КІРУ



Аккаунтыңыз жоқ па? Тіркелу

Құпия сөзді ұмытып калдыңыз ба?

THE STATE LANGUAGE DEVELOPMENT INSTITUTE

МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛДІ ДАМЫТУ ИНСТИТУТЫ

  ИНСТИТУТ РАЗВИТИЯ ГОСУДАРСТВЕННОГО ЯЗЫКА



БАТЫРЛАР ЖЫРЫ КЕЙІПКЕРЛЕРІН БІРІЗДЕНДІРУ

ТОЛЫҒЫРАҚ

ҚАЗАҚСТАН РЕСЕЙДІҢ АВТОНОМИЯСЫ МА?

 

Орыс ұлтшылдарының қазақты қаралайтын «Орыстар Қазақстанда» («Русские в Казахстане») атты «боғауызы» сайтына кіріп, керіауыздардың біз туралы не оттап жатқанын бақылап жүруші едім. Бірде осы сайттың атауын теремін деп, аңдаусызда АҚШ-тың Қазақстандағы елшілігінің интернет адресіне еніп кетіппін. Сөйтсем, нағыз масқара осында екен. Сайттың атауы - «Орыс Қазақстаны» (http//russian.kazakhstan ).

Бұл - білдей бір Құрама штаттарының Қазақстандағы дипломатиялық миссиясының ресми электрондық мекен-жайы. Ешқандайда «Қазақстан Республикасы» емес - орыс Қазақстаны! Бұл Қазақстанның Тәуелсіздігін тәрк еткендік емей немене?! Сонда Америка қазақ мемлекетін Ресейдің бір автономиялық аймағы деп түсіне ме екен? Осы олқылықты 20 жыл бойы көрмей ҰҚК, Сыртқы істер министрлігі қой бағып отыр ма? Мұнан асқан қандай қорлық керек?

Елшілік - дербес мемлекеттердің бір-бірімен жоғарғы деңгейде ресми қарым-қатынас жүргізетін дипломатиялық өкілдігі. Бұқара халық кез-келген мемлекеттің Қазақстанмен арадағы дипломатиялық қарым-қатынастарын осы елшіліктердің ресми сайтынан оқып біле алады. Ендеше, шетел елшіліктерінің интернет парақшасындағы ақпарат, қазақ еліне арналғандықтан, олардың өз тілінде, сосын қазақтың мемлекеттік тілінде жазылуы тиіс еді ғой. Ал, біз АҚШ сайтынан ағылшын-орыс тілдеріндегі ғана ақпараттарды көреміз, қазақшасы жоқ. Құдды бір, «орыс Қазақстаны» деген атауды айқындап тұрғандай.

Осыдан кейін, басқа шетелдік елшіліктер Қазақстанмен қай тілде сөйлеседі, қазақ қауымы шетел елшіліктерінен мемлекеттік тілде ақпарат ала алама екен деп ғаламторды кезіп кеттік. Еуропадағы алдыңғы қатарлы өркениет әлемі дейтін Германия, Франция, Англия... бәрінің елшілік сайттартарындағы ресми ақпар сәйкесінше неміс-орыс, француз-орыс, ағылшын-орыс... тілдерінде. Тіпті Кеңестің шекпенінен кеше ғана бізбен бірге шыққан, мемлекеттік тәуелсіздіктерін бізбен бірге тойлап жатқан ТМД елдері де Қазақстанды «орыстық» көреді. Гүржіше-орысша, белорусьша-орысша, украинша-орысша... (кейбір «бауырлас» республикалардың елшіліктерінде қазақ тіліндегі жылдап жаңартылмайтын там-тұм ақпаратты айтпағанда). Ал, алыс шетелдіктердің ТМД-ның басқа елдеріндегі ақпараттары өз және ұлттық мемлекеттердің тілдерінде.

Асханада отырып күңкілдегенше, әрекет қылайын деп, әлгі өкілдіктердің біріне «қазақшаң қайда?» деп хат жазып жібердік. Кәрімізге іліккені Жапония болды. Жапон елшілігінен: «Біріншіден, бізде қазақ тілінің аудармашысы жоқ. Екіншіден, ҚР Конституциясында «орыс тіл ресми түрде мемлекеттік тілмен тең дәрежеде қолданылады деп» жазылған ғой, сондықтан біз орыс тілін пайдаланамыз» деген сарында жауап алдым. (Орыс тілін мемлекеттік тілмен қосамжарландырып қойған өзімізге де обал жоқ.- авт).

Мұны көріп отырып, қараптан-қарап қаның қайнайды екен. Сонда алыс шетелдіктер (қайсы болсын) мемлекетінің аумағы атшаптырымдай, халқының саны бір ғана Қарағанды облысының тұрғындарынан да аспайтын Балтық бойы елдерімен өз ұлттық тілінде сөйлескенде, жер көлемі әлемде 9-шы орынды алатын, халық саны 17 млн-ға жетеқабыл қазақтың тілін мансұқтағаны қалай? Шетел өкілдіктерінің өзге елдермен дипломатиялық қарым-қатынаста демократиялық қағиданы ұстанып, қазаққа келгенде не қара басыпты?

Бұған себеп - біреу-ақ. Қазақстанды өзгелердің бәріне «орыстық» мемлекет қылып үйретіп жүрген өзіміз. Ең алдымен, шетелдік елшілік өкілдіктермен келіссөз жүргізгенде мемлекеттік тілді ысырып тастап, орысша сайрай жөнелетініміз өтірік пе? Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында шетелдіктермен қандайда бір халықаралық шарт бекітіскенде, олар «сендердің мемлекеттік тілдерің қазақ тілі, сондықтан келісімшарт мемлекеттік тілде жасалуы керек, әйтпесе, ол заңсыз болады» деп, табандап тұрып алатынын талай естігенбіз. Шетелдіктер кейін мұндай талапты қоймайтын болды-ау деймін. Қазақтың өзіне керек емес тілін, біз қайтеміз дегендері шығар.

Бұрындары қазақ тілінің өрісіне кеңестік саясат қысым жасады деп келдік. Ал егемендік заманындағы қазіргімізге не жорық? Нән көкелеріміздің биік мінберлерден Тәуелсіздігіміздің 20 жылдығында Қазақстанды бүкіл шартарап таныды, мемлекеттігімізді мойындады деп көпіріп жүргені осы ма? Неге біз айналаға орыстың көзімен қарауымыз керек? Қазақ қауымының өз ана тілінде ақпарат алуға қақысы неге жоқ? Толеранттық дейміз, қазақ тіліне келгенде қайда сол толеранттық? Сөз бостандығы дейміз, қазақ тіліне неге бостандық берілмейді? Қазақ тілі бай тіл дейміз, сол бай тілге құлдық қамыт кигізіп отырған өзіміз емес пе? Мемлекеттік тіл - мемлекеттіліктің басты символы болса, ХХ ғасырда қазақ тіліне, қазақ ұлтына жасалған геноцид, дәл қазіргі күні де, тура кеңес заманындағыдай әлі жалғасып жатыр.

Халықаралық қатынастардан бастап жергілікті жерлердегі мемлекеттік маңызы бар барша жиналыс-жиындардан қазақ тілінің шетқақпай болып келе жатқанын күнделікті көріп жүрміз. Мұндай жағдайда ана тілімен бірге мемлекет құрушы қазақ ұлтының да, қазақ тілді мамандардың да шетқақпай қалатыны түсінікті. Серік Ахметов мырзаны ұлтшыл азамат деп естуші едік, мүмкін бұл мәселеге жаңа үкімет назар аударатын шығар.

Abai.kz


ПІКІР АЛМАСУ

Пікір қалдырыңыз


ТЕКСТ

Яндекс.Метрика