КІРУ



Аккаунтыңыз жоқ па? Тіркелу

Құпия сөзді ұмытып калдыңыз ба?

THE STATE LANGUAGE DEVELOPMENT INSTITUTE

МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛДІ ДАМЫТУ ИНСТИТУТЫ

  ИНСТИТУТ РАЗВИТИЯ ГОСУДАРСТВЕННОГО ЯЗЫКА



БАТЫРЛАР ЖЫРЫ КЕЙІПКЕРЛЕРІН БІРІЗДЕНДІРУ

ТОЛЫҒЫРАҚ

    1. Буын – сөздің өз алдына көнетін бөлшегі. Сондықтан, әр буын әр түрлі үнмен айтуға келе береді. Сөздің әр буыны жуан да, жіңішке де бола алатыны секілді, күшті де, әлсіз де болып айтылады. Қағазды олай жазба! дегенде соңғы сөздің жаз деген буыны күшті айтылады да, ба деген екінші буыны одан әлсіз айтылады. Ал, кітап әуелі жазба болады да, содан кейін басылып шығады дегенде жазба деген сөздің соңғы ба деген буыны алдыңғы жаз деген буынынан күшті айтылады.
    2. Сөздің әр буыны әртүрлі күшпен айтыла тұрып, соның ішінде әр түрлі сөздің бір буыны басқасынан ала-бөле күшті айтылады. Мектеп деген сөздің екінші (соңғы) буыны күшті айтылып тұр. Мектеп-тер дегенде үшінші буын күшті айтылып тұр. Мек-теп-те-рі дегенде де үшінші (те-деген) буыны күшті айтылып тұр.
Әр сөзде, осындай бір буынның ала-бөле күшті айтылуын сөздің екпіні дейміз. Күшті айтылған буынды екпінді буын дейміз.
    3. Сөз екпінінің қай буында екенін жазуда көрсету керек болса, екпінді буындағы дауысты дыбыстың әрпінің үстіне көлбеу сызықша (’) қойылады. Мысалы, мектеп, мектептер, мектептері.
    4. Әрбір түбір сөзде, әрбір қосымшалы сөзде бір-бір екпін болады. Мысалы:
Түбірлер: бала, қалам, жазамын.
    5. Дәйек қосалқылардың бәрінде бір-бір екпін болады да, дәйек қосалқысы бар түбір сөз бен қосымшалы сөздің екпіні азайып, көбіне, мүлде жоғалып кетеді. Мысалы:
Тым жақсы, өте тығыз, қып-қызыл, әрең жетерсің.
    6. Аяқ қосалқыларда екпін болмайды. Мысалы: жазғанмен бітірмегенсің (қосалқы – мен), жаза ғой (қосалқы – ғой).
Ескерту: сияқты, секілді, (сықылды)дейтін аяқ қосалқыларға қосымша жалғанса, екпін пайда болады да, екпін ретіне қарай, бірде өзінде, бірде қосымшасында болады. Мысалы: сияқтылар, сықылдының, сол сықылданба. Көмекші етістік деп аталатын қосалқылар да осылар сияқты. Жаза бер, жаза берсең.
    7. Түбір сөздің екпіні қосымша жалғанғанда, кейде қосымшасына көшеді де, кейде өзінде тұрып қалады: ал, алма, алмассың.
    8. Қазақ тілінде түбір сөздің екпіні соңғы буынында болады. Қосымшалы сөздерде де екпін, көбінесе аяқта болады. Бірақ қайсібір қосымшалар екпінді өзіне жолатпайды да, сонан, екпін аяққа бара алмай тоқтап қалады. Ауыл, қала, калхоз деген түбір сөздердің егіндік, шаруашылық, күзетші сияқты қосымшалы сөздердің бәрінің де екпіндері соңғы буындарында. Ал, бүгін күзетші дегенде күзетші сөзінің екпіні ортаңғы буынында, оқимын, жазбақсың дегендерде де соңғы мын, сың қосымшалары екпінді жоғалтпай тұр.
Ескерту:Екпінді жоғалтпайтын қандай қосымшалар
екені кейін өз тұсында көрсетіледі.
    9. Әр буын өз алдына айтуға келетін болған соң, буын-буынының жігін аша айтуға да, қоса айтуға да болады. Бір сөздің буындарының ара-арасын қоса сөйлейміз де, сөз-сөздің жігіне буын жігін де аша сөйлейміз. 
Мысалы: жас+ат деген екі буын тұр. Екеуінің басын қосып айтпақ болсақ, алдымен, бұл екі буын бір сөздікі ме, жоқ екеуі екі сөз бе? – соны ашып алуымыз керек. Екеуі екі сөз болса, осы тұрған жапсарын аша сөйлейміз. Онда жас ат (жас жылқы деген мағынада) болады. Ал, бұл екі буын бір сөздікі болса, осы тұрған жігін жаба сөйлейміз. Онда жасат (бір нәрсені істет) деген болады. Сөйтіп, бір сөздің буындарын жылыстырып байланыстырамыз да, сөз-сөздің жігіне тура келгенде жылыстырмай тоқтап, буын жігін аша сөйлейміз.
    10. Сөз-сөздің жігіне дауыс тоқтай бермейді. Сондықтан, жалғыз тұрған буындар бір сөздікі ме, жоқ, әр сөздікі ме? – Оны сөз екпінінен айырамыз. Бір сөздің буындары бір-ақ екпінге қарайды.
Мысалы: су-ал-ма-ған деген төрт буын тұр екен. Бұл төртеуі бір-ақ сөз болуы да, екі сөз болуы да, үш сөз болуы да мүмкін.
Төртеуі бір-ақ екпінге қатар тұрса, суалмаған сиыр дегендегідей, бір-ақ сөз болғаны.
Төрт буында екпін екеу болса, бұл құдықтан су алмаған дегендегі сияқты, екі сөз болғаны.
Бұл төрт буында үш екпін болып, төртеуі үш сөздікі болуы да мүмкін. Онда су ал, маған! болады.
Міне, осы үш түрлі ұласудың ең соңғысында ғана маған деген сөздің алдында дауыс тоқтайды. Мұнда су мен ал-дың арасында, алдыңғы екеуінің қай жерінде де, дауыс үзілмейді.
    Сонымен, екпін – бір сөздегі буындарда тарқатпай матастырып ұстау үшін керек болып шығады. 

ПІКІР АЛМАСУ

Пікір қалдырыңыз



28/04/2017 12:30

Біз іздеген ертегі
0 210957 0

02/05/2017 12:29

Қостілділік мәселесі
0 200897 0

26/06/2017 12:02

Жалындаған жастық шақ
0 187894 0













ТЕКСТ

Яндекс.Метрика