КІРУ



Аккаунтыңыз жоқ па? Тіркелу

Құпия сөзді ұмытып калдыңыз ба?

THE STATE LANGUAGE DEVELOPMENT INSTITUTE

МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛДІ ДАМЫТУ ИНСТИТУТЫ

  ИНСТИТУТ РАЗВИТИЯ ГОСУДАРСТВЕННОГО ЯЗЫКА



БАТЫРЛАР ЖЫРЫ КЕЙІПКЕРЛЕРІН БІРІЗДЕНДІРУ

ТОЛЫҒЫРАҚ

Тілдің табиғатын зерттейтін көпқырлы ғылым саласы ретінде лингвистиканың дидактикамен тоғысатын жерлері көп. Осы екі ғылым саласының ара-жігінде пайда болып жатқан ғылыми пәндер де жеткілікті. Солардың бірі – лексикографиядағы жаңа салалардың бірінен саналатын оқу лексикографиясы. Сөздік түзу ісінен хабары аз адамдар оны жасауды оңай шаруа деп ойлайды. Олардың ойынша, барлық зат, құбылыс, ұғым атауларының жалпыға ортақ, түсінікті анықтамалары бар болғандықтан, мәселе соларды түрлі дереккөздерден теріп алып, сөздікте тізіп беруде ғана болмақшы. Ғылыми зерттемелерге назар аударар болсақ, бір-біріне баламалы қатынастағы, бірін бірі толықтыратын, кей жерде бір-біріне қайшы келетін көзқарастардан туындайтын ғылыми тұжырымдардың куәсі боламыз. Бір қарағанда қарапайым көрінетін «сөз» ұғымына берілетін анықтамадан бастап, сөздердің лексика-грамматикалық таптарына берілетін түсініктемелерге дейін әрқилы болуы мүмкін. Бұлар – әр ғалымның, әрбір ғылыми ортаның, әр ғылыми мектептің көзқарастарындағы өзгешеліктерден туындайтын ерекшеліктер.

Аталмыш монографияда «біртілді сөздік жасаудың» ғылыми - теориялық негіздері мен тәжірибелері сөз етіледі және олардың қалыптасу тарихына ғылыми тұрғыдан талдау жасалынған. Еңбекте, негізінен сөз, сөз тіркестері, сөз мағыналары, оларға анықтама беру мәселелері мен стильдік салалары жайында жан-жақты айтылған. Еңбекті біртілді сөздік жасаудың нұсқаулығы ретінде пайдалануға болады. Біртілді сөздік жасау ұғымы-лексикография теориясындағы маңызды аспектілердің бірі. Ғылыми зерттеулерге назар аударар болсақ, бір-біріне баламалы қатынастағы, бірін бірі толықтыратын, қай жерде бір-біріне қайшы келетін көзқарастардан туындайтын ғылыми тұжырымдамалардың куәсі болып отырмыз деуге болады. Бір қарағанда өте қарапайым көрінетін сөз ұғымына берілетін анықтамадан бастап, сөздердің лексика грамматикалық таптарына берілетін түсініктемелерге дейін әрқилы болуы мүмкін екеніне ғылыми жұмысты оқып көз жеткізіп отырмыз. Ғылыми еңбекте негізінен оқырмандардың жас ерекшеліктеріне, білім дәрежесі, тілді білу деңгейі ескерілді деп есептейміз. Сөз мағынасы соған байланысты ашылады.

Ғылыми еңбек төмендегідей бөлімдерден тұрады: Монография Алғысөз бен Кіріспеден және екі тараудан тұрады. I тарау Біртілді сөздіктің нысаны – сөз бен мағына, - деп, ал II тарау Біртілді сөздік жасаудың қыры мен сыры – деп аталынады. Соңында қорытындылар мен ұсыныстар және пайдаланған әдебиеттердің тізімі берілген.

Бұл жаңа еңбекте «біртілді сөздік жасаудың» ғылыми - теориялық  негіздері мен тәжірибелері сөз етіледі және олардың қалыптасу мен шығу тарихына ғылыми тұрғыдан толықтай аналитикалық талдау жасалынған. Аталмыш ғылыми еңбекте, сөз, сөз тіркестері, сөз мағыналары, оларға анықтама беру мәселелері мен стильдік тармақтары жайында жан-жақты қарастырылған. Бұл ғылыми жұмысты біртілді сөздік жасаудың басты нұсқаулығы ретінде практикалық маңызы зор еңбек ретінде қарастыруға болады.

Сөздік жасаушылардың алдында тұратын бірінші мәселе – дереккөз мәселесі. Жалпы лексикографиялық тұрғыдан ол бұрыннан қарастырылып келеді. Ал жазушы сөздігіне келгенде, оның өзіндік ерекшелігі бар. Өйткені ол белгілі бір жазушы шығармашылығын қамту деңгейімен тікелей байланысты Ұлт тілінің түсіндірме сөздігі – тіл байлығымыздың айнасы. Тіл арқылы біз кез келген ұлттың тарихы мен мәдениетінен бастап, керек десеңіз өмір сүру деңгейі мен әлеуметтік статусына дейін анықтай аламыз. Түсіндірме сөздік атаулының міндеті – қолданыста бар тілдік бірліктердің (сөздер мен тұрақты сөз тіркестерінің) барлығын түгел жиып, оларды реттеп, жүйелеп, сөздікке ендіру; әрқайсысын саралап, анықтама беру; атау сөздердің қайсысы әдеби, қайсысы әдеби емес, қайсысы ескі, қайсысы жаңа екендіктерін көрсету.

Ғылыми еңбек екі тараудан тұрады. Әр тарау шамамен он-оннан 20 шақты уақ тақырыптарға бөлінген.

Тіл атаулының негізгі нысаны – сөз екендігі белгілі. Сөздің сыртқы формасы болады, ішкі мағынасы болады.

Осылардың әрқайсысын жеке дара анықтап, саралау үшін бірінші тарау:

Сөз – лексикалық бірлік

 2. Сөз бен дыбыс

Сөз бен мағына

Сөздің лексикалық мағыналары

Сөздің грамматикалық мағыналары

Сөз мағыналарының дамуы

Сөздің көп мағыналылығы

Сөз мағыналарын анықтау және оларды түрлері

Сөз мағыналарына анықтама беру

 Анықтама типтері, - деген сияқты уақ тақырыптарға бөлініп, талданған. Бұл тақырыптар белгілі болмайынша, ашылмайынша, айқындалмайынша біртілдік сөздіктің жасалуы екі талай.

Екінші тарауда: 1. Атау сөздердің сөздіктерде берілуі, 1.1. Жалпыхалықтық атау сөздер, 1.2. Жергілікті сөздер мен дүбәра сөздер, 1.3. Ғылыми терминдер, 1.4. Жат-жұрттық сөздер, 2. Сөз варианттары, 2.1. Сөздердің фонетикалық варианттары, 3. Омоним сөздер, 4. Тұрақты тіркестер мен күрделі сөздер, 5. Атау сөздер мен олардың мағыналарына қойылатын шартты белгілер, 6. Атау сөздердің жазылуы, 7. Біртілді сөздіктердегі анықтама беру мәселесі, 8. Біртілді сөздіктерге берілетін мысалдар, 9. Кейіннен жасалған «Он бес томдықта жоқ сөздер мен тұрақты тіркестердің 2 томдық сөздігі» жайында, 10. Он бес томдық сөздікте кездестін кемшіліктер мен қайшылықтар, - дегендер сияқты ірілі-уақытылы оншақты тақырыптар сараланады. «...қарапайым халыққа керегі – 20 томдық ТС емес, оларға керегі тіліміздегі барлық сөздер мен сөз тіркестері түгел қамтылған, одан іздеген кез келген сөзіңді тауып алуға болатын, мағыналары дұрыс сараланған және үйде, жұмыста сақтауға, пайдалануға қолайлы, сатып алуға мүмкін болатын біртомдық ТС. Ол үшін, бірінші кезекте, қазақ тілінің орфографиялық сөздігін дұрыстап қайта жасауымыз керек, екінші кезекте, ТС-терімізде сапасын жақсарта түскеннің үстіне жақсарта беруіміз, ықшамдағанның үстіне ықшамдай беруіміз қажет» - деп нақты пікір білдіреді аталмыш ғылыми еңбектің авторлары. Мәдениет – мазмұн, тіл – сол мазмұнның өмір сүру формасы. Бұл орайда ғылыми еңбектің авторларды оқырмандарға жеткізгісі келген негізгі идея ол қалың кітап емес, халыққа қарапайым тілде түсінікті әрі тіл орамына жеңіл келетін сөздер реттілігі. Сол себепті де біртілді сөздіктердің мәні мен қазіргі билингизм өршіп тұрған қоғамдағы маңыздылығы орасан зор деп есептейміз.

 


ПІКІР АЛМАСУ

Пікір қалдырыңыз



ТЕКСТ

Яндекс.Метрика