КІРУ



Аккаунтыңыз жоқ па? Тіркелу

Құпия сөзді ұмытып калдыңыз ба?

THE STATE LANGUAGE DEVELOPMENT INSTITUTE

МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛДІ ДАМЫТУ ИНСТИТУТЫ

  ИНСТИТУТ РАЗВИТИЯ ГОСУДАРСТВЕННОГО ЯЗЫКА



БАТЫРЛАР ЖЫРЫ КЕЙІПКЕРЛЕРІН БІРІЗДЕНДІРУ

ТОЛЫҒЫРАҚ

    Алаштың арысы Мұқаметжан Тынышбаевтың аруағына бағышталады.
    Бiздiң арғы-бергi тарихта қазақ атауы шығу төркiнiнiң бiрнеше нұсқасы бар екенi белгiлi. Бiр нұсқада қазақтың арғы атасы сақ болғандықтан «қассақ» атанып, содан қазақ атанғанбыз десе, тағы бiрiнде қазақ «еркiн, азат» деген ұғыммен мәндес болғандықтан «қазақ» атанған дейтiн болжамдар бар.
    Солардың бiреуi – алаш арысы Мұқаметжан Тынышбаев «Великие бедствия…»*(«Ақтабан шұбырынды») атты әйгiлi шығармасында айтылатын Крафт есiмдi зерттеушi ғалым талдаған аңыз – бiздiң осы талдау мақаламыздың негiзгi өзегi болмақ. Аңыздың қысқаша желiсi мынадай (аңыз – жадымызда әбден көмескiленiп, жойылуға айналған ежелгi тарихымыздан хабар беретiн алғашқы дереккөз): ертеде Қалша-Қадыр деген кiсi қу медиен далада шөлден қаталап, өлуге шақ қалғанда, бiр қаз ұшып келiп, перiштеге айналады да, Қалша-Қадырдың аузына су құйып, өмiрiн сақтап қалады. Содан екеуi бас құрап, араларынан Қазақ туады. Қазақ халқы осы баладан тараған ұрпақ-мыс делiнедi. Ардақты арысымыз М.Тынышбаев қазақ атауының құрамындағы «қаз»-ды – зат есiм, «ақ»-ты сын есiм деп қарастырып, түрiк тiлдерi ережесi бойынша сын есiм әр кезде зат есiмнiң алдында тұратындығын ескерiп, бұл нұсқаны қабылдамайды.
    Бiз өз кезегiмiзде осы нұсқаны қайта қарап, аталған деректердi басқаша сөйлетуге талпыныс жасап көрмекшiмiз. VIII ғасырда Орхон өзенi бойында тұрғызылған Күлтегiн ескерткiшiнде Соғдақ атауы кездеседi. Ғалымдар осы атауды зерттей келе, ерте заманда Соғды мемлекетiнiң (соғдылықтардың түпкiлiктi мекенi, яғни метрополиясы) тұрғындары сауда-саттық жасау мақсатымен басқа мемлекеттерге барып, өздерi бiрыңғай тұратын шағын қала немесе аудандар (соғдылықтардың барып қоныстанған мекенi, яғни колониясы) қалыптасты деген пiкiрде болған сияқты. Осындай соғдылықтар ғана бiрыңғай тұратын мекенжайды сол дәуiрдегi көктүрiктер Соғдақ атағандығы – ғылымда анықталған жайт.
    Алайда аталмыш «ақ» жұрнағының көрсететiн емiлелiк қызметi көмескiленiп, бүгiнгi күнге бәз қалпында жетпей қалған. Бұны ерекше жұрнақ атап отырғанымыз да сондықтан. Егер ол жұрнақтың ерекше мәнi сақталған болса, дүние жүзiнiң шар тарабында шашырап жатқан қаптаған «Чайна таундарды» «Қытайақ» немесе «Қытайық» атаған болар едiк. Әйтсе де тiлiмiздегi «ақ» жұрнағы осыған ұқсас емiлелiк қызметiн әлi күнге дейiн атқарып келедi. Мысалы, «бидай» сөзi моңғол тiлiнде «буудай», мажар тiлiнде «búza», көне түрiкше «бұғұдай» деп аталады. Ал бiзде бидай (дәндi дақыл) – бидайық (бидайға ұқсас шөптесiн өсiмдiк) дейдi. Сол сияқты «ақ» жұрнағынан туындайтын «дар» – «дарақ», «бұта» – «бұтақ», «пiр» – «пырақ» т.б., атаулар бар. Бұдан гөрi күрделiрек түрi: тәңiр – шаңырақ. Сақа (якут) тiлiнде «тәңiр» атауы «тангара» деп жазылады. «Тәңiр» – көктiң күмбезi де, «шаңырақ» – үйдiң күмбезi (таң – тең = шаң – шең). Бiр түбiрден туындап, екi бөлек ұғымды бiлдiретiн зат есiмдердi түрiк тiлдерi «ақ» жұрнағы арқылы осылай айыратын үрдiс бар. Егер мәселеге осы тұрғыдан қарап, «қазақ» атауындағы «ақ»-ты жұрнақ деп танысақ, Крафт ұсынған аңыздағы болжам бойынша, қаздан тараған ұрпақ екенiмiз рас болып шығады.
    Ал мәселенiң этно-лингвистикалық қырына көбiрек назар аударатын болсақ, сөзден сөз туындауы әбден мүмкiн. Мәселен, аңыздағы кейiпкерiмiз «қаз» сияқты құстың бейнесi сақ дәуiрiнiң аң стилiндегi алтын жәдiгерлерiнде де көрiнiс тапқанын көрiп жүрмiз. Онда бәйтеректiң бұтақтарында бiр-бiрiне қарама-қарсы қарап, бiрi мойнын көкке созып, екiншiсi басын төмен салбыратып отырған екi құс бейнеленедi. Мойнын көкке созғаны Көк Тәңiрге табынуды бiлдiрсе, басын төмен салбыратқаны Ұмай – Жер-анаға iзет етудi бiлдiретiнiн кейiнгi ұрпаққа таңғажайып өнер туындысы түрiнде осылай аманаттаған болса керек. Сақ дәуiрiне дейiн баратын қаздың мифтiк бейнесi қазақ атты халықтың тарихи жадында осы аңызда айтылғандай сақталып келе жатқаны ғажап-ақ. 
    Шыңғыс қаған Хорезмдi жаулап алғанда, Отырар дәргейi Қайырханға қатысты дауды желеу еткен. Қайырхан кейбiр тарихи әдебиеттерде Қадырхан тұлғасында да ұшырасады. Соған қарағанда, түрiк тiлдерiнде «й» мен «д» дауыссыздарының алмасу заңдылығы ерте дәуiрлерден берi сақталып келе жатқанының куәсi боламыз. Қайыр тұлғасы әуелгiде «қай» мен «ар» сөзiнiң қосылуынан шыққан болса керек. «Қай» көне түрiк тiлiнде «жылан» (жылан тақырыбына келесi көлемдi мақаламызда арнайы тоқталатын боламыз) деген ұғымды бiлдiредi. «Ар» сөзi Махмуд Қашқари сөздiгiнде қазiргi тiлiмiздегi ер деген сөзбен бiр мәндес. Яғни ар/ ер екi түрлi тұлғадағы бiр мағынаны бiлдiретiн сөздер. «Қай» мен «ар» зат есiмдерi қосылғанда, тiлiмiздiң үндестiк заңдылығы ықпалына ұшырап, «а» дауысты дыбысы «ы» дауыстыға өзгередi де, туынды сөз алғашқы дербес нұсқасындағы мәндерiнен ажырап қалады. Бұдан аңыздағы iлкi ата – Қалша-Қадыр (Қадыр~Қайыр) «қай» – «жылан» бейнесiнде әйгiленгенiн аңғарамыз. Мифологияда жылан, негiзiнен, ұрғашы, iлкi ана бейнесiнде ұшырасады. Бiздiң талдауымыздағы жылан аналық қалпынан кетiп, аталыққа айналып кеткенiне қарағанда, аңызымыздың мифологиялық жасы – өте жас!
    Дәлiрек айтар болсақ, аналық (матриарх) дәуiрдi артқа тастап, аталық (патриарх) дәуiрдiң босағасынан аттап қойған заманға сай келедi. Сонымен, мифтiк iлкi ана – жылан, бiздiң аңызда iлкi ата – жыланға өзгерген. «Қаз» бен «Қалша-Қадыр» сөз тiркесi «Қаз» бен «Қалша-Жылан» атаға өзгередi.
Қаз бен Қадыр/ Қайырға қарағанда, Қалша – күрделi кейiпкер. Қалшаның сыртқы пошымы – томаға-тұйық. Оңтүстiктiң ықпалына қатты ұшырағаны бiрден көзге ұрады. Бейне бiр әсiредiншiл сектаға кiрiп алып, бетiн перделеп алған қыздарымыз сияқты. Парсы ма, араб па – айырып бiлмейсiң. Мұндағы оңтүстiк деп меңзеп отырғаным – орта ғасырларда Хорезм түрiктерiне айтарлықтай ықпалы болған парсы және араб мәдениетi екенiн ескерсек, мәселенi анықтап, нақтылауға тың жол ашылады.
    Академиялық тарихшы-зерттеушiмiз Ю.Зуев «халаш» – ру әлде тайпа атауындағы «х» әрпiн қалдырып, «алаш» тұлғасында талдау жасаған. Сөйтсек, үндi-ирандықтар дауысты дыбыспен басталатын түрiк сөздерiнiң алдына «һ» әрпiн тiркейдi екен де, сөздiң алғашқы тұлғасы өзгерiп, перде жамылған қыз сияқты танылудан қалады екен. Сонымен, бiздiң «алаш» сөзiмiз «һалаш» тұлғасында өзiмiзге қайта оралған. Кейiн кириллицаға ауысқанда, «Қалаш» түрiнде жазылатын болған: «Алаш~Һалаш~Қалаш». Парсы, араб тiлiнiң еткен ықпалы XV-XVI ғасырда өмiр сүрген Шалкиiз жыраудың сөзiнде анық байқалады:

Би Темiрге айтқан бiрiншi толғауында: 
«…Ау, бөрiлер, бөрiлер,
Бөрiмiн деп жүрерлер!
Һәрбiрiнiң баласы
Алтау болар, бес болар,
Iшiнде абаданы бiр болар.
Абаданынан айырылса,
Олардың һәрбiреуi
Һәрбiр итке жем болар…» – деп, орта ғасырдың бас кезiнен қалған перденi бүгiнгi күнге жеткiзген екен.
    Тағы бiр-екi мысал келтiрсек, Мұхамет Хайдар Дулати – парсыша аты-жөнi. Қазақшасы «Айдарға» өзгередi. Сойы – Дулати, руы – «дулат» дегенге саяды. Мұхамет – даңқты ғалымның ислами қосалқы аты; Хамадани парсыша сой ат. Түрiкшесi Абадан немесе Абат елдi мекенiнiң тұрғыны дегенге келедi. Абад, [абод] – парсыша – елдi мекен деген ұғымды бiлдiредi. Осы қисынға жүгiнетiн болсақ, бiздiң «Қалша» «Алша» түрiне қайтадан түрiктенедi. Зат есiмге айналдырсақ, Алша~Алшын/ Алтын немесе сәл өзгерген түрде Алаша~ Алашын болып құлпырады. Осылайша парсы-араб ықпалымен болған сөз басындағы «Һ»/ «Қ» әрпiн қалдыру арқылы қазақтың Алаша, Алшын, Алтын руларының атауы қалыптасқан заманға, яғни орта ғасырлардан ерте ғасырларға жүгiнуге мәжбүр боламыз.
    Хұн дәуiрiнен, кейiннен көктүрiктер дәуiрiнен берi қарай түрiк халықтарының жалпы iлкi анасы – бөрi (тотем) болғаны белгiлi. Сол бөрi ананы сол кездегi Табғаштар өздерiнде терминсөз болмағандықтан болар, моңғолдың «чино», қазақша айтсақ, «бөрi» деген сөзiн алып, «Ачино» дегенiн, қытайша (ханзуша) бiлмейтiн хұн, түрiк бабаларымыз Ачино~ Ашына деп, моңғол сөзiн қытайшадан түрiктендiрместен қабылдап алғанын аңғарамыз. Бiз, өз кезегiмiзде, қытай тiлiнiң ықпалына ұшыраған «Алашын» сөзiнiң басындағы «А» әрпiн алып тастап, «алашын~ лашын» тұлғасына өзгергенiн көремiз. Лашын – құс атауы. Қалшаның орнына Лашынды жайғастырсақ, Қаз бен Лашын-Жылан боп шығады. Немесе Хұн және көктүрiктер дәуiрiндегi Лашын-Жылан аңызы болғанына меңзеп, орта ғасырларда Қаз-Жылан аңызына кейiпкерлердiң ауысуы салдарынан өзгерiске ұшыраған да, «Лашын» «Қалшаға» өзгерiп, «Қадырмен» қатар аталып, бiздiң заманға танылмастай болып жеткенiн байқаймыз.
    Аңыз бойынша лингвистикалық талдауымызды қорытындылайтын болсақ, Сақ-Хұн-Түрiк дәуiрiндегi «Лашын» орта ғасырда «қазға» өзгерiп, мифтiк iлкi ана қызметiн атқарып тұрғанын дәлелдедiк деп ойлаймыз. «Алаша» мен «алшын» сияқты алаш атауы да лашынға барып тiреледi («Алты алаш» мәселесiне келесi бiр мақалада тоқталамыз).

Пайдаланылған әдебиеттер:

1. Мухамеджан Тынышпаев. Великие бедствия и великие победы казаков (Актабан-шубырынды). Алма-Ата, Жалын, 1992.
2. Ахинжанов С.М. Кипчаки в истории средневекового Казахстана. Алма-Ата. «Наука» Казахской ССР.
3. Асемкулов Т., Наурзбаева З. Мифологический образ змеи / дракона: Драма человеческой предистории (рецензии).
4. Зуев Ю.А. О формах этносоциальной организации кочевых народов Центральной Азии в древности и средневековье: пестрая орда, сотня (сравнительно-типологическое исследование)//Военное искусство кочевников Центральной Азии и Казахстана (эпоха древности и средневековье). Алматы, 1998.
5. Нар заман мен зар заман поэзиясы (Асанқайғыдан Кердерi Әбубәкiрге дейiн) Жыр-толғаулар. Алматы, «Раритет», 2007.

Автор: Марат УАТҚАН, тарих зерттеушiсi
GAZETA.KZ

ПІКІР АЛМАСУ

Пікір қалдырыңыз



28/04/2017 12:30

Біз іздеген ертегі
0 210963 0

02/05/2017 12:29

Қостілділік мәселесі
0 200930 0

26/06/2017 12:02

Жалындаған жастық шақ
0 187936 0













ТЕКСТ

Яндекс.Метрика