THE STATE LANGUAGE DEVELOPMENT INSTITUTE
МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛДІ ДАМЫТУ ИНСТИТУТЫ
ИНСТИТУТ РАЗВИТИЯ ГОСУДАРСТВЕННОГО ЯЗЫКА
Соңғы мақалалар:


Бірде Астанадағы «Әлем» сауда орталығынан салат сатып алуға бардым. Бір сатушыға жақындап келдім де:
– Апай, мына салатыңыз қандай балықпен? – деп сұрадым.
Соның арасында қасымда тұрған бір әйел миығынан мырс етіп:
– Ол корей әйел ғой. Сенің қазақшаңды қайдан түсінсін, демесі бар ма! Алайда әлгі сатушы да іліп алғандай:
– Неге түсінбеймін?! Өте жақсы түсінемін. Бұл майда шабақтар қосылған салат, –деді. Абдырап қалған әлгі әйел:
– Сен неге онда менімен қазақша сөйлеспейсің? – деп дүрсе қоя берді.
– Сіз менен қазақша сұрасаңыз, мен де сізге қазақша жауап берер едім, – деді корей сатушы.
Осы сауда үйінде болған тағы бір жағдай мынадай: Жасы елуден асқан әйел сатушыға:
– Мынау қаймағыңыз қанша тұрады? – деп сұрадым. Ол кісі орысша жауап беріп жатыр. Мен намысқа тырысып:
– Оу, апай, мен сізден қазақша сұрап жатырмын ғой! – деп қабағымды шыттым.
– Ой, балам-ай! «Ауру қалса да, әдет қалмайды» деген ғой, үйреніп кеткен ауыз… Оның үстіне аларманның көбі орысша сұрайды. Кешір, құлыным! – деп әлгі апамыз имандай шынын айтып, ағынан жарылып жатыр… Кәдімгі ауылдағы апаларымыздай жүзіне мейірім ұялай қалды. Бұдан шығатын қорытынды, айналаңды жақсылыққа шақырудан бұрын, әуелі өзіңді түзе.
namys.kz