КІРУ



Аккаунтыңыз жоқ па? Тіркелу

Құпия сөзді ұмытып калдыңыз ба?

THE STATE LANGUAGE DEVELOPMENT INSTITUTE

МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛДІ ДАМЫТУ ИНСТИТУТЫ

  ИНСТИТУТ РАЗВИТИЯ ГОСУДАРСТВЕННОГО ЯЗЫКА


 

Ұл бала – қазақта шаңырақ иесі, ер азамат, ата-ананың түтінін түтетуші. Ата-анасына бауырларына, жарына қамқоршы, ел қорғаны әулеттің тірегі. Шаңырақ иесі, дана, шешен, батыр, ата, аға, іні, жар, ата-ананың мұрагері, отан қорғаушы, ұрпақ жалғастырушы, отбасын асыраушы, асқар тау әке. Әке аты қасиетті «үлкен үй», «қара шаңырақ» деген ұғымдармен сыйлы да құрметті. Бүгінгі ер азаматтар кімдер? Ер азамат – мемлекетті басқарушылар, елдің тағдырын шешетін тұлғалар, өз шаңырақтарының тірегі. Алайда азаматтар арасында маскүнем, жатыпішер жалқау, төмен етектіні жәбірлейтіндері де баршылық. Біз қалай десекте, бәріміздің сүйіктілеріміз. Азаматсыз әйелдің күні күн емес. Халық тілінде отбасында ер азаматарды «отағасы», арғы әжелеріміз аталарымызды «ерім, пірім» деп атаған. Аналарымыз «байың қараса, бақ қарайды», «отыз ұлың болғанша, опырық шалың болсын» дейді. Ертеректе әжелеріміз ешқашан аталарымыздан қайда барасың, қашан келесің? деп сұрамаған. Неге? Бұл басқа әңгіме. Әрі мұсылман еркегі, шариғат заңы бойынша, төрт әйелге дейін алуға құқы болған. Көп әйел алу туралы мәселе көтерілген шешуші тұста, әжелеріміз бұл жиынға қатыспаған сыңайлы. Қалайда ерлердің мәртебесі халқымыздың дәстүрінде қай заманда да, өте жоғары, оған дау жоқ.

 

Біздің елдің жігіттері – жігіттердің сырттаны,

Кешегі өткен ақындар мен батырлардың ұрпағы.

Ерте туып, еш заманның маңдайына сыймаған,

Өз елінің ұлтаны мен өз елінің сұлтаны, -деп жырлайды ақын.

Бүгінгі заманға оралсақ. Замандастармен қыз-келіншектердің, жантанушылар мен әлеуметтанушылардың пікіріне жүгінсек: соңғы 25-30 жылда еркектердің беделі қоғамда, тіпті өз шаңырақтарында күрт төмендеп құлдыраған. Мұның себеп-салдары бірнеше факторларға тіреледі. Оның тамырын тереңнен іздеу керек.

Ежелгі батыс жапон салт-дәстүріне үңілсек, ер балаға рыцарлық, самурай ерлік дәстүрін өнеге етіп, тәлім бергенін бұл халықтардың ежелгі ұлттық әдебиетінен байқаймыз. Өткен заманда әлем халықтарына ортақ ерлердің беделі үстем болды. Орта ғасырда Еуропада «рыцарлық» батыс Еуропада «сеньорлар мен вассалдар», жапондардың «самурай» мектептері ерлер тәрбиесімен түбегейлі айналысқан. Жапонияда ұл балаларды самурайлық дәстүрге, елін сүюге баулайтын мектептер ХХ ғасырға дейін жұмыс істеді. Ал қазақ ұрпақ тәрбиесін бір сәт естен шығарған емес. Ер балаларды елді қорғауға, мал бағуға, табуға,отын шабуға, отбасын асырауға дайындады. Үйдің шаруасын үйрету арқылы экономикалық тәрбиенің көзі болып табылатын үнемшілдікке,тәуекелшілдікке,тиянақтылыққа үндеп, сараңдыққа салынып кетуден жирендіріп отырған. Сондықтанда алаш ұлдары жомарт, ұсақ-түйекке мән бермейтін ержігітер өсті. Ата-бабалармыз көшпенділердің заңы бойынша ұлдарын «батырлық» мектебінде тәрбиеледі. Қазақ – «батырлық» мектебінде оларды мергендіктің құпиясын білуге, соғыс өнерінің тактикасы жауының осал тұсын жіті байқау 7-8 жасынан бес қарудың қыр-сырын ұғындыру жолында тер төкен халық. Қазақ ер баланы 5 жасынан атқа отырғызып, тұлпарды таңдады. Себебі қазақтың жалпақ даласына сақтап қалудың жалғыз жолы соғыста тек жеңіске жету ғана болатын. Сондықтан да бабалар ұлдарынан жауына мейрімсіз, елін сүйген, ержүрек қырандар өсіруге мәжбүр болды. «Ата – балаға сыншы» деп балаларды сынап отыруды естен шығармаған. Өмірде болған Құнанбай би Абай атамызды 13 жасынан бастап ел басқару ісіне араластырғаны мәлім. Уәли хан Шоқанды 3 жасынан хат танытып, 5 жасынан білімге баулаған. Ғұлама ақын Мәшһүр Жүсіп 8 жасында «мәшһүр» (білгіш) атанды. Кенесары үміт артқан ұлы Сыздықты 5 жасынан құмға пышақ қадап қойып ержүректілігін сынаған. Батыр бабалар Қабанбай 16-ға толмай, Райымбек әулие 15 жасында ерекше ерлік жасады, ел шекарасын бекітті. Қазыбек би, Абылай хан бабаларымыздың 12-15 жасында-ақ ақыл мен асқан алғырлығы дүйім шартарапқа тарапты. Сөзімізге дәлел тарихшы Ж.Қасымбаевтың еңбектерінен Кенесары ханның бала кезден хас батыр, алғыр ойшылдығын танимыз. Мақала жазу барысында дұшпандары мойындаған батыр баба туралы мына пікірлерді кездестірдік. Орынборлық орыс зертеушісі, шенеулік Николай Середа «Қазақ сұлтаны Кенесары Қасымовтың бүлігі» (1838-1847 ж.ж.)» еңбегінде: жауларын кешірмейтін табанды, жасынан қиыншылыққа мойымауға дағдыланған шыдамдылығы «түйеге тең» деп бір айтса, кедергілерден қаймықпайтын, өз мақсатына жетуде кейін шегінуді білмейтін» деп түйінді. Ал тарихшы, археолог, өлкетанушы Алекса́ндр Ма́йердың «Қырғыз даласы...» зертеуінде «Кенесары ержүрек, айлалы,өркеуде, белгілі қарақшы деп, эмоциясын жасырғысы келмесе де, ол адамдарды маңайына топтастыруға шебер «ұлы қасиеті» бар деп еріксіз мойындайды. Азулы хан, айбарлы қолбасшы Кенесары туралы орыстың ондаған ойшылдары батыр атаның ерлігін елін сүйген асыл тұлғаны зерттеген еңбектері ұшан теңіз. Кенесары ханды кім, қалай тәрбиеледі бізге беймәлім болғанмен, бала Кенесарыны даланың ұлы аналар мен данышпан аталардың жоғарыда айтқан «батырлық» мектептен өткенін күмән жоқ. Қазақ ұлдарын қазан-ошақ, отбасындағы ұсақ-түйекке араластырмай, ел ағалары жақсылар мен жайсаңдарының көсемдері мен шешендерінің сөзін тыңдатқаны аян. Олар бала кезде ерте оянып, сергек болуға дағдыланған. Үйге қонақ келгенде атып тұрып, қол алып, сәлем береді, мейманның атын байлайды, есігін ашып төрге шығарады. Кетерде аттандырады. Өзге халықтарда кездесе бермейтін үлкенді сыйлау, қонаққа деген құрмет бала санасында сіңіп ғасырдан ғасырға жалғасып келді. Орыс зерттеушісі Александр Левшиннің «Қырғыз-қазақ даласы мен ордаларының келбеті» (Сант-Петербург, 1832) этнографиялық еңбегінде: «қазақ жігіті қызу қанды, рухы жайсаңдық пен ізгілікке тән, ержүрек, олар ылғи да жайдары жүреді, жалпы сергек, әрі еліктегіш келеді» деп баяндайды. Бұл мінез бозбаланы әдептілік пен кішпейлдікке, парасатылыққа баулиды. Өткен ғасырдағы классикалық шығармаларда ұл баланы ел қорғайтын отаншыл, ұлттың намысты азаматы жомарт, әділ, үлкенге қайрымды азаматтар болғанын суреттейді. Осы тәрбиенің жемісі Ұлы Отан соғысында ер жүрек қаһарман ерлік жасау саны жағынан мәртебесі жоғары болған да біздің халық. Бұл тәрбиенің негізін қалаушылар қазақтың дана аталар, әжелер мен аналар еді. Қазақта әкені сыйлау деген ұғым іс жүзінде аса жоғары деңгейде болған. Баршамызға аян Абайдың әжесі Зере мен анасы Ұлжан бейнесі еріксіз ойға оралады. «Абай» эпопеясында мына эпизодты еске түсіріп, қайырылып кітап бетін ашсақ. «Семей қаласында үш жыл оқып, жайлаудағы әке үйіне күн кешкіре жеткен, 13 жасар шәкірт бала – Абай аттан түсіп көп ішінен ең алдымен өзінің шешесін көріп, соған қарай жүре беріп еді, шешесі анадай жерде тұрып: сонда ақылды да парасат бәйбіше Ұлжан:

-Әй, шырағым, балам, әуелі ар жағыңда әкең тұр... Сәлем бер! – деді.

Абай жалт қарап жаңа көрді. Анадай жерде,қонақ үйдің сыртында, қасында екі-үш үлкен кісі бар, әкесі Құнанбай тұр екен. Ыңайсыздықтан қысылып қалған бала, шешесінің сондайлық салқын сабырының мәнін ұқты да, әкесіне қарай тез бұрылды» (Абай жолы. 1-кітап. 9-бет). Мұхтар Әуезов қазақта ерлердің отбасында жоғарғы беделін ғана емес, әйелдердің еріне деген құрметін бала бойына ерте жастан сіңіргендігін аңғартады. Үлкенді сыйлау, құрмет тұту дәстүрлері қазақ қанына ғасырлар бойы қалыптасқан айнымас салт. Бала 13-15 жасқа толғанда «көршілес ауылдағы ақсақалдарға сәлем беріп кел» деп жіберетін болған, ондағы мақсат: абыз қарттардан өнегелі сөз тыңдасын, ел ішінде не болып жатқанынан хабардар болсын, елде кім жақсы, кім жаманын білсін, жаман мен жақсылықтың аражігін айырсын, тарихта болған оқиғаларды тыңдап, байтақ даланы батыр бабалар қалай қорғағанын бала санасына сіңіріп, құлаққа құйып аманаттап отырған. Сондай-ақ қазақтар баланы бала демей, дана деп, құрметпен қараған әрі баламен бірге ойнап, ойын арқылы да білім мен тәрбиені қатар ұстанған ел. Қазақ ұлын 4-5 жасында атқа отырғызған күннен бастап «сен ер жігітсің, еліңді қорғайсың, бізді асырайсың» деп балаға таудай жауапкершілік артқан. «Балаңды 5 жасқа дейін хандай көтер, 15 жасқа дейін құлдай жұмса, 15-тен асқасын досыңдай сырлас, сыйлас» деген ғибаратын ескерді деуге бола ма? Тарихта осындай тәрбие алған балалардан ел тұтқалары бір сөзбен айтқанда, олар ержеткенде нар мінезді, бір сөзді, байсалды, жаны да, қолы да жомарт бәрінен намысты жоғары қоятын жайсаң жігіттер өсті.Біздің бабалар ұлын ежелден батыр, ел тұтқасы болуға лайық елім, жерім дейтін ұрпақ тәрбиеледі. Сөзімізге дәлел «Күлтегін» жырында мына жыр жолдары ғасырлар асып бүгінге жетті.

«Тізеліні бүктірдік,

Бастыны еңкейтік.

Еліміз қайта ел болды.

Халқымыз қайта халық болды» – дейді. 

Жасынан қалыптасқан жақсы мінезбен өнер-білім балаға аса қажет болатынын атам қазақ алыстан болжапты. Осындай даналықтың бір ғана ұшқыны қарапайым ауыл қартының әрекетінен көрініс табады. Бала кезде ауылда бір аяғы ағаш балдақпен (Ұлы отан соғысында аяғынан айырылған) жүретін көрші Сидіғали атай болатын. Атамыз ауыл балаларын жинап алып, эпостық жырларды және қолмен жазылған жыртылуға жақын «Едіге» жырын оқытатын еді. Қыздарға Жібек, Баян, Гүлбаршын, Құртқа сөздері мен сұлулығы мен ақылдығын баяндайтын эпизодты, ұлдарға Төлегеннің, Алпамыс, Қобланды, Едіге, Ер Тарғын ерліктерін суреттейтін сәттерді жаттатып, өзі көзін жұмып отырып, сан мәрте қайталап тыңдаудан жалықпайды. Қателесіп немесе тоқтап қалсаң, көзі жұмылған күйі мәтінді түзейді. Қай бала жырды көп жаттаса, соған мақтау ретінде қалтасынан тиын ақша тігетін. Тиынның бағасы жаттаудың көлеміне қарай еселеп өсіп отыратын. Тиыны таусыла қалса, оның орнына сол замандағы ең керемет «Школьник», «Батончик» кәмпиттеріне ауыстыратын. Жаттамасаң, атайды тегін сыйлыққа көндіре алмайсың. Қазір ойласақ, бұл жыр жаттау ойын ғана емес, ерлік пен ұлттың намысы азаматтардың абройын өсіру баланың жасынан санасына сіңіру тәсілі екен. Осылайша балалардың көпшілігі эпосты түелдей жатқа айтатын. Атайдың сыртын терімен қаптаған салмақты көк кітабындағы батырлар жырын оқымаған ауылда бала қалмайтын. Біздер өзімізді жырдағы кейіпкерге ұқсатып ақылды, сұлу қыздардай елестетіп бала қиялы аспан асып, шартарапқа шарықтап кететін. Атамыз біздің есейгенімізді ескерді ме қайдам, кейінірек үлкендерімізге «Қан мен тер» романын басқа да классикалық шығармаларды оқытты. Ата «Қан мен тер» кейіпкерлерін (протиптерін) танитынын, жер-судың атауын айтып «Міне, жігіт Еламандай болу керек!» деп қанаттанып отыратын. Кей күндері кітап оқу кешіне көрші ата-әжелер де тыңдауға келеді. Тыңдап отырған үлкендер жағы бізді тоқтатып кейіпкерлерді танып, өзара қызу әңгімеге кірісіп, дауласып кететін-ді. Тәңірберген мен Ақбаланы айтып ұрысып, кейіпкерлерді бірі жақтап, бірі даттап өзара ренжісіп те қалатын. Сыр өңірі –Нұртуған, Ізтілеу Тұрмағанбетов, Нартай, Көшенейдей сыр сүлейлері мекендеген сөз өнерінің құты қонған жер. Атай Нұртуған жырларын жатқа айтатын. Жыр жаттау тәсілі жапон халқында «Карута тори» деген ұлттық ойын бар көрінеді. Қандай ғажап ұқсастық. Бұл ойын баланың елінің кешегісін санасына сіңіруге арналған. «Карута ториға» қатысу үшін бала ежелгі жырларыдан жүз жыр білу шарт көрінеді. Темірге жан бітірген өнертапқыштық қабілетімен әлемді тамсандырған жапон ұрпағы 10 жасқа дейін жүз ақынның жырын жатқа білуі міндет. Жыр жаттау тіпті кітапты оқып беру баланың есте сақтау қабілетін дамыту әрі намысты азамат өсірудің ең тиімді тәсілі екен. Біздің ата-бабаларымыз баяғыда айтып кеткен көрегендігін атақты неміс шешені, әйглі бизнес-психолог бұл күндері Бодо Шефер 5 жасқа дейін бала көрген, білгенін етігенінің 70 пайызын өмір бойы есінде сақтап қалады деп жар салды. Әлгі Сидіғали атайдың оқытқан жыр жолдары арада қанша жылдар өтсе де, осы күнге дейін есімізде мәңгі жаталып қалды. Әрине қазір балаларды осылай тәрбиелейік деген сөз емес. Бабалар «елу жылда ел жаңа, қырық жылда қазан жаңа» демей ме? Әр заманың өз заңы бар. Бұл қарапайым әкелердің ұлттың ұл-қызын тәрбиелеудегі тамаша дәстүрлеріміздің болғанынын еске алу. Жиырмасыншы ғасырдың балалары аналарымыздан «әкеңнен сұра»,«әкең біледі», «әкең келе жатыр», ренжісе «әкеңе айтам» деген ұлағат сөздерді жиі естіп өстік. Бұл сөздің астарында шынайы инабаттылық, әдептілік, үлкен философиялық мән мағына жатыр. Әйел ерінің қадір-қасиетін ардақтап, бала алдында әке беделін осылайша еселеп өсіріп отырған. Міне,ер азамат тәрбиесі қазақ шаңырағында ғасырлар бойы осылайша қалыптасқан еді. Бұл – ұстанымдар отбасында әкенің беделін айғатайтын бұлтартпас дәлел. Әрі шешелеріміздің еріне деген құрметі мен сыйластығын білдіретін. Осынау тамаша дәстүрлерді қалайша жоғалтып алдық? Данышпан әл-Фараби баба «Балаға қайырымдылық пен жаман қылық әуел бастан жаратылыстан дарымайды. Бірақ қайырымдылық пен жаман қылық жаратылысы тегіне байланысты болуы мүмкін. Сондықтан, оны қандайда болсын сырттан келетін басқа ниет қарым-қатынастан қарсы жаққа бағыттап жібермесе, ол әуел бастан-ақ жаратылысынан өзіне оңайырақ соғатын әрекетке бет қояды» деп баланың генетикалық табиғатын оның әрекетінде басым болатынын сипаттайды (әл- Фараби «Бала тәрбиесі» туралы көзқарасы, 125-бет). Осы тұста халқымыздың тегі кім, тегіне қарайды дейтін сөзінің астары да айқындала түседі. Тағы бір дәлел: Еуропа құрлығынан келген бала асыраушылар қазақ баласын асырап алуға өте ынталы екен. Оның мәнісін қазақ жеті атаға дейін қыз алыспайтын қан тазалығы қызықтыратын ашып айтып жүр.

Біздер балаларға ренжиміз. Әкесін тыңдамайды, тіптен беттен алады. Бүгінгі ұрпақтар әкеден қаймықпайды. Неліктен? Қазір қазақтардың әрбір төртінші отбасының ұл-қызы әкесіз өсіп келеді. Олар кімдер? Ажырасқандар, әкесі қайтыс болғандар, аналары өзі үшін некесіз туған балалар мен абақтыда жазасын өтеуші ер азаматтардың балалары. Алдымен, әкелердің басым көпшілігі асыраушылар мәртебесінен айрылып қалды. Басты себеп: қоғамдағы жұмыссыздық, құмарлық, нәпсіге ерік беру, дінсіздік, араққа салыну бүгінгі күнгі ресейлік ғаламтор жарнамалары айтуға ауыз қисаймайтын бейнелер бәрінен қауіпті, аса қауіпті індет меңдеп барады. Қазақстандықпыз дейтін қарагөз қыз-қатындар арасында танымалдары да, бар кеудесін қалай өсіргенін, қалай арықтағанын, денесін көрсетуден қаймықпайды...

Алматыда еркекті қалай торға түсіру айла әдістерін үйрететін мектеп ашылды. Еркек пен еркек, қатын мен қатын жұптасатын клубтарда осы шаһарда баршылық. Ұлт анасы қатындар аздық, ұлды қалай ұстаймыз, қайтпек керек??? Ғаламторға құлып салуда мүмкін емес, қазаққа әлгі жарнамаларды шектейтін заң керек. Біз ғана емес азулы елдердің өзі ұлдарына берген өрлік мәртебесін заман ағысы ығыстырып тастады. Бұл құбылыс бүкіл адамзаттық мәселеге айналып отыр. Игі дәстүрлерді бүгінгі дейін жеткізіп келген елдер қатарында тек жапон халқы ғана қалған көрінеді.

Қазақтар өзгелерге еліктеймін деп ұлттық тұтастықты ұл-қыз тәрбиесіндегі салт-дәстүрлерден уысынан шығарып алды. Әдет-ғұрып, салт-дәстүрлерден айрылған халық, ертең тілінен,ертең дінінен айрылады... Біз болашақ азамат бүгінгі бесіктегі ұлдарға қандай тәрбие беріп отырмыз, гәп осында. Бала тәрбиесін айтқанда алдымен таяқтың ұшы әжелер мен аталарға аналар, әкелерге, келіндерге тиеді. Бүгінгі елуден асқан аталар мен әжелердің көбісі жұмыс істейді, ертегі айтып, кітап оқуға, олармен ойнауға мұршасы жоқ. Аналары да, әкесі де кішкентайлармен кешкісін асығыс кездеседі, кейбірі жұмысқа ерте кетіп, кеш келетін әкелерімен дидарласпайды, көрмейді. Ал балалардың тәрбиесімен мүлдем бөгде адамдар айналысады. Данышпан Жүсіп Баласұғынның көзқарасы бойынша, ер бала тәрбиесінде әкенің орнын ешкім алмастыра алмайды, әкенің жеке басының өнегесі, оның мінез-құлқы мен тұлғалық қалыптасуы аса маңызды. Оны: «Бейбастық қып өсірсе ұлдың қылығын, кінәлі әке, жазығы жоқ ұлының» (1220 бәйіт) деген өлең қатары дәлелдеп тұр емес пе? Сондықтан әжесі мен атасын сыйламайтын ұл-қыз, ата-анасын менсінбейтін келіндерді ұстап отырмыз. Біздің алдымызда өркениеті мемлекеттер сапына қосылу міндеті тұр. Яғни ата-анаға заман талабына сай ұл-қыз өсіру парыз. Біз күнкөріс көзі жұмысты тастап, бала тәрбиесі үшін үйде отыра да алмаймыз. Тағыда қайтпек керек? Бала тәрбиесімен бүгінгі баланы теледидар мен ғаламтор, жалдамалы тәрбиешілер айналысады. Жалпақ жаһанға қысылмай, бүгежектемей теңелу, жақындау үшін өз келбетіміз керек. Рухани байлығымызды толықтықтыратын оны жанымызға тықпалап насихатамайтын теледидиар бағдарламарға зәруміз. Қазақ метебінде оқитын балалардың өзі отандық арналардан берілетін кино мен бағдарламаларды көрмейді. Бұл – шындық. Ресей арналарына бұрайды. Неліктен? Себебі отандық бағдарламалар баланы қызықтырмайды. Алайда қолдан келмейтінде іс емес. Осы жылы «Хабар» агентігі ұсынған «Жігіт сұлтаны» секілді сыннан сүрінбейтін, көрер көз тоятын, дарынды, қара күш иесі тарландарды дәріптейтін хабарлар қажет.

Өткен жазда Сыр бойына елге төркіндеріме бардым. Інімнің үйіне 10-13 жас шамасындағы ылғи бір үйдің тентектері әке-шешемнің немере, шөберелері – кілең жасөспірім ер балалар жинала қалды. Олар аулада шулап мазаны алғасын өзімен бірге жаңа шыққан режиссер Ақан Сатаевтың «Жаужүрек мың бала» атты тарихи драмасының DVD нұсқасы ала барғанмын. Балаларға қазақша боевик көріңдер деп жалындым. Балалардың біреуі маңғазданып киноны алып тұрып: «Апа, қазақша ма? Қазақша боевик бола ма?» – деп сұрады. Бала сөзіне біртүрлі тіксініп қалдым. Олардың көбісі қаладан барған, арасында орысша оқитындары да бар. Бұлар киноны қалай қабылдайды деп сырттан бақылап жүрдім. Фильм аяқталғанша бір бала тырп етпей көрді. Олар кешкісін аулаға шыққасын бірі Сартай, бірі Таймас, Ілияс болып ойнады, үйдің жасөспірім егесі «Мен бұл киноны достарыма көшіріп сатам» дегенін сөзін құлағым шалып қалды... Қазақ киносы ұрпақтар алдында ұялмайтын бір мысқыл іс тындырды. Бұл тым аз. Егер отандық өнім бала көкейіне қонатын кино мен хабарлар болса көрер еді. Балалар қазақша мультфильм, кино көрмейді дейміз. Теледидар ұлттық рухты көтерер бағдарламалар бере алмай, алаш мұрагерлері алдында қарыздар әрі ұятты болып отыр. Кешегі Кенесары, Қабанбай, Сырым, Райымбек, Исатай мен Махамбетті, Бауыржан аталарын бүгінгі ұрпақ олардың ерлігін оты жырларын кітаптан оқымайды. Сондықтан ғаламтордан тарихи кино мен мултьфилмьдерден көрсе деген арман бар. Қазақ баласының әйгілі спорт додасында елдің мерейін өсіріп, ән ұранды әлемге тыңдатқан спорт шеберлері де үлгі. Кеше қазан айында Алматыда өткен былғары қолғап шеберлерінің әлемдік додасында мерейі үстем болған елдің рухын көтерген қайсар төрт жігітті көрген ондаған жас өрен ертеңіне былғары қолғап кигені сөзсіз. Данышпан Жүсіп Баласұғын көзқарасына жүгінсек.

«Бәрі анадан ізгі болып туғандар

Сүтпен сіңіп жан жүйесін қуғандар.

Жақсыға ерсе бала ізгілікке бастайды.

Жаманға ерсе жауыздықтан қашпайды (875 бәйіт).

Қазақ ер жігіт тәрбиесіне айрықша мән берген. Ұл баланың өмірге келуін «Ұл туғанда, күн туған» деп ерекше бақыт санаған. Себебі елдің болашағы, атар таңы, кешер күні, бейбіт еркін өмірі, бүгінгі бала, ертеңгі ер азамат қолында.


ПІКІР АЛМАСУ

Пікір қалдырыңыз