THE STATE LANGUAGE DEVELOPMENT INSTITUTE
МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛДІ ДАМЫТУ ИНСТИТУТЫ
ИНСТИТУТ РАЗВИТИЯ ГОСУДАРСТВЕННОГО ЯЗЫКА
Соңғы мақалалар:


Қазақ
тілінің әліпбиін дайындауда бірнеше нұсқа қарастырылған, бірақ 25 әріптен
тұратын әліпби таңдалды, енді ол қоғамның талқылауына ұсынылады, деп хабарлады.
Қазақстанның Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев. Бұл туралы Qamshy.kz ақпарат агенттігі жазады.
"Анық-қанығына
дейін талқылауға уақыт бар. Сарапшылар бірнеше нұсқаны қарастырып, осыны
таңдады. Маған 25 әріпті нұсқа ұнайды. Енді азаматтар өз пікірін айтсын. Нақты
ұсыныстар болса, айтылуы тиіс. Сол үшін әліпби қоғамның талқылауына
берілді", — дейді Сағадиев.
Айта
кетелік, дүйсенбі күні мәжілісте қазақ тіліне арналған латын әліпбиің бірыңғай
стандартын енгізу мәселесіне арналған парламенттік тыңдау өтті.
Ұсынылған
жаңа әліпби 25 әріптен тұрады, деп хабарлады Ш. Шаяхметов атындағы Тілдерді
дамытудың республикалық үйлестіру-әдістемелік орталығының директоры Ербол
Тілешов.
Қазақ тілінің кей дыбыстары екі әріптің қосындысы –диграфтармен берілетін болады. Тілешовтың айтуынша, ұсынылған әліпби қазақ тілінің бүкіл дыбыстарын таңбаға түсіре алады.
ПІКІР АЛМАСУ
04/12/2019 13:30
«Атаулардың тілдік мәні және ұлттық мазмұны» республикалық семинарының БАСПАСӨЗ ПАРАҒЫ
|
14/11/2019 09:42
«Жаңа әліпби: емле, әдістеме және халықаралық тәжірибе» атты конференция өтеді
|