THE STATE LANGUAGE DEVELOPMENT INSTITUTE
МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛДІ ДАМЫТУ ИНСТИТУТЫ
ИНСТИТУТ РАЗВИТИЯ ГОСУДАРСТВЕННОГО ЯЗЫКА
Соңғы мақалалар:
|
|
Физиологиялық
(артикуляциялық) |
Акустикалық |
Лингвистикалық |
Жасалым белгілері |
|
[А] |
Жақ кең ашылып, тілдің төмен түсуі арқылы жасалады.
Тілдің көлденең қалпына қарай тіл арты дыбыс, тік қалпына қарай ашық дауысты.
Ерін қатысына қарай езу. |
Төмен жиілікті негізгі тон, ұзақ толқын, қарқынды
дыбыс. Дауыс желбезегі толық тербеледі, тербелу амплитудасы жоғары.
|
Жуан үндесімге тән. Түбір мен қосымша жуан үндеседі: балалар. |
ашық, езу, тіл арты дауысты дыбыс |
|
[Ә] |
Жақ кең ашылып, тілдің төмен түсуі арқылы жасалады.
Тілдің көлденең қалпына қарай тіл ортасы дыбыс, тік қалпына қарай ашық, ерін
қатысына қарай езу. |
Орташа жиілікті негізгі тон, қарқынды дыбыс. Дауыс желбезегі
толық тербеледі, тербелу амплитудасы орташа.
|
Жіңішке үндесімге тән. Түбір мен қосымша жіңішке
үндеседі: кәрілер. |
ашық, езу, тіл ортасы дауысты дыбыс |
|
[Ы] |
Жақ қысаң ашылып, тілдің артқы бөлігі жоғары көтерілуі
арқылы жасалады.Тілдің көлденең қалпына қарай тіл арты, тік қалпына қарай қысаң, дыбыс. Ерін
қатысына қарай езу, жасалу орнына қарай тіл арты |
Төмен жиілікті негізгі тон, әлсіз қарқын. Дауыс желбезегі
толық тербеледі, тербелу амплитудасы төмен. |
Жуан сөздерде кездеседі. Грамматикалық функция атқара
алады: қызы. |
қысаң,езу, тіл арты дауысты дыбыс |
|
[І] |
Жақ қысаң ашылып, тілдің артқы бөлігі жоғары
көтерілуі арқылы жасалады. Тілдің
көлденең қалпына қарай тіл ортасы дыбыс, тік қалпына қарай қысаң, ерін
қатысына қарай езу, жасалу орнына қарай тіл ортасы.
|
Жоғары жиілікті негізгі тон, әлсіз қарқын. Дауыс желбезегі
толық тербеледі, тербелу амплитудасы жоғары. |
Жіңішке сөздерде кездеседі. Грамматикалық функция
атқарады: тізімі |
қысаң,езу, тіл ортасы дауысты дыбыс |
|
[Ұ] |
Жақ қысаң ашылып, тілдің артқы бөлігі жоғары көтерілуі
арқылы жасалады. Тілдің көлденең қалпына қарай тіл арты, тік қалпына қарай
қысаң, ерін қатысында қарай ерін дауысты.
|
Төмен жиілікті негізгі тон, әлсіз қарқын. Дауыс желбезегі
толық тербеледі, тербелу амплитудасы төмен.
|
Жуан сөздерде кездеседі. Үндестік заңы бойынша жуан
қосымша қабылдайды: жұмыртқалары. |
қысаң,ерін, тіл арты дауысты дыбыс |
|
[Ү] |
Жақ қысаң ашылып, тілдің жоғары көтерілуі арқылы
жасалады. Тілдің көлденең қалпына қарай тіл ортасы, тік қалпына қарай қысаң, ерін қатысында
қарай ерін дауысты.
|
Жоғары жиілікті негізгі тон, әлсіз қарқын. Дауыс желбезегі
толық тербеледі, тербелу амплитудасы жоғары.
|
Жіңішке сөздерде кездеседі. Үндестік заңы бойынша
жіңішке қосымша қабылдайды: гүлдері
|
қысаң, ерін, тіл ортасы дауысты дыбыс |
|
[Ө] |
Жақ қысаң ашылып, тілдің жоғары көтерілуі арқылы
жасалады. Тілдің көлденең қалпына қарай тіл ортасы, тілдің тік қалпына қарай
қысаң, еріннің қатысына қарай ерін дауысты.
|
Тоналды дыбыс, дауыс желбезегінің тербелісі нәтижесінде
пайда болады, негізгі тоны айқын және
таза, тербелу амплитудасы жоғары.
|
Жіңішке сөздерде кездеседі. Үндестік заңы бойынша
жіңішке қосымша қабылдайды: өрістері. |
қысаң, ерін, тіл ортасы дауысты дыбыс |
|
[О] |
Жақ қысаң ашылып, тілдің жоғары көтерілуі арқылы
жасалады. Тілдің көлденең қалпына қарай тіл арты, тілдің тік қалпына қарай
қысаң, еріннің қатысына қарай ерін дауысты.
|
Төмен жиілікті негізгі тон, орташа қарқын. Дауыс желбезегі
толық тербеледі, тербелу амплитудасы төмен.
|
Жуан сөздерде кездеседі. Үндестік заңы бойынша жуан
қосымша қабылдайды: орындықтары |
қысаң,ерін, тіл арты |
|
[Б] |
Қос еріннің тоғысуы арқылы жасалады, шұғыл Еріндер бірігіп, ауа қысымымен ажыратылады |
Ұяң, дауыс желбезегі жартылай тербеледі. Төмен
жиілікті, қарқынды, қысқа. |
Сөз басында, ортасында кездеседі: бал, қабат. Сөз соғында кірме сөздерде ғана кездеседі: ромб |
ұяң, қос ерін, тоғысыңқы |
|
[Ғ] |
Тіл түбі мен тілшіктің тоғысуы арқылы жасалады. Тілдің
артқы бөлігі жұмсақ таңдайға жақындайды, ауа тарылу арқылы өтеді. |
Ұяң, дауыс желбезегі жартылай тербеледі Төмен жиілікті,
қарқынды, ұзақ. |
Жуан сөздерде жиі кездеседі: тағдыр, сағда. |
тілшік, тоғысыңқы, ұяң дауыссыз дыбыс |
|
[Г] |
Тіл ортасы мен таңдай арқылы жасалады. Тілдің артқы
бөлігі жұмсақ таңдайға жақындайды, ауа тарылудан өтеді. |
Ұяң, дауыс желбезегі жартылай тербеледі. Орташа
жиілікті, қарқынды. |
жіңішке сөздерде
кездеседі: гүл, егіз |
тоғысыңқы, тіл ортасы, ұяң дауыссыз дыбыс |
|
[Д] |
Тіл ұшының күрек тіс-қызыл иек
шекарасымен тоғысуы арқылы жасалады. Жасалу орнына қарай тіл ұшы
дауыссыз |
Ұяң, дауыс желбезегі жартылай тербеледі.Қысқа, шұғыл
дыбыс. |
Сөздің басында, ортасында, соңында келеді: дала, адам,
жад |
Тіл ұшы, тоғысыңқы, ұяң дауыссыз дыбыс |
|
[Ж] |
Тіл ұшының күрек тіс-қызыл иек
шекарасымен жайылыңқы жуысуы арқылы жасалады. Жасалу орнына қарай жайылыңқы
жуысыңқы дауыссыз дыбыс. |
Ұяң, дауыс желбезегі жартылай тербеледі. Ызың дауыссыз. |
Сөз басында, ортасында, аяғында келе береді: жол, ажар,
тәж |
Тіл ұшы, жайылыңқы, ұяң дауыссыз дыбыс. |
|
[З] |
Тіл ұшының күрек тіс-қызыл иек шекарасымен жинақы жуысуы арқылы жасалады.
Жасалу орнына қарай тіл ұшы дауыссыз дыбыс. |
Ұяң, дауыс желбезегі жартылай тербеледі. Ызың дауыссыз. |
Сөз басында, ортасында, соңында келе береді: заң, таза,
жаз. |
Тіл ұшы, жинақы жуысыңқы, ұяң дауыссыз дыбыс. |
|
[Й] |
Тіл түбі мен тілшіктің жуысуы арқылы жасалады. Жасалу
тәсіліне қарай жуысыңқы дауыссыз дыбыс болып табылады. |
Дауыс желбезегі мол тербеледі. Дауыс қатысына қарай
үнді дауыссыз дыбыс. |
Сөз басында, ортасында, соңында келе береді: үй, қой, жайлау. |
Тілшік, жуысыңқы үнді дауыссыз дыбыс. |
|
[Қ] |
Тілшік пен тілдің түбі
арқылы жасалады. Тілшік дауыссыз дыбыс. Тілдің көлденең қалпына қарай кейінді,
тілдің тік қалпына қарай жоғарылы, еріннің қатысына қарай қысаң еріндік. Сөйлеу мүшелерінің өзара қалпына қарай тоғысыңқы, дауыс
қатысына қарай қатаң. Тіл арты, қатаң, шұғыл. |
Қатаң, дауыс желбезегі тербелмейді. Жоғары жиілікті,
қысқа, әлсіз қарқынды. |
Жуан сөздерде кездеседі: қала, қадам |
тілшік, тоғысыңқы, қатаң |
|
[К] |
Тіл ортасы мен таңдай арқылы жасалады. Тілдің артқы
бөлігі жұмсақ таңдайға тиеді, қысыммен ажыратылады. |
Қатаң, дауыс желбезегінің қатысынсыз жасалады. Жоғары
жиілікті, қысқа, әлсіз қарқынды |
Жіңішке сөздерде кездеседі: күрек, күз |
тіл ортасы, тоғысыңқы, қатаң |
|
[Л] |
Тіл ұшының күрек тіс-қызыл иек шегарасымен тоғысып,
тілдің екі жаны ашық қалады. Жасалу тәсіліне қарай жанама жуысыңқы дауыссыз
дыбыс болып табылады. |
Дауыс желбезегі мол тербеледі. Дауыс қатысына қарай
үнді дауыссыз дыбыс. |
Сөз басында, ортасында, соңында келе береді: лақ, ала, адал |
Тіл ұшы, жанама жуысыңқыүнді дауыссыз дыбыс. |
|
[М] |
Сөйлеу мүшелері өзара бос тоғысады, лепсіз серпінмен
ажырайды, айтылым әсеріне қарай бос тоғысыңқы дауыссыз. Тілдің көлденең қалпына қарай ілгерінді,
тілдің тік қалпына қарай жоғарылы, еріннің қатысына қарай қысаң езу дауыссыз. |
Үнді, дауыс желбезегінің мол тербелісінен жасалады, бос
лепті. |
жуан және жіңішке сөздерде кездеседі: мәрт, мұрт |
ерін-ерінді, тоғысыңқы, үнді дауыссыз дыбыс
|
|
[Н] |
Тіл ұшы мен үстіңгі күрек тіс шегарасының тоғысуы
арқылы жасалады, жасалу тәсіліне қарай тоғысыңқы. Тілдің көлденең қалпына
қарай кейінді, тілдің тік қалпына қарай төмен, еріннің қатысына қарай ашық
езу дауыссыз.
|
Дауыс желбезегі мол тербеледі. Тоғысым бітіміне қарай
бос лепті үнді дауыссыз дыбыс. |
жуан және жіңішке сөздерде кездеседі: нан, нәр |
Тіл ұшы, тоғысыңқы, тербелімді дауыссыз дыбыс. |
|
[Ң] |
Тіл арты мен тілшіктің тоғысуы арқылы жасалады. Жасалу
тәсіліне қарай тоғысыңқы дауыссыз дыбыс болып табылады. Сөйлеу мүшелері өзара бос тоғысып, лепсіз серпінмен
ажырайды. |
Дауыс желбезегі мол тербеледі. Бос лепті үнді дауыссыз
дыбыс. |
жуан және жіңішке сөздерде кездеседі: таң, ең |
Тілші, тоғысыңқы, тербелімді дауыссыз дыбыс. |
|
[П] |
Қос еріннің өзара тоғысуы арқылы жасалады. Еріндер
бірігіп, ауа қысымымен ажыратылады, шұғыл.
|
Қатаң, дауыс желбезегі тербелмейді. Жоғары жиілікті,
қысқа, әлсіз қарқынды. |
Жуан және жіңішке сөздерде кездеседі: патша, пән. |
ерін-ерінді, тоғысыңқы, қатаң дауыссыз дыбыс |
|
[Р] |
Тілдің ұшының
күрек тіс-қызыл иектің
шегарасымен қақтығысуы арқылы
жасалады. Жасалу тәсіліне қарай діріл
дауыссыз болып табылады. |
Дауыс желбезегі мол тербеледі. Дауыс қатысына қарай
үнді (тербелімді) дауыссыз дыбыс болып табылады. |
Сөз басында, ортасында, соңында келе береді: рас, ара, ар |
Тіл ұшы, діріл, үнді дауыссыз дыбыс. |
|
[С] |
Тіл ұшы мен күрек тістің жуысуы арқылы жасалады. Тілдің көлденең қалпына қарай кейінді, тілдің тік қалпына қарай жоғарылы,
еріннің қатысына қарай қысаң еріндік.
|
Қатаң, дауыс желбезегі тербелмейді. |
Сөз басында, ортасында, соңында келе береді: үй, қой, жайлау. |
тіл ұшы, жуысыңқы, қатаң |
|
[Т] |
Тіл ұшы мен күрек тіс-қызыл иектің шекарасы арқылы
жасалады.Сөйлеу мүшелерінің өзара қалпына қарай тоғысыңқы. Тілдің көлденең қалпына қарай ілгерінді, тілдің тік
қалпына қарай жоғарылы, еріннің қатысына қарай емеурін езулік. Тіл-тіс,
қатаң, шұғыл. |
Қатаң, дауыс желбезегі тербелмейді. Жоғары жиілікті,
қысқа, әлсіз қарқынды. |
жуан және жіңішке сөздерде кездеседі: тас, тәтті. |
тіл ұшы, тоғысыңқы, қатаң |
|
[У (w)] |
Қос еріннің дөңгелене жуысуы арқылы жасалады. Жасалу
орнына қарай ерін-ерінді дауыссыз дыбыс. Жасалу тәсіліне қарай жуысыңқы
дауыссыз дыбыс болып табылады. |
Дауыс желбезегі мол тербеледі. Дауыс қатысына қарай
үнді (тербелімді) дауыссыз дыбыс болып табылады. |
Сөз басында, ортасында, соңында келе береді: уақыт, қауын, тау |
Жасалым белгілері: ерін-ерінді, жуысыңқы, үнді дауыссыз
дыбыс. |
|
[Ш] |
Тіл ұшы мен күрек тіс өзара жуысады, сөйлеу мүшелерінің
өзара қалпына қарай жуысыңқы. Тілдің көлденең қалпына қарай кейінді, тілдің
тік қалпына қарай жоғарылы, еріннің қатысына қарай қысаң еріндік. |
Қатаң, дауыс желбезегі тербелмейді. |
Жуан және жіңішке сөздерде кездеседі: шама, шекпен |
тіл ұшы, жуысыңқы, қатаң |
ПІКІР АЛМАСУ
26/11/2025 15:01
Қызылорданың А.Байтұрсынұлы атындағы №211 мектебінде республикалық деңгейде конференция өтті
|
30/10/2025 10:41
«Ақымет Байтұрсынұлы шығармаларын ғылыми айналымға енгізу» атты ғылыми-практикалық конференция өтеді
|
23/10/2025 16:55
«Қазақ топонимикасының өзекті мәселелері» атты ғылыми-практикалық конференция өтті
|
ТЕКСТ

2)
3)
4)



