КІРУ



Аккаунтыңыз жоқ па? Тіркелу

Құпия сөзді ұмытып калдыңыз ба?

THE STATE LANGUAGE DEVELOPMENT INSTITUTE

МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛДІ ДАМЫТУ ИНСТИТУТЫ

  ИНСТИТУТ РАЗВИТИЯ ГОСУДАРСТВЕННОГО ЯЗЫКА



БАТЫРЛАР ЖЫРЫ КЕЙІПКЕРЛЕРІН БІРІЗДЕНДІРУ

ТОЛЫҒЫРАҚ

    Фейсбук тұтынушысы Бану Әділжанова "Мазақ па, әлде..." атты жазбасы арқылы бүкіл әлеуметтік желілер мен ғаламторды шулатқан болатын. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитетінің тапсырысы бойынша «Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолдаудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы» аясында басып шығарылған, ҚР Үкіметінің жанындағы Республикалық терминология комиссиясы мақұлдаған, сонымен қатар жауапты шығарушылар – министрлік, Педагогикалық ғылымдар академиясы мен А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институты екені белгілі болған "Қазақша-орысша, орысша-қазақша 30 томдық сөздіктің" ішіндегі адам нанғысыз жіберілген қателіктерді тайға таңба басқандай көрсетіп берілген бұл жазбаны "Тіл сақшысы" қоғамдық қозғалысы атынан біз де мәселе етіп көтерген болатынбыз. Ал, енді сіздерге өзге де фейсбук тұтынушыларының тіл жайлы жазған жазбаларын ұсынып отырамыз!

"Бұл бапеш қашан өзгертілмейді"

    Нұрсерік Жолбарыс атты фейсбук тұтынушысы: "Бүгін Түркияның Ата Заңын оқып шықтым. Оқимын деген адамға Ұлттық Ұлы Мәжілісінiң сайтында қазақ тiлiнде дайын тұр. Бiр таңқалғаным, Ата Заңға "Өнер және өнер қайраткерлері" деген арнайы бап енгiзген екен. Ұлттың руханиятын сақтап қалатын елдің тiрлiгi осындай болады. Тағы бiр ұнаған жерi Ата Заңында "мемлекеттік тiл – түрiк тiлi" дептi. Кiм жазбай жатыр оны дейтін шығарсыз. Сәл төменiректе тiл туралы бабына қатысты жерiн "бұл бап ешқашан өзгертілмейдi" деп шегелеп тастапты. Мықты!" - дейді. Иә, расында түрік ағайындардан үйренетініміз көп. Біз "Мәңгілік елміз!" деп ұрандағанымыз бен түріктер сияқты "Мәңгілік шешім" қабылдай алмай жатырмыз.
"Бұл сөз ешқашан құлдық қамытын кимеген ұлтқа ғана тән, ал жалтақтық құлдарға ғана жарасады" деп пікір қалдырыпты Нұрсерік Жолбарыстың жоғарыдағы жазбасына Гүлнұр атты тағы бір фейсбук тұтынушысы. Сатима Сандықбаева атты тағы бір пікір қалдырушы: "Дұрыс айтасыз, мен де оқыған болатынмын. Егемендіктерін ертеректе алып, өздерін бір тұтас ұлтты мемлекет ретінде қалыптастырған ел. Түріктерден үйренеріміз көп не болса да" – деп Түрік мемлекетіне жоғары баға беріпті. 

Қазақтарға қазір ұлтшыл болу керек!

    Өз жазбасында тағы бір фейсбук тұтынушысы Жолымбет Мәкіштің: "Қазақтарға қазір ұлтшыл болу керек. Басқа жол жоқ. Себебі біз өз елімізде ұлттық мүддеміз аяққа тапталып отырған ұлтпыз. Келімсектермен анна тілімізде емес, солардың тілінде сөйлесеміз. Бұдан өткен қорлық бола ма? Кейінгі жылдары біреулер өзіне жақпағандарды “ұлтшылдар” дейтін болып алды. Жылы орны мен қоғамдағы мәртебесінен айырылғысы келмейтін осындай “отандастарымыз” бұны пасық мақсатына пайдаланып, ұлтшылдықты патриоттарды тұқыртудың құралына айналдыруға тырысуда. Бұны әр қазақ терең түсіне білуі керек…" – деген жазбасы қазақ тілді біршама аудиторияның намысын оята алған болуы керек. Өйткені, көптеген пікірлер мен "ұнаулар" қалдырылыпты.
    Жалпы, фейсбук әлеуметтік желісі дәл қазіргі уақытта үлкен аудиториясы бар, қазақ тілді тұтынушылардың ашық пікір-сайыс алаңы іспеттес болып кетті. Мұндай үлкен алаңда мемлекеттік тіл туралы мәселенің жиі қозғала бастауы "Тіл сақшысы" қоғамдық қозғалысының ұйымдастырушыларын қуантады.

ПІКІР АЛМАСУ

Пікір қалдырыңыз








08/04/2024 11:55

Хабарландыру!
0 590 0



26/03/2024 16:15

Хабарландыру!
0 832 0







ТЕКСТ

Яндекс.Метрика