КІРУ



Аккаунтыңыз жоқ па? Тіркелу

Құпия сөзді ұмытып калдыңыз ба?

THE STATE LANGUAGE DEVELOPMENT INSTITUTE

МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛДІ ДАМЫТУ ИНСТИТУТЫ

  ИНСТИТУТ РАЗВИТИЯ ГОСУДАРСТВЕННОГО ЯЗЫКА



БАТЫРЛАР ЖЫРЫ КЕЙІПКЕРЛЕРІН БІРІЗДЕНДІРУ

ТОЛЫҒЫРАҚ

    Ақырын ғана жалғыз аяқ жолмен жүріп келемін. Күн салқындау. Күз мезгілінің сұрғылт тартқан бір кезі еді. Жапырақтар әрбір басқан қадамыңа ілесіп, сықырлап айналаның керемет тыныштығын сол ғана бұзып келе жатқандай. Осы қарқынмен аялдамадаға да жетіп қалдым. Өзімнің мінетін автобусымды күтіп тұрған сәтім еді. Кенеттен қасыма менімен шамалас немесе кіші болу керек бір бойжеткен қыз келіп тұрды. Қолында қымбат ұялы телефон, сәнді киінген... Ол да кезекті автобусты күтіп тұр. Ұзақ күткен автобус та келіп жетті, екеуміз де кірдік. Ішіне кірсек адам көп екен. Бірақ кезекті аялдамалардан бірі түсіп, енді бірі кіріп жатты. Сол кезде дәл есіктің жанындағы орындық босады, сол орындықты көздеп тұрған адамдар аз емес еді. Қайткенмен, сол орындыққа жақын тұрған бағанағы менімен шамалас қыз барып, отыра кетті. Оған ешкім қарсылық білдірмеді. Содан келесі бір аялдамадан жас жігіт кіріп, ол да дер кезінде босай қалған орындыққа жайғасты. Мен жай ғана ойға шомып келемін. Тағы бір кезекті аялдамадан жасы 50-шамасындағы әжей мінді. Қарт кісіге қарасаңыз бір шаршаңқылық байқалады. Әжей жаңағы қыз отырған орындықтың жанына барып, жерге қолындағы ауыр сөмкесін қойып, үнсіз тұр. Отырған қыз әжейді мүлде елемегендей, тіпті көрмеген адамдай көзін терезе жақтан алмайды. Ал бағана отырған жас жігіт өтірік пе әлде шын ба қалғып ұйықтап келеді. Екеуінің бірі осы қарт кісіге орын берер деп үміт күткенмен, екеуі де міз бақпады. Оларға қарасаң өзегіңді өкініш кернеп, қатты ұялып кетесің. Қарт кісі оларды сынағысы келді ме, әйтеуір жалтақ-жалтақ қарап шыдап келе жатыр. Отырған қыз сылтауратып ұялы телефонын шұқылап, біресе сөмкесінен өтірік бір нәрсе іздегенсіп, жасандылық жасап отыр. Егер ол қыз орыс болса мүмкін, көзді жұма қарар ма едік, әттең, ол қыз қара домалақ қазақтың қасы-көзі қиылған қызы болғаны бәрінен де қатты жанға батты. Ұйықтағансып келе жатқан жігіттен қайыр болмайтынын түсінген әжей оған қарай беруді де тоқтатты. Осының бәрін байқап келе жатқан орта жастағы орыс әйел, ана бір қыздың қылығына ұялса керек, орнынан тұрып, өз орнын нұсқап: «Садитесь сюда, пожалуйста» деген сөзін естіген де әжей де қыз үшін ұялған кейпін жасыра алмады...
    Міне тәрбие де тәлімде бәрі-бәрі отбасына байланысты екені осы бір көрініске негіз болғандай. Сонда менің таңғалғаным осы бір қызға ата-анасы үлкенді сыйлау керек деген қарапайым ғана әдепті үйретпегені қалай деп ойландым... Қыздың сол қылығы дұрыс болмады-ау деп іштей күрсіндім. Орыстың сол әйелі қазақ қыздарын тәрбиеге шақырғандай болды. Қазақты қазақ емес орыс тәрбиелегенге ішім у-дай ашыды. Бірақ сол қалпы ол қыздың жүзінен ұялған кейіп байқалмады. Осындай жағдайлар қоғамдық көлікте жиі орын алатыны сөзсіз. Тәрбие мен тәрбиесіздіктің, дәл осындай келеңсіздіктердің куәгері болып жататынымызды тілге тиек етіп, оқыған әрбір оқырманға ой салармын деген ойдамын...

                                                                                                                                                                                                           massaget.kz

ПІКІР АЛМАСУ

Пікір қалдырыңыз







08/04/2024 11:55

Хабарландыру!
0 426 0



26/03/2024 16:15

Хабарландыру!
0 760 0








ТЕКСТ

Яндекс.Метрика