КІРУ



Аккаунтыңыз жоқ па? Тіркелу

Құпия сөзді ұмытып калдыңыз ба?

THE STATE LANGUAGE DEVELOPMENT INSTITUTE

МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛДІ ДАМЫТУ ИНСТИТУТЫ

  ИНСТИТУТ РАЗВИТИЯ ГОСУДАРСТВЕННОГО ЯЗЫКА



БАТЫРЛАР ЖЫРЫ КЕЙІПКЕРЛЕРІН БІРІЗДЕНДІРУ

ТОЛЫҒЫРАҚ

    Cөз таптары сөздердің белгілі жүйе негізінде қалыптасқан грамматикалық топтары болып табылады, сондықтан сөз таптары мен сөздерді түрге бөлуге ол сөздердің грамматикалық сипаттары мен белгілері негіз болады. Сөздерді сөз таптарына бөліп қарау әр сөзге байланысты, әртүрлі белгілер арқылы айқындалмай, сөз таптарына қатысты тұрақты белгілерінің негізінде, жүйелі принциптер негізінде айқындалуы керек. Ол принциптер сөздердің грамматикалық сипаттарына негізделуі тиіс.
    Әрбір атаушы сөздің лексикалық мағынасы болатыны белгілі, сол лексикалық мағынасы арқылы әрбір сөз бір-бірінен ерекшеленеді, жеке-жеке единица ретінде түсініледі. Тіпті мағыналары бір-біріне жақын синоним сөздердің өзі синонимдік қатар құрғанмен, өзіндік ерекшеліктері бар бөлек-бөлек лексема ретінде өмір сүреді. Мысалы, үй, бала, ағаш, көше, білім, сондай-ақ ұзын, үлкен, көк, жақсы т.б. сөздер лексикалық мағынасы жағынан бір-бірінен алшақ сөздер: үй адам тұратын, мекендейтін баспана (ҚТТС, 9); бала ата-ананың перзенті, ұрпақ, тұқым (ҚТТС, 2) яғни белгілі (кіші) жастағы адам: Лексикалық мағыналары жағынан, көріп отырғанымыздай, бұл сөздердің арасында ешбір жақындық жоқ. Сонымен бірге берілген сөздердің алғашқы тобы – белгілі бір деректі я дерексіз заттың атауы, екінші тобы – заттың сындық белгісі. Атап айтқанда, лексикалық мағынаның жалпылануы, абстракциялануы негізінде әрбір сөзде жалпы грамматикалық мағына пайда болады. Айталық, үйдің лексикалық мағынасы баспана, яғни белгілі заттың нақты атауы болса, оның жалпылануы, абстракциялануы негізінде жалпы зат атауы жалпы грамматикалық мағына пайда болып отыр.
    Дәл осындай ретпен заттың сандық сипатын (есептік сан, реттік сан, болжалдық сан, бөлшектік сан, жинақтық сан, топтық сан) білдіретін сөздер, заттың түрлі қимыл, іс-әрекетін, процесін білдіретін сөздер, қимылдың әртүрлі амалын, мезгілін, мекенін, себебін, мақсатын т.б. қасиеттерін білдіретін сөздер, осындай атаушы сөздердің орнына жүретін орынбасар сөздер болатынын айтуға болады. Сөйтіп, бұл жалпы грамматикалық мағына лексикалық емес, грамматикалық семантика болып табылады. Сондықтан сөздерді грамматикалық топтарға, яғни сөз таптарына жіктеуде, топтастыруда ұстанатын басты принцип семантикалық (яғни лексикалық емес, грамматикалық-семантикалық) принцип екенін көреміз. Екіншіден, осындай грамматикалық топтарға белгілі-белгілі өзіндік түрлену жүйесі, өзгеру тұлғалық парадигмасы немесе бұған қарама-қайшы түрленбеу, тұлғалық өзгеріске түспеу тән болып келеді. Сондықтан түрлену жүйесіне (немесе оған қарама-қайшы түрленбеуге) негізделген категориялық грамматикалық мағына жүйесі мен грамматикалық категорияларының болу-болмауы сөздерді топтастырудың екінші негізі морфологиялық принципі сөздердің түрлену жүйесі болып табылады. Мысалы, зат атауын, заттың ұғымын білдіретін сөздерге көптелу (соған сәйкес сан-мөлшер категориясы), септелу (септік категориясы), тәуелдену (тәуелдік категориясы) тән де, қимыл, іс-әрекетті, процесті т.б. білдіретін сөздерге жіктелу (жақ категориясы), шақты білдіру (шақ категориясы), модальдылықты білдіру (рай категориясы), болымсыздықты-болымдылықты, сабақтылықты, субъект-объектімен әртүрлі қатынасты (етіс категориясы) білдіру т.б. тән болып келеді. Ал заттың әртүрлі сындық белгісін, түр-түсін, сондай-ақ заттың әртүрлі сындық сипатын және қимылдың, іс-әрекеттің алуан түрлі амалын, мекенін, мезгілін, себебін, мақсатын білдіретін сөздер – арнайы грамматикалық тұлғалармен түрленбейтін сөздер. Сондықтан ол түрленбейтін сөз табына жатады. Ал басқа сөздердің орнына жүретін орынбасар сөздер, өздері қандай сөздердің орнына жүрсе, солар сияқты түрленеді не түрленбейді. Сздерді топтастырудың үшінші синтаксистік принципі сөздердің сөйлемде өзіне тән белгілі қызмет атқарумен және сол сөздердің тіркесу сипатымен яғни қандай топтағы сөздермен қалай тіркесе алуымен байланысты. Мысалы, зат атауын білдіретін сөздер атау тұлғада тұрып, қимыл, іс-әрекеттің иесі (субъект), бастауыш, табыс септігінде келіп, баяндауыш, ілік септікте және екінші затпен қатыстық қатынаста келіп анықтауыш, көлемдік септіктерде келіп пысықтауыш, кейде жанама объект мәнінде толықтауыш қызметтерін атқарып, атау тұлғада қимыл, іс-әрекетті білдіретін передикатпен қиыса байланысады. Ілік септікте екінші сөздің тәуелдік жалғауында тұруын талап етіп, онымен матаса байланысады, екінші сөзбен түбір күйінде тікелей орын тәртібі арқылы қабыса байланысады, табыс я көлемдік септіктерде екінші сөзбен (көбіне етістікпен) меңгеріле байланысады. Ал қимыл, іс-әрекетті білдіретін сөздер жіктеліп келіп баяндауыш, көсемше тұлғасында пысықтауыш, белгілі түрлері атау тұлғада заттанып барып бастауыш, есімше тұлғасында анықтауыш, табыс және көлемдік септіктерде заттанып барып толықтауыш қызметтерін атқарып, грамматикалық субъектімен жіктеліп келіп қиыса байланысады. Етістікпен (көбіне көсемше тұлғасында) қабыса байланысады, есімше тұлғасында анықтауыштық қатынаста да есім сөзбен қабыса байланысады, септік жалғауындағы сөздерді меңгереді. Заттың сынын және санын білдіретін сөздер зат атауларын анықтап, затпен қабыса байланысып қолданылады, заттанып барып бастауыш, толықтауыш адамға байланыстысы жіктеліп барып баяндауыш қызметін атқарады. Қимылдың әртүрлі сипатын білдіретін сөздер қимыл мәніндегі сөздермен қабыса байланысып, пысықтауыш қызметін атқарады.
    Ал басқа сөздердің орнына жүретін орынбасар сөздер өздері орнына жүретін сөздердің синтаксистік қызметін атқарып, солар байланысқа түсетін сөздермен тіркеседі. Бұл сияқты қасиеттер көмекші сөздерде, әсіресе лексикалық мағынасынан бүтіндей айырылып қалған көмекші сөздің түр-түрі шылау мен одағай, модаль сөздерде боламйды. Шылаулардың сөз байланысындағы орны бүтіндей бөлек. Осы көрсетілген принциптердің негізінде атаушы сөздерді мынадай сөз таптарына бөліп қарауға болады: зат атауын білдіретін – зат есім, заттың әртүрлі сынын, қатыстық белгісін білдіретін – сын есім, заттың сандық мөлшерін білдіретін – сан есім, сөздердің орнына жүретін орынбасар сөздер – есімдік, қимыл, іс-әрекетті білдіретін – етістік, қимыл, іс-әрекеттің әртүрлі сипатын (амалын, мекенін, мезгілін, мақсатын, себебін т.б.) білдіретін – үстеу, әртүрлі дыбыстарға, қимыл-қозғалыстарға еліктеп аталатын – еліктеуіш сөздер болып бөлінеді. Осы атаушы сөздерден басқа көмекші сөздердің бір түрі шылаулар және одағай сөздер мен модаль сөздер де жеке-жеке сөз табы болып қаралады, өйткені олардың жеке лексикалық мағыналары болмаса да өзі қатысты сөзге я сөйлемге қосымша грамматикалық мән үстейді немесе ойға қатысты (көңіл-күйін білдіру я модальдылық) мәндер қосады.

Сөйтіп, қазақ тілінде мынадай сөз таптарын көрсетуге болады.
1. Зат есім 6. Етістік
2. Сын есім 7. Еліктеу сөздер
3. Сан есім 8. Шылаулар
4. Есімдік 9. Одағай
5. Үстеу 10. Модаль сөздер

ПІКІР АЛМАСУ

Пікір қалдырыңыз


26/03/2024 16:15

Хабарландыру!
0 325 0








27/02/2024 11:57

ХАБАРЛАНДЫРУ
0 600 0

















02/05/2017 12:29

Қостілділік мәселесі
0 45300 0





05/06/2017 11:24

Абылайханның күйлері
0 42804 3


ТЕКСТ

Яндекс.Метрика