КІРУ



Аккаунтыңыз жоқ па? Тіркелу

Құпия сөзді ұмытып калдыңыз ба?

THE STATE LANGUAGE DEVELOPMENT INSTITUTE

МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛДІ ДАМЫТУ ИНСТИТУТЫ

  ИНСТИТУТ РАЗВИТИЯ ГОСУДАРСТВЕННОГО ЯЗЫКА



БАТЫРЛАР ЖЫРЫ КЕЙІПКЕРЛЕРІН БІРІЗДЕНДІРУ

ТОЛЫҒЫРАҚ

Қазақ әйелдерінің орамал тағу үлгілері

    Әңгімемізге кіріспес бұрын мына бір-екі мәлметке көз жіберіп алсақ. Ж. Манкеева 1997 жылы «Ғылым» баспасынан шыққан «Мәдени лексиканың ұлттық сипаты» атты еңбегінде; «Қазақтың ерлері мен әйелдерінің киімінде әлеуметтік айырмашылықтар айқын көрініп отырған. Қазақ еркектері шашын түгел алғызып тастап, үйде де, түзде де бас киім киген. Ер адамның бас киімі оны киген адамның дәрежесі мен беделін танытқан». Деген анықтама береді.
    Ал Қ. Жолдыбай «Бірнеше дінді қабылдаған ұлт – ұлттық тұтастығын жоғалтады» (Айқын. № 194, 18 қазан, 2006 ж.) атты мақаласында;
«…Орамал тағудың пайдасы туралы С.Асфендияров атындағы мемлекеттік медицина университетінің емдік гигиена кафедрасының меңгерушісі, м.ғ.д., профессор Қ.Тоғызбаева былай дейді: «Ер адамдар көбіне көктен, әйелдер жерден қуат алады. Сондықтан да болар, әйелдің шашы магнит тәрізді ауадағы кірлас қуатты жинағыш келеді. Бұл да оның әсіресе бас ауруына ұшырауына әсер етеді. Осы жолдың авторының өз тәжірибесінде кездескендей, орамал тартқаннан кейін «басының сақинасы», т.б. дертінен жазылып кететіндер аз емес. Бұған қоса, ашық-шашық жүрген әйелдер көктен өзіне қажет емес артық қуат алады, сөйтіп онда еркектерге тән гистостерон гормоны пайда болады, нәтижесінде ағзаның гормоналды бұзылуы етек алып, жыныс органдарындағы қатерлі ісік, т.б. ауруларға жол ашады» — дейді.
    Ендеше әңгімемізге кіріселік. Жалпы киім киюдің бір үлгісі ретіндегі орамал тарту тек ислам дінінің жаңалығы емес екен. Дінтанушылардың сөзіне сүйенсек, бұл үрдіс христиан, еврей діндері мен корей, жапон сияқты көне мәдениет үлгілерінде де бар. Иудаизм дінінде әйелдердің орамалсыз жүруі олардың жалаңаш жүруімен тең саналып, орамал тақпаған әйелдің жоқшылық әкелетіні, орамал тағу әйелдің абыройы мен беделін, әлеуметтік жағдайын білдіретіні жөнінде айтылған. Орамал тағуды тектіліктің нышаны санаған байырғы Израильде зинақор, жезөкше әйелдерге оны тартуға тыйым салынған. Католик шіркеуі де әйелдердің басына орамал тартуын міндеттейді.
    Қазақтың арғы-бергі тарихында орамалдың (сәлі, шәлі, шыт, т.б.) тек әйелдерге қатысты екенін байқауға болады. Сәлде туралы әңгіме бөлек. Ал біздің әңгіме ерлердің орамал тағуы.
    Соңғы кезде елімізде түсірілген тарихи кинолардың барлығында дерлік батыр болсын, сал-сері болсын басына орамал тартуды «модаға» айналдырып алды. Бұл үрдіс тым арыдан ғасыр басындағы алғаш сахна өнері басталған сәттен бері жалғасып келеді. Мұны сол кездегі тарихи киімдердің жетіспеуіне баласақ та, суретші, этнограф Қалиолла Ахметжановтың айтуына қарағанда бұл сол кездегі еврейлердің саясаты болған екен. Ұлттың болмысын күйрету үшін батырлардың, сал-серілердің басына орамал тарттыру, ер азаматты қорлаудың бір түрі екені анық. 1948 жылы сахналанған «Қыз Жібек» операсында Бекежанның ролін сомдаған Құрманбек Жандарбеков (суретте) басына орамал тартып алған. Бұл сахналық қойлым болсын, әр түрлі қимылға ыңғайлы, қозғалған сәтте орнықты болсын. 
    Алайда бұдан де ерте, қазақтың тұңғыш дыбысты фильмі (1934) саналатын «Амангелді» филмінде де басына шыт тартқан еркектерді кездестіреміз. Одан кейін жалғаса береді, Ақан серінің басына да «жаулық» салдық. «Сардардың» самайын шытпен бүркедік. Көшпенділерді бесіктен белі шықпаған балаларды тізіп қойып орамал салдық басына. Кешегі «Жаужүрек мың бала» сауытсыз-ақ соғысып, дулғасыз да «ерлік» жасап жүр. Тіпті бас батыр Сартай мен қасындағы қызды айыру қиын! (суретте)
    Біздің тарихымызды, салт-дәстүрімізді дәріптейтін туындылар халыққа жол тартса неге қуанбасқа. Дегенмен толықтай, өзімізде барды жан-жақты жеткізе алсақ қандай керемет болар еді?!
    Біз сахнадағы, «бұралқы сөз күлмекке жақсы» деп, елді күлдіру үшін әйел болып киінетін әртістерді ауызға алып отырған жоқпыз. Ол айтсаң да түзелмеске кетті. Бар мүмкіндікті пайдаланып, батырымызды батыр, серімізді серілік деңгейге жеткізіп дәріптесек екен деймін. Әйтпесе, сол кинолардың көркемдігіне, саяси маңызына тоқталайын дегенім емес. Бар айтпағым тарихи тұлғаларымыздың басынан орамалдарын шешетін уақыт келген секілді.

saigez.kz

ПІКІР АЛМАСУ

Пікір қалдырыңыз







08/04/2024 11:55

Хабарландыру!
0 374 0



26/03/2024 16:15

Хабарландыру!
0 735 0








ТЕКСТ

Яндекс.Метрика