КІРУ



Аккаунтыңыз жоқ па? Тіркелу

Құпия сөзді ұмытып калдыңыз ба?

THE STATE LANGUAGE DEVELOPMENT INSTITUTE

МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛДІ ДАМЫТУ ИНСТИТУТЫ

  ИНСТИТУТ РАЗВИТИЯ ГОСУДАРСТВЕННОГО ЯЗЫКА



БАТЫРЛАР ЖЫРЫ КЕЙІПКЕРЛЕРІН БІРІЗДЕНДІРУ

ТОЛЫҒЫРАҚ

Қазақстанда латын әліпбиінің конвертер қосымшасы жасалды

       Қазақстанда латын әліпбиінің конвертер қосымшасы жасалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы Attila Group компаниясының өкілі Қуаныш Біләл парламенттік тыңдау кезінде мәлімдеді.

        Қуаныш Біләлдің айтуынша, жаңа әліпбидің ерекшелігі - мемлекеттік тілді ғылымға және білім беруге, компьютер мен Интернетке бейімдеу мүмкіндігі. "(...) Біздің мамандар 10 жылдан бері зерттеп келе жатқан қазақ әліпбиі конвертер жүйесі осы күнге дейін әлем қазақтары пайдаланып келе жатқан кирилл, латын, төте жазуларды бір-біріне қателіксіз аударатын бірегей жүйе. Бұл жүйе осыған дейін "Егемен Қазақстан", "ҚазАқпарат" сияқты еліміздің басты ақпарат құралдары мен шетелдегі қазақтардың өте тиімді құралына айналды. Еліміздегі, жалпы ТМД елдеріндегі, сондай-ақ Еуропадағы, Қытайдағы қазақтар осы конвертер арқылы ортақ пікір алысып, хат-хабар алмасу мүмкіндігіне ие болды. Көп жылдан бері тәжірибеден өткен осы конвертер жүйесі ендігі кезекте мемлекеттік тілдің бірыңғай стандартты әліпбиін халық арасында өте ыңғайлы, қолжетімді тұрғыда насихаттап, тез қолданысқа енуіне айрықша қызмет етпек. Ұялы телефон пайдаланатын кез келген қазақстандық немесе Интернетке қолжетімді 12 миллион азаматымыз, сондай-ақ мемлекеттік органдар мен баспа орындары осы жүйе арқылы жаңа латын әліпбиін ешқандай қиындықсыз қабылдауға мүмкіндік бар. Мысалы сіз кирилл әліпбиімен оқыған болсаңыз, осы конвертер жүйесін компьютеріңізге немесе ұялы телефоныңызға орнату арқылы кез келген уақытта, кез келген мәтінді жаңа әліпби нұсқасына аудара аласыз", - деді ол. Сонымен қатар, оның айтуынша, бұл конвертер арқылы "Абай жолы" романын бір ғана батырманы басу арқылы үш секундта латын қарпіне түсіруге болады. "Төте жазуды пайдаланатын Қытай қазақтары да, латын әліпбиін қолданатын Еуропа қазақтары да осы конвертер арқылы жаңа әліпби нұсқасымен танысып, өзіне қажетті ақпаратты еш қиындықсыз ала алады. Яғни қазақ елінде болып жатқан жаңалықтарды, Елбасы саясатын өз әліпбиінде оқуға мүмкіндігі бар. Нақтырақ айтқанда бұл конвертер басқа әліпби нұсқасын латынға аударып қана қоймайды, керісінше, жаңа әліпбиде жазылған кез келген мәтінді басқа әліпбиге де аудара алады. Бұл жаңа әліпбидің әлем қазақтарына ортақ әліпби бола алатынының нәтижесі", - дейді Қуаныш Біләл. Айтуынша, жаңа әліпбидің бір ерекшелігі, әлемнің кез келген жерінде кез келген ұялы телефонмен қазақ тілінде жазуға мүмкіндік бар. Яғни латын әліпбиіндегі 25 таңба халықаралық юникод жүйесінде бар. Бұл өз кезегінде қолданысқа енетін конвертердің қызмет мүмкіндігін арттырады. Яғни қазақ тілінде ақпарат алғысы келетін адамға еш қиындық туғызбайды екен. "Конвертер жүйесі жылдар бойы дамытылып, 100 мыңдаған сөзді қатесіз жазуға автоматты редактор қызметі қосылады. Алдағы уақытта осы конвертер арқылы кез келген қазақ сөзінің жазылуына орай оқылуын немесе ауызша айтылған сөздің дұрыс жазылуын көрсетіп бере алады. Бұл ұзақ уақытты алатын процесс, дегенімен нәтиже болатыны сөзсіз", - дейді Attila Group компаниясының өкілі. Айтуынша, ескере кететін ең бір маңызды жайт - мемлекеттік тілдің бірыңғай стандартты әліпбиі халыққа таныстырылған соң конвертер жүйесі мемлекет белгілеген бір ғана стандартпен, нұсқамен жасалуы тиіс. "Әйтпегенде ертеңгі күні әртүрлі әуесқой немесе мүдделі топ жаңа әліпбидің мән-маңызы мен қадір-қасиетіне нұқсан келтіруі мүмкін", - деп атап өтті ол. Қосымшаны AppStore-дан жүктеп алуға болады.


ПІКІР АЛМАСУ

Пікір қалдырыңыз



28/04/2017 12:30

Біз іздеген ертегі
0 210957 0

02/05/2017 12:29

Қостілділік мәселесі
0 200900 0

26/06/2017 12:02

Жалындаған жастық шақ
0 187896 0













ТЕКСТ

Яндекс.Метрика