КІРУ



Аккаунтыңыз жоқ па? Тіркелу

Құпия сөзді ұмытып калдыңыз ба?

THE STATE LANGUAGE DEVELOPMENT INSTITUTE

МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛДІ ДАМЫТУ ИНСТИТУТЫ

  ИНСТИТУТ РАЗВИТИЯ ГОСУДАРСТВЕННОГО ЯЗЫКА



БАТЫРЛАР ЖЫРЫ КЕЙІПКЕРЛЕРІН БІРІЗДЕНДІРУ

ТОЛЫҒЫРАҚ

Жуырда ҚР Бас прокурорының орынбасары Иоган Меркель жаңадан қабылданатын Қылмыстық кодексте адам өліміне апаратын жол апаты әдейі жасалған қылмыспен теңестірілетінін мәлімдеді. Сонымен бірге, ҚР Парламенті Сенаты жол қозғалысына байланысты жаңа заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады. Ол бойынша ішімдік ішкен көлік жүргізушілеріне қолданар әкімшілік жауапкершілік шаралары күшейтілмек. Жіктей қарайтын болсақ, заң жобасында жол қозғалысы ережелерін бұзушыларға салынатын айыппұл мөлшері мен оны жеңілдету жолдары, сондай-ақ, құжаттан айыру мерзімі секілді бірнеше мәселе қамтылған. 
Жалпы, жол көлік оқиғасына ұшырайтындар негізінен жоғары жылдамдықпен жүретіндер немесе ішімдікке сылқия тойып алып рөлге отыратындар. Бұл ретте Алматыда орын алған көлік апаты да ойға орала кетеді. Бір ретінде алкоголь кабылдаған күйінде жол полициясы қызметкерлеріне ұсталған ол екінші сәтінде біреудің отбасына ауыр қайғы әкелді.
Бір қызығы, осындай қайғылы оқиғалардың алдын алу үшін елімізде көлік жүргізушілеріне салынатын айыппұл көлемін ұлғайта береді. Жол- көлік апаты дейміз-ау, күнделікті жаңалықтардан көріп-білетініміздің көбісі туысын, досын, қасындағы серігін, тағысын тағыларды пышақтап не атып тастағандар жайлы. Жасаған жан түршігерлік озбырлықтары бірінен бірі асып түседі. Соның бәрі қу арақтың кесірі емей немене?! Ауылдарда тепсе темір үзетін жастардың екі қолға бір күрек ұстаудың орнына осы қасіреттің құлы болып жүргені және белгілі.
Осының бәрін беске біле тұрса да біздегі заң шығарушылар көлік қозғалысына қатысты айыппұлды арттырумен ғана шектеледі. Қайғылы жағдайдың алдын алу дегенді көлік апатына қатысты үкімді күшейту деп қана түсінсе керек. Әйтпесе, сол қайғыға ең алдымен себепші болатын ішімдік саудасына неге тыйым салынбайды? Бәленің бәрі ащы судан келіп жатқанын қазір бес жасар балаға дейін біледі. Бірақ, ащы суды шектеп тастау ешкімнің ойына келмейтіні түсініксіз.
Алкогольді шектеуде түркиялықтардың қолға алған ісі баршаға үлгі. Олардың тек ішімдік қана емес, денсаулыққа үлкен зияны бар темекі саудасын да тұқыртып тастағаны жалпақ жұртқа мәлім. Сөзімізге жуырда ресейлік ақпарат құралдарының бірінен көрген жаңалығымызды тұздық қыла кетейік. Онда жазылғандай, Түркия алкоголь ішімдіктерінің сыртына төрт бірдей ескерту сөйлем жазылатын әлемдегі бірінші ел болмақ екен. Қандай сөздер дейсіз ғой? «Алкоголь сіздің досыңыз емес», «Жүктілерге қолдануға болмайды», «Жүргізушілерге ішуге болмайды» және «Алкоголь 18 жасқа толмағандар үшін тыйым салынған». Жәй ғана ескерту емес, заң бойынша міндетті түрде әппақ фонға ірі әрі қара әріптермен анық етіліп жазылып, ескерту белгісі екені көрінетіндей сыртынан қызылмен қоршалып тұруы тиіс. Бұныңыз бер жағы. Қатал талаптар легі әлі бар. Алкогольді насихаттайтын ірілі-ұсақты жарнама, акция секілділердің бәріне тыйым салынған. Ал, алкоголь өнімдерін өндіруші, импортаушы компанияларға еш жерде демеуші болып, өнім маркаларын насихаттауға рұқсат жоқ. Тіпті, ең ақыры, әлгі өндіруші компаниялардың өнімдерін тегін таратуына немесе арзан бағамен (!) саудалауына да шектеу қойылған. Тағы басқа ұсақ тыйымдары жетіп жатыр.
Осыдан соң елдегі алкоголь өндірісінің тынысы тарылмағанда қайтпек?! Былайша айтқанда, өсер елдің істейтін ісі ғой бұл. Елді көркейтетін, халықтың денсаулығын жақсартатын, салауатты өмір салтына бастайтын қадам деп міне, осыны айт!
Ал, енді осы мәселенің жайы біздің елде қалай болып жатыр? Соған келейік. ҚР Қаржы министрлігі Салық комитетінің төрағасы Әнуар Жұмаділдаевтың айтуынша, соңғы бес жыл көлемінде еліміздегі алкогольдік өнім шығарушы зауыттар саны 95-тен 66-ға дейін қысқарса, өнім көлемі керісінше 47-ден 58 млн. теңгеге дейін өскен. Демек, өндіріс ошақтарының азаюынан түк пайда жоқ, қайта алкогольдік өнім өндірісі одан сайын шарықтай түскен. Халықтың салауаттылығына алаңдаған депутаттарымыздың қазірге дейін бар қол жеткізгені – шылым қораптарының сыртына (онда да 40 пайыз бөлігі) қорқынышты суреттер салғызу. Сол суреттен қорқып, «ойбай, құрысын, тастадым бәлені» деп жатқандарды өз басым әлі көргем жоқ.
Ал, ұлттық һәм таза табиғи сусынымыз – қымызды өндіру, жарнамалау, саудасын жүргізу қанша уақыттан бері айтылып келе жатса да әлі күнге қарқын алар емес. Қымыз өндірісін қолға алам деген қазақтар көп шығып жатса да оларға көрсетілер қолдауды әзірге көрмей тұрмыз. Дүкендерден іздеп жүріп әрең табатын бағасы қымбат қымызды алып ішкенше, шөлін аттың сідігіндей сырамен қандыра салу қазақ жігіттерінің әдетіне айналғалы қашан?! Бір жағынан, қымбат қымызды іздеп әуре-сарсаңға түскісі келмейтін оларды түсінуге де болады.
Еліміздегі алкоголь өндірісіне қатысты Елбасы да қатты сын айтқан болатын. Былтыр қазан айында өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысында Мемлекет басшысы көлеңкелі экономика көлемін азайту бойынша заң жобасын Парламентке ұсыну кешігіп жатқанын сынға алған еді. Енді ол заң жобасын Парламентке ұсыну 2015 жылға шегерілді.
«Атаңнан қалған ас емес» деп ақындарымыз жырлағандай, ит те ішпейтін ащы судың қазақ қоғамына соншалық сіңіп кеткені жанымызға батады. Тектілігімізді түп-тамырымен құртып жіберетіндердің бірі осы ішімдік екенін біле тұра жауапты тұлғаларымыздың бұл мәселеде табан жылжытпай отыруының мәнісі неде? Білгіміз келгенмен біле алмай жүргеніміз осы сұрақтың жауабы!

skifnews.kz

ПІКІР АЛМАСУ

Пікір қалдырыңыз







08/04/2024 11:55

Хабарландыру!
0 468 0



26/03/2024 16:15

Хабарландыру!
0 771 0








ТЕКСТ

Яндекс.Метрика