КІРУ



Аккаунтыңыз жоқ па? Тіркелу

Құпия сөзді ұмытып калдыңыз ба?

THE STATE LANGUAGE DEVELOPMENT INSTITUTE

МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛДІ ДАМЫТУ ИНСТИТУТЫ

  ИНСТИТУТ РАЗВИТИЯ ГОСУДАРСТВЕННОГО ЯЗЫКА



БАТЫРЛАР ЖЫРЫ КЕЙІПКЕРЛЕРІН БІРІЗДЕНДІРУ

ТОЛЫҒЫРАҚ

Қазақ халқы – бала тәрбиесіне бесікте жатқаннан-ақ үлкен мән беріп, аяқтарын нық басқанша бойларына ұлттық құндылығымызды сіңіре тәрбиелеген рухы биік халық. Ал, бүгінде жаһандану ғасырының көшінен қалмаймыз, техникамен бірге дамып, Еуропа елдерімен тереземізді тең қоямыз деп қазақы құндылықтан аттап, рухымызды ұмыт қалдырып жатқан жайымыз бар. Бұл сөздерді намыстана шымшып айтуыма мектептегі білім беру жүйесіне енгізіліп жатқан бүгінгі таңдағы өзгертулер түрткі болды… Биылғы оқу жылына енгізілген жаңалық мұғалімдер қауымына артылған үлкен жүк болса, ата-аналар үшін шошынарлықтай жағдай болды. Ол не сұмдық деп отырған шығарсыз? Ол – ағылшын тілінің қазақ тілімен қатар қойылуы. Түсінбесеңіз толығырақ айта кетейін. Биылдан бастап ағылшын тілі пәні шағын орталықтан бастап оқытылуы керек деген талап енгізіліп, өз күшіне еніп те алды. Бұның несі жаман, керісінше пайдалы деп ойлайтындар да бар болар. Ол жағында қарастырдым. Иә, пайдалысы сол қазақша «апа» мен «атаны» енді үйреніп, оқып, жазып жүрген бүлдіршін, енді, ағылшынша «grandmоther», «grandfather-ні» де еркін айтып, ағылшын тілінде сайрап тұратын болады. Ал енді сөз басында айтқандай ұлттық құндылығымызға тигізіп жатқан кері әсерлеріне тоқтала кетейін.
Көрші күншығыс елі баласын 13, яғни қазақтың мүшел жасына келмейінше өзге тілді үйретпейді және өзге халықтардың тәрбиесінен аулақ ұстап, тек қана ұлттық құндылықтарымен ғана сусындатады екен. Оның себебі ұлтының нағыз елім деп тұратын патриотын тәрбиелеу. Бізде керісінше, қолдарына енді ғана қазақ тіліндегі әліппені ұстап, ішіндегі әріптерінен бұрын суреттеріне қызығып жүрген алты жасар балаға ағылшын тілін үйретеміз дегенді қалай түсінерсіз. Қазақша 42 әріпті екі тоқсан бойы мектепте ұстаздардың, үйде ата-ананың нұсқауымен әрез үйренетін ойын баласына осы екі тоқсан бойы ағылшын әліпбиін үйренуді талап қып қойғанымызды құп көретіндер қатары сирек.
Ағылшын тілін үйрететін 1 сынып оқушыларына арналған оқу кітабын да қолыма алып көрдім. «Алматы кітап баспасынан» 110000 таралыммен шыққан оқу әліппесі, жұмыс және жазу дәптері бала назарын аударардай көркем безендірілген, іші де қалыс қалмапты, бұған қоса «Listerning» есту арқылы оқуды үйретуге арналған дискісі де бар. Барлығы да ағылшын тілін үйретуге бағытталған, біз үшін оқсыз қару деуге де болады. Үш-бес жасар шағын орталық балаларын айтпай-ақ қояйын, алты жасар, 1-сыныпта оқитын баланы көз алдымызға елестетіп көрелік. Үйдегі анасының қадағалауымен қазақ әліпбиін енді жаттап, онға дейінгі санды орындарын шатастырып жүрген бала ағылшынша әліппені еріксізден қолға алып «ей, би, си..» мен «уан, туу, срии, фо-ны» айтуға ғана шамасы келер. Ал осы бүгінгі бірінші сынып оқушысы еліміздің келешек бір тұлғасын, келер ұрпақ тәрбиешісін қалай тәрбиелеп жатырмыз. Көзін ашқанда ана тілі мен қоса шет тілін де қосақтап қойып қалайша патриот ұрпақ тәрбиелеп жатырмыз деп айтпақпыз? Кемел болашақ қаласақ, қамын бүгіннен бастамаймыз ба?
Ағылшын тілін енгізуді құп көріп, педагог қауым жоғары жақтың нұсқауымен өз қызметтеріне кірісіп те кеткен. Кейбір ағылшын мұғалімдері сағат қосылып ақша болатынына қуанып та жатыр. Бірақ, үлкен сыныпқа сабақ беріп үйреніп қалған мұғалім шағын орталық пен мектепалды даярлық топтарының оқушыларына сабақ бергеннен бұрын 45 минут бойы бүлдіршіндер назарын өзіне аудара алмай әлек… Бұдан шығатын қорытынды, тек жоғары сынып оқушыларына ағылшын пәнінен сабақ беретін мұғалімдер төрт пен алты жас аралығындағы балалар психологиясы мен оларға сабақ беру әдістерін меңгермеген. Сондықтан, мұғалімдер қауымы арнайы курстардан өтуі тиіс. Мектепалды даярлық топ ұстаздары да ағылшын пәнінің қосылғанына қарсы, себебі ертегі айтып, бүлдіршіндердің ұлттық тілін дамытатын «тіл ұстарту» пәнін қысқартып орнына ағылшын тілін енгізген. Қазақтың ертегісін жаттатқаннан гөрі ағылшын тілін үйретуді жөн көрдік.
Ағылшын пәнінің тигізіп жатқан залалы әлі де таусылмай, отбасы экономикасына ауыз салды. Жоғарыда айтып өткен кітап, дәптерлерді әр оқушы 2000 тенгеге өзі сатып алуы қажет. Бір отбасында екі-үш бала болса олардың барлығына кітапты сатып алып беруге отбасы қалтасы көтере алмасы анық. Білім беру министрлігіне ата-аналардың айтар шағымы: бағдарламаға ағылшын тілін енгізген екен, енді оқулықтарды қол жетімді қылуын талап етеді.
Үш тұғырлы мемлекет боламыз деп қазақ тілімізді орыс және ағылшын тілдерімен қатар қойып жатқан жоқпыз ба? Жоқ, қазақ тілінің шоқтығы өзге тілдерден әрдайым биік тұруы тиіс. Өйткені, осы тілмен ата-бабам сөйлеген, осы тілмен тарихымыз жазылған, осы тілді анамыздың ақ сүтімен қанымызға сіңіргенбіз. Ендеше бүгінгі қазақ балаларының бүгіні мен болашағы үлкен қауіптің үстінде тұр. 

Намыс.kz

ПІКІР АЛМАСУ

Пікір қалдырыңыз


26/03/2024 16:15

Хабарландыру!
0 347 0








27/02/2024 11:57

ХАБАРЛАНДЫРУ
0 604 0









ТЕКСТ

Яндекс.Метрика