шынында, «ы», «і» әріптерінің дәнекер болып жалғанатында, жалғанбайтын да жері бар. Анығында «ы», «і» әріптерінің тәуелденетін сөздерден кейін жалғанатын қосымшаларға дәнекер болуы заңды да. Область деген сөзді тәуелдегенде тәуелдік жалғауының үшінші жағы оның областы болуы керек. Сенің областың, оның область деп ешкім айтпайды. Осыған қосымша жалғап көргенде областының болады. Менің блогім, сенің блогің, оның блогі болып тәуелденеді. Ал ілік септіктің жалғауын жалғағанымызда блогінің болады. Мұнда да «ы», «і» дәнекерлік қызмет атқарады. Сондықтан бұл жағдайда дәнекер болуы орынды. Ал осы сөздерге тікелей барыс жалғауын жалғап көрсек, блокке, паркке, фондға, областқа, митингке болып «ы», «і» әріптері ешқандай дәнекерлік қызмет атқармайтын сияқты. «Ы», «і» қосымшаның арасына дәнекер болмаса да, негізгі сөзге қосымша бірден жалғанып, айтылуда да, жазылуда да кездесіп тұрған қиындық жоқ. Ал, фондны, киоскні, штабқа, штабтан, коллективке сияқты сөздерді айтып көргенде, тіптен айтылуы біртүрлі жеңіл, ықшамды болып тұр. Бұлай жазудығы негізгі мақсат, - біріншіден, 31-параграфтағы ережені тұтасымен дұрыс деп тапқандық болса, екіншіден, өз сөзіміздің айтылуы мен жазылуын жеңілдету арқылы ұлы орыс тілін тез үйренін, тез меңгеруге таяныш болмақ. Жобадағы көңіл аударатын мәселенің бірі – бас әріптің жазылуы. 51-параграфта «өлеңнің әрбір жолының алғашқы сөзі бас әріппен жазылады» делінген. Бұл ережені бұрыннан-ақ қолданып келеміз. Әрқашанда, нүкте, леп, сұрақ белгілерінен кейін келген сөйлемдердің бірінші сөзін бас әріппен жазып жүрміз. Қазіргі ережеміз де осындай. Бірақ өлеңнің әрбір жолынан соң, үтір белгісі де қойылады. Осы үтірден соң тағы да бас әріппен жазсақ, ережемізге қайшы келмейміз бе? Ережені әрбір сөзге бағындырмай, әрбір сөзді ережеге бағындырғанымыз жөн. Мектеп грамматикаларында оқушыларға жалғы есімдер бас әріппен жазылады деген қағиданы ұсынғанбыз. Олар осы қағида бойынша, жалқы есімдерді бас әріппен жазады. Жобамыздың төртінші пунктіндегі ескертуде «күн, ай, жер, жұлдыз аттары кіші әріппен жазылады» делінген. Ай аттары: январь, февраль т.б. жалқы есім емес пе? Сол сияқты, Бейсенбі, Сейсенбі, Жұма, Үркер, Ақбозат т.б. бәрі де бас әріппен жазылуы керек. Біздіңше, мекеме, ұйым аттарының барлық сөздерінің бас әріппен жазылғаны дұрыс. Қазақстан мұғалімі, 1953, 9 мамыр, 4-бет КЕЙБІР ЕРЕЖЕЛЕР ЖӨНІНДЕ

    Жеке сөздердің жазылуы әлі күнге дейін толық тиянақталмай келді. Осының салдарынан кейбір сөздердің жазылуы күні бүгінге дейін шатастырылып жүр.
    Мысалы, дауысты дыбыстар сөздің бірінші және соңғы буынында бірде жуан, бірде жіңішке жазылады деп шатастырушылық болып келді.
Орфография жобасында «а, ө, ұ, ү» әріптернің бір буынды және көп буынды сөздердің бірінші буынында жазылатыны айтылған. Мысалы, Әлжан (Әлжән емес), Күлаш (Күләш емес). Бұл ережені негізінен дұрыс деп, сірә, күнә, куә, күмән, бұлбұл, дүлдүл, дәстүр сияқты сөздердің соңғы буынында «ұ, ү, ә» дыбыстарын жазбай, олардың орнына қысаң «ы», «і» және «а» дыбыстарын жазсақ, бұл сөздерді жазу да, айту да жеңіл болар еді. Сонда бұлбыл, дүлділ, кіна, куа болып жазылар еді.
    Орфография жобасындағы негізгі ережелердің бірі – біріккен сөздердің жазылуы жайындағы ереже.
Бір түсті білдіретін қарала, сарала, аққұба және алдыңғысы соңғысын анықтайтын кейбір сөздер үнемі бірігіп жазылып жүр. Кейбір кезде осы сөздердің бөлек жазылуы керек. Себебі әрқайсысы әртүрлі мағынаны білдіреді дедік.
Қорыта келгенде кісі аттары мен географиялық атаулардың, жануарлар мен жәндіктердің аттары, есімдік пен үстеулерден біріккен сөздердің ғана бірігп жазылып басқасының бөлек жазлығаны дұрыс.
    Біріккен сөздерді мағынасына қарап, бірде бөлек, бірде біріктіріп жазудағы екіұштылық жұртты шатастырады.
Бұл қарлығаш емес, қараторғай дегендегі қараторғай, біріккен сөз болғандықтан, қосылып жазылады да, ол зоопарктен түрлі-түрлі торғай (қара торғай т.б. торғайлар) көрді дегендегі қара торғай, екі мағыналы сөз болғандықтан, бөлек жазылады деп оқытсақ, екеуінің мағына жағынан да, түр жағынан да бірінен бірінің айырмасы жоқ. Сондықтан, оқушыларды шатастырмау үшін, не бірге, не бөлек жазылады деп тұжырымды ереже ұсынуымыз керек.
Жобаның 40-параграфында қосымшалар арасына «ы», «і» әріптерінің бірі дәнекер олып жалғанады делінген. Шынында, «ы», «і» әріптерінің дәнекер болып жалғанатында, жалғанбайтын да жері бар. Анығында «ы», «і» әріптерінің тәуелденетін сөздерден кейін жалғанатын қосымшаларға дәнекер болуы заңды да. Область деген сөзді тәуелдегенде тәуелдік жалғауының үшінші жағы оның областы болуы керек. Сенің областың, оның область деп ешкім айтпайды. Осыған қосымша жалғап көргенде областының болады. Менің блогім, сенің блогің, оның блогі болып тәуелденеді. Ал ілік септіктің жалғауын жалғағанымызда блогінің болады. Мұнда да «ы», «і» дәнекерлік қызмет атқарады. Сондықтан бұл жағдайда дәнекер болуы орынды.
Ал осы сөздерге тікелей барыс жалғауын жалғап көрсек, блокке, паркке, фондға, областқа, митингке болып «ы», «і» әріптері ешқандай дәнекерлік қызмет атқармайтын сияқты. «Ы», «і» қосымшаның арасына дәнекер болмаса да, негізгі сөзге қосымша бірден жалғанып, айтылуда да, жазылуда да кездесіп тұрған қиындық жоқ. Ал, фондны, киоскні, штабқа, штабтан, коллективке сияқты сөздерді айтып көргенде, тіптен айтылуы біртүрлі жеңіл, ықшамды болып тұр.
    Бұлай жазудығы негізгі мақсат, - біріншіден, 31-параграфтағы ережені тұтасымен дұрыс деп тапқандық болса, екіншіден, өз сөзіміздің айтылуы мен жазылуын жеңілдету арқылы ұлы орыс тілін тез үйренін, тез меңгеруге таяныш болмақ.
    Жобадағы көңіл аударатын мәселенің бірі – бас әріптің жазылуы. 51-параграфта «өлеңнің әрбір жолының алғашқы сөзі бас әріппен жазылады» делінген. Бұл ережені бұрыннан-ақ қолданып келеміз. Әрқашанда, нүкте, леп, сұрақ белгілерінен кейін келген сөйлемдердің бірінші сөзін бас әріппен жазып жүрміз. Қазіргі ережеміз де осындай. Бірақ өлеңнің әрбір жолынан соң, үтір белгісі де қойылады. Осы үтірден соң тағы да бас әріппен жазсақ, ережемізге қайшы келмейміз бе?
    Ережені әрбір сөзге бағындырмай, әрбір сөзді ережеге бағындырғанымыз жөн.
Мектеп грамматикаларында оқушыларға жалғы есімдер бас әріппен жазылады деген қағиданы ұсынғанбыз. Олар осы қағида бойынша, жалқы есімдерді бас әріппен жазады. Жобамыздың төртінші пунктіндегі ескертуде «күн, ай, жер, жұлдыз аттары кіші әріппен жазылады» делінген. Ай аттары: январь, февраль т.б. жалқы есім емес пе? Сол сияқты, Бейсенбі, Сейсенбі, Жұма, Үркер, Ақбозат т.б. бәрі де бас әріппен жазылуы керек.
Біздіңше, мекеме, ұйым аттарының барлық сөздерінің бас әріппен жазылғаны дұрыс.

Қазақстан мұғалімі, 1953, 9 мамыр, 4-бет


ПІКІР АЛМАСУ

Пікір қалдырыңыз



28/04/2017 12:30

Біз іздеген ертегі
0 211017 0

02/05/2017 12:29

Қостілділік мәселесі
0 201065 0

26/06/2017 12:02

Жалындаған жастық шақ
0 188110 0













ТЕКСТ

Яндекс.Метрика