КІРУ



Аккаунтыңыз жоқ па? Тіркелу

Құпия сөзді ұмытып калдыңыз ба?

THE STATE LANGUAGE DEVELOPMENT INSTITUTE

МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛДІ ДАМЫТУ ИНСТИТУТЫ

  ИНСТИТУТ РАЗВИТИЯ ГОСУДАРСТВЕННОГО ЯЗЫКА



БАТЫРЛАР ЖЫРЫ КЕЙІПКЕРЛЕРІН БІРІЗДЕНДІРУ

ТОЛЫҒЫРАҚ

Осы маған кейінгі кезде "Құлды бәрекелді өлтіреді" деген сөзді ескеру керек пе деген  ой келіп жүр. Өйткені біз өзгелердің есіртпе сөзіне имандай сеніп жүреміз. Сондай сөздерге сеніп жүре берсек, мұнай-газдан да, алтын-күмістен де, жер-судан да, мал-мүлктен де айырылып, тоналып жатқанымызбен қоймай, рухани-мәдени дүниемізден де жұрдай болып қаламыз ба деген ой келеді.

Мәселен, қазақ тілі әліпбиін өзгерту, осы, кімге керек? Шетелдегі, оның өзінде еуропадағы ағылшын, француз, неміс, түрік болып кеткен аздаған, бүкіл қазақтың 1-2 пайыздайын ғана құрайтын қазақтар үшін бе, әлде қазақстандық қазақтілді қазақтар үшін бе? Ғаламторда қазақша жұмыс істеу қазаққа ма, әлде басқаға да керек пе? Ғаламтордың қазақша сайтына кімдер кіреді? Ондағы қандай да болсын бір қаріппен (араб, латын, кирилл, қытай, жапон, үндіс. грузин, армиян, руна т.б.) қазақша жазылған ақпарат-мәліметтер мен әдеби-ғылыми танымдық материалдар кімдерді қызықтырады, оларды оқып, кімдер дүниетанымын кеңейтеді? Кімдер қазақша ақпарат алмасады? Оның қандай таңбада (әріпте, пошымда, формада т.б.) болғандығы кімге қажет? Айналып келгенде, қазақ пен қазақ қана, оның өзінде қазақтілді қазақтар ғана бір-бірімен хат-хабарды қазақша алысып-алмасады емес пе? Біздің ойымызша, бұның жалғыз жауабы – қазақ тілі қазақша сөйлеп-жаза алатындарға ғана керек. Қазақтың төл әліпбиі де тек қазақтар үшін ғана қызмет етеді. Сондықтан алдағы уақытта біз бір шешімге келіп, латыншаға көшетіндей болып жатсақ, өзіміз әбден жетісіп-жетіліп кеткендей болмай, сөйтіп, бүкіл түркі халықтарына ортақ әліпби жасаймыз деп бостан-босқа әуре болмай және де тілді техникаға бағындыруды көздемей, техниканы тілге икемдей отырып, тіліміздің төл дыбыстық жүйесінің негізінде ұлттық әліпби құрастыруымыз керек! Ол үшін қазақ тілінің табиғи бітім-болмысын қатаң елеп-ескере отырып, Ахмет Байтұрсынұлы түзіп беріп кеткен әліпбиді үлгі етіп алуымыз қажет. Және болашақ латынша әліпбиіміздің дыбыс-әріптік құрамы А. Байтұрсынұлы түгендеп беріп кеткен қазақ тілі дыбыстары санынан (28) артық та, кем де болмауы қажет. Әйтпесе, ісіміздің бәрі бекер!


ПІКІР АЛМАСУ

Пікір қалдырыңыз







08/04/2024 11:55

Хабарландыру!
0 422 0



26/03/2024 16:15

Хабарландыру!
0 757 0









ТЕКСТ

Яндекс.Метрика