КІРУ



Аккаунтыңыз жоқ па? Тіркелу

Құпия сөзді ұмытып калдыңыз ба?

THE STATE LANGUAGE DEVELOPMENT INSTITUTE

МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛДІ ДАМЫТУ ИНСТИТУТЫ

  ИНСТИТУТ РАЗВИТИЯ ГОСУДАРСТВЕННОГО ЯЗЫКА



БАТЫРЛАР ЖЫРЫ КЕЙІПКЕРЛЕРІН БІРІЗДЕНДІРУ

ТОЛЫҒЫРАҚ

Рысалды Құсайын Тынысбайұлы 1941 жылдың 5-ші шілдеде (құжатта 1940) Талдықорған облысы Ақсу ауданы "Алғабас"ауылында дүниеге келді. Орта мектепті бітіргеннен кейін Алматы шетел тілдері педагогикалық институтының даярлық курсын бітіріп, 1959 жылы осы институтгың неміс тілі факультетіне түсті. 1964 жылы факультетті неміc және қазақ тілдері мамандығын үздік бітіріп, осы институтка мұғалімдік қызметке алып қалынды. Бір жылдан кейін ол сол кездегі Германия Демократиялық Республикаеының Лейпциг қаласындағы Карл Маркс атындағы университетіне он айға білім жетілдіру курсына жіберілді. Курсты үздік бітіріп қайтқан жас маман өз факультетінде ұстаздық қызметін табысты жалғастырып, 1968 жылы неміс тілі грамматика кафедрасының аға мұғалімі болды. Институттың қоғамдық өміріне белсене араласқан Құсайын Тынысбайұлы 1969 жылы неміс тілі факультеті деканының орынбасарлығына тағайындалды да, келесі жылы осы институтта алғаш ашылған Даярлық бөлімінің деканы болып бекітіліп, төрт жылдай осы бөлімнің дамып нығайуына өнімді еңбек етті.

1974 жылы өзі қызмет еткен институттың аспирантурасына түсіп, ұстазы белгілі ғалым қоғам және мемлекет қайраткері профессор Мұхтар Арынның кеңесмен, белгілі лигвист филология ғылымдарының докторы, профессор А.П.Комаровтың жетекшілігімен  неміс тілінің күрделі категорияларының бірі - Сын есімнің  шырай категориясын түбегейлі зерттеп, оның жаңа парадигмалық қүрылымын ғылыми тұрғыдан негіздеп, Москваның Морис Торез атындағы мемлекетгік шетел тілдері институтының диссертациялық кеңесінде табысты қорғап шықты. Қ.Т.Рысалдының грамматиканың байырғы категориясын осы кезде қаркынды дами бастаған функционалды грамматиканың теориясына негіздеп, сын есімнің шырай категориясының жаңа сипаттағы парадигмасын негіздеуі сол кездегі атақты германистер тарапынан қолдау тапты, танылды. Бұл жағдай Қ.Т.Рысалдының өзіндік ғылыми зертгеу нәтижесінің сонылығы мен дәйектілігін айғақтаса керек. Жаңа парадигманың ғылыми негізделінуі сол категорияның табиғи болмысы екенін 1982 батыс Германияның белгілі грамматисі Ульрих Еңелдің  еңбегінде көрсеткен  парадигмамен сәйкес келгені дәлелдей түсті. Екі автор ол кезеңде бірін бірі білмеген. Кейінгі неміс тіліндегі грамматикалық оқулықтарға осы жаңа парадигма енді.

          Құсайын Тынысбайүлы неміс тілі грамматикасының кафедрасына 1985 жылы меңгеруші болып сайланды. Ол табысты еңбегінің нәтижесінде кафедра меңгерушілігіне екінші мерзімге сайланып, 1992 жылы институт проректоры болып тағайындалғанға шейін ұстаздығын қоғамдық қызметімен ұтымды ұштастыра отырып, оқу құралдары мен оқулықтар жазды. Өзінің ұстазы доцент Еділ Әкішұлы Молдатаевпен бірлесе отырып 1968 жылы ең алғашқы «Неміс тілінің тілашарын» жазды. Басқа авторлармен бірлесе отырып, жоғары оқу орнына арналған неміс тілінің алғашқы оқулығын және орта мектепке арналған оқулық жазды. 

 1992 жылы осы оқу орнының әлеуметтік-мәдени істер жөніндегі проректоры болып тағайындалып,оқу орнының университет дәрежесінде дамуына белсене еңбек етті.

Университеттің жаңа заман талабына сай дамып, унверситеттерімен ғылыми-педагогикалық қарым-қатынастарын дамыту мақсатымен ДААД стипендиясымен 1993 жылы Берлиннің Тәуелсіз университетінде үш айлық ғылыми іс сапарымен болып, неміс және қазақ тілдерін салғастыра зерттеп, нәтижесінде Алматыда неміс-қазақ тілдерінің тұңғыш контрастивті грамматикасын жарыққа шығарды. Кейінірек 1996 жылы Гамбург университетінде болып, аталмыш грамматиканы сол университеттің германистика факультетінің сұранысымен қайта өңдеп жазып, сол университет баспасында жарыққа шығарды.  Қазіргі кезде бұл аталған грамматика осы екі партнер университетте оқу құралы ретінде қолданылады. Қ.Т.Рысалды сол жолы Гамбург университетінің германистика факультетімен Абьшай хан атындағы университеттің неміс тілі факультеттері арасындағы ұзақ мерзімді қарым-қатынастарды тиянактайтын екі жақты келісім-шартты жасасып, осы проекттің бір басшысы ретінде профессор Иохан Рейбайынмен бірге қол қойды. Қ.Т.Рысалдының контрастивті типологиялық зерттеу жұмыстарының жалғасып, грамматикасының толықтырылып сол жерде қайта басылуына Германия жағы мүдделік көрсетіп отыр. Ол контрастивтік грамматиканы Германияда Мюнстер қаласында шығару жоспарланып отыр. Аталған келісім-шарт негізінде кейінгі жылдары сол Гамбург университетінде  біздің университеттің он екі студенті бір семестірлік оқуда болып, дипломдық жұмыстарын жазды, он мұғалім екі-үш айлық стажировкадан өтті. Ол қарым-қатынас әрі жалғасын тауып, филология ғылымдарының докторы, проф. И.Рейбайынмен біріге отырып проф. Рысалдының аспиранты Гүлсім Масакованың зерттеу жұмысына жетекшілік жасады, ол диссертациялық еңбегін тамамдап, 2012 жылдың 29 қазанында Гамбург университетінің диссертациялық кеңесінде жетекшілерінің қатысуымен табысты қорғады.

1998 жылы университет құрылымында жаңадан ашылған Шығыс филология  факультетінің деканы болып тағайындалады. Жаңа факультетгің іргетасын қалауға айтулы үлесін қосты.

2000 жылдың маусымынан 2004 жылға дейін  университеттін ғылыми істері жөніндегі проректоры болып,  проф. К.Рысалды төрт жылдай университеттің ғылыми-зерттеу жұмысының дамуына өнімді еңбек етті. Университет құрымында осы жылдар ішінде төрт ғылыми-зерттеу отралықтары мен бір ғылыми-зерттеу институты ашылды. Шетел тілдері теориясы мен салғастырмалы тіл білімі бойынша, шет тілдерін оқытудың әдістемелік бағытында ғылыми-зерттеулер жүргізілді, ғылыми конференциялар халықаралық, республикалық дәрежеде ұйымдастырылды. Университетте екі докторлық кеңес жұмыс істеді.

2005-2007 жылдар арасында Тіл теориясы мен қолданбалы тіл білімі ғылыми-зерттеу орталығының директоры болып қызмет етті.

 

Функционалды грамматика теориясын дамытушы ғалымдардың бір ретінде кандидаттық диссертациясындағы ғылыми бағытты дамыта келіп, «Сын дәрежесі категориясы: функционалды-коммуникативтік табиғаты: (қазақ және неміс тілдері негізінде» атты докторлық диссертациясында зерделеді.

2007 жылдан бері университеттің педагогикалық факультетінің шетел тілдері грамматика кафедрасының меңгерушісі қызметін абройлы атқарып келеді.

Қ.Т.Рысалды кәзіргі кезде факультетте теориялык грамматика және функционалды грамматика, медиалингвистика  бойынша лекциялар оқып, семинарлар жүргізеді, Аспиранттардың, магистранттардың ғылыми зерттеулеріне жетекшілік етеді,  магистранттарға, докторанттарға функциональды грамматика, типология теорияларынан лекциялар окиды. Осы уақытқа шейін докторлық диссертациялық кеңестің мүшесі болып, диссертациялардың сапалық жағын сараптауға үлкен үлес қосты. Ол сонымен бірге университеттің кінші курсына арналған жаңа типті оқулық, мектепке арналған оныншы классқа арналған неміс тілінің оқулықтың авторларының бірі. Соңғы жылы «Неміс тілінің теориялық грамматикасы» оқу құралын,и «Сын дәрежесі категориясының табиғаты» атты монографиясы «Қазақ тілі білімінің антологиясының» 48 томында жарық көрді. Жалпы алғанда, тіл мәселесі, оның ішінде функционалды грамматика, салғастырмалы тіл білімі мәселелеріне арналған жетпістен аса ғылыми мақалалар жарық көрді.

 Қ.Т.Рысалды 2010 жылдан бері  Германияның Юстус Либиг атындағы Гиссен университетімен  екі халықаралық ғылыми-зерттеу жобаларына қатысуда, біріншісі: «Көпшілік пе азшылық па? Орыс-түркі қауымдастығының саяси-тілдік дискурсындағы иденттілікті қалыптастыру», екіншісі: «Қазақ тілі. Мемлекеттік тілдің құрылымы және Кеңестік дәуірден кейінгі Қазақстандағы функциясы».

Қ.Т.Рысалды университеттің қоғамдық өміріне әрдайым белсене араласады. Университет Ғылыми кеңесінің, факультет кеңесінің мүшесі.

Қ.Т.Рысалдының жоғары білім беру саласына сіңірген еңбегі Қазақ ССР Халыққа білім беру министрлігі тарапынан ерекше бағаланып, 1991 жылы ол "Қазак ССР халык ағарту ісінің озық кызметкері" атағымен марапатталды.

2001 жылы Президенттің жарлығымен ”Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл” мерекелік  медалімен марапатталды.

2010 «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» атағы берілді.

Ø  2010 – «С.Торайғыров» алтын меделінің иегері,

Ø  2011 - «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 20 жыл» медалі,

Ø  2011 – «Қазақстан Республикасының білім беру ісінің Құрметті қызметкері» атағы,

Ø  2011 Халықаралық ақпараттандыру Академиясының толық мүшесі – академигі болып сайланған.

 Қ.Т.Рысалды - жұбайы осы университетің түлегі, қырық бес жылдай осы оқу орнында жүздеген шәкірттер тәрбиелеп жүрген, тәжірибелі де ұлағатты ұстаз, «Қазақстан Республикасының білім беру ісінің Үздігі», Зүлжамал Нұрғазықызы Дәуленовамен елу жылдай отасып, бір ұл, екі қыз өсіріп, төрт немерелі болып отырған отбасы. Балалары жоғары білімді, өз істерінің мамандары.

Ғылыми еңбектері:

Ø  Жүзге жуық ғылыми мақалалардың автолры;

Ø  «Қазіргі неміс тілінің сын дәрежесі категориясы» ғылым кандидаттық диссертациясы;

Ø  «Сын дәрежесі категориясы: функционалды-коммуникативтік табиғаты (Қазақ және неміс тілдері негізінде)» ғылым докторлық диссертациясы;

Ø  «Неміс-қазақ тілашарының», Жоғары оқу орнының студенттеріне арналған Неміс тілі оқулығының бірлескен авторы;

Ø  ,,Неміс –қазақ тілдерінің салғастырмалы грамматикасының авторы (Алматыда, Гамбургте шыққан);

Ø  университеттің екінші курс студентеріне арналған «Неміс тілі» оқулығының бірлескен авторы; 

Ø  Республиканың қазақ мектептеріне арналған 10-классқа арналған оқулығының бірлескен авторы;

Ø  «Неміс тілінің теориялық грамматикасының» авторы;

Ø  -«Неміс тіліндегі сын джәрежісі категориясы» монографияның авторы;

Ø  «Сын дәрежесі категориясы» моногарфиясның авторы, 48 томдық «Қазақ тіл білімі антологиясының 48-ші томында;

Еңбектері:

1.       Неміс - Қазақ тілашары , Алматы.1969

2.       Kontrastіve Grammatіk. Deutsch-KasachіschAlmaty: 1995

3.       Kontrastіve Grammatіk. Deutsch-KasachіschHamburg:1996

4.       Deutsch для 1 курса, Алматы 1987

5.       Deutsch. Неміс тілі  для 10 класса, Алма-Ата: Мектеп. 2002-2011

6.       Praktіsches Deutsch. Dіe grammatіsche Kіste для 2 курса вуза, Almaty. 2005

7.       Theoretische Grammatik der deutschen Sprache, Алматы, 2010г.

8.       Сын дәрежесі категориясыҚазақ тіл білімінің антологиясы.Павлодар, 2010, 243-446бб

9.       Категория интенсивности признака в современном немецком языке, Алматы 2011

10.   К вопросу о средствах выражения интегсивности признака в немец-ком языкеПроблемы преподавания иностранных языков и языкознания Алматы: 197

11.   К вопросу о степени признакае, Иностранная филология, вып.7.А.: 1976

12.   О структуре категории интенсивности признака в совре-менном немецком языкеПроблемы теории и ме-тодики пре-подавания иностранных языков и литературове-дения. А.:1977

13.   О центральных понятиях категории интенсивн.ости признакаАктуальные проблемы преподавания иностранных языков. А.:1977

14.   О соотношении объективного и субъективного в категории интен-сивности признака 

15.   Категория интенсивности признака в современном не-мецком языкеМосква: 1980

16.   О взаимодействиях средств выражения категории интен-сивности признака в немецком языкеТезисы доклада. -Алма-Ата: 1981

17.   Структурно-семантическая характеристика эквативаСемантико-фонетические и грамматические явления в ино-странном языке. -Алма-Ата; 1986

18.   Структурно-семантическая характеристика элятиваФункционально-семантический анализ языковых единиц.  -Алма-Ата: 1986

19.   Функционирование некоторых консти-туентов категории диминутивности в немецком языкеПроблемы вербальной коммуникации. -Алма-Ата: 1987

20.   О взаимодействиях языковых единиц категории интенсивности. //Лингвистические исследования. –Ленинград

21.   Zur Kategorіe der Іntensіtät des Merkmals іn der deutschen GegenwartsspracheDas Wort. –Moskau, Berlіn: 1989

22.   O функционально-семантической категории интенсивности признакаПроблемы функциональной лингвистики. -Алма-Ата: 1989

23.   Понятийные категории как основа сопостави--тельно типологических исследований разноистемных языковСемантика в сопоставлении языков. -Москва: 1990


ПІКІР АЛМАСУ

Пікір қалдырыңыз