КІРУ



Аккаунтыңыз жоқ па? Тіркелу

Құпия сөзді ұмытып калдыңыз ба?

THE STATE LANGUAGE DEVELOPMENT INSTITUTE

МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛДІ ДАМЫТУ ИНСТИТУТЫ

  ИНСТИТУТ РАЗВИТИЯ ГОСУДАРСТВЕННОГО ЯЗЫКА



БАТЫРЛАР ЖЫРЫ КЕЙІПКЕРЛЕРІН БІРІЗДЕНДІРУ

ТОЛЫҒЫРАҚ

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінде «Мемлекеттік тілдің

латын графикасындағы әліпбиінің бірыңғай стандартын енгізу мәселелері туралы» Парламенттік тыңдау өтті

Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласында қазақ тілін латын әліпбиіне көшіру мәселесі күн тәртібіне қойылғаны белгілі. Мақала жарық көрген күннен бастап осы мәселе қоғамда кеңінен талқыланып, латын әліпбиінің қазақ тілін дамытудағы маңыздылығы, өзектілігі жан-жақты айтылғаны белгілі. Қазіргі таңда мемлекет тарапынан нақты шаралар жүзеге асырылып келеді. Соның бір дәлеліндей, жуырда Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісінде «Мемлекеттік тілдің латын графикасындағы әліпбиінің бірыңғай стандартын енгізу мәселелері туралы» пар¬ламенттік тыңдау өткен болатын.

Алқалы жиынға Мәжіліс төра¬ғасы Нұрлан Нығматулин, Премьер-Ми¬нистр¬дің орынбасары Ерболат Досаев, Сенат және Мәжіліс депутаттары, мемлекеттік орган¬дар¬дың өкілдері мен әліпби жобасын әзірлеуші А.Байтұрсынов атын¬дағы Тіл білімі институтының, Ш.Шаяхметов атын¬дағы Тілдерді дамы¬тудың республи¬калық үйлестіру-әдістемелік орталы¬ғы¬ның басшылары, БАҚ басшылары, жоғары оқу орындарының ректорлары мен ғалымдар, сарапшылар қауымы қатысып, «Рухани жаңғыру» бағдар¬ламасы аясында Қазақстан ¬Респуб-ликасы Президентінің жанында¬ғы Қоғамдық сананы жаңғырту бағдар¬ла¬масын іске асыру жөніндегі ұлттық комис¬сиясының ұсыныстары жиын өзегіне айналды. Негізгі баяндаманы Мә-дениет және спорт министрі Арыстан¬бек Мұхамедиұлы мен А.Байтұрсынов атындағы Тіл білімі инс¬титуты¬ның директоры Ерден Қажыбек және Ш.Шаяхметов атын¬дағы Тіл¬дерді да-мытудың респуб¬ли¬ка¬лық үй¬лестіру-әдісте¬мелік орта¬лы¬ғы¬ның директоры Ербол Тілешов жасады.

Мәжіліс Төрағасының орынбасары Гүлмира Исимбаева жүргізіп отырған жиында Мемлекеттік тілді жаңғырту қажеттілігі, оның ішінде латын графикасына өту туралы Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың «Қазақстан – 2050» Стратегиясы қалыптасқан мем¬ле-кеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жол¬дауында нақты айтылғаны ескерілді. Ал жиынның ашылуында сөйлеген Мәжіліс Төрағасы Н.Нығматулин ұлт¬тық сана-сезім, рухани даму, өркендеу жолымыз қазақ тілі¬нің жаңа әліпбиін жасаудан басталатындығына тоқталды. «Өйткені Елбасымыз Нұрсұлтан ¬Назарбаев айтқандай, қа¬зақ тілі – ол біздің рухани негізіміз. Осы жолда тілдің халық¬аралық мәртебесін көтеру біздің әлемдік өркениетке жетуіміздің басты кепілі. Сонымен бірге жаңа әліпби бүкіл әлем қазақтарын біріктіретін өте маңызды фактор» деді Нұрлан Зайроллаұлы. Сондай-ақ палата спи¬кері тіл және жаңа әліпби мәсе¬ле¬сінде қателікке жол беруге болмай¬тын¬дығын атап өтіп, «қазақ тілін жаң¬ғыртудың басты көрсеткіші – латын жазуына көшу» деп қаперге салды.

– Қазақ тілін жаңғыртудың басты көрсеткіші – латын жазуына көшу! Бұл бүгін ғана айтылып отырған жоқ. Президентіміз бұл туралы 2006 жылы Қазақстан халқы ассамблеясының ХІІ сессиясында сөйлеген сөзінде және «Қазақстан – 2050» Стратегиясында да айтқан болатын. Елбасы өзінің «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыруға» қатысты мақаласында латын жазуына көшудің нақты жолдарын белгілеп, тиісті шараларды қолға алу керек екенін жеткізді. Бұл қазіргі заман талабы. Әрине, «біткен іске сыншы көп» дегендей, осы мәселеге байланысты айтылып жатқан пікірлер де әртүрлі. Бірақ еліміздің әрбір азаматы латын жазуына көшу әлемдік өркениетке жетудің басты жолы екенін білуге тиіс. Себебі латын қарпі адамзаттың дамуындағы ең мықты жазудың бірі. Ол ХХІ ғасырдағы ғылым мен техниканың, интернет пен IT-технологиялардың тілі. Тіл білімінің негізін қалаған ғалым Ахмет Байтұрсынұлы айтқандай: «Жақсы әліпби тілге шақ болуы керек. Артық әріптері көп әліпби қолайсыз болады». Осы талапты ескере отырып, біз жаңа әліпбиді жан-жақты талқылап, әрбір әріпті, әрбір таңбаны, әрбір белгілі терең талдауымыз қажет. Себебі тіл мәселесінде, жаңа әліпби мәселесінде ешқандай қателік болмауы керек, – деді Н.Нығматуллин.

Ол өз сөзінде латын әліпбиіне көшу ең алдымен қазақ әліпбиі мен орфография ережелерін реформалауға бағытталғанын және сол арқылы тілдің фонетикасы мен графикасының сәйкестігі қалыптастыруға мүмкіндік беретінін атап өтті.

Премьер-Ми¬нистрдің орынбବсары ¬Ер¬болат Досаев Президент Н.Назарбаевтың бағдар-ламалық ¬ма¬қаласында латын әліп¬биін ен¬гізудің мерзімі нақты бел¬гіле¬ген¬дігіне тоқталды. Үкіметтің аталған мәселені орын¬дауға қатысты нақты көзқа¬расы бар. Латын әліпбиінің бірың-ғай стандарты бекітілгеннен кейін оны біртіндеп енгізу шаралары қолға алынады. Ол ¬жоспар барлық салаларды қамтиды. Себебі тіл коммуникацияның әмбебап құ¬ралы болып саналады» деп латын әліпбиін меңгеру бойынша оқу-әдістемелік құралдарды, мо¬бильді қосымшалар мен ақпа¬рат¬тық бағдарламаларды шығарудың ¬ма¬ңыздылығына мән берді.

ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы латын таңбасына көшу мәсе-лесіне қатысты шаруаларды тү¬бегейлі жүргізу тізгіні бү¬гінгі таңда аталған саладағы жұ¬¬мыс-тар алты бағыт бойынша жүр¬гізіліп жат¬қан¬дығын айтты. «Әліппемізді латын таңбасына көшіру жайы қоғам арасында қызу талқылануда. Біз бұл жұмыс¬тың дайындығын алты жыл бұрын қолға алған болатынбыз. Елбасы жариялаған «Қазақ¬стан – 2050» Стратегия¬сында бұл мәселеге қа¬тысты нақты тапсырмалар бе¬ріл¬ген. Осыған орай, бүгінгі күн¬ге дейін тиісті ведомстволар мен ғылыми-сарапшылық инс¬ти¬тут¬тар және халықаралық шең¬бер¬де¬гі ұйымдар арасында жан-жақ¬ты талқылауларға сеп болған ғы¬лы¬ми-практикалық конференция¬лар ұйымдастырдық. Соның нәтижесінде, осы саладағы ең білікті ғалымдарымызбен бірге жасап, назарларыңызға ұсынып отырған қазақ жазуының латын графика¬сындағы бірыңғай стандартында тіліміздің ерек¬шеліктері мен ел дамуының бо¬лашақ алғы¬шарттары түгел еске-рілді деуге толық негіз бар» деді А.Мұ¬ха¬ме¬диұлы.

Жиын барысында сөз алған Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты Дархан Қалетаев латын әліпбиіне көшу бастамасы Қазақстанның рухани болмысы мен қоғамдық ой-сананы өзгертіп, оны жаңғыртуға зор үлес қосатынын атап өтті. «Бұл қадамды жүзеге асыруға саяси, экономикалық, әлеуметтік негіздеме және қоғам тарапынан сұраныс бар. Сондықтан жаңа әліпбиге көшу мәселесі талқылауды қажет етпейтін, ел үшін маңызды әрі өзекті жоба екені анық» деді Д.Қалетаев.

Алқалы жиында сөз сөйлеген тұлғалар күн тәртібіндегі мәселе бойынша өз ой-пікірлерін жеткізді.

Ерден ҚАЖЫБЕК,

А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының директоры, ҰҒА корреспондент-мүшесі, филология ғылымының докторы, профессор:

– Қазақстан Республикасы Пре¬зиденті жанындағы Қоғамдық сананы жаңғырту бағдарламасын іске асыру жөніндегі ұлттық комиссияға қарасты Қазақ ¬жазуын латын графикасы негізіндегі жаңа ұлттық әліпбиге көшіру бойынша Жұмыс тобының жетекшісі әрі кәсіби лингвист ретінде айтарым: мен өз басым және мен білетін зиялы қауым өкілдері, қалың жұртшылық – тәуелсіз Қазақстан тарихын екі маңызды кезеңге бөледі.

Бірінші кезең – 2017 жылдың 12 сәуіріне дейінгі тарих. Екіншісі – одан кейінгі уақыт. 2017 жылдың 12 сәуірінен бастап еліміз дүниежүзіндегі ең озық, дамыған, өркениетті мемлекеттердің ұстанымы бойынша өмір сүре бастады. Бұл ұстанымды жалпақ тілмен қайырсақ – парасат басымдығы деуге болады.Енді ұлттық саясатымыздың басты мақсаты, мемлекетіміздің қоғам алдына қойған негізгі талабы – рухани тазару, рухани жаңғыру, рухани кемелдену. Қаржы-экономика, байлық-билік, материалдық дүние емес – негізгі адами қасиеттер: ар-намыс, зерде-зейін, сана-абырой үстемдік етпек. Мұның өзі еліміздің жоғары биік деңгейге көтерілгенінің – бұлтартпас дәлелі, Елбасының сындарлы саясатының жемісі екені даусыз.Мұның өзі «малым жанымның садағасы, жаным арымның садағасы» деген ұлттық рухани құндылықтарымызға түбегейлі бетбұрыс басталғанының сәтті қисыны.Елбасы: «Алдымен экономика, содан соң саясат» деген ұстанымын тиянақтап, енді халқымызды «тамырымызда бүлкілдеп жатқан ізгі қасиеттерімізді қайта түлетуіміз керек» деп, жаңа белестерге жетеледі.

Олар, атап айтсақ, заман тала¬бына сай – бәсекеге қабілеттілік, праг¬матизм, ұлттық бірегейлік, білім салтанаты, эволюциялық даму және сана ашықтығы. Осылардың діңгегі, іргетасы, мазмұны әрі фор¬масы – тіл екені бесенеден белгілі. Олай болса, латын негізді қазақ жазуының реформасы – рухани жаңғыруымыздың белортасы, шешуші факторы, терең мәнге ие бастама. Бұл тек қана тілдің реформасы емес – діл реформасы, жанымыздың жаңғыруы, маңызды стратегиялық бағдарлама. «Қазақстанның болашағы – қазақ тілінде» деген ұлағатты пайы쬬ның ұлыстық, этностық шең¬бе¬рінен шығып – ұлттық, мемле¬кеттік, азаматтық мәртебеге ие болуы¬ның айқын айғағы. Бұл – болашағымыздың тізгінін өз қо¬лымызға алудың, Президент сөзімен айтсақ, «болашаққа бағдар», «рухани жаңғырудың» өзегі, Қазақ¬станның 30 дамыған елдің қатарында сап түзеуінің жарқын кепілі. Ұлт көшбасшысы – ¬Елбасы тапсырмасына сәйкес бұл келелі мәселе қалың жұртшылықтың белсене қатысуымен қолға алынуда. Елдің түкпір-түкпірінен, шетелден, ауылдан да, қаладан да, халық қалаулылары мен мемлекеттік қызметкерлер, ғалымдар мен зейнеткерлер, жастар мен сырттағы отандастарымыз – бәрі де өз үлестерін қосуға тырысуда, бәрі де баталарын беріп, тілеуін тілеуде, хаттарын жазып, жобаларын жолдауда. «Кеңесіп пішкен тон келте болмайды» дейді халқымыз. Біз ғылыми ортада, ¬зиялы қауым өкілдері арасында көптеген басқосулар ұйымдастырдық. Ұлттық комиссияның жұмыс тобының бастамасымен 20-дан астам ғылыми-ұйымдастыру және ғылыми-тәжірибелік іс-шаралар өтіп, оларға 2,5 мыңнан астам ғалымдар мен зиялы қауым өкілдері қатысты. Шілде айында Ыстамбұл қаласында өткен халықаралық түркологтар құрылтайында бұл мәселе жан-жақты қарастырылып, халықаралық деңгейде қолдау тапты. Ақпарат құралдарына келетін болсақ, Елбасының бағдарламалық мақаласы жарияланғаннан бері қазақ әліпбиін реформалау туралы екі мыңға жуық сараптамалық мақалалар мен пайымдаулар жарық көрді. Әлеуметтік желілерде 1800-ден астам мазмұнды жазбалар шықты. Осының барлығы – әрдайым біздің назарымызда. Жобалар мен нұсқалар сұрыпталып: «интернет, IT» «түркілік», «қазақ филологиялық», «ағылшын-еуропалық», «UNICODE», «кирил-латын», «құрама», «әуесқой» деп топтарға бөлінді.

Жұмыс тобы жан-жақты жұмыс атқарды. Мен бұл жерде латынға бізден бұрын көшкен түркітектес мемлекеттер мен ЕО елдерінің тәжірибесі мұқият сарапталғанына назарларыңызды аударғым келеді. Кемшіліктері анықталып, артықшылықтары тізілді. Кейбір тілдерде маңызды дыбыстар ескерілмей түсіп қалды. Кейбір тілдерде ғылыми-әдістеме жасалмай реформалары тоқырап қалды, ұзаққа созылды. Кейбіреулерінде науқаншылық басым болды. Бізде мұның бәрі жан-жақты ескерілуде. Келесі айлардан бастап жоспарымыз бойынша кешенді түсіндіру мен насихаттау жұмыстары, тренинг пен семинарлар республиканың барлық өңірлерінде – батыста да, шығыста да, солтүстікте де, оңтүстікте де, орталық Қазақстанда да жалғаспақ. Ең бастысы, маңызы орасан зор бұл келелі іс жүйелі,кешенді, кезең-кезеңімен, ¬жоспарлы түрде, науқан¬шылдыққа бой алдырмай, белгіленген тәртіппен іске асырылады.

Ербол ТІЛЕШОВ, Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитеті Ш.Шаяхметов атындағы тілдерді дамытудың республикалық үйлестіру-әдістемелік орталығының директоры:

– Мемлекеттік тілдің бірыңғай стандартты әліпбиінің нұсқасын таңдауда, ең алдымен, ғылыми прин¬циптер негізге алынды. Соның нәти¬жесінде қазақ тілінің дыбыстық жүйесіне, жалпы әліпби түзудің теория¬сы мен практикасына құрылған нұсқа ретінде осы әліпби сіздерге ұсынылып отыр. Бұл нұсқаның ерекшеліктері баяндамада көрініс табатын болады. Жаңа жазу нұсқасын қабылдау, әлбетте, бір таңбаларды екінші таңбалармен ғана ауыстыру емес, ол – бұрынғы әліпбилерде жіберілген емлеге қатысты жаңсақ жазуды дұрыстау. Осы реттен келгенде, әліпби жасау және оны енгізумен бірге жаңа жазу ережелері де қабылдануы тиіс деп ойлаймыз. Сіздерге таныстырылатын нұсқада латынның төл таңбалары ғана алынды. Оның лингвистикалық та, қоғамдық та маңызы ерекше. Себебі латын әріптеріне әртүрлі диакритикалар қою біріншіден, мұндай нұсқаны латын әліпбиі емес, әртүрлі қоспа таңбалардың нұсқасы етеді. Екіншіден, ең бастысы диакритикалар төл дыбыстарымызды сақтауға толық мүмкіндік пен кепілдік бермейді. Себебі мобильді телефондар, смартфондар, планшеттер, ноутбуктар, компьютерлер бүгінде жазудың құралына айналғанда және олар бізге әлемнің түкпір-түкпірінен келетіндіктен, олардың пернетақтасында 26 таңбадан тұратын латын таңбалары ғана орналастырылады. Пайдаланушылар осы бар таңбаларды ғана қолданады. Егер біз латын графикасындағы жаңа әліпбиге диакритикалы таңбаларды енгізетін болсақ, онда көпшілік көп қолданбағандықтан, қазақтың төл дыбыстарын жоғалтып ¬алуымыз мүмкін. Қазірдің өзінде Ә-ні А-мен алмастыру, Қ-ны К-мен алмастыру, сол сияқты Ғ, Ң, Ө, Ұ, Ү, І дыбыстарын жазбау, әсіресе жастардың арасында жиі байқалады.

Үшіншіден, әліпбиімізді латын графикасына негіздеуіміздің үлкен себебі – халықаралық ақпараттық жүйеге ену, әлемдік технологияны игеру екенін ¬Елбасы айтқан болатын. Ендеше, егер әлемнің жетекші елдері қолданатын классикалық латын әліпбиінің дыбыстарына әртүрлі диакритикалар қоятын болсақ, онда біз жоғарыда айтқан мақсатқа толық жете алмаймыз.

Төртіншіден, диграфтарды қолдану арқылы біз сол дыбыстың төл табиғатын сақтаймыз. Ал кейбір әріптестер ұсынып жүрген диакритикалар арқылы ажырату ол дыбыстың табиғатын емес, өзара ұқсас әріптің тек шартты таңбалық суретін ғана береді.

Бесіншіден, бір дыбысты екі таңбамен беретін диграфтар латынның төл таңбалары болса, ал ноқаттар арқылы берілетін диакритикалар – кейін пайда болған жасанды таңбалар.

Осы жобаны жүзеге асыру барысында, ең алдымен, қазақ тілінің дыбыстық жүйесі ескерілді. Соның нәтижесінде 25 таңбадан тұратын әліпби ұсынылады.

Латын графикасына негізделген жаңа қазақ әліпбиін жасауда «бір әріп – бір дыбыс, бір әріп – екі дыбыс және бір дыбыс – диграф жүйесі» принципі негізге алынды.

Латын графикасына негізделген 25 таң¬балы әліпбиге қосымша қазақ тілінің ды¬быстық жүйесін толығымен қамту үшін 8 дыбысты таңбалайтын 8 диграфты ұсын¬дық.

Қазақтың 3 жіңішке дауысты ә, ө, ү фонемалары диграфтармен таңбаланады. Е дыбысы а, о, ұ жуан дыбыстарымен бай¬ланысқанда ә, ө, ү дыбыстарын береді.

— Ә дыбысы ае диграфымен беріледі. Себебі а дауысты дыбысының жіңішке сыңары ә болуына байланысты а-ға жіңіш¬ке е дыбысын қосып, ае диграфын ұсынамыз. Ә дыбысын осылайша диг¬раф¬пен беру көптеген тілдерде және халық¬¬аралық фонетикалық әліпбиде бар. Сон¬¬дықтан е-ні дауысты дыбыстарды диг¬рафтар арқылы берудің принципі ретінде алдық.

— Ө дыбысы ое диграфымен беріледі. О дыбысының жіңішке сыңары ө дыбысын беру үшін оған е әрпін жалғаймыз. Бұл жоғарыдағы принцип бойынша жасалған.

— Ү дыбысы ue диграфымен беріледі. Ұ дыбысына е әрпін қосып, ұ дыбысының жіңішке сыңары ү дыбысын (ue) шыға¬рамыз. Бұл диграфтың жасалуы да сол принцип негізінде.

— Ң дыбысы ng (эн джи) диграфымен беріледі. Осындай диграф бірнеше тілдерде бар.

— Ғ дыбысы gh (джи аш) диграфымен беріледі. Ғ дыбысының жіңішке сыңары г екені белгілі. Оның осы сыңарына һ (аш) таңбасын қосып, gh (джи аш) диграфын бердік. Әліпбидің осы нұсқасында дауыс¬ты дыбыстар е дыбысының қосындысы арқылы берілсе, дауыссыз дыбыстар һ (аш) дыбысының біріктірілуі арқылы ұсынылады.

— Ч дыбысы сh (си аш) диграфымен беріледі. Ч түркі тілдеріндегі байырғы дыбыс. Сөздік қорымызда ч дыбысы қолданылатын кірме сөздер де баршылық.

— Ш дыбысы sh (эс аш) диграфымен беріледі. Бұл диграф ш дыбысын береді. Латынның s (эс) және h (аш) әріптері арқылы жасалған. Ол өздеріңізге белгілі, көптеген тілдерде кеңінен қолданылады.

— Ж дыбысы zh (Зет аш) диграфымен беріледі. Ж дыбысын латын графикасының z (зет) және h (аш) таңбалары арқылы көрсеттік. Бұл дыбыс қазақ тіліндегі ж дыбысына сәйкес келеді және қоғамдық санаға енген таңбалау реті.

Жалпы әліпбиде диграфтар беру жазудың көлемін арттырып жібереді және бұл тиімсіз дейтін пікірлер де бар. Осы диграфтардың қолданылу жиілігіне келсек, олардың сондай үлкен мәселе емес екенін байқар едік. Мысалы олардың әр стильдегі мәтіндерде қолданылуын алсақ, онда ә (ае) – нөл бүтін жүзден сексен сегіз пайыз; ө (ое) – нөл бүтін жүзден сексен тоғыз ¬пайыз; ү (ue) – нөл бүтін жүзден алпыс тоғыз ¬пайыз; ң (ng) – бір бүтін жүзден елу бес пайыз; ғ (gh) – бір бүтін жүзден елу төрт пайыз;

ч (ch) – нөл бүтін жүзден үш пайыз; ш (sh) – бір бүтін жүзден жиырма бес пайыз; ж (zh) – бір бүтін жүзден сексен бір пайыз ғана екен. Олардың жалпы қолдануының орташа мөлшері: бір бүтін жүзден сегіз пайыз ғана [2].

Әліпбидің осы нұсқасына байланыс¬ты туындайтын және бір мәселе, біздің ойымызша, ц, ф, в сияқты қазақ тілінің дыбыстық жүйесінде жоқ дыбыстардың әліп¬биден орын алуына байланысты. Бұлар біздің төл дыбыстарымыз болма¬ғанымен, осы дыбыстар кездесетін сөздер қазіргі қазақ тілінің қорынан орын алған. 1920 жылдары Қазақстанда әліпби тақырыбы көтерілгенде, жат дыбыстар жөнінде де пікірталастар болған. Ахмет Байтұрсынұлының әліпбиге байланыс¬ты еңбектерін мұқият оқысақ, біз Алаш зиялыларының кейбір кірме дыбыстардың қазақ әліпбиінен орын алуын жақтағанын да көреміз. Мысалы, Білімпаздар сиезінде Ахмет Байтұрсынұлы: «…қазақ тілінде сақталуға аз да болса ақысы бар «һ» ; өйткені «һ» дыбысымен айтылатын қазақтың өз тілінде аз да болса, сөздер бар» дейді [3]. Яғни ол әліпби принципінде сол кездегі тілдік қордағы сөздердің де маңызына мән берген. Осындай ғылыми принциптен шығып, біз әліпби нұсқасында ондай дыбыстарға да орын бердік. Ал қазіргі ғылым мен технологияның дәуірінде біз осы дыбыстар кездесетін мыңдаған сөздерді алып тастай алмаймыз немесе оларды өз әріптерімізге ауыстырсақ, оны қолданатын миллиондаған халықтың қарсылығы мен түсініспеушілігіне кезігеміз.

Енді осы дыбыстардың қолдануына келейік. В әрпі кездесетін сөздер саны – 755, ф әрпі кездесетін сөздер саны – 1098, құрамында ц әрпі кездесетін сөздер – 520. Орфографиялық сөздіктегі в, ф, ц дыбыс¬тары кездесетін сөздердің жалпы саны – 2373. Бұл тек аталған сөздік бойынша ғана. Егер 30 томдық салалық сөздікті сараптар болсақ, осы әріптер кездесетін сөздер еселене түсері сөзсіз.

Осы жаңа әліпби нұсқасы негізінде Ш. Шаяхметов атындағы тілдерді дамытудың республикалық үйлестіру-әдістемелік орталық қызметкерлері және сырттан шақырылған тұрғындар арасында бірнеше рет апробация жүргізілді. Оған қатысушылардың көпшілігі осы нұсқаға қолдау білдірді. Латын әліпбиіне еліміздегі көптеген азаматтардың, әсіресе жастардың көздері үйренген, яғни белгілі бір деңгейде көбіміздің көздағдымыз қалыптасқан. Ал жазу дағдысының қалыптасуы уақыттың еншісінде. Мемлекеттік тілдің бірыңғай стандартты әліпбиінің енгізілуі кезең-кезеңімен жүзеге асырылады, демек, Қазақстан азаматтарының жаңа әліпбиін игеріп кетеріне сенім мол.

Латын әліпбиіне байланысты Парламенттік тыңдау барысында Білім және ғылым министрінің орынбасары Асхат Аймағамбетов жаңа әліпби қай кезден бастап енгізіледі деген депутаттар сауалына орай былай жауап берді:

– Педагогтармен және ата-аналармен алдын ала талқылау аяқталғаннан  кейін еліміздің барлық білім беру ұйымдарында жаңа әліпбиді енгізу үшін арнайы кесте бекітілетін болады. Бұл ретте асығыстыққа жол берілмейтінін атап айтқым келеді, бүкіл жұмыс жоспарлы түрде, жүйелілікпен және қатаң бекітілген кесте бойынша жүргізіледі. Ең бірінші кезекте біз кадрларды даярлау, оқулықтарды басып шығару, нормативтік сөздіктерді әзірлеу жұмыстарын қарастырамыз. Даярлық кезеңі сапалы аяқталған соң ғана жаңа жазуды бүкіл білім беру ұйымдарында енгізуге кең көлемде кірісетін боламыз. Бұл шараларды жүргізуде Мәдениет және спорт, Ақпарат және коммуникациялар министрліктерімен тізе қоса іс-шараларды жүзеге асырамыз.

Сауытбек АБДРАХМАНОВ,

ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

– Біз бүгін еліміз үшін, тіліміз үшін, діліміз үшін, рухымыз үшін тарихи мәні бар, шын мәнінде тағдыршешті мәселені қарастырып отырмыз.

Неге бұл мәселені тағдыршешті деп айтамыз? Мұның мәнісі мынада.

Біз жазуымызды жаңғыртпақ¬шымыз. Жазуды жаңғырту – тілді жаңғырту. Тілді жаңғырту – елді жаңғырту. Қазақ жұрты әліпби ауыстыру мәселесін егемен ел атанған алғашқы жылдардан-ақ ойластырған болатын. Бірақ біз өзге ағайындар сияқты бұл іске дереу кірісіп кеткен жоқпыз. Ойландық, толғандық. Еледік, екшедік. Бәрін таразыға салдық. Сөйтіп барып, енді ғана осынау аса маңызды, аса жауапты іске бел шешіп отырған жайымыз бар. Біз бүгінгі Парламенттік тыңдауды мәселенің өзін талқылауға емес, бұл міндетті ойдағыдай шешу жолдарын талқылауға арнап отырмыз деп білеміз. Өйткені бұған дейінгі негізгі жұмысты Ұлттық комиссия атқарып шықты. Бұл мәселе талқылау кезеңінен негізінен өтіп болғанын ашық айту керек. Егемендіктің елең-алаңында-ақ басталған пікір алмасуларды былай қойғанда, қазақ жазуын латын жазуының негізіндегі жаңа әліпбиге кезең-кезеңімен көшіруге кірісу ниеті «Қазақстан – 2050» Стратегиясында жария етілгеннен кейін де бақандай бес жыл өтті. Рухани жаңғыру мәселелері бойынша құрылған Ұлттық комиссияның жұмыс істей бастағанының өзіне бірнеше айдың жүзі болды. Ғылыми ортада да, баспасөз бетінде де, экран мен эфирде де, әлеуметтік желілерде де сан түрлі, қым-қиғаш ойды емін-еркін ортаға салуға толық мүмкіндік берілді. Жаңа ғана баяндамада бұл кезеңде осы тақырыпта шыққан мақалалардың ұзын санының өзі 2 мыңнан асқаны еске салынып өтті. Қысқасы, қазақылап қайырсақ, айтылатын сөз армансыз айтылатындай-ақ болды. Асықпау керек дейміз. Дұрыс. Асықпаған жақсы, кешікпеген одан да жақсы. Бұл мәселенің – қазақ жазуын латын әліпбиіне ауыстыру қажет пе, қажет емес пе деген мәселенің басы ашылған. Неге олай дейміз? Адам қателесуі мүмкін, қоғам да қателесуі мүмкін, тіпті заман да қателесуі мүмкін. Ал уақыт қателеспейді. Уақыттан өткен данышпан болмайды. Уақыт өз сөзін айтып үлгерді. Латын жазуы уақыттың сан ғасырлық сынынан өтіп болды. Қазір әлемдегі халықтың 80 пайызы латын графикасын игеріп, пайдаланып отыр, әлемдегі ақпараттың 70 пайызы осы таңбамен таратылып тұр. Бұдан өткен аргументті келтіру қиын шығар. Демек, латынға көшу – прагматизм талабы. Ендігі бар түйін жаңа әліпбиге көшуді нақты қалай жүзеге асырамыз дегенге тіреліп тұр.

Күні кеше Президент ел өмірі үшін маңызды қандай шешімді де халықпен ақылдасып барып қабылдау керектігін тағы еске салды. Жүйелі жұмыс жүргізе отырып, мемлекеттік тілдің жаңа әліпбиінің Ұлттық комиссия мақұлдаған жобасын халықтың таразысына тарту, сөйтіп, ғылыми қауымның, зиялы ортаның, жалпы жұртшылықтың түпкілікті қолдауына қол жеткізу шарт. Алфавитін асығыс ауыстырған ағайындардың кейбірі айналасы ширек ғасырдың ішінде жаңаша жазуға бір емес, екі емес, үш рет өзгеріс енгізіп үлгергені белгілі. Біз ол істен сабақ алуға тиіспіз. Сондықтан да бірыңғай стандартты бекітердің алдында жаңа әліпби жобасын тағы да қайта-қайта қарау, әбден иін қандыру керек екендігі түсінікті. Бұл жер – жеті рет өлшейтін жер емес, бұл жер – жетпіс жеті рет өлшейтін жер. Сондықтан да біз қазірше асатпай жатып құлдық демей тұрмыз. Бірақ бұл айтылғаннан жалпы қазақ жазуын латынға ауыстырудың қажеттілігіне, орындылығына тіпті де күмән тумақ емес. Латын жазуына ¬ауысу тек қазақ тіліне ғана қатысты, таза лингвистикалық мәселе екендігі, ап-айқын айтылғаны құптарлық іс.

Соңғы сексен жылғы тарихымызда қазіргі қолданыстағы алфавит халқы¬0мыздың білім деңгейін, ғылыми қарымын, әдеби әлеуетін арттыруға мол мүмкіндік жасады. Бұл әліпбидің өтпелі кезеңде латиницамен қатар қолданылатынын, ал орыс тіліндегі жазудың, оқудың кириллицамен жүре беретінін де ескереміз. Бұл алфавит біздің қолымызды білім мен ғылымның, мәдениеттің бұрын жасалған және енді жасалатын орасан қазынасына емін-еркін жеткізетіні өте маңызды.


Оған қоса бұл алфавиттің сан түрлі этностың берекелі мекеніне айналған Отанымыздағы бірлікке де септесетініне, еліміздегі ұлтаралық қарым-қатынастың қол¬жетімді құралы күйінде қалатынына қоса ¬назар аударғымыз келеді. Біз өзіміз игеріп үлгерген бұл байлықтан бас тарт-пайтын боламыз. Жалпы адамзат баласының арғы-бергі тарихында білген¬нен зиян көрген халық та, адам да жоқ.

Біздің алдымызда әлі біраз жылдарға созылатын, жүйелі түрде, табандап жүргізуді қажет ететін қиын жұмыс тұр. Бұл жұмысты оңайға түседі деп ешкім де айта алмайтыны анық. Әсіресе аға буынға жаңа әліпбидің қызығымен қатар шыжығын да көруге тура келеді. Бірақ жастарымыздың, балаларымыздың бұл істің тек қызығын көретіні күмәнсіз. Жаңа ғана Мәжіліс Төрағасы Елбасымыздың «Балаларымыздың болашағы үшін осындай шешім қабылдауға тиіспіз» деген сөзін өте орынды келтіріп өтті. Иә, біз бұл істі балаларымыз үшін, балаларымыздың ба¬лалары үшін, олардың балалары үшін, келешек ұрпақтарға қалдыратын мәңгі де мәнді мұрамыз үшін қолға алып жатырмыз.

Сөзіміздің түйіні мынау. Жазуымызды жаңартып, тілімізді түлеткіміз келсе, сол арқылы санамызды сілкіндіріп, елдігімізді ерекшелегіміз келсе, бұл іске тәуекел етуіміз керек. Өнер алды қызыл тіл деп санайтын, туған тілін мына дүниедегі ең асыл, ең ардақты адамының атымен «ана тілі» деп сөйлейтін айналайын қазағымның елдіктің бұл сынынан да абыроймен өтетіні айдан анық. Алфавит ауыстыру – іргелі, ірі іс, шын мәнінде тарихи шешім. Ойдағыдай атқарылған жағдайда бұл ісіміздің игілігін, бұл тарихи шешімнің жемісін халқымыз ғасырлар бойы көре беретін болады. Келешектегі ұрпақтарымыз ұлтты әлемдік өркениеттің сара жолына салып берген Елге де, туған халқына сол мүмкіндікті үшінші мыңжылдықтың басындағы аласапыран заманда алып берген Ерге де алғысын айтатын болады.

Сергей СЕЛИВЕРСТОВ,

Еуразиялық интеграция институтының ¬директоры:

– Мемлекеттік тіл әліпбиін жаңар¬ту – әр елдің дербес құқығы. Жаңа әліпби – рухани жаңғырудың бола¬шақ¬қа бағыт¬талғанының айқын айғағы, – деп атап өтті ол. – Айталық, ортаға¬сырлық гот әліпбиі Қайта өрлеу дәуірінде антикалық үлгілерге сәйкес жаңартылды. Осылайша, Еуропада классикалық латын жазуы пайда болды. Ол кезде оны антиква деп атағаны белгілі. Бұл әліпби Ұлыбритания сияқты елдерде одан әрі жетілдірілді. Дәл осы елде ХХ ғасырда «The Times» газетіне арнап біз бүгін компьютерде қолданып жүрген Times New Roman (яғни «Жаңа Римдік») қарпі жасалды. Сол кезеңде славян әліпбиі де жаңғыртылды. XVIII ғасырда І Петр Ресейде жаңа азаматтық қаріпті енгізді, мұнда ескі кириллица сол еуропалық латынның үлгілері бойынша қайта жаңғыртылды. Ал ХХ ғасырда, 1920-1930 жылдары орыс тілін латыншаға ауыстыру жобасы әзірленген болатын. Түрік Республикасында да 1928 жылы араб жазуынан латыншаға ауысу тәжірибесі сәтті аяқталғаны баршаға белгілі. Яғни әліпбилерді жаңарту – бұл қалыпты тарихи тәжірибе. Қазіргі ақпараттық және технологиялық кеңістікте латын жазуы – жаһандық прагматистік құрал, ол ешкімді бөліп жармайды. Кері¬сін¬ше, бұл коммуникация құралы. Және де ол қазақстандықтарға жақсы таныс. Латын әліпбиі ұлттық сөздігімізге халықаралық, ғылыми-техникалық лексиканы бейімдеуге оңтайлы мүмкіндік бермек.

Біләл ҚУАНЫШ,

«Attila group» интернет

компаниясының өкілі:

– Менің алдымда баяндама жасаған мамандар жаңа латын әліпбиінің мәні мен мазмұнына тоқталды. Ал мен сөз еткелі отырған тақырып жаңа қабылданған мемлекеттік тілдің бірыңғай стандартты әліпбиін халыққа қалай жеткізу, жазу әдісін қалай оңтайластыру, осыған дейінгі сан мыңдаған рухани қазынамыз бен кітаптарымызды жаңа әліпбиге қалай көшіру, латын әліпбиін тек Қазақстандықтар ғана үшін емес әлемдегі барлық қазақтың ортақ әліпбиіне айналдыру мәселесі. Бірінші айтарым, Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев айтқандай, «Қазақстан әлемдегі бар қазақтың Отаны» болса, мемлекеттік тілдің бірыңғай стандартты әліпбиі де әлемдегі бар қазақтың ортақ әліпбиі болады. Екіншіден, жаңа әліпбидің ең үлкен артықшылығы –мемлекеттік тіліміз ендігі кезекте ғылым мен білімге, компьютер мен интернетке тіпті де оңтайлана түседі. Осы айтылған сөздерімізге алдағы уақытта қолданысқа енетін конвертер жүйеі кепілдік бермек. Енді осы конвертердің артықшылықтарына тоқтала кетейін.

Бірінші айтарым, Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев айтқандай, «Қазақстан әлемдегі бар қазақтың Отаны» болса, мемлекеттік тілдің бірыңғай стандартты әліпбиі де әлемдегі бар қазақтың ортақ әліпбиі болады. Екіншіден, жаңа әліпбидің ең үлкен артықшылығы –мемлекеттік тіліміз ендігі кезекте ғылым мен білімге, компьютер мен интернетке тіпті де оңтайлана түседі. Осы айтылған сөздерімізге алдағы уақытта қолданысқа енетін конвертер жүйесі кепілдік бермек. Енді осы конвертердің артықшылықтарына тоқтала кетейін.

1. Біздің мамандарымыз он жылдан бері зерттеп келе жатқан қазақ әліпбилерінің конвертер жүйесі осы күнге дейін әлем қазақтары пайдаланып келе жатқан кирилл, латын, төте жазуларды бір-біріне қателіксіз аудара алатын бірегей жүйе. Бұл жүйе осыған дейін «Егемен Қазақстан», «ҚазАқпарат» сияқты еліміздің басты ақ¬парат құралдары мен шетелдегі қазақ-тардың өте тиімді құралына айналды. Елі¬міз¬дегі, жалпы ТМД елдеріндегі, сондай-ақ Еуропадағы, Қытайдағы қазақтар осы конвертер арқылы ортақ пікір алысып, хат-хабар алмасу мүмкіндігіне ие болды.

2. Көп жылдардан бері тәжірибеден өткен осы конвертер жүйесі ендігі кезекте мемлекеттік тілдің бірыңғай стандартты әліпбиін халық арасында өте ыңғайлы, қолжетімді тұрғыда насихаттап, тез қолданысқа енуіне айрықша қызмет етпек. Ұялы телефон пайдаланатын кез келген қазақстандық немесе интернетке қолжетімді 12 миллион азаматымыз сондай-ақ мемлекеттік органдар мен баспа орындары осы жүйе арқылы жаңа латын әліпбиін ешқандай қиындықсыз қабылдауға мүмкіндік бар. Мысалы Сіз кирилл әліпбиімен оқыған болсаңыз осы конвертер жүйесін компьютеріңізге ¬немесе ұялы телефоныңызға орнату арқылы кез келген уақытта кез келген мәтінді жаңа әліпби нұсқасына аудара аласыз. Тіпті «Абай жолы» романын 3 секунд аралықта жаңа әліпбиге аударып, оқуға болады.

3. Төте жазуды пайдаланатын Қытай қазақтары да, латын әліпбиін қолда¬натын Еуропа қазақтары да осы конвертер арқылы жаңа әліпби нұсқасымен танысып, өзіне қажетті ақпаратты еш қиындықсыз ала алады. Яғни Қазақ елінде болып жатқан жаңалықтарды, Елбасы саясатын өз әліпбиінде оқуға мүмкіндігі бар. Нақтылап айтқанда бұл конвертер басқа әліпби нұсқасын латынға ғана аударып қоймайды. Керісінше жаңа әліпбиде жазылған кез келген мәтінді басқа әліпбиге де аудара алады. Бұл жаңа әліпбидің әлем қазақтарына ортақ әліпби бола алатынын көрсетеді.

4. Жаңа әліпбидің бір ерекшелігі әлемнің кез келген жерінде, кез келген ұялы телефонмен қазақ тілінде жазуға мүмкіндік бар. Яғни жаңа латын әліп¬биіндегі 25 таңба Халықаралық юникод жүйесінде бар. Бұл өз кезегінде қолданысқа енетін конвертердің қызмет мүмкіндігін арттырады. Яғни қазақ тілінде ақпарат алғысы келген адамға ешқандай қиындық тудырмайды.

5. «Конвертер» жүйесі жылдар бойы дамытылып, тіліміздегі жүз мыңдаған сөзді қатесіз жазуға «авто¬матты редактор» қызметі қосылады.

6. Алдағы уақытта осы конвер¬тер арқылы кез келген қазақ сөзінің жазы¬луына орай оқылымын да тыңдауға болады немесе ауызша айтылған сөздің дұрыс жазылуын көрсетіп бере алады. Бұл ұзақ уақытты алатын процес. Дегенмен, нәтиже болатыны сөзсіз.

7. Ескере кететін бір жайт. Мемле¬кеттік тілдің бірыңғай стандартты әліпбиі халыққа таныстырылған соң «конвертер жүйесі» Мемлекет белгілеген бір ғана нұс¬қамен жасалуы тиіс. Әйтпегенде, ертеңгі күні әртүрлі әуесқой немесе қандай да бір мүдделі топ жаңа әліпбидің мән маңызы мен қадір-қасиетіне нұқсан келтіруі мүмкін.

Қорыта айтқанда, мемлекеттік тілдің бірыңғай стандартты әліпбиін енгізу ғылым-техника дамыған бүгінгі күнде еш қиындық тудырмайды. Бұған біздің мамандарымыз жасаған конвертер толықтай жауап бере алады. Яғни жаңа латын әліпбиін қысқа уақыттың ішінде бүкіл халықтың, оның ішінде жастардың қабылдауына өте қолайлы мүмкіндік тудырмақ.


Павел КАЗАНЦЕВ,

ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

– Қазір қазақ әліпбиін латыншаға ауыстыру үшін жағымды әлеуметтік және экономикалық жағдайлар қалыптасып отыр. Сондықтан қазақстандық қоғам бұл ұсынысты жүзеге асыру ұлтты одан әрі ұйыс¬тыратынын, бізді ғылыми-техни¬калық прогрестің заманауи жетістіктеріне жақындататынын және Қазақстанның әлемдік коммуникациялық үдерістерге одан әрі интеграциялануына алып келетінін терең ұғынуы тиіс. Ең алдымен, біз қазақстандықтардың көпшілігіне, әсіресе жастарға өте таныс графиканы пайдаланатын боламыз. Біздің өмірімізге латынша жазу баяғыда-ақ еніп кетті. Тек аға ұрпақ қана біршама қиындықтарды бастан кешуі мүмкін. Сол себепті ¬Президент латын графикасы негізіндегі қазақ әліпбиін кезең-кезеңімен және дәйекті түрде енгізуді ұсынып отыр. Бұл мәселенің техникалық жақсы жақтары да бар, айталық, пернетақтада үш әліпбиді орналастырудың қажеті болмайды, бұл құжаттармен жұмыс істеуге де ыңғайлы. Одан бөлек, бағдарламалаудың басты құралдарының барлығы латындық форматта қолданылады. Жалпы маңызды міндет – даярлық науқанын барынша белсенді жүргізу керек екенін атап айтты. Ол үшін әрбір мақсатты топқа, әрбір елді мекенге, әрбір адамға қабылданған шешімнің артықшылықтарын анық айтып жеткізуге мән берілуі тиіс. Бұл ретте жаңа әліпбиді болашақта пайдаланатын түрлі салаларда – білім беруден бастап мемлекеттік қызметтер көрсетуге дейін, кітаптан бастап сыртқы жарнамаға дейін барлық жерде сынақтан өткізу жөніндегі шаралар кешенін әзірлеу қажет.

Төлеубек Мұқашев,

ҚР Парламенті Сенатының депутаты:

– Әліпбиді өзгерту өз ерекшелігімізді сақтап қалу, әлемдік интеграция, ақпарат алу мүмкіндіктерін дамытуға жағдай жасайды. Латын графикасы жер жаһанға кең тараған. Соның арқасында жастар ғаламтор арқылы ақпарат айдынына еніп, білім мен ғылым саласындағы кеңістікке еркін енеді. Сонымен бірге, түркі әлемін біріктіруге күш салады. Латын графикасына көшу қазақ тілінің мәртебесін көтереді. Сонымен қатар латын әліпбиіне көшу барысында қазақ тіліне тән әріптердің жойылып кетпеуі маңызды. Бұл қадам кириллица таңбаларын латынмен алмастырудан бөлек, жазу саласында да реформа жасауды қажет етеді. Ана тіліміздегі әр дыбыс дербес белгіленіп, өзіндік ерекшелігі ескерілуі тиіс. Жаңа әліпбиді компьютерге емес, керісінше компьютерді тілге икемдеу керек.

Дархан ҚЫДЫРӘЛІ,

Халықаралық Түркі академиясының президенті:

– Жаңа әліпби жаңарған елдің ныша¬ны ретінде көнені келмеске кетіріп, сананы сілкіндіреді, жадыны жаңғыртып, тілге тәуелсіздік әпереді, мәдени тұтастықты орнықтырып, ақпарат кеңістігін дербес¬тікке жетелейді. Әліппе мәдениеттің өлшемі, сонымен қатар ол – ұлттың таң¬басы, елдіктің ай¬шығы, мемлекеттің тәуелсіздігі мен тұтастығын айқындайтын символ-дардың бірі. Бұл тұрғыдан алғанда таңба таңдау – өркениет жолын да таң¬дау деген мағына береді. Сондықтан осы арқылы Мәңгілік ел мұратын тұ¬ғырлы ететін тарихи таңдау жасалды деп ойлаймыз. Әліпби алмастыру арқылы біз қосамжар орфографиядан құтыламыз. Мысалы, қазір мемлекетіміздің атауы 3 түрлі жазылып жүр. Латын әліпбиі арқылы мұны Qazaqstan деп тілдік ерекшелігімізді сақтай отырып, бір-ақ сөзбен жазуға мүмкіндік аламыз. Сонымен қатар жаңа әліпби арқылы шет тілдерден енген сөздерді де ұлттық ерекшеліктерге икемдей аламыз. Латын әліпбиін қазақ емлесі арқылы қабылдау бұл мәселені бір ізге түсіреді. Орфографиялық, орфоэпиялық тұтастықтың тілдік тұтастыққа бастайтынын ескерсек, бұл түрлі этностардың тіл сындыруына, сөйтіп мемлекеттік тілдің төңірегіне топтасуына септігін тигізеді деп есептейміз. Ендеше, Елбасы мақа¬ла¬сында атап өткендей, латын әліпбиі бұ¬қара-лық сананы өзгертіп, қоғамның ішкі тұтастығын қалыптастыратын басты құ¬ралдың бірі болады деген ойдамыз. Қазірдің өзінде еліміздегі электронды ақпарат құралдарында латын әліпбиі кеңінен қолданылуда. Интернетте, әлеу¬мет¬тік желілерде бұған әлдеқашан көшіп кеткендер аз емес. Бірақ латын әліпбиін әркім әр¬түрлі пайдаланып жүр. Сондықтан мақұл-данған жаңа әліпбидің қолда¬нысқа енуі бұл мәселені бір жүйеге келтіреді. Жаһандану жағдайында ағылшын тілі мен латын әліпбиін меңгеру – журналистерге әлемдік ақпарат айдынына еркін енуге мүмкіндік береді. «Егемен Қазақстанның» жаңарған порталы биылғы жылдың басынан бері орыс тілінде қызмет көрсетіп келеді. Шеттегі қандастарға арналған латын әліпбиіндегі нұсқасы біраздан бері бар. Сайтқа салынған материалдар конвертердің көмегімен автоматты түрде латын қарпіне аударылады. Ал осы қыркүйек айынан бастап біз ағылшын тілінде ақпарат тарата бастадық. Шетелдегі оқырмандар мен елдегі елшіліктер енді жаңалықтарды «Егемен» арқылы оқитын болады. Жалпы ел газетінің 1929-1940 жылдары аралығында, «Еңбекші қазақ» және «Социалды Қазақстан» кезінде латын әліпбиімен шыққанын жақсы білесіздер. Сондықтан бас басылым ретінде латын әліпбиіне көшу біз үшін табиғи жалғастық болады! Әрине, әліпби өзгерту бір күнде, тіпті бір жылда да жүзеге асатын процесс емес. Қанатқақты жоба ретінде қолданысқа енгізілгеннен кейін, уақыт өте келе қол да, көз де үйреніп кетеді. Ең бастысы, рухани жаңғыруға нақты қадам жасалды. Ұза¬ғынан сүйіндірсін!

Эдуард ПОЛЕТАЕВ,

«Мир Евразии» журналының

бас редакторы, саясаттанушы:

– Саяси шешім қабылданды. Енді әртүрлі көзқарастар ескерілгені жөн. Олардың барлығы тыңдалып, пікір алмасуға қатысуы керек. Қазақстанда және оның аумағынан тыс жерлерде, ең бірінші бұрынғы кеңестік елдер кеңістігінде латын әліпбиіне көшу мәселесі кеңінен талқылануда. Тіл, ең алдымен, коммуникация құралы. Тіл мәселесін саясиландыруға болмайды. Бұдан ол тек қана эмоционалдық бояуға ие болады. Реформаның маңыздылы¬ғын тілдің функционалдылығын арттыру тұрғысынан бағалауымыз қажет. Әліпби мәселелері ұраншылдықтың емес, ғылыми талқылаудың тақырыбына айналуы керек. Бір әліпбиден екіншісіне өту революциялық оқиға болып табыла ма? Жоқ. Өйткені Қазақстан эволюциялық дамуға екпін береді. Әліпбидің ауысуымен ойлау жүйеміздегі амалдар өзгермейді және ғылыми зерттеудің әдістері де бұрынғыдай қалады. Тіл саясатын жүзеге асыру патриоттық сана-сезімге негізделуі керек. Тіл мәселесінде ұстамдылы пікірлер мен бағалар қажет. Сонда ғана тілдер мен мәдениеттер, сана ашықтығының өзара тиімді байланысы мен бірін-бірі толықтыруы туралы айтуымызға болады.


Бекболат Тілеухан,  ҚРПарламенті Мәжілісінің депутаты:

– Бү¬гінгі дәуірдің дидары басқа. ¬Замана қарқыны алапат. Кез келген айтулы деген ақпаратыңыз әрі кеткенде алты күнде ескіріп қалатын заман – бұл заман.

Сондықтан да соны қадам керек болды. Болашаққа бағыттайтын жаңа бағдар керек болды. Басқаша көзқарас, терең тәсіл керек болды. Сол үшін де биыл Елбасы жаңа мақаласын жариялады. Жұрт жапатармағай жағаласып, жанталасып жатқан кезде аттың тізгінін тарта тұрып, елдің есіне ештеңе келмей тұрған кезде алты қыр емес, алпыс қырдың астындағы нәрсені көру, көздеу — бұл соңғы ширек ғасырдағы Қазақстан саясатының қолтаңбасы. Былайша айтқанда, Назарбаевтың стилі бұл. Барша халық «бағдарламалық» деп баға берген бұл мақаланың меңзері терең, бітімі бөлек. Қысқасы, түсінгеніміз мынау: «заманың түлкі болса, тазы боп шал». Өкшелеп қуғанның өкпесі өшетін заман. Алдынан тосып, қапталында жүрмесең, қақпақыл ойнап кете барасың, қатардан шығып, қаңғып қаласың. Табаныңа бүр, ұстанымыңа тиянақ керек. Бұл қайда дегенде, бұл ұлттық кодымызда екен, бұл біздің генетикалық жадымызда екен, заман талабына берік сабақтасқан осы қасиет біздің елдігімізге сеп болады, келешегімізге кепіл болады. Енді соның бір парасы алға қойған міндеттердің бірі жаңа әліппеге көшуді ¬Елбасы ұсынды. Латын алфавитіне қажеттілік туды. Енді қажеттілікке бір саясаттың «тонын» кигізудің ешқандай қажеті жоқ. Жаңа Эдуард Полетаев мырзаның айтқанымен толық қосыламыз. Заман қажеттілігі. Енді ерте бастасақ, ерте болып кетер еді, енді кеш бастасақ, кешігіп қалуымыз ықтимал. Кез келген жаңа іс, соны қадамның азды-көпті қауіпі болады. Енді «қаупі» демей-ақ қояйыншы, машақаты болады, тәуекелі болады. Бірақ бұл соқыр тәуекел емес, ағайын. Бұның бәрі зерттелген, қоғамның талқысына салынған. Алфавит реформасы түгілі, бір бөлмеден бір бөлмеге затыңызды ауыстырсаңыз да кәдімгідей машақат. Аға буынға бұл латиницаның ауырлау түсетіні жасырын емес. Ал жас ұрпаққа түк емес.

Қажеттілікке саясаттың «тонын» кигізбейік, ағайын. Ашық сана, прагматизммен келгеніміз дұрыс болады деп ойлаймыз.

Түйін.

Сонымен, «Мемлекеттік тілдің латын графикасындағы әліпбиінің бірыңғай стандартын енгізу мәселелері туралы» атты Парламенттік тыңдауда осындай келелі ойлар мен маңызды пікірлер ортаға салынды. Парламент Мәжілісінің депутаттары назарға ұсынылған жаңа әліпбидің нұсқасы бойынша, сондай-ақ латын әліпбиін ендіруге қатысты өзге де мәселелер бойынша тиісті лауазым иелеріне сауалдар қойып, жауаптарын тыңдады. Өздерінің пайымдарын жеткізіп, ұсыныстарын ортаға салды. Парламенттік тыңдау қорытындысы бойынша тиісті ұсынымдар қабылданды.

Топтама материалды әзірлегендер:

Дәуіржан Төлебаев,

Дина Имамбаева,

Ғазиз Есембаев

 

 




ПІКІР АЛМАСУ

Пікір қалдырыңыз



28/04/2017 12:30

Біз іздеген ертегі
0 210957 0

02/05/2017 12:29

Қостілділік мәселесі
0 200897 0

26/06/2017 12:02

Жалындаған жастық шақ
0 187893 0













ТЕКСТ

Яндекс.Метрика