КІРУ



Аккаунтыңыз жоқ па? Тіркелу

Құпия сөзді ұмытып калдыңыз ба?

THE STATE LANGUAGE DEVELOPMENT INSTITUTE

МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛДІ ДАМЫТУ ИНСТИТУТЫ

  ИНСТИТУТ РАЗВИТИЯ ГОСУДАРСТВЕННОГО ЯЗЫКА



БАТЫРЛАР ЖЫРЫ КЕЙІПКЕРЛЕРІН БІРІЗДЕНДІРУ

ТОЛЫҒЫРАҚ


Тіл меңгерудің қиындығы мен оңайлығы оған деген көзқарастың қандай болатынына тікелей тәуелді сияқты. Себебі, кітап түрінде де, интернет беттерінде де толып жатқан тіл үйрету курстарының барлығы да ыңғайлы дей алмайсыз. Мәселен, қазақ тілін үйренгісі келген адамға «Қал қалай?» деп амандассаңыз, ол сөздіктен бірден «қал» сөзінің мағынасын оқиды. Ал «қал» - «адам денесіндегі мең» болып жазылғандықтан қазақтардың амандасуы денесіндегі меңді сұраумен байланысты екен деп ойлауы әбден мүмкін. «Мынау ағаш», «Оның түсі жасыл», «Ағаш өте биік» деп оқып келген тіл үйренушіге жағдай жасауды өзіне мақсат тұтқан Қанат Тасыбековтың «Ситуативті қазақ тілі» атты кітабы жарық көрген болатын. Қанат Тасыбеков өз кітабында тіл үйрену үшін тіл үйрету оқулықтарында аса көріне бермейтін бірнеше жағдайға мән беру керек дейді.

"Біріншісі – өмірде сөйлегенде біз әрқашан да не мақсатпен және кімге сөйлеп жатқанымызды білеміз. Егер сіз көшеге шығып, ағаштың жанына барып, оқулықтан оқып алған сөздерді айтатын болсаңыз: "бұл ағаш. Ағаштың жемісі болады. Бұл ағашта алма бар. Алма қызыл" – айналаңыздағылар сізді ақылсыз адам деп ойлап қалуы мүмкін. Оқулықтан алған білім – өмірде қажетсіз болса, оны оқып не керегі бар деген ой келеді. Тасыбековтың айтуынша, екінші мән беретін жағдай – біз әрқашан қандай да бір жағдаятта (ситуацияда) сөйлейміз. Ал дәл осы ситуациялық жағдайда қалай сөйлесу керектігін оқулықтар оқытпайды. Мәселен, қазақ салтына байланысты, мәселен, отбасылық, ұлттық, дәстүрлі шаралар саналатын құда түсу, үйлену тойы, шілдехана, қайтыс болу шаралары, құдайы беру, айт, наурыз сияқты шараларда қалай сөйлеуіміз керектігін ешбір оқулық түсіндірмейді. Үшінші кезекте тілдік штамптарға мән беру керек екен. Мәселен, автокөлік сатып алғанда дос-жарандар мен таныстар «Өзің мініп, өзің тоздыр» дейді, бала босанған үйге «бауы берік болсын» дейді, қаза болғанда «қаза қайырлы болсын» дейді, наурызда «ұлыстың ұлы күні құтты болсын» деседі. Қазақ тілінде сөйлеймін деуші адам осындай тілдік штамптарды меңгеру арқылы оңай әрі тез меңгере алады" дейді кітап авторы.   

"Бесінші кезекте қайбір тілде болмасын, сөз тіркестерінің мағыналық эквиваленттері болатынына мән беру керек" дейді автор. Мәселен, орыс тіліндегі «хоть шаром покати» сөз тіркесін қазақша «жылан жалағандай» деп түсіндіруге болады. Автор өз кітабында мұндай сөз тіркестерінің тікелей де, мағыналық та эквиваленттерін келтіруге болатынын айтып, оған көптеген дәлелдер келтірген. Мәселен: 

Абыройын төгу Уронить авторитет

Ағыл-тегіл еңіреп жылау Лить слезы в три ручья

Адамға санамау Не считать за человека

Адамның сырты алдамшы Внешность обманчива

Аза бойы қаза болу Помертветь от страха

Аймандай қылу Вывести на чистую воду

Айтпай-ақ түсінікті И без слов все понятно

Айтуға ауыз бармады Язык не повернулся сказать

Айтуға оңай, істеуге қиын Легко сказать, трудно сделать

Ақсаусақ Белоручка

Ақсүйек Белая кость

Ақылға келу Взяться за ум

Ақылға сыймау В голове не укладывается

Ақырзаман Конец света

Алды-артына қарамай Невзирая ни на что

Алжып кету Выжить из ума

Алла жар болсын Бог в помощь

Алыпкел, шауыпкел Подай-принеси

Аман – сау В добром здравии

Амандық жоқ, саулық жоқ Ни здравствуй, ни прощай

Анасынан қайта туғандай Как заново родился

Анығына жету Дойти до сути

Арасы жер мен көктей Как небо и земля

Арасы суып кету Охладеть друг к другу

Арқамнан жүк түскендей Как гора с плеч свалилась

Арсыз-ұятсыз Ни стыда ни совести

Аспанға көтеру Превозносить до небес

Аспанды алақандай етті Небо с овчинку показалось

Аспаннан [көктен] түсті С неба свалился

Аспаның ашық болсын Чистого неба над головой

Асыл арман Заветная мечта Ат үсті Наспех

ТУРА – пословицы прямые

Ажал жетпей өлмек жоқ. Раньше смерти не умрешь

Ай бетінде де дақ бар И на солнце /луне/ есть пятна

Атты қамшымен айдама, жеммен айда

Погоняй коня овсом, а не кнутом

Аттыға жаяу жолдас болмас Конный пешему не товарищ

Аузы күйген үрлеп ішер Обжегшийся на молоке дует на воду

Әзіл түбі – зіл Шутки до добра не доведут

Әркiм өз кездiгiмен өлшейдi Каждый меряет на свой аршин

Балық жоқта бақа да балық На безрыбье и рак /лягушка/ рыба

Барымен базар Чем богаты, тем и рады Басқа пәле – тілден

Язык мой – враг мой Батыл алмас қамал жоқ.

Смелость города берет Бетің қисық болса, айнаға өкпелеме.

Неча на зеркало пенять, коли рожа крива

Болар іс болды, бояуы сіңді Что было, то было, быльем поросло

Бiр қолың бiр қолыңды жуады. Рука руку моет 

Біреуге ор қазба, өзің түсерсің Не рой другому яму – сам в неё попадешь Бетегеден биік, жусаннан аласа Тише воды – ниже травы

Екі аяқты адам түгіл, төрт аяқты мал да сүрінеді Конь о четырех ногах и то спотыкается

Ел аузына қақпақ бола алмайсың На чужой роток не накинешь платок

Ерлі-әйел керісер, керісер де келісер Милые бранятся – только тешатся Етікші етікке жарымас Сапожник без сапог

Ештен кеш жақсы Лучше поздно, чем никогда

Жазмыштан озмыш жоқ Чему быть, того не миновать

Жалғыз кісі жау алмас Один в поле не воин

Жаман айтпай, жақсы жоқ Нет худа без добра

Жаңа достың қадірі, ескі достай бола алмас Старый друг лучше новых двух Жауынгерге жара да жарасады Шрамы украшают мужчину

Жоқтық ұят емес, байлық мұрат емес Бедность не порок, богатство не цель

Жыламаған балаға емшек бермейді Дитя не плачет – мать титьку не дает Жыраққа қойсаң, жақыннан аларсың Подальше положишь, поближе возьмешь

Жіп жіңішке жерінен үзіледі Где тонко, там и рвется

Заң дегенің – оқтық, қалай бұрсаң, солай соқтық Закон что дышло, куда повернешь, туда и вышло

 АУДАРМАЛЫ – пословицы переводные

Адам деген ардақты ат Человек – это звучит гордо

Ақымақ бас екі аяққа дамыл бермейді Дурная голова ногам покоя не дает Ақымаққа арнап заң жазылмаған Дуракам закон не писан

Ақын бол, болма – өз еркің, ал азамат болу – міндетің

Поэтом можешь ты не быть, но гражданином быть обязан

Арыңды жасыңан сақта Береги честь смолоду

Әлсіз әр уақытта айыпты У сильного всегда бессильный виноват

Әрбір жемістің өз уақыты бар Каждому овощу свое время

Балапанды – күзде санайды Цыплят по осени считают

Балық басынан шіриді Рыба гниет с головы Бәрі де ағады, бәрі де өзгереді Все течет, все меняется Бетсіздік – екінші бақыт

Нахальство – второе счастье Бөріден қорыққан орманға бармас

 Волков бояться – в лес не ходить Бір аяғы анда, бір аяғы мұнда

Одна нога здесь, другая там Бір қарлығаш келгенімен жаз болмайды

Одна ласточка весны не делает Біреуге ор қазсаң, өзің түсесің Не рой другому яму, сам в нее попадешь

Бүгін бітер істі ертеңге қалдырма Не оставляй на завтра то, что можешь сделать сегодня

Иілген басты қылыш кеспес Повинную голову меч не сечет

Дені саудың жаны сау В здоровом теле здоровый дух

 

Киіміне қарап қарсы алады, ақылына қарап шығарып салады Встречают по одежке, провожают по уму

Көз – көңіл айнасы Глаза – зеркало души

Қолды қол жуады Рука руку моет

Құдай сүзеген сиырға мүйіз бермейді Бодливой корове бог рогов не дает Қасқыр да тоқ, қой да аман И волки сыты, и овцы целы

Құдыққа түкірме, ішерге керек болады Не плюй в колодец – пригодится воды напиться

Құр алғыс азық болмайды Спасибом сыт не будешь

Құстың ұшу үшін жаралғаны сияқты, адам да бақыт үшін жаралған Человек рожден для счастья, как птица для полета

Маскүнемдік – жындану үшін жаттығу Пьянство – это упражнение в безумии Махаббат жас талғамайды Любви все возрасты покорны

Не ексең, соны орарсың Что посеешь, то и пожнешь

Өткелдің аузында ат айырбастамайды Коней на переправе не меняют

Платон – менің досым, алайда ақиқат одан қымбат Платон мне друг, но истина дороже

Сабыр мен еңбек – бәрін жеңбек Терпение и труд все перетрут

Суға салса батпайды, отқа салса жанбайды В воде не тонет, в огне не горит Тау толғатып тышқан тапты Гора родила мышь

Тізерлеп жүріп күнелеткеннен, тік жүріп өлген артық. Лучше умереть стоя, чем жить на коленях

Уақыт біздің пайдамызға қызмет етеді Время работает на нас

Үндемей қалу – келіскендік белгісі Молчание – знак согласия

Шын аңшының алдына аңның өзі келеді На ловца и зверь бежит.



ПІКІР АЛМАСУ

Пікір қалдырыңыз



28/04/2017 12:30

Біз іздеген ертегі
0 210941 0

02/05/2017 12:29

Қостілділік мәселесі
0 200856 0

26/06/2017 12:02

Жалындаған жастық шақ
0 187837 0













ТЕКСТ

Яндекс.Метрика