КІРУ



Аккаунтыңыз жоқ па? Тіркелу

Құпия сөзді ұмытып калдыңыз ба?

THE STATE LANGUAGE DEVELOPMENT INSTITUTE

МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛДІ ДАМЫТУ ИНСТИТУТЫ

  ИНСТИТУТ РАЗВИТИЯ ГОСУДАРСТВЕННОГО ЯЗЫКА



БАТЫРЛАР ЖЫРЫ КЕЙІПКЕРЛЕРІН БІРІЗДЕНДІРУ

ТОЛЫҒЫРАҚ


Бала өміріндегі ерекше аталып өтетін салттың бірі – тұсаукесер. Осы дәстүрдің қыр-сыры жайлы Зейнеп Ахметова толығырақ тарқатады.

Баланың тұсауын ала жіппен кеседі. Өкініштісі, мағынасы тереңде жатқан дүниені біржақты түсініп, «біреудің ала жібін аттамасын» деп қана «тұсау кесіп» жүрміз. Бұл – жаңсақ пікір. «Жақсылықта асып-тасымасын, жамандық көрсе, жабырқап-жасымасын, қуанышты күндерінде асылық жасамасын, қиыншылық басына түскенде еңсесі түсіп басылмасын, екеуінен тең өтсін» деген тілекпен қос-қостан келетін Жаратылыс заңының белгісі ретінде ала жіп таңдалады. Қазір тұсауды қайшымен кесіп жүр. Бұл дұрыс емес, өйткені баланың өмірі қайшыланып қалады. Сол себепті қазақ тұсауды өткір пышақпен шорт кеседі. Бұған да мән беріп қарайтын кез келді. 

Бұл күндері тұсауды көбіне жасы үлкен әжелерге, кейуаналарға кескізіп жүрміз. Жүрісі ауырлаған қарт әжеге немесе ілби басатын кейуанаға тұсау кескізгенде, бала қалай жүріп кетеді деп ойлайсыз?! Сөз жоқ, көпті көрген, немере-шөбере сүйген әжелер әдемілеп ақ батасын беріп, баланың аяғына ала жіпті байлап береді. Ал тұсау кесетін адамды ата-ана алдын ала сайлайды. Қыз бала болса, қимылы ширақ әрі пысық, ақжарқын мінезді, көпке қадірлі, ісін тиянақты әрі тындырымды атқаратын елге сүйкімді келіншектерге, ұл баланың тұсауын «пәленше ағасындай сері болсын, үлкен азамат болсын» деген ниетпен елдің алдында жүрген ер-азаматтарға кескізеді.

ЖАС ҚАЗАҚ


ПІКІР АЛМАСУ

Пікір қалдырыңыз







08/04/2024 11:55

Хабарландыру!
0 485 0



26/03/2024 16:15

Хабарландыру!
0 772 0








ТЕКСТ

Яндекс.Метрика