КІРУ



Аккаунтыңыз жоқ па? Тіркелу

Құпия сөзді ұмытып калдыңыз ба?

THE STATE LANGUAGE DEVELOPMENT INSTITUTE

МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛДІ ДАМЫТУ ИНСТИТУТЫ

  ИНСТИТУТ РАЗВИТИЯ ГОСУДАРСТВЕННОГО ЯЗЫКА



БАТЫРЛАР ЖЫРЫ КЕЙІПКЕРЛЕРІН БІРІЗДЕНДІРУ

ТОЛЫҒЫРАҚ

    Бұл туралы жазба дерек жоқ, болса де жетімсіз. Өйткені жазу кейінгі дәуірде шыққан. Бірақ осы күнгі тілдің өз материалы да тарихтан көп хабар береді. Оның себебі тілдің сөздік жағы ала-құла өзгереді де, грамматикалық жағы мейлінше шабан өзгереді. Сөйлеу тілі де тұрақты қатынас құралы болу үшін орнықты болуы шарт; грамматикалық құрылыстың шабан өзгеретіні де содан. Ол тез өзгеріп тұрса, тіл де болмас еді. Сөйтіп үнемі өзгеріс үстінде болатын тіл жүйесі кенжелеп қалып отырады, оның мағынасынан гөрі де формасы өте баяу өзгереді, бұдан әйел жынысты, еркек жынысты сөздер дәлел бола алады. Бұл категорияның қазіргі міндеті – екі сөзді қиыстырып, бір-бірімен байлау ғана. Мағынаның міндеті өзгерісіне де толып жатқан мысалдар бар: күн+елту (ерту) = күнді ертіп жүру = қазіргі мағынасы – тіршілік қылу.
    Сөздердің осы байланысына қарап та синтаксис тарихы жайында біраз нәрсе білуге болады. Байланысудың екі амалын – жалғау, жалғауыш арқылы байланысу амалдарын есте ұстау керек (мать любить дочь, дочь любит мать; ағаш, үй ағаш деген мысалдардағы сөздер орын тәртібі арқылыбайланысқан; ал мама увидела сестру, мен барамын деген мысалдардағы сөздер байланысудың алғашқы амалына сәйкес қосымшалар арқылы жүзеге асқан).
    Сөйлемдегі сөз тәртібінің қатал сақталуы сөйлем мүшелерінің аморфтылығынан болады.
Бұрынғы замандағы сөйлем мүшелерінің байланысы соңғы амал ғана, яғни сөздердің ілгерінді, кейінді келу тәртібіне ғана негізделген; жалғау, жалғауыштар кейін пайда болған. Сөздерді қосымшалар арқылы ұстастыру – синтаксистік байланыстың жаңа амалы. Біздің қазіргі сөйлеу тілімізде осы екі амалдың екеуі де бар. Сөйлем мүшелері бұрынғы кезде белгілі бір орынға ие болып, тұрақтасып қалғандықтан, тіпті жалғаулы мүшелер де сөйлемнен белгілі бір орын алып жүр (Оқыдым мен бұл кітапты десек, кітаптан кейін «жаздым» болып, жазған мен оқығанның шатасып кетуі мүмкін.
Бұрын бастауыш баяндауыштан соң болған,; анықтауыш анықталғыштан кейін келген. Оның мәнісі былай: оы күнгі оқыдым деген сөзімізбұрын оқы+тұр+мен болып айтылған. Демек, осы күнгі өткен шақтың -ды жұрнағы бұрынғы «тұр» деген сөзден қысқарған. Қазіргі оқитын сөзінің = оқы+й+тұғын тұлғасынан қысқарғаны, бұл сөздің ұйғырда оқы+й+дығын, татарда оғы+й+тұрған болатындығы белгілі. Бұл сөздердегі («тұр» сөзіндегі) -р дыбысының түсіп қалуына қарап, әуел бастағы тұйық буындарда келетін р, л, н дыбыстарының түскіштігін (сусымалы) білуге болады. Бұған ал+бар (алып бар) күрделі ал+бар (алып+бар) етістіктерінің апар; ал+кел (алып кел) етістіктерінің әкел түрінде ықшамдалуы дәлел бола алады. Сондай-ақ, ол, бұл, мен, сен сөздеріндегі л, н дыбыстарының түсіп қалып, о+ның, бұ+ған, се+нің, ме+нің болып ықшамдалуы да тұйық буын ішінде келгенде р, л, н әріптерінің түскіштігін білдіреді. Осы айтылғандарға бұрынғы кездерде екі дауыстының арасында келген үнсіз дыбыстардың үндіге айналып кету фактісін қоссақ, тұр дегендегі «т» дыбысының «д» болғандығын түсінеміз. Ал осыған соңғы буындағы «у» дыбысының түсіп қалғыштық қасиетін тағы қосуға болады ( р дыбысының жоғарыда айтылғандай сусымалылығына дәлел есебінде біздегі аттар деген сөзді ұйғыр тілінде атлар дейтіндігін мысал етуге болады). Бұл айтылғандарға кешегі бір замандардағы неке қиюшылардың куә-куә, куәдүрміз, куәлікке жүрәдүрміз дегендегі -дүр қосалқысы әуелде «тұр» болғандығын да ескеруіміз керек. Осындағы тұр – қазіргі жік жалғауының көрсеткіші болып кеткен –ды элементінің бастапқы тұлғасы. Оның мағынасы орысша «находиться»деген саятын жатыр көмекші етістігінде сақталған. Сөйлем ішінде қолданылғанда, бұл қосымша бір нәрсенің бар екендігін меңзейді.
    Біз бұл жерде синтаксис тарихын қоя тұрып, «тұр» сөзінің тарихына ойысып кеттік. Әйтсе де біздің түпкі мақсатымыз қазіргі жік жалғауларының бәрі де бір замандарда мен, біз, сен, сіз, ол, олар мағынасында болғандығын, ал синтаксистік құрылымда келгенде бұл сөздердің бәрі де бастауыш болатындығын және ол заманда сөйлемнің бастауыш мүшесі препозицияда емес, постпозицияда тұрғандығын, яғни синтаксистік құрылымның соңында келетіндігін айтпақшы едік. Демек, сол негізді ойымыздан біз бұл ретте де ауытқыған жоқпыз дегенді ескерте кетуіміз қажет.
Сонымен қазіргі бірқатары – ерте замандардағы бастауыш қызметін атқарған дербес мағыналы сөзер.

* * *

    Енді анықтауыш тарихына келейік: алдымен есте болатын нәрсе – бірқатар тілдерде «қыз» деген атау «бала әйел», «кішкене әйел» деген мағынада қолданылатындығы. Моңғол тілінде қызды кеукін дейді екен. Мұндағы -кін – «ботақан» дегендегі қан; қан – кішкене; кішкене – сын есім; сын есім – анықтауыш.
    Грузиннің кали швили деген сөзіндегі шв ұл, бала деген сөз екен; осы мысалдағы шв – қапшық сөзіндегі -шық; осы кішірейткіш -шық – бала-шаға деген қос сөздегі шаға сыңарына тең; қырым татарлар, түрікпендер, әзірбайжандар бала деген сөзді шаға дейді. Біздің тіліміздегі қызыл шақалақ (қызыл шақа) дегендегі шақалақ та жоғарыдағы шаға сөзіне қатысты екені даусыз. Олай болса, құлыншақ дегендегі шақ та сол бала мағынасындағы – шаға. Біздің «бала-шаға» деген қос сөзіміздің екі сыңары да – бала мағынасында. Демек, құлыншақ – бала құлын. Нәтижесінде құлыншақ, тоқтышақ, келіншек дегендегі «шақ» сыңарлары анықталатын сөзден соң тұрған анықтауыштар екенін көреміз. Кейінгі заманда шақ сөзі кішірейткіш қосымша болып қалған да, оның тұлғасы –ша/-ше болып ықшамдалған: тайын+ша, өгіз+ше, ту+ша, құнан+ша, дөнен+ше (құнажын, дөнежін). 
Қазіргі кезде еркек қой, еркек тоқты деп сөйлейміз; бұл құрылмыдағы еркек – анықтауыш. Ол анықталатын сөзден бұрын тұр. Енді осының бұрын қандай болғандығын тексерейік: «қошқар» деген сөздегі қош – қойдегенді білдіреді, қар – еркек; айғыр дегендегі ай – ат, соңындағы ғыр – жоғарғы қар сөзінің редукциясы; кейіннен осы қар сөзінің басындағы қ түсіп қалып, -ар болып ықшамдалған. Ал -ар тұлғасының -ер болуы әбден ықтимал (ар+лан – ит тұқымдас хайуанның еркегі). Олай дейтініміз – бір замандарда түркі тілдерінің дауыстыдан басталатын сөздерінің бәрінде де дауыстының алдында дауыссыз (сонор дыбыстардың бірі) болған; ар сөзінің басындағы а дыбысы «е» болып та айтыла беруі мүмкін. Өйткені бұрынғы замандарда дауыстылар бірінің орнына екіншісі қолданыла берген. Нәтижесінде жоғарыдағы «қар» сөзі жүре келе «ер» болып кеткен демекпіз (айғыр дегендегі «ай» - қазақ-қыпшақ тілінің нормасы; біз ай сөзін бөлек аайтпаймыз, ат дейміз, ат – якут тілінің нормасы, ай – біздің тіліміздің нормасы).
Бұл келтірілген мысалда ерте уақытта анықтауыштың анықталатын сөзден бұрын орналасатынын көрсетеді.
    ХІ ғасырдағы қашқари сөздігінде еркеж деген сөз ұшырайды. Бұл – теке дегенді білдіреді. Бұл да – жоғарыдағы айтқандарымызды дәлелдейді.
Қытай тілінде дао – қылыш, дза – бала, осы екеуі қосылып дао+дза болса, пышақ деген сөз болады. Ал, сияо – дао+дза = кездік (кішкене пышақ) болады. Қытайша жөн – адам, жөн – дза – сурет; дза – кішірейту, дзы – бала (кәдімгі бала).
    Нәтижесінде, қытай тілінде де анықтауыштың анықталатын сөзден соң келетіні анықталады.  

ПІКІР АЛМАСУ

Пікір қалдырыңыз


26/03/2024 16:15

Хабарландыру!
0 278 0








27/02/2024 11:57

ХАБАРЛАНДЫРУ
0 575 0

















02/05/2017 12:29

Қостілділік мәселесі
0 45270 0





05/06/2017 11:24

Абылайханның күйлері
0 42774 3


ТЕКСТ

Яндекс.Метрика