КІРУ



Аккаунтыңыз жоқ па? Тіркелу

Құпия сөзді ұмытып калдыңыз ба?

THE STATE LANGUAGE DEVELOPMENT INSTITUTE

МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛДІ ДАМЫТУ ИНСТИТУТЫ

  ИНСТИТУТ РАЗВИТИЯ ГОСУДАРСТВЕННОГО ЯЗЫКА



БАТЫРЛАР ЖЫРЫ КЕЙІПКЕРЛЕРІН БІРІЗДЕНДІРУ

ТОЛЫҒЫРАҚ

    Елімізде жасөспірімдер арасындағы адам айтқысыз ауыр қылмыстар көбейіп келеді. Атап айтар болсақ мектеп ауласында қатерлі құралдар алып жүретін балалар мен бүлдіршін қыздарымыздың кәмелет жасына толмай жүкті болатын, дәстүрімізгебен дінімізге жат қылықтары толастамай тұр. Бұл мәселені тек ата-ана тәрбиесі мен мән-мағынасы жоқ теле кинолардың кесірі деп жазғыруымызбен қатар, балалардың соңғы кездері тілсіз жауы болған, бала жүрегіне қатыгездікті дарытуға себеп болатын адамды қинау мен азаптап өлтірудің эпизодтарын қамтитын сорақы компьютерлік ойындарға деген бөлекше ықыластарын байланыструымзға болады. Интернет клубтарға бара қалсаңыз үстел бетіне иегі арең тиіп, екі қолын зорлана созып пернетақтаның үстінде саусақтарын алай да бұлай жорғалататын мектеп оқушыларын кездестіреміз. Қастарында бір мезет тұра қалсаңыз «Ох... па шіркін! Атып кеттім, шауып кетім, өртке оранды, басын жарып, көзін шығардым» деген сияқты нәзік жүректерінің жоқтан бар тапқандай қуанған бейнелері мен «атып-шауып» мәз болғандағы күкілеріне қарап қарадай қарныңыз ашады. «Әй дейтін әже, қой дейтін қожа жоқ» – түнгі клубтар, ойын-сауық би кештері мен инернет клубтарын жағалаған жасөспірімдеріміз қоғамда адам нанғысыз қылмыстар тудыруға «үлес қосып» келеді.
    Мамандардың айтуына қарағанда, кей уақыттарда балаға біраз қатал қараудың маңызы зор. Бұл – ата-ана мойнына жүктелетін жауапкершілік. Ата-ана болған адамдар баланың уақытында сабақтан келуін, сабаққа дайындалуын қадағалап, тексеруді міндетіне алғандары жөн.
    Кәмелетке толмаған жасөспірімдердің өз табиғи заңдылықтарының бары шындық. Сондықтар да, жасөспірім тәрбиесі тек ата-ана мен ұстаздарға немесе құқық қорғау органдары қызметкерлеріне ғана емес, қоғамға тікелей байланысты екендігін ұмытпағанымыз абзал. «Бүгінгі ұрпақ ертеңгі ел тірегі», жеткіншектердің болашақта қандай азамат болып өсері әркімді алаңдата білуі қажет.

«Айтыс-ақпарат» 

ПІКІР АЛМАСУ

Пікір қалдырыңыз








08/04/2024 11:55

Хабарландыру!
0 567 0



26/03/2024 16:15

Хабарландыру!
0 820 0







ТЕКСТ

Яндекс.Метрика